Педагогикалық кеңес мүшелерінің құрамын бекіту


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
колледжі
Педагогикалық кеңес мәжілісінің
28. 08. 2019 жылғы ПРОТОКОЛ №1
№1 ХАТТАМАСЫ от 28. 08. 2019 г.
Қатысқаны: директор, директордың орынбасарлары, колледждің педагог қызметкерлері (тізімі тіркелген) .
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібінде
- Колледждің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру аясында 2019-2020 оқу жылында атқарылатын міндеттері туралы
(Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары)
- 2019-2020 оқу жылындағы мемлекеттік тапсырыс бойынша (РБ, ОБ) І курсқа білім алушыларды қабылдау туралы
(Қабылдау комиссиясының хатшысы)
- ОҚМУ колледжінің 2019-2020 оқу жылына дайындығы және оқу жүктемелерін бекіту
(Оқу бөлімшесі меңгерушісі)
- Педагогикалық кеңес мүшелерінің құрамын бекіту. Педагогикалық кеңес, директор жанындағы мәжіліс, әдістемелік кеңес жоспарларын бекіту.
(Колледж директоры)
- Жаңа 2019-2020 оқу жылына колледждің тәрбие жұмысының жоспарын талқылау және бекіту
( Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)
- Колледжде қызмет жасайтын кеңестер мен ұйымдардың құрамын бекіту (аттестациялық комиссия, ішкі бақылау, төтенше жағдай, еңбекті қорғау жөнінде инспектор, идеологиялық кеңес, үгіт-насихат жұмыстары)
(Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)
- Жаңа 2019-2020 оқу жылына колледждің өндірістік тәжірибе ісі жоспарын талқылау және бекіту
(Директордың оқу өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары)
Әр түрлі мәселелер
- Топ тәлімгерлерін тағайындау туралы.
(Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)
- «Адалдық алаңы», «Адалдық дүкені» мәселелері туралы
(Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)
- 1 қыркүйек - Білім күніне және тәлімгерлік сағатқа дайындық туралы.
(Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)
Колледж директоры, педагогикалық кеңес төрағасы С. Н. Әлібек кезекті педагогикалық кеңес мәжілісін ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Тыңдалды:
- Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегібірінші мәселесібойынша, «Колледждің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру аясында 2019-2020 оқу жылында атқарылатын міндеттері туралы» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары туралы сөз алды.
Баяндама барысында, Стратегиялық жоспардың мақсатын айқындады. КОЛЛЕДЖДІҢ МИССИЯСЫ: Студенттердің білім сапасын арттыру. Республиканың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау екендігін атап өтті.
Заңдар мен стратегиялық жоспар негізінде: -ҚР «Білім туралы» Заңы 2007 жылдың 27 шілдесіндегі №319-ІІІ «Білім туралы» (11. 07. 2017 ж өзгертулер мен толықтырулармен) ;
-ҚР БжҒМ 31. 10. 2017 жылғы №553 техникалық және кәсіптік білім берудің 141 мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы бұйрығы. - «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы -2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы; -2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»;
-Ұлт жоспары «100 нақты қадам»; - 2016-2020 жылдарға арналған колледждерді акредитациялау бойынша жол картасы; - 2018-2020 жылдарға арналған цифрлы экономиканың адами капиталды дамыту жөніндегі жол картасы заңнамалары негізінде қалыптасатындығына баса назар аударды. ЖОСПАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ:
1. Колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жөндеу және құрылыс жұмыстары.
2. Білім беру және ақпараттық қорлар.
Ақпараттық және кітапханалық қорларды ҰАҚ «Кәсіпқор» Холдинг» әзірлеген оқулықтармен толығыуын қамтамасыздандыру
3. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және білім беру қызметтерінің шеңберін кеңейту
3. 1. Жаңартылған типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізу.
3. 2. Сұранысқа ие мамандықтарды жаңарту және кеңейту(лицензия алу) .
3. 3 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрыққа сәйкес 141 мамандықтың ішінен ҰАҚ «Кәсіпқор» Холдинг» әзірлеген лицензиясы бар жаңартылған типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізу
3. 4. Мамандарды даярлаудың ең тиімді түрі ретінде дуалды оқыту жүйесін енгізу.
3. 5 Қашықтықтан оқыту жүйесін әзірлеу және енгізу.
3. 6. Мектептер мен колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру.
4. Оқу-әдістемелік жұмыстың инновациялық дамуы
4. 1. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және оқу үдерісін нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету.
5. Оқытушылар мен студенттер арасындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту
5. 1. Оқытушылардың техникалық және кәсіптік білім беру мамандарының деңгейін көтерудің айқын жүйесін құру және ұйымдастыру
5. 2. Ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференцияларды, семинарлар-тренингтерді ұйымдастыру және өткізу.
6. World-Skils чемпионатына студенттерді стандартка сәйкес дайындау мақсатында заманауи материал және құралдармен қамтамасыз ету екендігін атап өтті.
Сөйлеген:
Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Марқабаева Б. Қ сөз алып, 2018-2019 жылы колледж ұжымы оқу-тәрбие жұмыстарын қарқынды жасап, көптеген жетістіктерге жеткендігін атап өтті. Жаңа оқу жылының стратегиялық жоспары ұжымның белсенді әрі қарқынды жұмыс жасауына бағытталғандығына назар аударды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫ
- 2020 ж. мамырға дейін сұранысқа ие мамандықтарды жаңарту және кеңейту жұмысын аяқтау директордың ОІЖ орынбасары Г. Садуакасоваға жүктелсін.
- ҰАҚ «Кәсіпқор» Холдинг» әзірлеген қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі оқу, әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді маусым айында дейін мемлекеттік сатып алу негізінде алуды-директордың ОТЖ орынбасары Б. Маркабаеваға жүктелсін.
- Кафедра қорларында оқулықтар, анықтамалықтар, бейнематериалдар, фонотекалар, электронды оқулықтар мен баспасөз материалдарын көбейту жыл бойына кафедра меңгерушілері және колледж кітапханашысы Б. Бердімұратоваға тапсырылсын.
- Колледждің бірыңғай электрондық базасын құру жұмысы директордың ОІЖ орынбасары Г. Садуакасоваға жүктелсін.
- «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы және Шымкент қаласы кәсіпкерлерінің палатасының бірлескен жұмыс жүргізу және бітіруші топтармен бос орындар жәрмеңкесін өткізу және қатысу директордың ОТЖ орынбасары Б. Маркабаеваға жүктелсін.
- Оқытушылар мен студенттерді республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, кейбір инновациялық зерттеу жобаларына жүйелі қатыстыру -колледж әдіскері, кафедра меңгерушілері мен бөлім меңгерушілеріне жүктелсін.
- «Жұмысшы» біліктілігі арасында өтілетін WorldSkills халықаралық стандарты бойынша байқауға қатыстыру директордың ОТЖ орынбасары Б. Маркабаеваға және бөлім меңгерушілеріне жүктелсін.
- Республикалық облыстық, қалалық, колледж ішінде өтетін спорттық -көпшілік іс-шараларға спорттық секцияларға студенттерді қатыстыру директордың ТІЖ орынбасары М. Исмаиловаға жүктелсін. .
- Оқытушылардың ғылыми еңбектерінің республикалық ғылыми және әдістемелік журналдарда жариялануын колледж әдіскері Ш. Еспенбетоваға жүктелсін.
Тыңдалды:
2 Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша, 2019-2020 оқу жылындағы мемлекеттік тапсырыс бойынша (РБ, ОБ) І курсқа білім алушыларды қабылдау туралы қ абылдау комиссиясының хатшысы Асқар О. А сөз алды.
Баяндама барысында, 1401000 -Ғимараттар мен құрылымдарды салу технологиясы -25, 1412000 - Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі- 25, Талапкерлердің тестілеудің қорытындысы бойынша колледждің күндізгі бөлімінің
11 сынып базасында мына мамандықтар негізінде облыстық бюджет есебінен колледждің білім алушылары қатарына қабылданды: 1014000 - Машина құрылысы технологиясы (түрлері бойынша) -25, 1211000 - Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу-25, 0902000 - Электрмен қамтамасыз ету-25, 0402000 - Дизайн-25, 1412000 - Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі-25, Қабылдау комиссиясының талапкерлерді тестілеу қорытындысы бойынша колледждің күндізгі бөлімінің
9 сынып базасында мына мамандықтарға ақылы негізінде колледждің білім алушылары қатарына қабылданды: 0518000 - Есеп және аудит (салалар бойынша), 0508000- Тамақтандыруды ұйымдастыру, 1305000 - Ақпаратты жүйелер (қолдану облыстары бойынша), 0819000 -Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы, 4. Сыртқы бөлімге құжат тапсырған білімгер саны: 18, 1412000 - Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі 10, 0518000 - Есеп және аудит (салалар бойынша) 8
27. 07. 2019 - Дизайн мамандығы бойынша шығармашылық емтихан өткізілгендігін, 25. 08. 2019 - Спорт және дене тәрбиесі мамандығы бойынша шығармашылық емтихан өткізілгендігін, 26. 08. 2019 - Жалпы ортақ оқуға қабылданушы талапкерлерге тест өткізілгендігін, 25. 09. 2019 - Сырттай негізде оқуға қабылданушы талапкерлерге тест өткізілгендігін баяндады.
Сөйлеген: Колледж әдіскері Еспенбетова Ш. А. айтуынша, кәсіби бағдар жұмыстары жыл бойы қарқынды жүргізілді. Келесі оқу жылына оқытушыларға жарнама парақтарын жыл басынан дайындап үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттін айтты.
Ұсыныс:
Кәсіби бағдар жұмысына жауапты ретінде Ф. Б. Алменованы сайлауды қ абылдау комиссиясының хатшысы Асқар О. А дауысқа салуды сұрады.
Колледж директоры С. Н. Әлібек педагогикалық ұжымға аталған мәселелер бойынша ұсынысты дауысқа салды, педагогикалық ұжым бірауыздан қолдады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫ:
- Қабылдау комиссиясының хатшысы Асқар О. А баяндамасы назарға алынсын.
- Үгіт-насихат жұмысын жыл бойы жүргізу үшін, кәсіби бағдар жұмысын жандандыру мақсатында кәсіптік бағдар жұмысына жауапты ретінде Ф. Б. Алменова тағайындалсын. ( Орындалу мерзімі: 2. 09. 19 ж. )
Тыңдалды:
3. Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегі үшінші мәселесі бойынша, ОҚМУ колледжінің 2019-2020 оқу жылына дайындығы және оқу жүктемелерін бекіту о қу бөлімшесі меңгерушісі сөз алды. Оқу бөлімше меңгерушісі колледждің жаңа оқу жылына дайындығы жоғары деңгейде екендігін айта келе, оқытушылардың оқу жүктемелерінің бекітілгендігін айтып өтті. 2019-2020 оқу жылында екі бөлімше өз жұмысын жоспарға сай жүзеге асыратындығын айтты.
Г. Қ. Асылбекованың баяндамасын тыңдай келе,
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫ:
- Колледж оқытушыларының оқу жүктемелері бекітілсін. Орындалуын қадағалаудиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Е. Садуакасоваға жүктелсін.
- Жыл бойы екі бөлімше жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылсын. Орындалуын қадағалау бөлімше меңгерушілеріне жүктелсін. (Орындалу мерзімі жыл бойы)
- Жана оқу жылына дайындық барысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
Тыңдалды:
4. Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегі төртінші мәселесі бойынша , Педагогикалық кеңес мүшелерінің құрамын бекіту. Педагогикалық кеңес, директор жанындағы мәжіліс, әдістемелік кеңес жоспарларын бекіту туралы колледж директоры сөз алды.
1. Әлібек С. Н. - М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директоры, Педагогикалық Кеңестің төрағасы
2. Иманкалиева Е. Б. - оқытушы, Педагогикалық Кеңестің хатшысы
3. Садуакасова Г. Е. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кеңес мүшесі
4. Исмайлова М. Е. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м. а, кеңес мүшесі
5. Маркабаева Б. К. - директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары, кеңес мүшесі
6. Еспенбетова Ш. А. -әдіскер, кеңес мүшесі
7. Асылбекова Г. Қ. -Оқу бөлімінің меңгерушісі, кеңес мүшесі
8. Тәліп Е. Д. -бөлімше меңгерушісі, кеңес мүшесі
9. Абишев Р. А. -бөлімше меңгерушісі, кеңес мүшесі
10. Алменова Р- кафедра меңгерушісі, кеңес мүшесі
11. Сандыбаева С. - кафедра меңгерушісі, кеңес мүшесі
12. Автюхова С. Н. -оқытушы, кеңес мүшесі
13. Тилеубердиев С. С. -оқытушы, кеңес мүшесі
14. Құралбекова А. Қ. ата-аналар комитеті төрайымы, кеңес мүшесі
15. Ноғманов М. - студенттік кеңестің төрағасы, кеңес мүшесі
Колледж директоры С. Н. Әлібек педагогикалық кеңес мүшелерінің жоғарыда көрсетілген құрамында бекітуге ұсыныс жасады.
Әдістемелік кеңестің жоспарымен педагогикалық ұжымды таныстырылып, оны бекітуге ұсыныс жасалды.
Колледж директоры С. Н. Әлібек педагогикалық ұжымға аталған мәселелер бойынша ұсынысты дауысқа салды, педагогикалық ұжым бірауыздан қолдады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫ:
- Педагогикалық кеңес жоспары және педагогикалық кеңес мүшелері, директор жанындағы мәжілісжоспары, әдістемелік кеңес жоспарлары бекітілсін.
- Жыл бойы аталмыш жоспарлар жүзеге асырылсын.
Тыңдалды:
5. Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегі бесінші бойынша , Жаңа 2019-2020 оқу жылына колледждің тәрбие жұмысының жоспарын талқылау және бекіту туралы д иректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары баяндады.
Тыңдалды:
6. Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша, колледжде қызмет жасайтын кеңестер мен ұйымдардың құрамын бекіту ( ішкі бақылау, төтенше жағдай, еңбекті қорғау жөнінде инспектор, идеологиялық кеңес, үгіт-насихат жұмыстары) д иректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы М. Е. Исмайлова сөз алды.
Ұсыныс:
Өз баяндамасында, М. Әуеов атындағы ОҚМУ колледжінде қызмет жасайтын кеңестер мен ұйымдардың құрамын бекіту туралы төмендегі оқытушылар мен студенттерді жауапты қызметтерге ұсынды
1. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының директоры ретінде ЕАн-18-1к тобының студенті Мағжан Ноғмановты;
2. «Қыз Жібек» қыздар ұйымының төрайымы ретінде арнайы пән оқытушысы Жадыра Тұрғанбайды;
3. «Ұлан» ұйымының төрағасы қызметіне жауапты етіп Шынболат Дүйсенханды;
4. Ішкі бақылау қызметіне жауапты етіп Мейрхан Ширинбековті;
5. «Табиғат сақшысы» экологиялық ұйымының жетекшісі ретінде арнайы пән оқытушылары Гүлзинат Усембекова, Гаухар Қалмұратованы;
6. «Дін және дәстүр» дін істері бойынша жауапты етіп Бекжан Оспановты;
7. Рухани жаңғыру және «Саналы ұрпақ» кеңселерінің қызметіне жетекші етіп Нұрлыбек Досыбайды;
8. Төтенше жағдайлар ісіне жауапты етіп АӘД пәнінің оқытушысы Сейітхан Тілеубердиевті;
9. Еңбекті қорғау жөніндегі инспекторлыққа жауапты етіп құқық пәнінің оқытушысы Салтанат Бекованы;
10. Идеологиялық кеңестің төрағасы ретінде Жолымбек Мәлібековті;
11. Үгіт-насихат жұмыстарына жауапты етіп арнайы пән оқытушысы Феруза Алменованы;
12. «Салауатты өмір салты» спорттық бірлестігінің жетекшісі ретінде Нұрболат Бектаевты;
13. БАҚ, сайт, әлеуметтік желілерге мәліметтерді жариялауға Сапаркүл Малдыбаеваны жауапты етіп тағайындауды дауысқа салуды сұрады.
Колледж директоры С. Н. Әлібек педагогикалық ұжымға аталған мәселелер бойынша ұсынысты дауысқа салды, педагогикалық ұжым бірауыздан қолдады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫ:
- Колледжде қызмет жасайтын кеңестер мен ұйымдардың құрамы( ішкі бақылау, төтенше жағдай, еңбекті қорғау жөнінде инспектор, идеологиялық кеңес, үгіт-насихат жұмыстары) бекітілсін. Орындалуы директордың ТІЖ орынбасарына жүктелсін.
(Орындалу мерзімі 02. 09. 2019 дейін)
- Жыл бойы ішкі бақылау, төтенше жағдай, еңбекті қорғау жөнінде инспектор, идеологиялық кеңес, үгіт-насихат жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылсын. Әр қызмет жасайтын кеңестер мен ұйымдардың жауапты жетекшілері тағайындалсын. Орындалуы директордың ТІЖ орынбасарына жүктелсін.
(Орындалу мерзімі 02. 09. 2019 дейін)
Тыңдалды:
6. Педагогикалық Кеңестің күн тәртібіндегі жетінші бойынша, жаңа 2019-2020 оқу жылына колледждің өндірістік тәжірибе ісі жоспарын талқылау және бекіту туралы директордың оқу өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Марқабаева Б. Қ. баяндадаы. Өз баяндамасында, өндірістік тәжірибе ісі жұмысының мақсатын:
-мамандығын терең меңгерген, эрудициясы жоғары, бәсекеге қабілетті, адамдармен қарым-қатынас үрдісін жақсы меңгерген білімді маман тәрбиелеу, -колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, -жұмыс берушілермен Әлеуметтік серіктестікті дамыту. Екендігін атап өтті.
Міндеті: -білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарта отырып бәсекеге қабілетті маман даярлау; -білім беру үрдісінде қолданылатын оқыту технологиясын жаңа инновациялық технологиялар арқылы жетілдіру; -студентердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыру; студенттермен субъект ретінде қарым-қатынас жасап, оны жан-жақты жетілдіру; еңбек нарығында мамандарға қойылатын қазіргі заманғы біліктілік талаптарына сай және жұмыс берушілер сұраныстарына жауап беретін кадрларды даярлауға қол жеткізу екендігінде баса назар аударды.
Білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибесі 27. 07. 2007 ж. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11. 09. 2013 жылғы №369 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29. 01. 2016 жылғы № 107 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын» басшылыққа ала отырып, колледждердің оқу, өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы» Ережесіне және Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылатындығын сөз етті.
Директордың оқу өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Б. Қ. Марқабаеваның баяндамасын және 2019-2020 оқу жылына арналған жоспарын тыңдай келе,
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚАБЫЛДАҒАН ҚАУЛЫ
- 2019-2020 оқу жылына әр бөлімшеден практикаға жауапты оқытушылар бекітілсін:
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы: Жамбылбай Асель
Ақпараттық технологиялар және экономикалық пәндер: Мырзабекова Жазира
Құрылыс және машина жасау: Асанова Ақтоты
Ауылшаруашылығы және әлеуметтік пәндер:Үсенбекова Г.
2. «Құрылыс бұйымдары және құрастырылымдар өндірісі» мамандығы жаңа оқу жылында дуальді жүйеге енгізілуіне байланысты арнайы пән оқытушылары кәсіпорынмен тығыз байланыста болып, дуальды оқыту тетігін жетілдірсін.
3. WSK стандарттарын оқу үрдісіне ендіру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылсын. (арнайы бұйрықпен) .
4. Плитка қаптау құзреттілігі бойынша: Мадиярова Гаухар, Тоқыма мамандығы: Тұрғанбай Жадыра, Тігін мамандығы: Нургалиева Майра, Дизайн мамандығы бойынша: Ахметова Әлия, Машина жасау мамандығы: Тәліп Ақерке, ІT технологиясы: Мырзабекова Жазира, Ветеринария: Исмаилова Жадыра, Агрономия: Халмуратова Гаухар. Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пән оқытушылары қамтылсын.
5. Осы аталған оқытушылар сарапшы болып тағайындалып, чемпионат тапсырмаларымен танысып, білім алушыларды колледжішілік, колледжаралық чемпионатына даярласын.
6. Мамандықтары бойынша Онлайн сабақтарды қадағалансын.
7. WSK чемпионатының стандарттарымен таныстыру мақсатында семинар өткізу Мадиярова Гаухар мен Халмуратова Гаухарға жүктелсін.
8. Жауаптылардың тағайындалуын қадағалау директордың оқу өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Б. Қ. Марқабаеваға жүктелсін.
(Орындалу мерзімі:02. 09. 2019 ж. )
Әр түрлі мәселелер
Топ тәлімгерлерін тағайындау туралы, «Адалдық алаңы», «Адалдық дүкені» мәселелері туралы, 1 қыркүйек - Білім күніне және тәлімгерлік сағатқа дайындық туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөйледі. Өз баяндамасында:
М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде бірыңғай «Адалдық сағаты»өткізілді. Аталған іс-шараға колледж табалдырығын жаңа аттаған І курс студенттеріне М. Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісі және жастар саясатының директоры С. А. Мәжінбеков және колледж директоры т. ғ. д профессор С. Н. Әлібек дәріс оқыды. Колледж директоры С. Н. Әлібек «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің және «Саналы ұрпақ» ерікті клубының жұмысына тоқталып кетті. Студенттерге жоғарыда аталған тақырып бойынша дәріс жүргізген колледж қонағы С. А. Мәжінбеков жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеуіміз керектігін айта кетті. Сонымен қатар әрбір жеке тұлға өз бойындағы адами қасиеттерін, рухани байлығын үнемі дамытып, жан-жақты жетілген, бәсекеге қабілетті жас маман болу әрбір тұлғаның қолында екенін айта отырып, жастарды адалдық қоғамын құруда белсенділікке шақырды. Іс-шара соңы саясаттану пәнінің оқытушысы Н. Ж. Досыбайдың ұйымдастыруымен дөңгелек үстелге ұласты. 2018-2019 ж «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясының жалғасы ретінде «Адалдық дүкенін» ұйымдастыру жоспарланған болатын. Дүкенге қажетті құрал-жабдықтар дайын болып, жұмысын бастағалы тұр. Аталмыш дүкен қыркүйек айының 2-інен бастап жұмыс жасайды.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ колледжде төмендегі кестеде көрсетілген топтар бойынша топ тәлімгерлерлері ұсынылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz