Обалардың үйіндісінің астына жылқыны жерлеу рәсімі - скиф мәдениетінің рулық белгісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Тарихи ескерткіштердің сипаттамасы . . . 9

1. 1. Жерлеу ғұрпы (б. з. д. VI-I ғғ. ) . . . 9

1. 2. Құрал саймандарды топшалау мен жіктеу . . . 24

2. Ақтөбе өлкесіндегі ерте темір дәуірі тұрғындарының тарихы мен мәдениеті . . . 29

2. 1. Көшпенділердің тарихы жөніндегі жазба деректер . . . 29

2. 2. Сармат тайпаларының Еуразия тарихындағы рөлі . . . 34

Қорытынды . . . 50

Пайдаланылған деректер тізімі . . . 57

Қосымшалар . . . 62

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі.

Б. з. б. І мыңжылдықтың ортасына қарай Қазақстанның кең даласында көптеген көшпелі тайпалар мекендеген. Олардың қоныстануы мен тарихы жөнінде антикалық авторлар үзік-үзік жазады. Одан да аз мәліметтер шығыстың жазба деректерінде бар. Сондықтан ерте темір дәуірінің тарихи-мәдени реконструкциясын жасаудың негізгі жолы көшпенділердің бүгінде «дала пирамидалары» деп аталып кеткен тарихи ескерткіштерін зерттеуден тұрады.

Соңғы он жылда жекелеген облыс, аймақтарға байланысты зерттеулер кеңінен етек алуда. Мысал ретінде 2006 жылы жарық көрген облыстың 75-жылдығына арналған «Ақтөбе облысының тарихы» мен «Батыс Қазақстан тарихы» екі томды ұжымдық монографиялық еңбектерді атаған жөн. Бұнда авторлар облыс пен өлкенің үзілмес тарихын оқырманға ашып беру мақсатын алға қойған болатын, сонымен қоса олар мәліметтерді барынша қысқарту барысында, ежелгі дәуірлердің тарихи-мәдени оқиғалары толығымен ашылмай қалған секілді. Бірақ бұны ұжымның қатесі деп санамау қажеттігін еске алып, біз тек ерте темір дәуірінің зерттеулеріне үлес қосып, өз пікірімізді білдірмек боламыз.

Ақтөбе облысының пайдалы қазбаларға байлығы, тиімді стратегиялық жағдайы, Азия мен Еуропа торабында орналасқаны оның ертедегі дәуірден Жаңа кезеңге дейінгі Қазақстан тарихында маңызды рөлді иеленетінін айқындады. Ерте көшпелілер дәуірінде малмен бірге меридиандық бағытта көшіп қонып жүрген тайпалар үшін өлкедегі Елек пен Ор, Жем мен Ойыл өзендерінің аралығындағы шұрайлы жерлер мал жайлауға нағыз шұрайлы жерұйық болса керек. Бұған дәлел болып, сол гидро жүйелерінің бойындағы сол заманның сансыз бейіттері болмақ. Өкінішке орай облысымыздағы археологиялық зерттеулері біркелкі болған жоқ және территория біркелкі зерттелмеген. Қазіргі таңда тек облыстағы солтүстік аудандарында ғана (Мәртөк, Қарғалы, Хобда) қазба жұмыстары жүргізіліп, ғылыми айналымға енген, ал оңтүстік бөлігіндегі мұралар есепке әзір алынбады да. Оңтүстік бөлігіміздегі мұраларды зерделеп зерттеу үшін, көп жылдық еңбек пен шыдамдылықты қажет етеді.

Келесі мұңаяр жайт, бұл кешегі ХХ ғ. екінші жартысында болған тың игеру науқанындағы мыңжылдар бойына далалық сақтап келген обалардың жерді жырту барысында жойылып кеткенінде. Мысалға 1984 жылы Попов пен Макаревичтің басшылығымен АПИ-нің барлау экспедициясы тіркеп, паспорттаған обалары бүгінде үс-түссіз жоғалды.

Еліміз егемендік алған соң тарихты жаңарту үрдісі кең етек алды. Бұл қурап бара жатқан гүлді есіне түсіріп суарғандай болды. Бұрынғы Маркстік-Лениндік көзқарас жойылып, идеологизация жаңартылған болатын.

Бүгінгі таңда қоғамдық өмірдегі өзгерістермен қатар, тарих ғылымында да елеулі өзгерістер байқалады. Осындай жағдайда ел басшылығының саясаты, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы, мемлекетіміздің тарихи-мәдени мұраларын сақтауға бағытталған зерттеулерді жан-жақты қолдауы, елдің әр түкпірінде зерттеу орталықтарының ашылуы өзектілікке ие болды.

Мәселенің зерттелу деңгейі.

Арал-каспий аймағы мен онымен шекаралас өңірде ерте темір дәуірі археологиялық зерттеулердің тарихы революцияға дейінгі кезеңнен басталады. Орынбор мен оған оңтүстіктен шектесіп жатқан Ақтөбе даласының археологиялық ескерткіштерінің бірінші тізбесін П. И. Рычков 1762 жылы жасады [1, б 42-204] . ХІХ ғасырдың екінші жартысында реформа кезеңіндегі экономикалық өсуге байланысты аймақтағы археологиялық зерттеулер белсенді жүргізіле бастады. Орынборлық өлкетанушылар А. А. Аниховский [2, б 69-79], И. А. Кастанье [3, б 332], П. Д. Нефедов [4, б 1-43], А. В. Попов [5, б 213-214] және басқаларының еңбегімен ХІХ ғ. соңына қарай Орынбор ғылыми архив комиссиясының (ОУАК) атынан жүргізілген барлау және қазба жұмыстары өлкенің ертедегі тарихын зерттеудің бастауы болып табылады. ОУАК мүшесі И. А. Кастанье 1910 жылы ертедегі Орынбор өлкесінің мәліметтер жиынтығын басып шығарды, оған зерттеліп отырған аймақтың археологиялық обьектілерінің басым бөлігі енгізілді. ХХ ғасырдың басында Кастанье Жаман Қарғала өзенінің бойында ерте темір дәуірінің обаларда қазбаларды жүргізген еді. Осы жоғарыда аталған зерттеулерді нақты археологиялық зерттеулерге әрине болмайтынын есекерген жөн. Бұларды өлкетанушылық бағыттағы зертеулерге жатқызамыз.

Қазан революциясынан кейінгі кезеңде Батыс Қазақстан даласында зерттеулер одан әрі жүргізіліп, дереккөздерін жинақтау процесі жалғасын тапты. Осылайша, 1926 жылы М. П. Грязнов Оралдың оңтүстік жағаларының бойында орналасқан Эбет, Қиялы-Бөрте, Кіргелді, Әлімбет, Теректі және басқаларында ертедегі обаларда барлау жүргізіліп, оның барысында қола, ерте және орта ғасырлық көшпенділер дәуіріне жатқызылатын Оралсай, Құмсай обалары қазылды [6, б 26-30] . Б. Н. Граков 1930 және 1932-33 жылдары Ор және Сүйіндік өзендері бассейндеріндегі обаларды барлау мен қазу жүргізілді, ол Ордың орта ағысындағы Матвеевский поселкесіндегі бірқатар обаларды қазып алды [7, б 102, 8, б 100-121] .

Көрсетілген аймақта б. з. б. І мың жылдықта қандай халықтардың тұрғаны туралы зерттеушілер бірнеше мәрте көтерілді. Бұл проблема жөнінде алғаш рет өзінің негізді тұжырымын М. И. Ростовцев «Орынбор облысында табылған ерте және соңғы эллинизм дәуірлеріндегі қорымдар» [9, б 56-64] деген мақаласында білдіріп, Оңтүстік Оралдың ертедегі көшпенділерінің пайда болуын Оңтүстік Сібірдің еуропалық скифтерімен және тайпаларымен байланыстырады.

Бірақ, 40-ыншы жж. соңында Б. Н. Граков «сарматтардың матриархат сарқыншақтары» деген мақаласында Орал-Волга бойы даласы көшпенділерінің мәдениетінің дамуы жөніндегі жаңа тұжырымын ұсынады. Ол бірнеше пікірлерді ұсынады, біздің тақырыбымызға қатыстысына тоқталсақ, Төменгі Волга өңірі мен Оңтүстік Оралдың (соның ішінде Батыс Қазақстанның) көшпенділерінің мәдениеті б. з. бұрынғы І мың жылдықтың ортасынан бастап ертедегі грек тарихшысы Геродоттың белгілі хабарларына сүйенсек, савроматтарға тиесілі. Кейінірек савроматтарды олардың туысы сарматтар алмастырды[10, б 100-121] .

Аймақта түрлі дәуірлердің ескерткіштерін қазу 50-жылдардың ортасында жалғасты. 1955 жылы Ақтөбе облысында қола және ерте темір дәуірлерінің обаларын барлау мен қазу жұмысын В. С. Сорокин басқаратын ИИМК Батыс Қазақстан отряды жүргізді. Олар Өлке, Ақжар және Жақсы Қарғалыдағы обаларды ашып, Еділ-Жайық даласындағы қола дәуірінің алакөл мәдениетінің эталонды ескерткішіне айналған Ордағы Тасты Бұтақ қонысын зерттеудің негізін қалады [11, б 70-86] .

60-70 жылдарының соңында А. С. Пушкин атындағы УПИ-дің архелогиялық экспедициясы Г. А. Кушаевтың, сонымен қатар Б. Ф. Железчиковтың, В. А. Кригердің басшылығымен көптеген барлаулар жүргізіледі, Оралдың оң және сол жағалауы аумағындағы көптеген қорған, молаларды қазды. Бұлардың қатарына Шалқар көліндегі жекелеген обалар [12, б 156], сонымен бірге Алебастрово, Барбастау, Новопавловка, Лебедевка, Жарсуат және Көшім, Қособа, Вишневая балка, Свистун-гора, Базартөбе сияқты және басқа да жерлеу ескерткіштері жатады. УПИ-дің археологиялық лабораториясында түрлі дәуірлердің кездейсоқ табылған жәдігерлері жинақталды [13, б 134] .

Тағы бір белгілі зерттеуші К. Ф. Смирнов савромат-сармат мәдениетінің этникалық мазмұны туралы мәселені бірқатар еңбектерінде көтерді. Ол савромат ескерткіштерінің самара-орал нұсқасының төменгі волгадағымен салыстырғанда бір текті еместігін білдіріп, савромат кезеңінде Төменгі Волга өңірі мен Оңтүстік Орал маңының аумағында этникалық мазмұны жағынан әртүрлі екі ірі тайпалық одақтың өмір сүргені туралы тұжырым жасайды. Оларды Оңтүстік Орал өңірінде алмастырған прохоров мәдениетінің жеткізушілерін «протоаорс» деп атады [14, б 45-63] . Бірақ, К. Ф. Смирновтың «савроматтардың» этникалық бір текті еместігі жөніндегі пікірі айқын айтылмағандықтан сынға ұшырады. Алдымен Д. А. Мачинский [15, б 30-54], соңынан В. П. Шилов [16, б 65-78] жазба және археологиялық деректерге сүйеніп, Оңтүстік Орал өңіріне скифтердің кезінде исседондардың қоныстанғаны жөнінде тоқтамға келді. К. Ф. Смирнов тұтасымен алғанда олардың сын пікірлерін қабылдап, оппоненттерінің идеяларын әрі қарай дамытты. Оларға орал бойындағы ескерткіштерді исседондармен байланыстыру ұсынылды, ал Батыс Қазақстандық ескерткіштерді тайпалардың дахо-массагеттік ауқымымен жалғастыру айтылды [17, б 52-85] . 1975 жылы оның «Сарматы на Илеке» деген еңбегі шығып, ол аталмыш өзен бойындағы көшпелілердің Батыс Қазақстан аумағында маңызды орынды иеленгендігін айтты.

Қаз КСР ҒА ТЭАИ Батыс Қазақстан отряды М. К. Қадырбаев пен Ж. Құрманқұловтың басшылығымен 70-жылдары Електің жоғары ағысындағы «сармат» қарауылдарының обалары зерттелді. Сынтас, Бесоба, Жалғызоба, Күміссай сияқты бірінші дәрежелі ескерткіштер ғылымның жетістігіне айналды [18, б 123-145] . Бұл ескерткіштер кейінгі кезде бестомдық ҚазССР тарихы мен кейінгі кездегі Қазақстан тарихының бірінші томында жария етілді. Сонымен қоса Ор мен Електің бойындағы «мұртты обалар» саналатын Усуп І, ІІ обалары зерттелді.

М. К. Қадырбаевтың көмегімен Ақтөбе өлкетану музейінде археологиялық отряд құрған тамаша ақтөбелік өлкетанушы В. В. Родионов Ақтөбе облысында ертедегі ескерткіштерді іздестіруді кеңінен өрістетті. Егжей-тегжейлі барлау мен қазу барысында ол Бесоба, Иманғазы-Қарасу, «Оқу полигоны» және басқа обалар сияқты ескерткіштерді зерттеді. В. В. Родионовтың АОИКМ-дегі кездейсоқ табылған жәдігерлерді тәртіпке келтіруге қосқан еңбегі зор, мұны құруға елеулі үлес қосты. 1984 жылдан бастап АОТӨМ археологиялық отрядын С. Ю. Гуцалов басқарды. 1984\85 жылдары отряд Болгарка 1, 2 обаларын, Қызылжар, Жаман Қарғалы ІІ молаларын зерттеді. 1986 жылы АОИКМ-нің тікелей қатысуымен ол Ақтөбе пединститутының археологиялық экспедициясының қазбаларын ұйымдастырды. 1986-1993 жылдар аралығында Атпа І, ІІ, ІҮ, Жаман Қарғалы І, Целинный І, Шығыс Қурайлы І, Танаберген ІІ, Орқаш І және басқалары сияқты молалар қазылды.

80-жылдардың ортасынан бастап Орал облысында ООТӨМ отряды Б. Райымқұлов пен Ю. Кочубейдің басшылығымен қазу жұмысын жүргізіп, облыстың көлеміндегі бірқатар ескерткіштерді зерттеді.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңынан бастап ҚазКСР ҒА ҚР БҒМ -нің З. С. Самашев басқаратын Батыс-Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы аймақтағы ертедегі мәдениеттің қызықты ескерткіштерін зерттеді: сақ дәуірінің ондаған тас мүсіндері ретінде көрінетін Бәйте типтес жерлеу-ғибадат ету орыны; Дықылтас жерлеу және ғибадат ету обьектісі [19, б 49-68] . Қазіргі уақытта бұл экспедиция Үстірттің солтүстігіндегі Қызылүйік діни ғұрыптық кешенін (Байғанин ауданы, Дияр ауылының маңында) зерттеуде.

1988 жылы А. Д. Таиров пен А. Г. Гаврилюк прохоров мәдениетін көп компонентті және күрделі құбылыс деп есептеп, мұны қалыптастыруға сақ-савромат тайпаларымен қатар Шығыс Еуропа даласының көшпенділері де қатысты деген ұсынысын білдірді [20, б 141-159] .

ХХ-ХХІ ғасырлардың тоғысында бірқатар еңбектерінде Арал-Каспий көшпелі мәдениетінің б. з. б. ҮІ ғ. екінші жартысында қалыптасуы жөніндегі пікірді С. Ю. Гуцалов білдірді [21, б 58-74] . Ол «О роли скифов в формировании раннесарматской культуры» деген мақаласында зерттеушілердің назарын мұны жеткізушілердің тоғайлы-далалық Украина мен Солтүстік Кавказдың халқымен әлдеқайда тығыз байланысы болғандығына, демек, Батыс Қазақстандық этногенез үдерістерінде соңғыларының үлкен рөліне аударды. Мұндай болжам жасауға бір жағынан қару-жарақтың (семсер, жебенің ұштары, найза), жылқының жүгенінің ұқсастығы, екінші жағынан Електің, Ордың және Оңтүстік Орал бойының обаларының жерлеу рәсімдері мен Солтүстік Кавказдың, тоғайлы-далалық және далалық Украинаның ерте скиф кезеңіндегі ескерткіштерінің жақындығы негіз болып отыр. Соңғы кездегі Оңтүстік Орал мен Батыс Қазақстанның аумағында табылған тас мүсіндер сенімді этноиндикаторлар болып есептеледі, соңғы пікірді дәлелдей түседі. Зерттеліп отырған аймақтың тас антропоморфтары Солтүстік Кавказ және Украинадағы б. з. б. ҮІІ-ІҮ ғғ. ескерткіштерімен морфологиялық және иконографикалық параллельдер жасауға негіз болады [22, б 38-53] .

ХХ ғасырдың 90-жылдарында археология саласындағы өздерінің дербес қызметін Қ. Жұбанов атындағы АПИ-дің тарих факультетінің бітірушілері В. В. Ткачев пен А. А. Бисембаев бастады. Олардың жанқиярлық қызметінің арқасында аймақтың тарихы жөніндегі дереккөздер базасы әлдеқайда толықты. Осылайша аймақтық ескерткіштерді археологиялық зерттеудің тарихында тұңғыш рет тас мүсіндер мен сақ дәуірінің стелалары сияқты ескерткіштердің сирек түрі ашылды. А. А. Бисембаев 90-жылдардың аяғында Орскінің оңтүстігіндегі, Оралдың сол жағалауындағы Танаберген, Салтак І, ІІ, Кенсайран сияқты ерте темір дәуіріне жататын обаларды қазуға қадамдар жасады.

Бұлармен қоса Ақтөбе Педагогикалық Институты тарих факультетінің археологиялық экспедициясын басқарып келе жатқан С. М. Виноградов рөлін де айта кетуге болмайды. Ол 2004-2006 жылдары Ұлы Хобда бойындағы Талдысай бейіттерін зерттеп, прохоров мәдениетінің нағыз шарықтау шегінің жәдігерлерін жария еткен болатын.

Осылайша, ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары материал аймақ тарихының бас кезеңіндегі тарихи оқиғалардың тұтастай картинасын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қазбалар мен кездейсоқ тапқан жәдігерлердің материалдарын қайта зерделеуге алғышарттар жасалды, сонымен қатар аймақ халқының ертедегі мәдениетінің генезисіне жаңаша тұрғыдан қарауға мүмкіндік пайда болды. Қазіргі кезде ертедегі мәдениетін зерттеуде өзінің шешімін табуды талап ететін проблемалардың бір парасы айқындалды. Олар бұл еңбекте көрсетіледі, тіпті ақыр соңында олардың кейбіреуін шешуге ұмтылыс жасалады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Зерттеудің негізгі мақсаты ерте сармат (прохоров) мәдениетінің генезисін айқындау, тайпалық одақтың әлеуметтік қатынастарына, мәдениетіне көңіл бөлу, ерте көшпенділердің «мемлекеттілігі» жөнінде проблемасын көтеру;

Осы мәселені шешу барысында алдымызға келесі міндеттер қойылды:

  • Жинақталған тарихи материалдарды бір жүйеге келтіру;
  • Мәдениеттің хронологиялық ауқымын бекіту;
  • Жергілікті тұрғындардың көршілес территориядағы тайпалармен қарым-қатынастары мен байланыстарына тоқталу.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері.

Хронологиялық шеңбер б. з. д. VI ғасырдың ортасынан басталады. Яғни бұл уақытты көне прохоров мәдениетінің пайда болуымен айқындайды. Және б. з. дейінгі І ғасырының басына дейінгі мерзімді қамтиды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Зерттеу жұмысы Батыс Қазақстан өлкесіндегі ерте көшпенділерінің мәдениеті мен саяси тарихына арналған.

Зерттеудің практикалық маңызы.

Зерттеу жұмысы келешекте осы бағытта ізденушілерге, өлкетанушыларға және оқытушыларына бағыт-бағдар, көмекші құралы ретінде, сонымен қоса келешекте мақала мен ғылыми зерттеу жұмастарына негіз бола алады деген ойдамыз.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері.

Бұл зерттеу жұмысы қазіргі қалыптасқан тарихи зерттеу әдіс-тәсілге сүйене отырып, тақырыбына байланысты деректер мен әдебиетке негізделіп жазылды. Тарихи талдау, салыстырмалылық тәсілдер қолданылды.

Зерттеудің территориялық ауқымы.

Қазіргі Ақтөбе облысы үлкен әкімшілік бөлініс ретінде, батыста Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, солтүстік шығыста Қостанай облысымен, оңтүстік шығыста Қарағанды мен Қызыл Орда облыстарымен, оңтүстігінде Қарақалпақ автономиясымен (Өзбекстан республикасы) . Географиялық жағынан алғанда Орал өзеніне құятын Ор және Елек өзендерінің бассейндері мен Орал тауларының оңтүстік сілемдері-Мұғалжар тауларынан батысына қарай зерттеу аймағы боп табылады.

Тарау 1. Тарихи ескерткіштердің сипаттамасы.

  1. Жерлеу ғұрпы (б. з. д. VI-I ғғ. ) .

Ерте көшпенділердің мәдениетінің аса маңызды компоненті - жерлеу ғұрпы боп табылады. Қарастырып отырған мәдениеттің уақыт аралығында болған өзгерістеріне орай негізгі үш кезеңге бөлу ықтимал болып отыр.

І. Б. з. д. VI ғ. екінші жартысы - б. з. д. V ғ.

Батыс Қазақстан аумағындағы б. з. б І мың ж. ортасына жатқызылатын археологиялық қазбалардың материалдарын талдау б. з. б. ҮІ-Ү ғғ. «кедей» және «бай» зираттардың елеулі айырмашылығы бар екендігін көрсетті. Обалар мен зираттардың көлеміндегі (демек, бұған жұмсалған шығын деңгейі де әртүрлі) айырмашылықтарды былай қойғанда, бір жағынан көшпенді аристократтарға арналған, екінші жағынан қарапайым халыққа арналған көптеген рәсімдік элементтер белгілі болды. Көшпенді элитаның жерлеу дәстүріне мыналар жатады: зираттың үстіне қуатты ағаш құрылыстарын салу, мұны жүзеге асыру кезінде адам шығыны да болған, жылқыны да қоса көмген, ертедегі көкжиек деңгейінде жерлеген, камералық зираттар болған, ұжымдық жерлеу де болған. Қарауылдар мен әскерилердің басын оңтүстікке қаратқан. Белгілі адамдар жерленген молаларда инвентарьдың көптігі көзге түседі. Қатардағы малшыларды жерлеу кешенінің де өзіндік белгілері аңғарылады: зираттардың конструкциясының барынша қарапайымдылығы, зираттың «стандартты» өлшемдері, өлгендерді батысқа бағыттап қою және т. б.

Бұған қосымша прохоров мәдениетінің негізгі белгілері әскери басшылықтың қорымдарында, бірімен-бірі тығыз байланыста б. з. б. ҮІ ғ. өзінде көрінеді. Осылайша, барлық жасақтарды жерлеуде өлгендердің басы оңтүстік-батысқа немесе оңтүстік -шығысқа бағытталды.

Мұндай рәсімдердің арасындағы ұқсастықтарды іздеу бірінен бірі қашық жатқан аймақтарға әкелді. Мысалы, Лебедевка жерлеу кешені Нижний Волга өңіріндегі б. з. б. ҮІ-ІҮ ғғ. савромат мәдениетінің ескерткіштеріне өте жақын болып шықты. Бұларда да обалардың ағаштан жасалған конструкциясы басым және жерлегендерді батысқа бағыттау орын алған. Волга бойының ертедегі көшпенділер мәдениетімен параллельдерді бірге жерленген инвентарьлардан да көруге болады.

ҮІІ-ҮІ ғғ. көшпенділердің ескерткіштеріне жататын Електегі Сынтас, Бисоба, Нагорный, Күміссай және Ордың басындағы Орқаш молаларының обалары рәсім жағынан өзгеше боп келгеніне байланысты оны зерттеушілер шартты түрде савроматтық дегенмен, бұны төменгі Еділ бойындағы мәдениетпен шатастыруға болмайды. Осы уақытқа жататын ескерткіштер Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал аумағында небәрі 11 ғана айқындалды.

Мұндай жағдайларда археологтар көші-қонның өлшемдерінің барлығына көңіл бөледі. Бұларға мыналар жатады: хронологиялық өлшем, бұл бойынша көшетін мәдениеттің бұл ауданда жаңасынан бұрын болғанын дәлелдеу қажет; лекальдық өлшем, бұған сәйкес көшетін мәдениет жаңа жерде бұрын пайда болған жердегісінің көшірмесі болуға тиіс; түйісу өлшемі, бұл бойынша көшетін мәдениет өзінің таралу аймағында бұрынғы аймақпен жақын жерге көшсе түйісіп жатуы керек, немесе алысқа көшсе, онда олардың арасын қосатын тізбек немесе ескерткіштердің шоғыры болуға тиіс [23, б 19-73] .

Жоғарыда скифтер мен массагеттердің мәдениеттерінің көрінісі бірімен бірі тығыз байланыстан байқалатындығы атап көрсетілді, бұлар көсемдер мен олардың әскерінің элиталық жерлеуі, сонымен қатар Оңтүстік Орал өңіріндегі б. з. б. ҮІ-Ү ғғ. абыздық арқылы тіркеледі.

Скифтердің этникалық әскери-абыздық мәдени кешенін бөле-жара қарастырған кезде аса маңыз беруге лайық жәйт - оңтүстік орал номадтарының мәдениетінде әскери жерлеуден және әскерлерге байланысты заттардан, яғни қару-жарақ пен жылқыны жегуден байқалады. Бұған ұқсас элементтер Украинаның тоғайлы-далалық бөлігіндегі ерте скиф қорғандарында, ең бастысы Днепрдің сол жағалауынан, ең айшықтысы - Посульеден аңғарылады. Б. з. б. ҮІІ ғ. соңы-ҮІ ғ. басында тұрғызылған Сула өзенінің бойындағы Аксютинцы, Волковцы, Басовка, Поповка селоларындағы зор обаларда (биіктігі 20 метрге дейін) скиф көсемдері дромостық орда ағаш «шатырлардың» астында және бәрі де оңтүстікке бағытталып жерленген [24, б 90-104] . Этнографияда «оңтүстік» идеясы жауынгерлермен, даңқтыларымен байланысты қарастырылады. Бұл жерде Посульедегі скифтің белгілі адамының әскери инвентарьмен - семсермен, жебемен және аттың жүгенімен қоса жерленгенін атап көрсетуге болады.

Скифтердің сенімді этникалық индикаторына археологиялық ескерткіштердің қызықты түрі соңғы кезде Елек пен Ордың бойында ашылған скифтік антропоморфтық мүсіндерді жатқызуға болады. Қызықты жәйт, «прохоров» мүсіндері Солтүстік Кавказдың Ставрополья, Дағыстан, Шешенстан сияқты тау маңындағы аймақтарындағы осындай ескерткіштерге әлдеқайда ұқсас келеді [25, б 114-119] .

Батыс Қазақстанның «прохоровшыларына» тән заттардың жиынтығында скифтік этномәдениеттің белгілерін білдіретіндер жебенің қола ұштары, темір семсерлер, қанжарлар, құмнан жасалған ыдыстардың кейбір түрлері, аттың жүгеніне кіретін тарақтар бар. Соңғылары туралы айтсақ, тек Скифияда ғана олар кеңінен тараған, ал зерттеліп отырған аймақта бірен-сараны ғана табылды!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Зерттеу нәтижелері ерте темір дәуірінде
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Орталық Қазақстан темір дәуірінде
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Тасмола археологиялық мәдениетінің әскери қару-жарақтары және ат әбзелдері
САҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЛИМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz