Білім берудің жаңа моделі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОФИЗИКА, БИОМЕДИЦИНА ЖӘНЕ НЕЙРОҒЫЛЫМ КАФЕДРАСЫ

«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»

ПӘНІ БОЙЫНША №3 МӨЖ

Тақырыбы: Жаңаша білім берудің концептуалды негіздері

Орындаған:

«Информатика» мамандығының

1 курс студенті

Абай Диас

Тексерген:

Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы

саяси ғылымдарының кандидаты, доцент

Алматы, 2022

Мазмұны

Кіріспе3

2. 1. Білімдік таным әдістері4

2. 2. Білім берудің жаңа моделі5

2. 3. Оқытудың қазіргі технологиялары6

2. 4. Жаңа педагогикалық технологиялар7

Қорытынды10

Пайдаланылған әдебиеттер11

Кіріспе

Білім беру-бұл ұлттың зияткерлік әлеуеті қалыптасатын сала. ХХІ ғасырдың басында білім беру жүйесін реформалау әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселесіне айналды. ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, бұл құбылыстың себептерінің бірі әлемдік өркениеттің құндылықтарын қайта бағалау болды, оның барысында қоғам табиғи әлеммен, қоғаммен және өзінің ішкі әлемімен үйлесімде әлеуметтік прогреске белсенді қатыса алатын планетарлық ойлау мәдениеті бар адамды тәрбиелеу қажеттілігін түсінді [1] .

Білім беру көру, есту, байқау арқылы, сондай-ақ үйрету, түсіндіру, оқыту тәсілімен қалыптасады. Ол үшін ынта, қызығу, ыждағаттық, сана қажет. Білімнің түрі - көп. Оған жататындар: пайымдау, түсіну, пікір-алысу, ой қорыту, әрекет. Сократ айтқандай: «Білім - еске түсіру» деген. Ғылым білім алудан күрделі. Ол ізденіс, үйреншікті жол емес. Ізденіс барлық жағдайда сәтті бола бермейді. Әйтпесе, кез келген адам ғылым жолына түссе болды, ғалым болған болар еді. Бірақ, олай бола бермейді. Кейде ізденіске түскен ғалым тәжірибесінен керек қорытынды жасай алмай сергелдеңге де түседі. Кейде нәтижеге жете алмай өмірден өтуі де мүмкін. Бірақ, ондай еңбек адамын ғалым емес деп те ешкім айта алмайды. Өйткені, ол еңбектенді. Бәлкім ұстаған әдісі дұрыс болмаған, не жіберген қатесі болуы мүмкін. Бірақ, оның сәтсіз тәжірибесі басқаға сабақ болуы сөзсіз [2] .

Бұл да ғылым сабақтастығына жатады. Сабақтастық ғылымның даму жолы. Ғалымдар бірінің ойын, бастаған ісін бірі дамытқан. Бұл - шығармашылық. Бірақ, сабақтастық бірінің ойын, ісін пайдалану емес. Ғалым, ісіне адал, ойы таза адам [2] .

Білім алудың екі түрі бар. Бірі, өздігінен, күнделікті өмірден көріп, үйрену арқылы қалыптасады. Екіншісі, оқып, ұғыну арқылы, ыждақаттың нәтижесінде игеріледі. Бұл мамандық кәсіптік, өнер, сауат ашу, сияқты. Бұған жататындар - емшілік, сынықшылық, жұлдызшы болу, түрлі кәсіпкерлік, қолөнерін игеруші ұсталар (темірден, мыстан, ағаштан) бұйым жасайтындар, (түрлі құрал-саймандар, кебеже, кереге, шаңырақ, уық, есік, ертоқым, үзеңгі, ауыздық, таға, кілем тоқып, киіз басатындар, келі-келсап, домбыра, қобыз жасайтындар) . Бұл мамандықтар жай көру арқылы емес, алға мақсат қойып, үйрену арқылы игеріледі. Солардың ішінде ең күрделісі хат танып, білім алу. Бұл үлкен ыждақаттылықты қажет етеді. Өнердің түрі көп, бәрінде ынта қойғандар игерген. «Дүние азабын көрмесін десең, балаңды білімге, кәсіпке баулы» - дейді Жүсіп Баласағұн (1015-1086) [2] .

Мектеп, жоғары оқу орны білім береді. Мектепте жас өспірім хат таниды, төрт амалмен есеп шығарады, жан жақты, қоршаған ортаны, өткенді, қазіргіні бағдарлайды, болашаққа көңіл артады. Сондай-ақ алгебра, геометрия, тригонометрия, астрономия, биология, физика, химия, зоология, география, тарих, әдебиет, үш тіл пәндерін өтеді, жалпы орта білім алып шығады. Бұл барлық жастарға міндетті заң. Орта білім алу - парыз [2] .

Ал жоғары, арнаулы білім алу, мамандықты игеру - бұл таңдау, жүрек қалауы. Жоғары оқу орны арнаулы білім береді, сапалы маман дайындайды. Бұл оқу орны ешкімді бізге кел деп міндеттемейді. Оны таңдауға әркім ерікті. Білім беру мақсаты естігенді, меңгергенді, үйренгенді, машықтанғанды есте, бойда сақтау, іске асыру, халыққа, қоғамға қызмет ету, мәдениетті, азаматтықты тәрбиелеу [2] .

Ғылым - ол да білім, бірақ сәл өзгеше. Ол тек қабылдау, білгеніңді толықтыру, дамыту ғана емес, мынаны былай өзгертсем қайтеді деп әр нәрсеге сын көзімен қарау, өзгерту, жаңарту. Бұл да мектептен басталып, кейін дамытылады. Көбінесе ол сабақтан тыс толып жатқан үйірмелерден ойға оралып, оған түрлі модель жасау, рефераттар жазу, ғылыми конференцияларға қатысу. Мұның бәрін шығармашылық (творчество) дейді. Ғылым негізі - творчество. Жаңашылдык, прогресс содан басталады. Шығармашылық адамның ішкі «мендігін» қозғайды, оятады, дамытады [2] .

  1. Білімдік таным әдістері

Әдіс - ол әрекет, айла, құрал, сайман. Басталған іс сәтті болуы үшін объектіге қолданылған әдіс сол объектінің ішкі құрылымына сай, қайшы келмейтін болуы тиіс. Философияда танымның екі түрлі әдістері келтіріледі. Бірі - эмпирикалық әдіс, екіншісі - теориялық әдіс [3] .

Ғылымда бұл әдістер толығымен қолданылады. Бірақ, бұл әдістер ғылымға дейін де, білім дәрежесінде де қолданылған. Сол әдістерге жататын: байқау, бағдарлау, салыстыру, өлшем, тәжірибе. Осылардың ішінде тек тәжірибе жасау ғана ғылымға жатады. Қалғандары ғылымға дейін болған. Тәжірибе әдісі бір нәрсенің нәтижесін байқау үшін объекті арнайы жасалған қалыпқа салынып, соны шындыққа жақындатып, сынға келтіру, шыққан нәтижесінен қорытынды жасап, пікір айту. Ол әдісті ғылымда қолданады. Білім дәрежесінде де осыған ұқсас әдіс бар. Ол бүкіл - өмір, практика [3] .

Эмпирикалық танымнан кейін, одан жоғары тұрған объективтік дүниетаным - теориялық таным. Ол объектіні оймен топтап, жұмдастыру арқылы пайда болады. Теория - қашанда ғылым негізі. Бірақ, теория ғылымда ғана емес, білімде де, дінде де болады. Теория объективтік процестерді жинақтап, байланыстарын, қасиеттерін байқау арқылы жасалады. Ол үлкен, күрделі, түсінуге қиын процестің ең қысқа, айқын жаттауға жеңіл жинақталған түйіні. Сондықтан бір күрделі процесті түсіндіру үшін бәрін жайып салып, айтудың орнына бір ауыз сөзбен түсіндіру әдісі. Ондай ой қорытындысын, түйінін теория дейді. Теория бірден пайда болмайды. Ол көп көргеннен, білгеннен ой орамы болып келеді, құрастырылады. Сонымен, әр нәрсенің ой түріндегі түсінік, түйіні теория. Теория айтуға, ойда сақтауға оңай, әрі қысқа, әрі нұсқа, ұйқас болуы тиіс. Оны ғылымда да, жәй ой таластарда да, уәж ретінде қолданады. Қазақ ауыз әдебиетінде ондай рөлді халық мақал-мәтелдері атқарған. Ол да мыңдаған жылдар әбден сыналған ой тұжырымы. Теория мақал-мәтелден бастау алған десе де болады [3] .

  1. Білім берудің жаңа моделі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара байланысты болатын:

1) жеке меншіктік формасына, түріне және типтеріне тәуелсіз білім беру үйымдарының;

2) білім берудің әртүрлі деңгейіне арналған бағдарламалар мен білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттардың сабақтас тәртібінің;

3) білім беру бағдарламасының орындалуын және білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін, білім беруді басқаратын үйымдар және оған қарасты мекемелердің («Білім туралы» ҚР Заңы) жинағынан тұрады. Қазіргі таңда әлемде білім берудің келесідей моделдері калыптасты.

  • Американдық модель - төменгі орта мектеп, орта мектеп, жоғары орта мектеп, екі жылдық колледж, университет құрамындағы төрт жылдық колледж, одан әрі магистратура, докторантура.
  • Француздық модель - бірыңғай колледж-технологиялық, кәсіби және жалпы білім беретін лицей, университет, магистратура, докторантура.
  • Неміс моделі - жалпы білім беретін мектеп, нақты арнаулы білім беретін мектеп, гимназия және негізгі мектеп, институт және университет, магистратура, докторантура.
  • Ағылшындық модель - біріккен мектеп, грамматикалық және қазіргі заманғы мектеп, колледж, университет, магистратура, докторантура.
  • Ресейлік модель - жалпыға білім беретін мектеп, толық орта мектеп, гимназия және лицей, колледж, институт, университет және академия, аспирантура, докторантура.
  • Қазақстандық модель - жалпыға білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, кәсіби мектеп, лицей, колледж, арнаулы білім беретін мектеп, университет, институт, академия, магистратура, докторантура [5] .

Сурет-2. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі

Қазақстанда білім беру жүйесінің реформасы қарқынды жүргізіліп жатыр. 2007 жылдан бастап бұрынғы аспирантура мен докторантура жүйесі жойылып, оның орнына PhD докторантура енгізілді. Осы жылдан бастап магистратура жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейіне ауыстырылды. Қазірде бұл жүйе Қазақстан Республикасының 2007 жылғы білім туралы заңына және ҚР-дағы білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес өзгертілді [4] .

  1. Оқытудың қазіргі технологиялары

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
  • ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
  • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.
  • Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту [5] .

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [5] .

  1. Жаңа педагогикалық технологиялар

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформаланцуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие Білім берудің реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Палтышевтің физикадан есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т. т [4] .

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр [4] .

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған “Дамыта оқыту жүйесі” бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

  1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
  2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.
  3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу [4] .

Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-катынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді [4] .

Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары [4] .

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім берудің моделі
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz