Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Жұмыс көлемі – 96 бет.
Зерттеу нысанасы – палеолит дәуірінен ХІХ ғасырға дейінгі Қазақстан
территориясындағы петроглифтер.
Зерттеу әдістемесі –этнографиялық, археологиялық экспидициялардың
қорытынды есптері мен тұжырымдамалары және нақты-тарихи, салыстырмалы-
тарихи талдау, жинақтау және қорыту әдістері, логикалық статистикалық
әдістер қолданылды.
Зерттеу мақсаты – Қазақ даласындағы ретроглифтерді зерттеуге
байланысты жарыққа шыққан еңбектерді басшылыққа ала отырып, оның
зерттелу тарихын, тасқа салынған суреттердің құрылымын, олардың өзіндік
белгілерін, сондай-ақ хронологиясы мен мән-мағынасын ашып көрсету.
Зерттеудің сыннан өтуі:
1. Түркі халықтарының тарихи мәдени мұралары: ашылулар, мәселелер,
үдерістер (халықаралық ғылыми практикалық конференция
материалдары). Абыралы петроглифтеріндегі символдар мен культтік
бейнелер. Абай атындағы ҚҰПУ, 2008. 28-29 сәуір.
2. Жетісу және Жоңғар Алатауы таңбалы тастарының зерттелу
тарихынан. Шәкәрім атындағы СМУ хабаршысы. 2008. № 3.
3. Абыралы, Сарыкөл петроглифтері. Шәкәрім атындағы СМУ хабаршысы.
2008. № 3.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы – Қазақстанның әр аймағындағы
этнографиялық суреттерді мүмкіндігінше ғылыми негізде және жалпы мәдени
сабақтастық тұрғыда зерттеп, тек аймақ көлемінде ғана емес, қазақ халқының
тарихи-мәдени құндылықтарына айналып, таралуына септесу зерттеу жұмысының
басты ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы соңғы
уақыттарда зерттеліп, әліде болса ғылыми айналымға енбеген көне жәдігерлер
жөніндегі тың мәліметтерді жарыққа шығару.
Зерттеу жұмысының қорытындысында – Қазақстан территориясындағы
петроглифтердің таралу ареалдары мен жалпы мән-мағынасы және олардың
зерттелу тарихы сараланып, белгілі бір жүйеге келтіріліп жаңа тарихи
негізде толықтырылып жазылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚАЗАҚСТАН ПЕТРОГЛИФТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1. Петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ..12
1.2. Кеңестік кезеңдегі петроглифтердің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..21
1.3. Қазіргі кездегі петроглифтердің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .29

2. ЖЕТІСУ – ҚАРАТАУ ПЕТРОГЛИФТЕРІ
2.1. Жетісу және Жоңғар Алатауы таңбалы
тастары ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.2. Қаратау
петроглифтері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 48

3. САРЫАРҚА ПЕТРОГЛИФТЕРІ
3.1. Сарыарқа
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..65
3.2. Абыралы, Сарыкөл
петроглифтері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .73
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 83
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86
Қысқартылын
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...96

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қолына қалам алып, үмітпен жоқ қуған
зерттеушілерге, әсіресе медениет, өнер тарихи мәселелерінің айдан анық,
қалтарыс-бұлтарысы жоқ даңғыл, ұзын ырғағы жатық сілтемелерге толы бола
бермейтіндігінен болар, соңғы кезге дейін қазақтар тек көшіп қонып жүріп
күнелткен деп заттық және рухани мұрасына аса мән берілмеген.
Тіпті үш мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның өткендегі ата-
бабалары бүкіл дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың
өзі орынсыз болып көрінетін.
Ал, аға буын өкілдерінің зерттеп білгендеріне қарағанда Қазақстан жерін
қадым заманнан бастап-ақ мекендей бастаған дала тайпаларының түркі-қыпшақ,
монғол қосындыларымен біте қайнасқан, түп-тамыры бірегей рухани
жетістіктермен жасалған өзіндік көне мәдениеті болған.
Осы Отырар-Қаратау, Беғазы-Дәндібай, Андронов мәдениетінің
қалдықтарынан, қазақтың дәстүрлі өнерінен, тасқа салынған суреттерден бізге
дейінгі жеткен жазба деректерден халқымыздың жасампаздығымен шығармашылығын
аңғаруға болады.
Демек, біз тоқталғалы отырған тасқа қашалған суреттер -(петроглифтер)
көне дүние куәлары. Археологияда көне дүние куәлары деп ерте заманнан
қалған заттық белгілерді айтса, жазба ескерткіштер рухани мәдениет мұралары
болып табылады. Соның ішінде Қазақстан территориясында кең таралғаны тасқа
салынған суреттер - петроглифтер, көркем орындалуымен, әдемі нақышымен және
салынған суреттердің жан-жақтылығымен зерттеушілерді қызықтырады.
Петро - петро - латынша тас, глиф - грекше жазу деген ұғымды
білдіреді. Толық мағынасы - тастағы жазу. Тастағы жазулар тарихи-
археологиялық ескерткіштердің бірі. Өйткені жартас суреттері бір жағынан
адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, һәм
ашық аспан астындағы галерея болса, ал екінші жағынан өткен дәуірлер мен
қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Яғни
бабаларымыздың күнделікті түрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне,
діни наным-сенімдері мен әдет ғүрыптарына, дүниетанымына, қоршаған ортасына
және тағы басқа әрекеттеріне байланысты хабарды осы тасқа салынған суреттер
арқылы ала аламыз. Бұл суреттер жеке бейнелерден бастап күрделі
композицияға дейінгі туындыларды қамтиды.
Қазақ даласы осындай мағлұматтар беретін жартас суреттері жиынтық
орындарының көптігі жөнінен Еуразия континентіндегі алдыңғы орындардың
бірін алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда әр тарихи кезеңді қамтитын 200-
ден астам жартас суреттерінің шоғырланған (Ақбауыр, Арпаөзен, Ешкіөлмес,
Таңбалы т.б.) орындары белгілі болып отыр. Олардан табылған ескерткіштерге
байланысты еліміз бен бірқатар шетелдердің баспа беттерінен арнайы еңбектер
жарық көріп, өз орындарын әлем мәдениеті мен ғылымының алтын қорынан орын
тапса, ал олардағы кейбір бейнелер − түрлі басылымдардың мұқабасын
безендіріп, халықаралық конференциялар мен байқаулардың және басқада
дүниелердің таңбасына айналып отыр.
Жоғарыда айтылғандай, ұлттық мәдениетіміздің кішкентай ғана бір тармағы
болып саналатын - Қазақстан петроглифтері санаулы хабарламалар мен ғылыми
мақалалар болмаса, бүгінге дейін жеткілікті әрі жүйелі түрде зерттелмеген,
кең мағынада белгісіз. Соның салдарынан ол ғылыми әдебиеттерде лайықты орын
ала алмай келеді.
Және бұл тақырыпта қалам тартып, түбегейлі зерттеулер жүргізу бүгінгі
қазақ ғылымының алдындағы жаңа міндет деп түсінеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ жеріндегі тасқа салынған суреттерге
11-ғасырдың ортасында өмір сүрген атақты ғалым Әл-Бируни алғашқылардың бірі
болып көңіл аударған, ел қалмақтардың жүмбақ тас суреттері бар жерлерге
табынатынын айтқан [1; 37].
Қазақстандағы тасқа салынған суреттер туралы алғашқы ғылыми
мәліметтерді XҮIII ғасырда өмір кешкен ірі ғүламалар Д. Мессершмидт, Ф.
Стралемберг, И. Гмелин, Г. Миллердің зерттеулерінен табамыз [2,11].
Тас бетіндегі суреттерді ыждағатпен зерттей бастағамдардың бірі көне
дүниелерді жинаушы, ориенталист Н. Н. Пантусов болатын, ол 1879 жылы
Талдықорған облысының территориясынан табылған тас суреттері туралы мақала
жазды. Біршама уақыттан соң Қызылағша, Қапал ауылдарына жақын маңнан тасқа
қашап салынған суреттердің жаңа тобын ашты [3,23].
1884 жылы А. М. Никольский мен Г. В. Фишердің экспедициясы Іле өзенінің
бойынан Таңбалытас (Тамгалытас) шатқалынан ескерткіштер тобын ашты, оның
жазбаларын академик В. Позднеева аударып, Н. Н. Пантусов зертеп мақала
жазды. Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанның тасқа салынған суреттері туралы
мәліметтерді жинай отырып Н. Н. Пантусов Шолақ тауларындағы Күрті
Қапшағайының оң жағасында Қараеспе, Жалпақ шатқалдары өңірінде орналасқан
Айыркезең мен Тайғақ шатқалындағы аң суреттері мен жазбаларды, сондай-ақ
Қора, Көкеу өзендерінің аңғрындағы Жалғызағаш ауылына жақын жердегі тас
бетіне қашалған суреттерді қарап шыққан.
Оңтүстік Қазақстанның бейнелеу өнері ескерткіштері туралы бірқатар
мәліметтерді Түрістан әуесқой археологтар үйірмесінің мүшелері берді.
Топограф М. А: Кирхгофтың айтуы бойынша Қаратаудың өңтүстік беткейіндегі
Бесарық шатқалынан табылған тас қүралдар мен тасқа түскен суреттер жайлы В.
А. Каллаур хабарлаған. Боралдай өзенінің сол жайылымындағы су айрығында
Боралдай қақпасы деп аталатын ауданнан құз-жартасқа қашалған суреттер мен
жазбалар туралы қызықты мәліметті 1904 жылы жазылған Л. А.
Комаровтың жазбаларынан табамыз.
Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулерде тасқа түскен суреттер атүсті
зерттелген. Табылған тастағы суреттердің жасын анықтау, олардың этникалық
қажеттілігі жайлы ешнәрсе айтылмаған, суреттердің мәні ашып
түсіндірілмеген. Ал одан кейінгі жылдары болашақтағы зерттеулердің негізгі
бағыттарын айқындайтын қызықты мақалалар пайда болды. Солардың бірі 1926
жылы шыққан археолог В. А. Городцовтың Торғай облысының жартас суреттері
туралы мақаласы [5,29]. В. А. Городцов Байқоңыр өзенінің сол жағалауындағы
Түйемойнақ жартастарында болмаса да Н. С. Воронец пен М. М. Пригоровскийдің
мәліметтері мен олардың Мемлекеттік тарихи музейге өткізген фотосуреттері
мен қашалған суреттері бар сынық тастары арқылы өз пікірін білдірген. Бұл
ашылуларды В. А. Городцов жоғары бағалаған, қызығушылар мен ғалымдарды
тасқа түскен суреттерді зерттеумен айналысуға шақырған және Қазақстанның
басқа аудандарының петроглифтерін зерттегенде осы суреттермен санасуға тура
келеді деп қорытқан. Осы еңбектерінде тастағы суреттердің идеясы мен
бейнесі туралы, Байқоңыр петроглифтерінің мәні туралы маңызды мәселе
көтерді. Ол Байқоңырдағы тасқа қашалған суреттердің датасын б. з. ,б. ХІХ-І
ғасырлардың аралығы деп белгілеген. Олардың ерте темір дәуіріне жатқызылуы
жылқы мен түйенің қолға үйретілуімен байланыстырылады. Петроглифтерді қашап
түсіру тәсілдері және тастың бетінде пайда болған жауыншашын, күн
сәулесінің әсерінен түскен қақтарға химиялық талдау жасау туралы
ескертпелері ден қоярлық.
1935-1936 жылдары Ертістің жоғары жағындағы тасқа салынған суреттерді
С. С. Черников зерттей бастады [6,84]. Нәтижесінде Қалба, Нарым жоталарынан
тасқа салынған суреттердің он тоғыз орнын тауып, толық жариялады. Онда тас
суреттердің стилі, мазмүны, мәні туралы айтылады, және де жартас
суреттерінің хронологиясының екі кезеңін бөліп көрсетеді: б. з. б. I мың
жылдықтың ортасынан б. з. б. ҰІП-Х ғасырлардың аралығын айтқан. Екі
кезеңнің көнесі ерте темір дәуірі (б. з. б. УІ-І ғғ.).
1930-1950 жылдары тасқа салынған суреттер туралы хабарлар Қазақстанның
түрлі аймақтарынан түсе бастайды [10.121]. 1951 жылы Шу-Іле тауларының
оңтүстік батысындағы Таңбалы сайынан А. Г. Максимованың экспедициясы тасқа
қашап түсірілгеі суреттердің үлкен тобын ашты. Ескерткіш бай сюжеттерімен,
өзіндік ерекшелігімен мамандардың көңілін аударды. А. Г. Максимова мыңға
жуық тасқа түскен суреттерді зерттей келе үш хронологиялық
кезеңді атап өтті:
бірінші - саққа дейінгі кезең,
екінші - сақтар кезеңі,
үшінші - түрік кезеңі.
Мақалаға А. А. Попов түсірген жоғары сапалы қырық үш фотосурет
қосылған. Осылайша табысты басталған жұмысы толық аяқталмай қалды.
Жоғарыда айтылған С. С: Черниковтың еңбектерінен басқа тас суреттері
толық суреттелген тағы екі еңбек жарияланған. Олар X. А. Алпысбаевтың және
Т. Н: Сенигованың Шымкент облысының Бостандық ауданының Ходжакент
жартастарының суреттері мен Созақ ауданының Баба-ата өзенінің оң
жағалауындағы жартас суреттері туралы жазылған. Ходжакент жартастарының
петроглифтері негізінен ешкі мен жылқы бейнелерінен түрады. X. А. Алпысбаев
оларды сақтар тобына жатқызады, стилі жөнінен араван петроглифтері мен
сақтардың қола қазандағы скульптуралық статуэткаларымен жақын [11,82].
Баба-атаның тасқа қашалған суреттерін Т. Н. Сенигова екі кезеңге
бөледі: б. з. б. УІ-У ғасырлар мен б. д. І-ІІІ ғасырлары. Төменгі тастағы
суреттердің датасын белгілеуге бүғылардың Сібірдің ағаштан жасалған
скульптуралық бейнелерімен дәл келуі және Ертістің жоғарғы ағысындағы
суреттер, Таңбалы сайдың суреттерімен ұқсастығын негізге алған. Комплексті
талдап-түсіндіру кезінде ғасырлармен уақыт белгілеуде ауытқулар кездеседі
[12,76].
60-жылдары солтүстік-батыс Балхаш маңынан А. Т. Медоев тасқа қашалған
суреттердің бірнеше комплексін ашты. Жеке бейнелер мен көріністер бойынша
әр кезендегі топтарды бөліп көрсетті. Петроглифтердің ерте кезеңге
жатқызған бөлігін өлген бизон бейнесін қашаумен байланыстырды [13,21].
Балхаш маңынан кейінгі кезенді неолиттен түрік дәуіріне дейінгі кезеңді
анықтады. Оған негіз болған өгізтурлардың бейнесі, неолит пен қола
дәуірінің арбаларының суреттері олардың мәні мен стилін мүқият қарап түрік
кезеңіне жататын суреттерді анықтау еді. А. Г. Медоевтың ашып, зерттеген
жартастағы көркемсуретті галереясы даусыз, бірақ мұнда да басқа
зерттеушілер сияқты тарихнама есепке алынбаған.
Соның ішінде бізге керектісі, бізді қызықтыратыны қазақстандық жартас
суреттерімен жақын келетін Орта Азияның далалық және таулық-далалық
тайпаларының тасқа қашалған суреттері туралы жариялымдары. Көзге
түсетіні Оңтүстік Қазақстанның, Өзбекстанның тастағы суреттері туралы М. Э.
Воронецтің және Памирдің қашалған суреттері жайлы В.А.Рановтың еңбектері.
Бұл екі автор да ескерткіштердің хронологиясына көп мән береді, кезеңге
бөлінген топтардың стильдік ерекшеліктер анализін басшылыққа алып, суретті
қашау тәсілдерін, суреттердің қақтану дәрежесін зерттеп археологиялық
ашылулармен салыстырды.
Оңтүстік Қазақстанның петроглифтері Солтүстік Қырғызстан-ескерткіштері
мен ұқсас келеді, әсіресе Шу мен Талас өңірінің географиялық және тарихи-
мәдени жақындығында. Бұл жерлерден б. з. б. ІІ-І мың жылдықтар мен одан
кейінгі кезеңгі сай келетін тасқа қашалған суреттерді Н. Д. Черкасов пен В.
М. Гапоненко ашқан.
Отырар оазисіндегі тарихи-археологиялық зерттеулерге байланысты 1969
жылы Үлкен Қаратау жотасына барлау жүргізіліп, келер жылы тасқа қашалған
суреттердің үлкен орталығы ашылды. Ол кезде Қаратауды қадым заманда
мекендеген бақташы қауымның тасқа салған суреттері туралы жалпы мағлүмат
ала отырып, Қойбағар мен Арпаөзен шатқалының суреттері негізінде қолдан
келгенше толық түсінік беру мәселесі қойылған болатын. Екі шатқалдың, яғни
Қойбағар мен Арпаөзеннің көпсанды комплекстері бірінен-бірі онша алыс емес,
сондай-ақ басқа да сурет орнын іздестіру жұмыстары жалғаса берді.
М. А. Кирхгоф кезеңінен белгілі Қаратаудың оңтүстік беткейінен Бесарық
шатқалының тасқа ойып түсірілген суреттері зерттелді, Үшөзен өзеніндегі
Майдантал шатқалынан суреттердің үш тобы табылып зерттелді және Кентау
қаласына жақын Баялдыр сайынан бірнеше композицияны қарап шыққан.
Қаратаудың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жуалы шұңқырында орын тепкен
Бурное селосынан 30 км. солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Габаевка,
Новопокровка елді мекендерінің жанынан екі жана комплекс ашылды. Сондай-ақ
Солтүстік Қаратаудан 120 км. аумақты егжей-тегжейімен қарап, тағы да
бірнеше орындар-Сүйіндіксай, Қошқар-ата, Көкбұлак шатқалдарынан ашылды.
Сонымен Қаратау жотасынан он бір ірілі-үсақты таска салынған сурет орындары
белгілі болды.
Қаратау жотасынан табылған тасқа ойып салынған суреттердің орны І-
суреттегі карта-схемада көрсетілген.
Көріп отырғанымыздай Қаратау жотасының жартас бетіндегі суреттері Орта
Азия мен Қазақстанның басқа аудандарынан табылған көне ескерткіштерімен
қатты ұқсас. Шу-Іле тауларындағы Шөміш шатқалына Талас Алатауының
мұздыктарынан бастау алған Қасқабұлақ өзенінің жоғарғы ағысындағы 20-
жылдары Д. Н. Кашкаров пен А. П. Коровин ашқан тасқа қашап салынған
суреттерді қарап шығу үшін Қаратау отряды жорық үйыммдастырды. Сонымен
қатар Шу-Іле тауларындағы Таңбалысай, Саймалы-таш, Орта Азиядағы Сармыш пен
Шолақтаудағы кеңінен мәлім тасқа түскен суреттермен танысып, 1972 жылғы
археологиялық қазба жұмыстары кезінде Ә. X. Марғұлан көрсеткен Теректі
суреттері мен Жезқазған геология-минерология музейінде сақталған
Байқоңырдың тасқа салынған суреттерінің көшірмесін қарап шыққан.
Далалық зерттеу жұмыстары кезінде көлемді суреттерді, композицияларды
оқып, суреттеп жазу күрделі, әрі қиын жұмыс. Тек қана Қойбағар комплексінің
үш тобы мен Арпаөзеннің сегіз тобының өзінен күнделікке быжынаған суреттер
мен 2019 тасты жазуға тура келген. Және бүған Қошқар-ата мен Габаевканың
203 тақта тасын, Майдантал, Бесарық, Көкбұлақ, Сүйіндіксай, Кісен
шатқалдарынан табылған бірнеше ондаған суреттерді қоссақ үзын саны 2300-ге
жуықтайды. Сондықтан отряд мүшелері түсініксіз суреттер кездескенде
күнделікті қысқартып жазуға мәжбүр болған.
Қаратау жартастарының суреттері туралы бес жылғы жұмыстың
нәтижесін қорытындылай келіп М. Қ. Қадырбаев пен А. Н. Марьяшев
монография жазған. Онда Қазақстандағы осы типті ескерткіштердің
ірі орталықтарының бірі Қаратау жартас суреттеріне толық талдау
жасалған. Қаратауды мекендеген көне бақташы тайпалардың тасқа
салған суреттерін жіктей отырып сипаттаған. Бұл еңбек Оңтүстік
Қазақстан экспедициясының Қаратау отрядының Қойбағар, Кісен,
Арпаөзен, Қошқар-ата, Майдантал және т. б. сурет орындарындағы
ашылуларға негізделген. Сондай-ақ таска салынған суреттерді талдау
әдіс-тәсілдеріне, алғашқы қоғам өнерінің хронологиясын анықтауға
қаратаулық петроглифтерді түсіндіруге, суретті салған шеберлердің
көзқарасын, рухани өмірі туралы мәлімет береді. Қаратау жотасының
суреттерін Қаратау отряды зерттеп, еңбек етіп, жетекшісі
М.Қ.Қадырбаев болатын. Отряд мүшелері: Ж.Құрманқұлов,
Е.Бакунина, Л.Дробышева, Л.Концова, В.Зубков, М.Алибеков,
В.Чижиков, Г.Пивоварова.
Қазақстанның төрткүл аумағына таралған петроглифтік ескерткіштер әлі де
болса толық зерттеле қоймаған. Негізгі зерттеген және сол зерттеу
жұмыстарына оз үлестерін қосып жүрген Ә.Х.Марғұлан, М. К. Қадырбаев, А. Н.
Марьяшев, М. Е. Елеуов, 3. Самашев басқарған топ мүшелері, Р. Сало және т.
б.
Қазіргі уақытта Республикамыздың кең байтақ жерінде 150-ден астам
жартас суреттерінің жиынтық орны белгілі болып отыр. Сол суреттердің үңгір
ішінде салынғандарымен, басқасы ашық аспан астында. Оның бұлай орналасуының
жақсы да жаман да жақтары бар. Біріншіден, тасқа салынған суреттерді
мыңдаған қызығушылардың тамашалауына мүмкіндігі болады, екіншіден сол
мыңдаған көрермендердің бірі қолтаңба қалдырып көне ескерткіштерді
бұлдіреді. Ал тапқан қуанады, таныған алады дегендей маман-археологтар
суреттердің қалай салынғанын қадағалап қарайды, көрінген қалпын қағазға
түсіреді, түсін анықтайды, суретті тастың төрт тарабын түгел аралап, жазып-
сызып, жасанып-жабдықталып қайта оралып ақыры анықтап-танып алады.
Қарап отырсақ, кез келген мәселеге толық жауап беретін ешқандай
археологиялық дерек көзі жоқ. Тұрақтар мен қорымдар кәне экономика мен
демографияға жауап берсе, ақша және басқа да айырбас қүралдары саудадан
хабар береді. Ал қару-жарақтар мен әшекейлер жаугершілік миграция, озара
қарым-қатынасқа жауап береді. Сонымен алғашқы қоғамдағы ескерткіштердің
ішінен тасқа қашалған суреттер (петроглифтер) басқа деректерге қарағанда
көне уақыттағы адамдардың рухани өмірін жақсы көрсетеді. Және тағы бір
ерекшелігі тасқа салынған суреттердің қозғалмай бір орында
тұратындылығында.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысын
жазудағы алдымызға қойған мақсат: Қазақ даласындағы тасқа салынған
суреттерді зерттеуге байланысты жарыққа шыққан еңбектермен қоса
археологиялық зерттеулерді басшылыққа ала отырып, оның зерттелу тарихын,
тасқа салынған суреттердің құрылымын, олардың өзіндік белгілерін, таралу
аймақтарын сондай-ақ хронологиясы мен мән-мағынасын, тарихи-мәдени
сабақтастық негіздерін жан-жақты ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының мақсатын ашуда мынадай міндеттерді іске асыру
басшылыққа алынады:
- Қазақстан петроглифтерінің ерте кезеңнен бастап соңғы кездегі
зерттелулерге дейінгі тарихы жайлы мәліметтердің басын біріктіріп, бір
жүйеге келтіру;
- Қазақстан территориясындағы петроглифтерді Орта Азиядағы
ескерткіштермен салыстырмалы анализ жасау арқылы алатын орны мен мерзімдік
жасын және кезеңдерін көрсетіп беру;
- Жетісу – Қаратау аймақтарындағы петроглифтердің таралуы мен
ерекшеліктерін айқындау;
- Жоңғар алатауы және Қаратау таңбалы тастары жайлы жан жақты
сипаттамалар жасау;
- Сарыарқа даласының және Абыралы, Сарыкөл петроглифтеріне қатысты тың
зерттеулер мен тұжырымдамаларды жарыққа шығару;
- тасқа салынған суреттермен (петроглифтермен) жұмыс жасау
әдістемелерін саралау;
- петроглифтерде орын алған бейне суреттердің мән-мағынасын, адамдардың
рухани дүниетанымдары мен түрмыс-тіршілігіне шолу жасау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Палеолит дәуірінен бастап XIX
ғасырдың алғашқы ширегі аралығы.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Аталмыш тақырыпқа қатысты
ғылыми зеттеулер мен соңғы жылдары жарық көрген зерттеулер, мақалалар және
этнографиялық, археологиялық экспидициялардың қорытынды есптері мен
тұжырымдамалары көне тарихымызды теориялық тұрғыдан талдауда кеңінен
пайдаланылды.
Зерттеу барысында соңғы уақыттарда қалыптасып келе жатқан жаңа
бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжрымдарды, жаңа тарихи көзқарас
тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды. Сондай-ақ зерттеуде нақты-
тарихи, салыстырмалы-тарихи талдау, жинақтау және қорыту әдістері,
логикалық статистикалық әдістер қолданылды. Мәселе нақты тарихи қажеттілік,
тарихи тағылым, тарихи процестің объективтілігі тұрғысынан қарастырылды.
Зерттеу методологиялық объективтілік, тарихилық және жүйелілік сияқты
ғылыми таным принциптеріне негізделген. Нақтылы әрі деректі құжаттарды
зерделеу ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру
сияқты жалпыға белгілі бірізділік әдістер негізінде жүргізілді.
Зерттеу жұмысының деректік негіздері. Зерттеу жұмысының басты дерек
көздері ретінде тарихнамасында баяндалғандай тақырыпқа қатысты ғылыми
зерттеулер мен Қазақстан территориясында белгілі болған петроглифтік
жәдігерлер жөніндегі мәліметтер мүмкіндігінше қамтылды. Жұмысқа негізгі
дерек ретінде арқау болған: Жетісу (Тамғалы), Қаратау (Арпаөзен І-ҮІІІ,
Қойбағар І, ІІ, ІІІ, Қошқар-ата І, ІІ, ІІІ), Сарыарқа (Ұлытау,
Шыңғыстау, Бұланты, Теректі, Тесіктас, Абыралы т.б. ) ескерткіштері бойынша
жинақталған материалдар пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ халқының ұлттық бай мұрасының
бір бөлшегі болып табылатын қазақ петроглифтері мен оның көнеден келе
жатқан сан ғасырлық тарихы бар жартас суреттері генезисінің бүгінгі жемісін
барынша пайымды баяндау. Сонымен қоса Қазақстанның әр аймағындағы
этнографиялық суреттерді мүмкіндігінше ғылыми негізде және жалпы мәдени
сабақтастық тұрғыда зерттеп, тек аймақ көлемінде ғана емес, қазақ халқының
тарихи-мәдени құндылықтарына айналып, таралуына септесу зерттеу жұмысының
басты ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы соңғы
уақыттарда зерттелген, әліде болса ғылыми айналымға енбеген көне жәдігерлер
жөніндегі мәліметтерді жарыққа шығару.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Бұл жұмысты зерттеудің өзекті
мәселесі бойынша пайдаланылған жаңа археологиялық жаңалықтар мен құнды
деректер негізінде кейбір теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын, ұлттық
жаңғыртуға негізделген жұмыстың нәтижесін ЖОО студентері, мектеп оқушылары
және кез - келген арнайы өлкетану курстары үшін жалпы ақпараттық дерек көзі
ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі
нәтижелері мен мазмұны бойынша 2008 жылдың 28-29 сәуірінде Абай атындағы
ҚҰПУ-нде өткен Түркі халықтарының тарихи мәдени мұралары: ашылулар,
мәселелер, үдерістер атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында
Абыралы петроглифтеріндегі символдар мен культтік бейнелер тақырыбында
және Шәкәрім атындағы СМУ 2008 жылығы хабаршысының № 3 санында Жетісу
және Жоңғар Алатауы таңбалы тастарының зерттелу тарихынан және Абыралы,
Сарыкөл петроглифтері - деген тақырыптар жарияланды.
Сонымен қоса зерттеу жұмысының спецификалық ерекшеліктеріне орай 2004-
2006 Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының арнайы экспедициясын
өткізуі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 тарауда - Қазақстанның тасқа салынған суреттерінің зерттелу тарихына,
қазіргі зерттеулер барысына шолу жасалды.
2 тарауда - көне дәуірде Қазақстандағы тасқа салынған сурет орындарының
бірі Жетісу мен Қаратау жотасын мекен еткен бақташы тайпалардың тасқа сурет
салу өнеріне сипаттама, талдау жасалды. Онда Қаратау отрядының Қойбағар,
Арпаөзен, Қошқар-ата т. б. сурет орындары туралы еңбектеріне сүйендік.
3 тарауда – Сарыарқа даласының және Абыралы, Сарыкөл аймағынан табылған
соңғы зерттеулердің тұжырымдамалары ұсынылды. Қосымшада суреттер беріледі.

1. Қазақстан петроглифтерінің зерттелу тарихы.

1.1. Петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы.
Тасқа салынған суреттерде тарихи дамудың әр кезендегі адам баласының
рухани өмірі жайлы бай мәлімет жинақталған және басқа деректерде айтыла
бермейтін құнды мәліметтер бар.
Қазақстанның кең байтақ территориясы көне замандардан құнды мағлұматтар
беретін жартас суреттерінің жиынтық орындарының көптігі жөнінен Еуразия
кеңістігінде алдыңғы орындардың бірін алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда
әр тарихи кезеңді қамтитын 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған
(Ақбауыр, Арпаөзен, Ешкіқлмес, Таңбалы, Жоғарға Ертіс бойы, Тарбығатай,
Тасксекен, Сағыр т.б.) орындары белгілі болып отыр [41; 37]..
Аталмыш өлке ескерткіштері жайлы деректер Орал, Еділ бойы, Қазақстан
және Сібір халықтарының этнографиясын, географиясын және тарихын зерттеу
үшін 1768-1774 жылдары ұйымдастырылған екінші Академиялық экспедиция
мүшелері – П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рычков, Х.
Барденастың жазбаларында, капитан И. Г. Андреев (1796) пен Н. И. Потаниннің
(1830) сипаттауларында кездеседі. Алайда даладағы тұнып тұрған
ескерткіштерді толық сипаттап жазу мен есепке алудың үзілді-кесілді және аз
жүргізілуі олардың топографиясының толық көрінісін ашуға кедергі келтіруде.
Сібір археологиясының пайда бола бастауымен петроглифтерді зерттеу
ісінің қолға алынуы орын алды. Сібір археологиясының тарихнамасында ХVІІІ-
ғ. академиялық экспедициялар кезеңі деп қарастырады.
Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі Сібір
ескерткіштерін зерттелуінен өзгеше болды. Бұл негізінен Қазақстанның
Солтүстік және Шығыс бөліктерінің Ресейдің ықпалына кешірек түсуімен
байланысты болды. Соған сәйкес Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді
зерттеуге кейінірек қол жеткізді. Қазақстандағы археологиялық
ескерткіштерді зерттеумен археолог-мамандар емес, негізінен басқа саладағы
мамандар, мемлекеттік қызметкерлер айналысты.
Оңтүстік Қазақстандағы тастағы таңбалардың зерттелуі Қазақстанның
Солтүстік және Шығыс аймақтарына қарағанда кешірек басталды. Бұның негізгі
себебі Қазақстанның Оңтүстік аудандарының Ресейге тек ХІХ-ғ. 70-жылдарында
ғана толығымен қосылып бітуімен байланысты болды. Сол себепті Қазақстанның
Оңтүстігіндегі тастағы таңбаларды алғаш орыс зерттеушілері зерттеді. Олар
сол кезде Қазақстанның табиғаты, халқы т.б. туралы ақпараттар жаза жүріп,
Қазақстанның тарихи деректеріне қатысты да мәліметтер келтіріп отырған.
Көптеген ақпараттар Жетісудан келіп отырды. Жетісу ежелден тастағы
таңбаларға бай өлке болатын. Бұған қоса тастағы таңбалар ашық орналасуы
себепті оларды көп күш жұмсап тазалап жатпай-ақ зерттеп бақылауға болатын
еді. Жетісу жеріндегі Тамғалы тастағы Іле бойындағы тастағы буддалар суреті
мен Шолақ тауындағы петроглифтерді тауып суретін салған.
Қазақстандағы петроглифтердің зерттелуінің басталуын ХІХ-ғ. алғашқы
жартысында Г.И.Спасский жүргізген зерттеулермен байланыстырады. Ол бірнеше
зерттеу бағыттарында жұмыс жүргізді. Оның Шығыс Қазақстандағы тастағы
таңбалар туралы материалдары Азиатский вестник және Сибирский вестник
журналдарында жарияланды. Ол ертістің жоғарғы жағында зерттеулерді
жалғастыра отырып, Смолянка өзенінің Ертіске құяр жағына жақын сол жақ
жағалауында, сонымен қатар Зырян руднигінен 7 шақырым және Гусиный
пристанынан 4 шақырым батысқа қарай суреттерді тауып зерттеген. Ол на
берегу Бухтармы, подле самого крепостного вала находиться вещь,
достопамятная и любопытная для всякого путешественника. Это два следа
человеческие, один длиною в 5, другой в 2,5 вершка, и несколько копыт
обыкновенной величины, тиснутые на гранитном, имеющем в длину 4, а ширину 3
аршина деп мәліметтер келтіреді.
Г.И.Спасский бірінші болып Бұқтырма үңгіріндегі суреттерді сипаттап
жазды. Ол Уже издавна было замечено, что этих начертаний, по
неприступности скал, на которых они находятся, равно как по грубости и
необычайности самой обработки, не должно считать ни произведениями
позднейшего времени, ни надписями, иссеченными только для забавы какими-
нибудь праздными людьми, но что они, подобно курганам, представляют
памятники, сохранившиеся от глубокой древности деп жазады. Бұдан
Г.И.Спасскийдің тастағы таңбаларды ежелден қалған ескерткіш деп бағалағанын
көреміз. Бұл петроглифтерді ескерткіш ретінде зерттеуге ден қойып, оның
ғылыми маңыздылығын бағалау болды.
Тастағы таңбаларды зерттеудің маңыздылығын ескере отырып, ол
Надобно, чтобы тот, кому сие поручено будет, скопировал надписи в
настоящую их величину и с соблюдением возможной точночти, чтобы не остовлял
и самых полинявших или которых малые только следы приметны, даже обозначил
бы места совсем истребившихся надписей деп жазады. Бұдан аңғаратынымыз
ғалымының тастағы таңбалардың әлі алда зерттелетіндігн аңғаруы және сол
кезде зерттеушілердің бұл жұмысқа ұқыптылықпен келуі керектігін меңзеуі
байқалады. Ол кезде қазіргідей суретке түсіру болмағандықтан, зерттеуші
тастағы таңбалардың әр сызығының көшіру кезінде дәл түсірілуін талап етуі,
оның петроглифтерді құнды ескерткіш ретінде қарағанының дәлелі. Сондықтан
да ол таңбаларды суретке салудың дәл болуының оларды келешекте басқаларға
танытудың кепілі екендігін нақты түсінген.
Ертістің тастағы суреттері басқа да зерттеушілердің назарын аударып
отырған. Олардың ішнде А.Н.Седельников, Т.П.Белоногов, П.Н.Столпянский,
С.И.Гуляев, Б.Г.Герасимов, К.Риттер, Н.М.Ядринцев сынды зерттеушілер бар.
Н.М.Ядринцев Ертіс суреттері бұл өлкенің ежелгі мекендеушілерінің аңшылық
және малшаруашылық өмір салтының болғандығын дәлелдейді, ал бұқтырма
жартастарындағы геометриялық белгілер жазудың бастамасы болып табылады деп
санап, олардың кейбірін пиктограммалар қатарына жатқызған. Осылайша ол да
тастағы таңбаларды ежелгі адамдардың өмірі туралы дерек деп қарастырып,
тіпті оларды алғашқы жазудың бастамасы деп санағаны байқалады. Әрине,
мұндай пікірлерді дәл деп қабылдау ғылымда орын алмаған. Дегенмен де
зерттеушінің тастағы таңбаларды бұлай бағалауының ғылым үшін маңызы зор.
В.Ледебур ХІХ-ғ. бірінші жартысында Алтай, қазақ далаларында саяхатта
жүріп, Күршім өзенінің жоғарғы жағында, Доланқара тауларының оңтүстік
етегінде архарлар мен бұғы суреттерін тауып, жазған.
Бұдан кейінгі кезеңдерде Қазақстандағы тастағы таңбалар неғұрлым
экстенсивті түрде зерттеле бастады. Бұл негізінен Орыс географиялық
қоғамының аймақтық бөлімдерінің (Оренбург, Батыс-Сібір, Түркістан
бөлімдері, Семипалатинск бөлімшесі) қызметімен байланысты болды. Бұл
кезеңде де тастағы таңбаларды зерттеулер алғашқы кезеңдегі бағытқа сай
жүрді. Сонымен қатар техникалық жаңалықтар да петроглифтерді зерттеудің
қарқын алуына септігін тигізді. Бұрын таңбалы тастарды зерттеумен
зерттеушілер ғылыми-жаратылыстану саласындағы зерттеулерді қатар жүргізп
отыратын. Енді зерттеуде барлығын қарастыра бермей, әр объектіге жекедара
ғылым саласынан келу орын алды. Көпшілік жағдайда олар мамандандырылған
сипат ала бастады.
Арнайы ұйымдармен қатар тастағы таңбаларды зерттеу жұмысына жекелеген
энтузиаст зертеушлер де үлес қосты. Олардың жұмысы негізінен петроглифтер
шоғырланған орындарды тауып, оларды тіркеп, сипаттама беру болды. Осылайша
петроглифтер шоғырланған орындар туралы қысқаша мәліметтер жинақталып
жатты. Бұған мемлекеттік қызметкерлер де ат салысты. Көптеген зертеушлер
нақты бір аймақтың ескерткіштерін зертеуге қызығушылық таныта бастайды.
Олар тастағы таңбалар туралы мәлметтер жинап қана қоймай, оларды талдауға
да тырысты.
Бұл кезеңде тастағы таңбалар туралы мәліметтер негізінен Шығыс
Қазақстаннан түсіп отырды. Дегенмен Қазақстаның басқа да аймақтарынан,
әсіресе, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудан да тастағы таңбалар туралы
мағлұматтар жинақтала бастады. Оған себеп бұл аймақтарда да тастағы
таңбалар шоғырланған орындардың көптеп кездесуі еді.
Жетісудағы петроглифтер туралы ақпарат қалдырған шығыстанушы,
ориенталист, орыс ғалымы Н.Н. Пантусов болды. Ол 1879 ж. Туркестанские
ведомости газетінің №43 санында Жоңғар Алатауы маңындағы петроглифтер
туралы ақпарат келтіреді [39; 18]. Оның Жетісудағы петроглифтер туралы
мәліметтері осымен шектелмейді. Бұдан кейін 15 жылдай уақыт ішінде Н.Н.
Пантусов Қапал және Қызылағаш ауылдары жанындағы тастағы таңбалар туралы
археологиялық комиссияға мәліметтер беріп отырады (1880 ж.), Шолақ
тауындағы, Алтынемел асуындағы, Көксу мен Қара өзендері бойындағы
петроглифтер туралы газеттерге жазып отырды.
1884 ж. А.М. Никольский мен Г.В. Фишер Іле өзені бойындағы Тамғалытас
шатқалында көптеген тастағы суреттерді табады. Бұл суреттерді кейін Н.Н.
Пантусов келіп зерттейді [40; 345]. Н.Н.Пантусов Тамғалыдағы таңбаларды
суретке түсріп, ондағы жазулардың мағынасына түсінік беруге тырысқан. Ол,
әсіресе, тастағы таңбалардың суретінің дәл түсуіне үлкен мән берген. Оның
айтуынша сурет түсірген кезде дәл шығуы үшін оның бетіне ұн сепкен.
Осылайша Н.Н.Пантусов таңбаларды ашып, тіркеп қана қоймай, оны зертеп,
суретке түсірп алудың да өзіндік әдісн қолданған.
Оңтүстік Қазақстанның тастағы таңбалары туралы құнды ақпараттарды
археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі келтіріп отырған. В.А. Каллаур
археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі хаттамасында топограф ғалым
М.А. Кирхгоф сөзінен Қаратаудың Оңтүстік етегіндегі Бесарық шатқалында тас
құралдар мен тастағы суреттер туралы мәліметтер келтіреді (5). Кейін М.А.
Кирхгофтың бұл ашылымдары туралы И. Пославский жазады. (1. 19)
Алайда Бесарық шатқалындағы тастағы таңбалар туралы мәліметтер
толыққанды емес. Себебі ол бойынша қай суреттер туралы сөз болып отырғанын
анықтау қиын. Негізі Марьяшев А.Н, Қадырбаев М.К. келтіруі бойынша
Бесарықта суреттедің екі тобы бар: бірі шатқалға кірер ауыздан алыс емес
жерде, Шығыстағы аласа жартастарда орналасқан, негізінен ешкі, түйелердің
схемалы ойып салынған бейнелері көбірек; екіншісі шатқал бойымен 9 шақырым
биіктікте Күйкентай жартасында орналасқан. Осы авторлар пікірінше М.А.
Кирхгоф мәліметтері төменгі топқа қатысты болса керек, дегенмен шоғырланған
екі топ бойынша мәліметтерді біріктіріп жіберуі де мүмкін деп санайды [41;
19-20]..
Қазақстанда археологиялық ескерткіштердің ары қарайғы зерттелуі Орыс
географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімнің қызметімен де байланысты
болғандығын жоғарыда айттық. Аталған бөлім мүшелері Қазақстанда саяхаттай
және зертеу жұмыстарымен айналыса жүріп, татағы таңбалар туралы да
мәлметтер жинақтап жүрді.
Осы қоғамның белсенді мүшелерінің бірі А.В.Адрианов 1881ж. Алтайға
саяхаты туралы жазбаларында ескілік ескерткіштеріне ұқыптылықпен қарау
керектігн айтқан. Қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде ол өзі тікелей Шанағаты
кентіне жақын, Қара-Қабы ауданында, Нарым жотасындағы суреттерді және
Көкпекті өзені бойында Қараой ауданында және Бөрітастаған деген жердегі,
сонымен қатар Қалжыр жүйесіндегі суреттерді қарап шыққан. Петроглифтер
орналасқан біраз орындарды А.В.Адрианов өзінің ақпарат берушілерінің сөзі
бойынша сипаттаған. Ол те немногие писаницы, которые есть в крае,
отличаются, так сказать, примитивностью исполнения, слабо развитым
искусством. Отмечу одну особеность наблюдавшихся мною писаниц-их
эскизность, которой совершенно не встречаетс, например, среди мночисленных
писаниц из многих тысяч фигур в минусинском уезде деп Шығыс Қазақстандағы
суреттердің сызылу дәрежесіне баға беріп кетеді. Автор суреттерді қарапайым
деп көрсетеді. Әрине бұндай суреттерді көргендер оларға әр түрлі баға беріп
жатады. Біреулер оны өнер туындысы деп бағаласа, енді біреулер олардың
салыну шеберлігіне де назар аударып жатады. Дегенмен қалай болғанда да
зерттеушілердің тастағы таңбаларға назар аударып, оларды сипаттап,
ескерткіш ретінде бағалауы тастағы таңбаларды зерттеу ісіне қосылған үлес
болып табылады. Оның үстіне осы алғашқы мәліметтер қазіргі таңда көпшілігі
жойылып кеткен кейбір петроглифтер туралы білуімізге септігін тигізеді.
Тастағы суреттерді зерттеу бойынша алдыңғы әріптестерінің істерін
жалғастырушылар болып жатты. Олар ХХ-ғ. бас кезінде де осындай
зерттеулерден қол үзбеді. Кейбіреулері тікелей өздері келіп, суреттерді
қарап, сипаттап жатса, енді біреулері басқа адамдардың сөзінен олар туралы
мәліметтерді жазып алып отырды.
Н.Гуляев өз баласы С.Н.Гуляевтің көшірмелері және Н.В.Казновтың
айтулары бойынша Көксу өзені бойындағы Таловка аулының жанындағы жартастағы
бейнелерді сипаттап жазады. Онымен шектелмей бұл бейнелерді Томскідегі
суреттермен салыстыра отырып, Таловка ауылының жанындағы бейнелер, Том
өзені бойындағы суреттерге қарағанда мазмұны жағынан анағұрлым жан-жақты
екендігін айтады. Алайда оның өз жазбаларына қосып берген көрнекілік
қосымшалары бұл аталған ескерткіш туралы толықтай ұғым қалыптастыруға
көмектеспейді.
Н.Гуляевтің тастағы таңбаларды зерттеудегі маңызды орын алатындығы,
ол оларды ежелгі заманның маңызды ескерткіштері қатарына жатқызған және
оларды адамдардың бұзып-қиратуынан қорғау керектігі жөнінде мәселе
көтерген. Алайда тастағы таңбаларды қорғау мәселесі әлі күнге дейін күрдел
мәселелер қатарында. Сондықтан қазіргі таңда бұл ескерткіштерді көріп,
қарауға біздің мүмкіндігіміздің жоқтығын ескерсек, Н.Гуляевтің айтқандарына
ешкімнің аса мән бермегендігін көруге болады.
А.Н.Новоселов Ертістің оң жақ ағысы Өбе өзеніндегі Выдриха кентіне
жақын Золютарь және Ревнюха шоқтықтарындағы бірқатар аттылар бейнелерін
тіркеп жазып алған.
Алайда Шығыс Қазақстан, сонымен қатар басқа да аймақтар бойынша Орыс
географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің жинақтаған материалдарының
барлығы бірдей есепке алынып, жүйеленіп отырылмады. Кейбіреулері туралы
тек бөлім жиналыстарының хаттамаларында ғана ескертулер келтірілген. Бұл
біздің революцияға дейінгі кезеңдегі тастағы таңбалардың зерттеулі туралы
толық мәліметтер алуымызды қиындатады. Сондықтан осындай біраздаған
жазбаларға сүйенеумізге тура келеді. Дегенмен де бұл да болса біз
қарастырып отырған кеззеңдегі тастағы таңбалар туралы зерттеулер туралы
біуімізге мүмкіндік береді.
В.В.Радловтың бастамасымен 1910ж. Орталық және Шығыс азияны зерттеу
үшін комитет в.И.Каменский жетекшілігімен ғылым академиясының экспедициясын
ұйымдастырады. Экспедиция Сібен пикетінен (қазіргі Никитинка ауылынан) 8
верст жердегі Бердібай өзеніндегі Сарыбұлақ шатқалындағы әр түрдлі
жануарлар бейнелерін тіркеп жазады. Экспедиция жетекшісінің сөзіне
қарағанда Это былыи простые выбитые изображения животных-архаров, оленей-
маралов и коз. В некотором расстоянии от этой писаницы была другая с
изображением человека, наносящего удар, и другого с ребенком,
протягивающего вперед руки, умоляя о пощаде. Все эти изображения, очень
мелкие, носили характер недавней работы [42; 37].. Зертеушінің бұл
жазғандарынан байқайтынымыз ол бұл суреттерді кейінгі уақыттарда салынған
деп санайды. Алайда бұған қандай негіз болғандығын атап көрсетпейді.
П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің және В.И.Потаниннің мәліметтеріне қарағанда
марал, ешкі және аттың бейнелері бар деп жазылған Толағай шоқтығына барып,
В.И.Каменский оларды фотосуретке түсіріп, тіркеп жазған. В.И.Каменскийдің
соңғы зерттеу орны ол А.В.Адриановпен бірге барып қараған Бөрітастаған
жартасы болды.
Бұл екі зерттеушінің мәліметтері осы ескерткіш туралы жалпылама ұғым
береді. Олар жартаста қызыл охрамен салынған жануарлардың, адамдардың,
құстардың және әр түрлі геометриялық белгілердің бейнелерін тауып
қарастырады. В.И.Каменский это совершенно особое письмо, ничего общего не
имеющее с выбитыми изображениями животных на скалах, во множестве
встречаемых в киргизских горах деп жаза отырып, олар не реальны и носят
какой-то символический характер деп көрсетіп кетеді. Зерттеуші бұл
сызбаларды тек тас бетіндегі сурет деп қарамай, оның ішкі мәніне де назар
аударады. Бұл оның тастағы таңбаларды зерттеуде біршама алға жылжып, оны
неғұрлым ғылыми дәрежеде қарауға ұмтылғанын көреміз. Ол сызбаларды жазу деп
қабылдайды және онда қандай да бір ерекшелік бар деп санайды. Оларды шынайы
деп қарастырмайды. Ал А.В.Адрианов болса, Бөрітастаған жартасын қазақтардың
ерекше құрметтейтінін атап айтып, Киргизы ходят сюда усердно и приносят
жертвы, навязывая лоскуты ситца деп келтіреді. Осыдан шыға отырып, бұл
жердегі тастағы таңбалардың да қандай да бір символикалық маңызы бар деген
тұжырым келтіреді.
В.И.Каменскийдің жалпы алғанда Сарыбұлақ петроглифтері мен
Бөрітастаған таңбалары туралы қорытындыларын толықтай дәл деп қабылдауға
болмайды. Дегенмен де оның бұл зерттеулерінің сол кезеңде үлкен маңызы
болған: ол жерлеу ескерткіштерімен тастағы таңбаларды қатар зерттеп,
кешенді түрде зерттеген, суреттерді фотоға түсірген, осы зерттеліп
отырған ескерткіштерге қатысты қосымша мәліметтер жинаған; зерттеу жұмысына
басқа да сала мамандарын тартып отыру мен осы ескерткіштердң ғылыми
маңыздылығын бағалауы болып табылады.
Жалпы алғанда революцияға дейінгі кезеңде петроглифтер туралы
зерттеулер мәліметтері анағұрлым қарапайым болды. Өйткені зерттеушілер
зерттеу барысында нақты күрделі ғылыми мақсаттар қоймаған еді. Сол себепті
олар кейбір сурет сюжеттерін жай сипаттап, суреттерін келтіріп, олар
туралы өздерінің жалпы әсерлерін келтірумен шектелген. Онда петроглифтердің
жасын анықтау, олардың кімге жататынын анықтауға, мазмұны, мән-мағынасын
түсіндіруге деген ұмтылыстарды көре алмаймыз.
Бұл кезеңдегі тастағы таңбалар туралы зерттеулер олардың мерзімделуі,
семантикасы және интерпретациясына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді
шешіп бере алмады. Фактілерді теориялық ұғыну мен тарихи тұжырымдар жасау
революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеу жұмыстарына жетіспеді, бұның бірқатар
объективті себептері болды. Ол кезеңде арохеология ғылым енді қалыптасып
келе жатқан еді, археологиялық ескерткіштерді зерттеумен археолог мамандар
емес, басқа саладағы зерттеушілер, мемлекеттік қызметкерлер айналысты.
Зерттеу объектісі туралы біраздаған білімдер, жазба деректердің болмауы
т.б. тек фактілік материалдардың жинақталуына әкелді, ал бай археологиялық
мұраларды зерттеп игеру артта қалып отырды.
Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстанның петроглифтері туралы
бірқатар зерттеу жұмыстарының революцияға дейінгі кезеңде-ақ орын алғанын
жоғарыда келтірген мәліметтерден көрдік. Олар біз атап кеткен
кемшіліктеріне қарамастан тастағы таңбаларды зерттеу ісінің негізін салып
кетті. Сол іс кейнгі кезеңдерде де өзінің орынды жалғасын тауып, қазіргі
таңда Қазақстанда петроглифтерді зерттеудегі өзіндік саланың пайда болуына
септігін тигізді.
Ресейде 1859 жылы Императорлық Археологиялық Комиссияның құрылуы мен
олардың Қазақстан жерін археологиялық тұрғыдан жаңа ғылыми деңгейде зерттеу
мақсатын қоюы өлке ескерткіштерін тануда үлкен алға басушылық болды.
Қазақстан петроглифтері туралы алғашқы мәліметтерді біз ХҮІІІ ғасырдың
аяғы – ХІХ ғасырдың басындағы кейбір Ресей және Батыс Европа зерттеушілері
мен саяхатшыларының еңбектерінен кездестіре аламыз. Солтүстік және Шығыс
Қазақстандағы тасқа салынған суреттер туралы XҮIII ғасырда өмір кешкен ірі
ғүламалар Д. Мессершмидт, Ф. Стралемберг, И. Гмелин, Г. Миллердің
зерттеулерінен алғашқы хабарды табамыз [2,11]. Осы жерде, әсіресе патшалық
Ресейдің әскери және басқада ведомстволары мен Орыс география қоғамы үдкен
рөл атқарды. Қазақстанның батыс аумағында 1825 – 1826 жылдары арлығында
Ф.Ф.Берг басқарған әскери ғылыми экспедицияны атап өткен жөн. Экспедиция
мемориалды табыну ескерткіштеріне және олардың қабырғаларына салынған
суреттер туралы маңызды этнографиялық мәліметтер жинады. Осындай
мағлұматтарды біз сондай ақ Г.С.Карелин мен ОГҚ – ның мүшесі М.И.Иваниннің
еңбектерінен кездестіре аламыз. Г.С.Карелин өз еңбегінде теңізге жақын
қоныстанған қазақтардың балық аулап теңізде қарақшылық кәсіппен айналысқаны
жөнінде мінген кемелері мен қайықтарының бейнелерін жартастар мен қайтыс
болған тумаластарының басына тұрғызған ескерткіш құрылыстарының
қабырғаларына салатындығы жөнінде мәлімет қалдырса, М.И.Иванин өз
мақаласында Маңғыстау далаларындағы суреттердің көптігін атап өткен.
Ескерткіштердің осы түрлері жайында құнды деректерді А.Левшиннің
белгілі еңбегімен подпорущик Алексеевтің 1825-1851 жылдары Үстіртте
жүргізген топографиялық зерттеулерінен кездестіре аламыз.
А.Левшиннің кітабында қазақ зиратының қабырғаларына салынған найза,
садақ, жебе сияқты қару түрлері, құсбегі және оның бүркітінің бейнелері
туралы мағлұмат болса. Алексеевтің зерттеулерінде Домқара, Уали, Қыштым,
Мыңсуалмас, Ақмешіт, Бекет сияқты қазақ зираттарының орналасқан жері ол
арадағы скульптуралық бейнелермен схемалы түрде салынған суреттер жайлы
айтылады.
Тас бетіндегі суреттерді ыждағатпен зерттей бастағамдардың бірі көке
дүниелерді жинаушы, ориенталист Н. Н. Пантусов болатын, ол 1879 жылы
Талдықорған облысының территориясынан табылған тас суреттері туралы мақала
жазды. Біршама уақыттан соң Қызылағша, Қапал ауылдарына жақын маңнан тасқа
қашап салынған суреттердің жаңа тобын ашты [3,23].
1884 жылы А. М. Никольский мен Г. В. Фишердің экспедициясы Іле өзенінің
бойынан Таңбалытас (Тамгалытас) шатқалынан ескерткіштер тобын ашты, оның
жазбаларын академик В. Позднеева аударып, Н. Н. Пантусов зертеп мақала
жазды. Жетісу мен Солтүстік Қырғызстанның тасқа салынған суреттері туралы
мәліметтерді жинай отырып Н. Н. Пантусов Шолақ тауларындағы Күрті
Қапшағайының оң жағасында Қараеспе, Жалпақ шатқалдары өңірінде орналасқан
Айыркезең мен Тайғақ шатқалындағы аң суреттері мен жазбаларды, сондай-ақ
Қора, Көкеу өзендерінің аңщрындағы Жалғызағаш ауылына жақын жердегі тас
бетіне қашалған суреттерді қарап шыққан.
Оңтүстік Қазақстанның бейнелеу өнері ескерткіштері туралы бірқатар
мәліметтерді Түрістан әуесқой археологтар үйірмесінің мүшелері берді.
Топограф М. А: Кирхгофтың айтуы бойынша Қаратаудың өңтүстік беткейіндегі
Бесарық шатқалынан табылған тас қүралдар мен тасқа түскен суреттер жайлы В.
А. Каллаур хабарлаған. Соңынан М. А. Кирхгофтың табыстары туралы И.
Пославский мақала жазған [31; 78].. Бесарықтың тастағы суреттері туралы
мақала дәл қай суреттер жайлы айтылғаны белгісіз, анық жазылмаған.
Ңегізінде Бесарық шатқалында суреттердің екі тобы бар: біріншісі, сайға
кіре берістегі шығысқа қарай орналасқан онша биік емес жартасқа схема
түрінде қашап түсірілген ешкі мен түйенің бейнелері; ал екіншісі сайдан 9
км. жердегі Күйкентай жартасына орналасқан. Мақалада екі суретті
араластырып жазған сияқты, әйтсе де М. А. Кирхгофтың еңбегі зор.
Боралдай өзенінің сол жайылымындағы су айрығында Боралдай қақпасы деп
аталатын ауданнан құз-жартасқа қашалған суреттер мен жазбалар туралы
қызықты мәліметті 1904 жылы жазылған Л. А. Комаровтың жазбаларынан
табамыз.
Тасқа салынған суреттер көне ескерткіштердің бірінен саналады. Және
тарихи-археологиялық кезеңдерге сәйкесе бермейтін адамзат мәдениетінің
ерекше беттерін ашады. Қарап отырсақ петроглифтерден басқа тарихи
ескерткіштер дәл осындай келіспеушіліктер мен қарсы бағалауларға кездескен
емес. Әсіресе шатақ мәселе тасқа түскен суреттердің хронологиясына тән.
Қаратау петроглифтерінің хронологиясына тоқталмас бұрын ғылыми әдебиеттерде
кездесетін хронология жасаудың тәсілдеріне қысқаша тоқталамыз. В. И.
Равдоникас, А. П. Окладников, В. Н. Черйецов, А. Н. Бернштам, А. А.
Формозов және т. б. зерттеушілер хронология мәселесіне көп көңіл бөлген.
Олар жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу петроглифтерінің зерттелуі
Тамғалы петроглиф тас кешені
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Аймақтағы петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы
Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Баянжүрек тауының археологиялық ескерткіштері
САМҰРЫҚТЫҢ СИҚЫРЛЫ ҚАУЫРСЫНЫ
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Қар жамылғысы туралы зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп
Петроглифтерді негізге ала отырып киім жобалау
Пәндер