Коммерциялық банктер және ұлттық банк


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық банктер және ұлттық банк

Картинки по запросу Ұлттық банк Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.

Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. "Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі туралы" ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі.

  • Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табыладыжәне Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады.

Оның міндеті

  • ұлттық валютаның - теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету,
  • коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. ұлттық банкінің міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген.
  • Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады.

Олардың міндеттер і - клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау)

Картинки по запросу банк Коммерциялық банк

Коммерциялық банктер - банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны. Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жайттар: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі.

Сондай-ақ, қарыздардың төлем қабілетінің болмауы капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен) .

2. Операцияларының турлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

  • халықаралық;
  • мемлекетаралық
  • ұлттық;
  • аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауыл шаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;
  • көп филиалды.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

  • Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
  • Несие беру;
  • Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
  • Төлем құралдарын шығару;
  • Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру:
  • Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын жүргізу) ;
  • Клиенттерге кеңес беру.

Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру - банктердің ежелден атқаратын қызметінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жиналуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.

Коммерциялық банк қызметінің принциптері:

  • Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен кредит салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.
  • Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
  • Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
  • Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.
Картинки по запросу ұлттық банк логотип Қазақстан Ұлттық банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

ҚР Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

ҚР Ұлттық Банкі төменнен жоғарыға қарай бағыныстағы біртүтас орталықтандырылған құрылым құрайды. Ұлттық Банктің органдары басқарма және директорлар кеңесі (директорат) болып табылады. Ұлттық Банк құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер мен үйымдардан түратын орталық аппарат кіреді. Ұлттық Банктің жоғары органы басқарма болып табылады. Ұлттық Банктің оперативті басқарма органы ҚР Ұлттық Банктің директорлар кеңесі Ұлттық Банктің оперативті басқару органы болып табылады.

Негізгі фунциясы
  • Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
  • Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
  • Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
  • Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
  • Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады . Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
  • Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
  • банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
  • төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
  • Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
  • қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

  • 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
  • 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы
  • Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
  • 4 есеп беретін ұйым:«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ұлттық Банк:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Сыртық экономикалық банкі
Ұлттық Банктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы ақпарат
ҚР-ның банк жүйесі
Ұлттық Банк – Қазақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банк
Республикасының Орталық банкі
Алғашқы банктер
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz