Ертіс атауының этимологиясы


Қ. Т. Сапаров
ҚАЗАҚ ШЫҒЫСЫНЫҢ ӨЗЕН - КӨЛ АТАУЛАРЫ
География және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу құралы
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қ. Т. Сапаров
ҚАЗАҚ ШЫҒЫСЫНЫҢ ӨЗЕН - КӨЛ АТАУЛАРЫ
География және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу құралы
Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 911. 2 (574. 4) (075. 8)
КБЖ 26. 82 (5Каз) я 73
С21
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Пікір сарапшылар:
Ж. Д. Достай - география ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ География институтының «Су мәселелері» бөлімінің меңгерушісі;
К. Д. Каймулдинова - география ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Елтану» кафедрасының меңгерушісі;
С. Н. Мамытова - тарих ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ «Тарих» кафедрасының меңгерушісі.
Сапаров Қ. Т.
С21 Қазақ шығысының өзен - көл атаулары : география және туризм, экология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / Қ. Т. Сапаров. - Павлодар : Кереку, 2012. - 214 б.
ISBN
Оқу құралында жоғары оқу орындарында география және туризм мамандықтары бойынша оқытылатын «Топонимика» пәнінің теориялық қолданбалық астарлары қарастырылып, Шығыс Қазақстан облысының гидронимиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының географиялық негіздері нақты деректер арқылы талданған.
Оқу құралы география, туризм, экология, тарих, лингвистика мамандықтарының студенттеріне және қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.
ӘОЖ 911. 2 (574. 4) (075. 8)
КБЖ 26. 82 (5Каз) я 73
ISBN
© Сапаров Қ. Т., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Тарихы күрделі қазақ қоғамының құрамдас бөлігі болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы аумағының географиялық кеңістігінің игерілуінің терең тарихы географиялық атауларда, яғни топонимдерде сақталғандығында күмән жоқ.
Жер шарының су қабығын - гидросфераны, оның қасиеттерін, ондағы өтіп жатқан үдерістерді оның басқа қабықтармен байланысын гидрология ғылымы зерттесе, осы гидрологиялық нысандарға қойылған атауларды топонимиканың ірі саласының бірі гидронимия зерттейді. Гидронимия грек тілінен аударғанда «гидро» - су, «оним» - атау, яғни су атаулары деген ұғымды беріп, өзендер мен көлдер, қайнарлар, бастау, бұлақ, құдық т. б. гидрологиялық нысан атауларының қалыптасу жолдарын зерттеулермен шұғылданады. Топонимика пәні географияның барлық салаларымен байланысты болып келеді. Біріншіден, кез келген географиялық атау кеңістікте орны бар нысанға беріледі, яғни географиялық номенклатураның карталармен тікелей байланысы бар. Екіншіден, сол аумақтың табиғат ерекшеліктерімен, ресурстарымен, халықтардың қоныстану сипатымен, шаруашылық түрлерімен тығыз байланысты.
Қазақстанның шығыс өңірін ежелден мекендеген сақ, ғұн, түркі т. б тайпалардың тарихы, дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі аумақтардағы қоғамдық өзгерістерді, тарихи-географиялық, физикалық-географиялық ерекшеліктерді айғақтайтын топонимдерді өмірге алып келді.
