Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құрамы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құрамы.

Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағлы қағаздарды сату мен қайта сату жөнінідегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, валюта және басқа нарықтармен етене байланысты.

Картинки по запросу бағалы қағаздар нарығы

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұллтық шарушылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы сондай-ақ несие нарығы түрінде іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шарушылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

Шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шарушылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді:тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді. Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады. Экономикалық реформа процесінде қаржы нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды - олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл ететіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға мерзімге салуға бармайды.

Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендегінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша-несие операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

Қаржы нарығының жандануы корпаративтік бағалы қағаздарды - экономикалық нақты секторы кәсіпорындардың акцияларымен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін.

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді. Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты
Қазақстанның қаржы механизмнің қалыптасуы және дамуы
Қаржы мәні және қызметтері
Қаржы және қаржы жүйесі
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қаржы саясаты
Шымкент каласынын каржы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz