Салықтар(Фискальды саясат)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Салықтар(Фискальды саясат)
Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
* 1. реттеушілік;
* 2. фискалдық;
* 3. қайта бөлу.

Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық мөлшерлемелері мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған мөлшерлемелер кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері жөнінде мынаны байқауға болады:
1. - салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
2. - салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, жай ұдайы өндіріске әкеледі;
3. - салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында болса, ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлестік салмағы 40 пайыздан асып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар қарайтын функцияларда толық ашыла түседі. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функцияны орындайды. Олардың әр қайсысы - осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының ұлғаюына байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау, мөлшерлемелерді белгілеу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет-салық саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискальдық саясат және оның рөлі
Салық салу туралы
Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы
Қазақстан Республикасының фискальды саясатын жүргiзу барысындағы салықтардың түсiмiн талдау
Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
Мемлекеттің қаржы жоспары
«мемлекеттің экономиканы қаржылық реттеу жүйесіндегі салықтық реттеу және оның Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайындағы ерекшеліктері»
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Бюджет - салық саясаты туралы
Пәндер