Қазақстанның шығыс өңір топонимиясы тілдік тұрғыдан арнайы зерттелгенімен (Г. Б. Мадиева 1990, Б. Г. Бияров 2000, А. Әлімхан, 2001) алайда осы аумақтарға қатысты арнайы топонимдер жайлы географиялық зерттеулер жүргізілген жоқ. ШҚО-ның гидронимиялық жүйесінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуының физикалық - географиялық, геоэкологиялық негіздерін анықтау болып табылады. Географиялық ғылымдар тұрғысында тұңғыш рет қазақ топонимдерінің ақпараттық жүктемесінің этноэкологиялық, геоэкологиялық және физикалық-географиялық негіздері К. Д. Каймулдинованың (1998, 2010), Қ. Т. Сапаровтың (2004, 2010) зерттеулерінде талқыланды. Қазақстанда топонимияның ландшафттар динамикасы және табиғатты қорғау мәселелеріне қатысты қырларын қазақ топонимдері негізінде, географиялық ғылымдар тұрғысында зерттеу А. С. Омарбекова, Ә. Е. Аяпбекова, А. У. Мақанова, З. Қ. Мырзалиева, К. Т. Мәмбеталиев, Ө. Ж. Сағымбай т. б. ғылыми туындыларында жүзеге асырылды. Бұл еңбектердің барлығы топонимика ғылымындағы табиғатты пайдалану және қорғау, экономикалық және әлеуметтік, физикалық география, геоэкология бағыттарын дамытуға негіз болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
ШҚО - ның гидронимиялық жүйесінің заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуының географиялық негіздерін анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттерді шешуге тура келді:
- ШҚО гидронимиясының қалыптасуының тарихи - географиялық жағдайларына талдау жасау;
- нақты деректер негізінде ШҚО табиғат жағдайларының географиялық атауларда бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
- аумақта кездесетін географиялық және халықтық - географиялық терминдерді топтастыру;
- аумақтың географиялық атауларда бейнеленген флорасы мен фаунасының ерекшеліктерін анықтау;
- ШҚО табиғи - антропогендік геожүйелерді қорғау ісінде гидронимиялық деректерді пайдаланып, талдау жасау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Тұңғыш рет ШҚО - ның гидронимдер жүйесі географиялық, тұрғысынан арнайы зерттеліп, аумақтың табиғат жағдайларын бейнелейтін ақпарат көзі ретінде географиялық ғылымдар тұрғысынан баға берілді.
Табиғи орта мен географиялық атаулардың өзара байланысы және топонимдерде табиғат жағдайларының бейнелену заңдылықтары жөнінде тұжырым жасалынып, табиғи нысандарды айқындайтын арнайы карталар жүйесі (табиғи су көздері мен антропогендік әрекеттердің гидронимдердегі көрінісі) атты карталары құрастырылды.
Алғаш рет бір аумаққа тән гидронимдер жүйесі, тілдік қабаттары нақты деректер арқылы дәлелденді. Қазақ топонимиясы негізінде өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесінің байырғы ареалдарын анықтауда топонимиялық мәліметтер пайдаланылды.
Аумақ топонимдерін физикалық-географиялық тұрғыда зерттеудің ғылыми-қолданбалы аспектілері талқыланып, географиялық атаулардың ландшафтылық - экологиялық мәселелері мен қалыптасу заңдылықтары қарастырылды.
1 Шығыс Қазақстан облысының физикалық - географиялық жағдайы және топонимдер қалыптасуындағы рөлі
1. 1 Шығыс Қазақстан облысының физикалық - географиялық жағдайы және топонимикалық жүйе кеңістігі
Шғыс Қазақстан облысының аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 48 0 -51 0 солтүстік ендік және батыстан шығысқа қарай 77 0 -87 0 шығыс бойлық аралықтарын қамтиды. Облыстың батысы - 76 0 50 / ; шығысы - 87 0 20 / ш. б. жатыр. Облыс Алтай тауларының оңтүстік-батысын (Қазақ Алтайы), Жайсаң қазаншұңқыры, Қалба жотасы, Сауыр-Тарбағатай жоталары, Ертіс маңы жазығы мен Сарыарқаның шығыс бөлігі аралығында орналасқан, ауданы - 283, 3 мың шаршы км-ге тең. Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде Ресей Федерациясымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, батысында Қарағанды облысы және солтүстік-батысында Павлодар облысымен шектеседі. 1997 жылы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен ШҚО-ның аумағына бұрынғы Семей облысының аумағы қосылды. Шығыс Қазақстан облысының географиялық орнының бірден-бір ерекшелігі мынада: облыс ең ірі Еуразия континентінің дәл ортасында, Ұлы жазықтар (Батыс Сібір, Орта Азия) және Қазақстан шекараларының аралығында орналасқан. Облыс аумағында ғаламшардың континентальдік полюсі және Еуразияның географиялық орталығында орналасуы табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі шаруашылықтың дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Шығыс Қазақстан облысы - өзінің табиғат жағдайларымен, флорасы мен фаунасының байлығы, ландшафт ерекшеліктерімен адамзат баласын таңдандырарлық өлке. Оның айғағы тарихта өшпес із қалдырған Алтай (Мұзтау), Қоңыржон, Сарытау, Сарымсақты, Шыңғыстау (Наймантау), Қазыналы Қалба, Тарбағатай секілді ну орманды шалғынды биік тау жоталары мен жүйелері, Марқакөл, Жайсаң, Сібе көлдері, кең арналы жайылмалы суы мол Ертіс, сонымен қатар Бұқтырма, Күршім, Қалжыр, Қаба, Оба, Үлбі, Шардай тасқын секілді өзендері өлкеге ереше әсем көрініс берген.
Шығыс Қазақстан облысының аумағы ереше географиялық орнымен анықталады. Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан аумақты Үнді мұхитынан Азияның биік тау жоталары бөліп тұр. Шығыс Қазақстанның климаты қоңыржай континентті климаттан біртіндеп, күрт континентті климатқа ауысады. Таулы бедердің күрделі болуына байланысты Шығыс субаймағының ТТК климат жағдайы біртіндеп биіктік белдеулілік заңдылықтарына бағынса, Батыс субаймағында ендік зоналылық орын алған. Тәуліктік және жылдық температурасының үлкен амплитудасына байланысты климаттың күрт континентілігі артады. Климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясы және атмосферада жүріп жатқан күрделі үдерістер айрықша әсер етеді.
Жер бетінің күрделі пішіндері ылғалдың таралуына біршама кедергілер жасайды. Жауын-шашын түсімі оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа қарай және тау беткейлерінде биіктеген сайын артады. Көкпекті-Шар ұсақ шоқысы, Шыңғыстау, Ертіс өзенінің жазықты бөлігі (200-280 мм) тау аралық ойыстары мен қазаншұңқырлар (Жайсан-Алакөл) маңында (120-220 мм) ылғалдың жетіспеушілігі анықталған. Жауын-шашынның түсімі Қалба жотасының етегінде 300-400 мм, шығыс биік беткейлерінде 700-800 мм-ге жеткен.
Шығыс Қазақстан өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі ағынсыз Балқаш - Алакөл алабына жатады. Облыстық су кадастрының мәліметтеріне қарағанда аумақта 1200-ден астам өзен бар. Оның 885-інің ұзындығы - 10-100 км-ге, 20-дан астамы 100 км-ге жетеді. Өзен желісінің жиілігі табиғат жағдайларына (жер бедері, климат, өсімдік және топырақ жамылғысы) байланысты болады.
Ертіс өзені Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының негізгі су магистралы болып табылады. Ол теңіз деңгейінен - 2400 м биіктіктен (Моңғол Алтайы) бастау алады да, Алтайдың мұздықтарынан басталатын Қара Ертіс, Қу Ертіс, Бұлғын-Шыңғыл, Қыран, Бұршын, Қаба өзендерінің суын қосып алып, ағысы толы тау өзені ретінде Қазақстан шекарасына шығады. Бұл жерден Алқабек саласы құйып, Марқакөлден ағып шыққан Қалжыр өзенін қабылдап, Қара Ертіс деген атпен Жайсан көліне (Бұқтырма) келіп құяды да, ұзындығы 4248 км Ертіс өзені ағып шығады. Ертіс өзенінің арнасының ені 120-150 м, облыс бойынша ұзындығы - 1311 км және Ертістің бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі СЭС-і орналасқан. Төменгі ағысы жазықты келетін Семей қаласы маңы және Павлодар облысының аумағында өзен арнасының ені 500-600 м, кейде 2150 - 3350 м, жайылмасының ені 15-18 км -ге жетеді. Өзен арнасы тармақтарымен, құмқайырлар, аралдар, бөгеттер, ескі арналарымен ерекшеленеді. Ертістің бойында көптеген ірі салалары бар. Әсіресе оң жақ салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Күршім, Қалжыр, Нарын, Қарақаба, Аққаба өзендерінің суы мол. Сол жақ қанаттан құятын өзендердің суы аз, қысқа келеді. Құлынжон, Қайыңды, Қанай, Үлкен Бөкен, Көкпекті, Тайынты, Песчанка, Ұлан, Аблакетка (Аблайхит), Сібе, Қызылсу, Ащысу, Шар, Мұқыр, Шаған, Қалба қыраты және Шыңғыстаудан бастау алады. Облыстың оңтүстік бөлігіндегі өзендер: Бақанас, Аягөз, Үржар, Ая, Қаракөл, Қатынсу, Емел бастауларын Шыңғыстаудың оңтүстік беткейі және Батыс Тарбағатай жоталарынан алып, Алакөл, Сасықкөл, Ұялы көлдеріне қарай ағады. Сауыр және Тарбағатайдан ағып шығатын кішігірім өзендер Кендірлік, Қандысу, Үйдене, Ұласты, Келдімұрат, Қарабұлақ, Базар т. б. суларын кейде Зайсан көліне жеткізе алмайды. Шығыс Қазақстан облысының өзендерінің қоректенуі көбінесе аралас типімен ажыратылады. Жалпы өзендердің халық шаруашылығындағы алатын орны мен маңызы ерекше.
ШҚО аумағында 2000-нан астам көл, оның 1000-нан астамының көлемі 1 гектардан асады. Ірі көлдер (18) көбінесе жазықты келетін солтүстік және оңтүстіктегі қазаншұңқырлар мен тауаралық ойыстар мен аңғарларда орналасқан. Көлдер пішіні, тереңдігі, жаратылысы бойынша әркелкі келеді. Тектоникалық, жайылымдық және тоған, бөгет т. б. түрінде кездесетін көлдер де бар. Су ауысу жағдайына байланысты көлдер ағынсыз, сонымен қатар ағынды көлдер де (Жайсаң, Марқакөл, Үлмейіс, Айыр, Рахман, Сасықкөл) кездеседі. Олар қоректенудің аралас түрімен сипатталады.
Минералдану дәрежесі бойынша көлдердің көпшілігі тұщы болса, солтүстік-батыс, солтүстік бөлігінде және Ертістің оң жағалауы (Белағаш даласы, Балапан жоны) тұз-тұнба, хлорлы-сульфатты көлдерге бай. Шығыс Қазақстан облысының ауданы бойынша ең үлкен көлі - Жайсаң (1800 км 2 ) . Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма СЭС салынғаннан кейін оның жағалау көрінісі және табиғаты өзгеріске ұшырады. Зайсан (Жайсаң) лимнонимінің бірнеше атауы кездеседі: (Қызыл-пу, Корцан, Бейнетеңіз, Хонхаты (Кунг-Кетунор-Қоңыраулы), Нор-Зайсан (мейірімді) . Қазіргі карталарда Жайсаң (Нұржайсаң) атауы қолданыста жүр. Зайсан көлін гидрографиялық- навигациялық және ғылыми тұрғыдан алғаш рет М. С. Чернышев (1885) сипаттап жазды. Зайсан көліне құятын негізгі өзендер Қара Ертіс, Кендірлік, Қылы, Тарбағатайдан ағып шығатын өзендердің суы Зайсанға жетпей қалады. Алакөл (Гургоноор, Алактукуль), Сасықкөл, Жалаңашкөл, Балқаш-Алакөл қазаншұңқырларының ірі көлдері болып табылады. Абсолюттік биіктігі - 347 м, тектоникалық көлдің ұзындығы - 104 км, ені - 52 км, ауданы 2650 км 2 , ең терең жері - 54 м-ге жетеді. Көлдің жағалауы түбектер мен мүйістер, шығанақтар (Үлкен және Кіші Балғын) және қойнауларға толы. Алакөлге (15 астам ағындар) негізгі өзен ағындары Үржар, Қатынсу, Емел және т. б. келіп құяды. Алакөл көлі аумағының 20 мың гектары қорғауға (Алакөл қорығы) алынған. Сасықкөл Алакөлден солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Ауданы (736 км 2 ), ұзындығы - 49, 6 км, ені - 20 км, ең терең жері 4, 7 м-ге жетеді. Сасықкөлге Тентек, Қаракөл және Ай өзендері құяды. Алакөл, Сасықкөл көлдері табиғи-рекреациялық ресурстарға бай және туризмді дамытуда мол мүмкіндіктер береді. Семей қаласынан солтүстік-шығысқа қарай (Белағаш даласы) таспалы қарағай орманының етегінде орналасқан. Большое көлінің аң, балық аулау және шаруашылық үшін маңызы зор. Шар-Көкпекті, Шыңғыстау аумағында 30-ға жуық көлдер бар. Шар су қоймасының маңындағы Арасан көлі, Құлынды жазығанда (Бесқарағай ауданы) орналасқан Шошқалы және Тұзды көлдерінің лай батпағы мен тұзды суы емдік қасиеті үшін пайдаланып келеді.
Гранитті тасты жоталармен ерекшелентін Қалба қыратының Көктау массивінің оңтүстік баурайында Сібе көлдері (Сасықкөл, Қоржынкөл, Шалқар, Төртқаракөл, Қаракөл) орналасқан. Оңтүстік Алтайдың інжу-маржаны аталған Марқакөл көлі теңіз деңгейінен 1449 м биіктікте жатыр. Көлдің ауданы (455 км 2 ), ұзындығы - 38 км, ені - 19 км, қазаншұңқырда орналасқандықтан тереңдігі - 27 м-ге дейін жетеді. Көлдің табиғаты көрікті жағалауын самырсын, шыршы т. б. орман ағаштары қоршап жатыр. 1976 жылы флорасы мен фаунасын қорғау үшін Марқакөл қорығы ұйымдастырылды. Қатонқарағай ауданында тік беткейлі орманды таулардың арасында (абсолют биіктігі 1760 м) Үлкен Рахман көлінің солтүстік-батыс жағалауында радонды суымен ерекшелентін « Рахман бұлағы » емдік шипажайы, 3 км жерде Кіші Арасан көлі орналасқан. Одан Арасан өзені ағып шығады.
Бұқтырманың жоғары бөлігінде Бұқтырма және Язовое көлдері орналасқан. Бұл көлдерді кезінде А. Н. Седельников зерттеген. Бұл көлдердің бальнеологиялық, туристік-рекреациялық маңызы зор деуге болады.
Шығыс Қазақстан сапасы жоғары ыза суларының қорына бай. Жер асты суларының жатысы жер бетінің бедеріне байланысты болғандықтан, Ертіс маңы жазығы, Зайсан және Алакөл қазаншұңқырларына қарай ендік бағытта қозғалып өзгеріске ұшырайды. Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай сонымен қатар ұсақ шоқылы келетін аудандарда жер асты суларының жатысы 15 м-ден 50-100 м-ге жетеді. Жер асты суларының режимін, су тасуы, атмосфералық жауын-шашынның біршама түсіп сіңуі реттеп отырады. Жер асты суларының қоры 160 млрд текше метрге бағаланған. Жер асты арасан сулары-негізінен емдеуге қолданылатын шипалы сулар. Олар құрамындағы түрлі тұздар ерітіндісінің көп, аздығына байланысты әртүрлі мақсатта пайдаланылады. Қазақстандағы Сарыағаш, Арасан, Түрген т. б. жер асты сулары емдеуге пайдаланылады. Арасан суларының емдік қасиетін Орта Азия халықтары мен қазақтар ерте замандардан-ақ біліп, халықтық медицинада қолданып отырған. Жер астынан шығып жатқан термальді сулардың (Рахман қайнар бұлақтары, Зайсан қ. маңы) халық шаруашылығындағы орнын айрықша атауға болады. Қазақстан аумағында жоғарыла емдік сулардан басқа да толып жатқан жер асты минералды сулары ашылды. Ол жерлерде келешекте түрлі емдеу орындарын ашу жоспарланған. Шығыс Қазақстан облысында Талды-Арасан, Әулиеқыз жер асты минералды суларын атауға болады. Суларының мол болуы, өзен, көл және бұлақтардың қалыптасуына және су деңгейін қалыпты жағдайда ұстап тұруына септігін тигізеді. Шаруашылықта су көздерін бейнелейтін (бұлақ, қайнар, жылға, тұма, сызат, қобы т. б. ) микрогидронимдер аумақта көптеп кездеседі. А. И. Левшиннің «Түркістан және Қырғыз-қайсақ жерлері картасы» (1831), М. С. Чернышевтың, Ертіс өзені (Семей мен Чернояр кемежайының аралығы) картасы (1885), Г. Н. Потанин, К. Струве «Зайсан көлі және Қара Ертіс өзені облысы мен Марқакөл және Сарытауға дейін саяхат» (1863), И. Сиверс, А. Принтце, Н. С. Ядринцев, П. Чихачев, А. И. Седельников, В. В. С апожников т. б. ғылым саяхатшылардың еңбектерінде және Семей облысына қарасты Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар уездері Қырғыздардың жерді және жайылымдарды пайдалану картасында (м-бы 15 верст, 1903-1911 ж. ж) көптеген гидрографиялық нысандар бейнеленіп оларға физикалық - географиялық тұрғыдан сипаттамалар берілген.
Мұздықтардың ылғал қоры мол және өзеннің ағынын реттейді. Қазақстандағы жалпы мұздықтардың ауданы - 2000 км 2 , көлемі-50 млрд текше метрге тең келеді. Мұздық ресурстарының тарихының зерттелуін 4 кезеңге бөліп қарастырады. Өзен алабы аумағының биік таулы өңірінің мұздану үдерістері жайлы Н. Н. Пальгов (1964), Е. Н. Вилесов (1967, 1973), К. Г. Макаревич (1969), Г. Н. Голубев (1968), Ғ. А. Тоқмағамбетов (1969), И. С. Соседов (1973), П. А. Черкасов (1975) т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Қазіргі таңда ҚР БҒМ-нің География институтының гляциология зертханасы және республикамыздағы танымал гляциолог-мамандар К. Г. Макаревич, Е. Н. Вилесов, А. П. Горбунов, В. Н. Уваров және т. б. ғалымдар кешенді ғылыми жұмыстар атқаруда.
Мұз алабының су-мұз теңдестігінің басты құрамбөліктері ретінде мыналарды атауға болады: жазғы және қысқы атмосфералық жауын-шашындар, конденсация мен булану арасындағы айырмашылықтар, алаптағы су қорының өзгеруі, алаптан ағатын ағыс, мұздық массасының жылдық теңдестігі. Мұздықтардағы қардың жиналуын оның физикалық немесе геометриялық жиналу коэфициенттері сипаттайды. Сонымен гляциологиялық құбылыстар мен үрдістердің маңызды ерекшелігі жер бетіндегі жылу айналымындағы мұздың атқаратын рөлінің маңызды болуында, жылу мен ықпал теңдестігіне тән мәндерге, көп энергия шығынын қажет ететін жиі фазалық ауысымдарға байланысты. Соңғысы гляциальдік ландшафттардың тұрақсыздығына қар мен мұз массасының елеулі өзгергіштігіне әкеліп соқтырды.
Қазақстан Алтайының мұздықтарын алғаш рет Ф. В. Геблер зерттеді. Ол 1835 жылы Үлкен Берел мұздықтарында болды. Алтай мұздықтарын зерттеуге М. В. Тронов елеулі үлес қосып, сипаттап жазды. Гляциология ғылымдардың зерттеулеріне қарағанда Оңтүстік және Батыс Алтайда ауданы - 89, 6 км 2 болатын 328 мұздық анықталған. Мұздықтар Сауыр жотасында да кездеседі. М. В. Тронов мұзданудың 2 орталығын: алғашқысы Берел және Бұқтырма өзендердің және Күршім өзендерінің және Күршім өзенінің бастауларында орныққанын жіктеп көрсетті. Оның айғағы кезінде саяхатшы В. В. Сапожников Сарымсақты мен Күршім өзендердің бір мұздықтан басталып, бірінің теріскейге, екіншісінің күнгейге ағатынын жазып атап көрсетті. Алтай мұздықтарына тән ерекшелік олардың шегінуі мен азаюында. Зерттеулер нәтижесінде жылына мұздықтардың шегінушілігі 5-25 м-ге жететіні анықталды. Мұздық атауларымен (гляционимдер) бірге аумақта суға байланысты атаулар (спелонимдер) мұз үңгірлерінің кездесуі физикалық- географиялық жағдайының күрделі екенін анықтайды.
Топырақ - табиғат туындысы, табиғи, әрі тарихи дене. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлылығы. Топырақтың құнарлылығы арқасында одан қилы өсімдіктер нәр алып, өсіп-өніп, бүкіл жануарлар дүниесі мен адамзатқа да қорек болады. Топырақтың құнарлы қабатын түзудегі ұсақ ағзалар, өсімдік пен жануар өкілдерінің рөлін ерекше атаған жөн. Қандай да болмасын аумақтың топырағына тән климаттық факторлар жиынтығы, бедері, гидротермикалық режимі қалыптасып сол жердің биоценоз жиынтығын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz