Некені тоқтану мәселелері


Диплом жұмысы
Неке институтының Қазақстан заңнама бойынша және мұсылман құқығы бойынша сипаттамасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕКЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫ
1. 1 Неке қатынастарының пайда болу түсінігі . . . 9
1. 2 Неке құқықтарын жүзеге асыру тәртібі және оны қорғау . . . 14
1. 3 Еліміздегі неке шарты және оның жасалуы . . . 19
1. 4 Жалған неке немесе некенің жарамсыздығы . . . 23
1. 5 Некені тоқтану мәселелері . . . 28
2. НЕКЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Қазақстандағы мұсылмандық неке . . . 37
2. 2 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібі . . . 43
2. 3 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некені бұзу және оның салдары . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі: Дипломдық жұмыстағы қозғалған тақырып бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылы қазанда қабылданған Қазақстан халқына жолдаған стратегияда «Бiзге жергiлiктi деңгейде де отбасын, әйелдiң жүктi кезiн және балаларды тәрбиелеудi қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер бiз адамгершiлiгi жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бiр-бiрiнiң алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершiлiгiн күшейтуге тиiспiз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерiнiң қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - елiмiз үшiн алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешiмдi көрсетiп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиiс» [1], - деп айқындаған еді.
Қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы келесі жағдайлармен анықталады. Бүгінгі таңда неке қатынастары тек біздің мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, бүкіл әлемде кең өріс алуда. Некесіз қатынастардың, жалған некелердің, толық емес отбасылардың саны артуда. Кейде отбасы дағдарысының белгілері ретінде қарастырылатын осындай құбылыстарды қазіргі индустриалдық қоғамның, Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының және әлеуметтік экономикалық өмірдің жалпы талаптарына сай отбасының жаңа түрінің пайда болуы деп айтсақ дұрысырақ болады.
Адамзат қоғамының құрамдас бөлігі және әр бір адамның қалыпты өмір сүруінің мәні отбасылық қатынастар болып табылатындығы белгілі. Осы отбасылық қатынастарда адам өзінің өмірлік маңызды мүдделерін жүзеге асырса, ал өз кезегінде отбасы қоғамдық қатынастардың дамуы мен өзгеруіне елелулі әсер етеді (адам ұрпағының дамуы, демографиялық дүмпулер мен дағдарыстар және де басқа да жағдайлар) .
Бүкіл әлемдегі секілді, отбасы институты қазіргі таңда біздің елде де дағдарысты кезеңді бастан кешуде. Толық емес отбасылар мен некесіз туылған балалардың саны азаятын емес, өйткені азаматтардың, әсіресе жастардың елеулі бөлігі шет елдер өмір салтына еліктеп, заңды некеге тұрмай өмір сүреді. Бұл үрдістер көп жағдайда зорлық-зомбылықтың, қылмыстың, аурудың өсуі сияқты жағымсыз әлеуметтік проблемалар белең алуына себепші болып отыр.
Жалпы отбасылық және демографиялық саясаттың проблемаларын тек экономикалық жолмен шешу мүмкін емес. Ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген қазақстандық отбасы мәртебесін нығайтып және қолдау арқылы көптеген проблемаларды шешуге болатынын түсінетін уақыт жетті. Атап айтқанда, туу, отбасы мүшелерінің денсаулығын нығайту және ұлттың болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасының әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады.
Қазіргі кезде отбасы мен некенің тазалығын сақтаудың халықтық озық тәжірибесін зерделеу, халық арасында және ең алдымен жастардың ортасында дәстүрлі отбасын қалыптастырудағы ұлттық құндылықтарды насихаттау жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру; балабақша мен мектептерде салт-дәстүрді, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын арнайы сабақтарды оқу кестесіне енгізу керек деп санаймыз.
Әр адамның өмірі үшін, қоғам мен мемлекет үшін отбасының қаншалықты маңызды екенін барлығымыз да білеміз. Әр адам үшін тек отбасы ғана махаббаттың, сүйіспеншіліктің, адалдық пен қолдаудың көзі болып табылады. Отбасында шыдамдылықтың, рухани байлықтың және ізгіліктің негізгі қаланады. Берік отбасы ғана, кез келген қоғамның гүлденуінің, өсуінің және тұрақтылығының кепілі бола алады.
Отбасы әлеуметік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамуыдың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасы басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерді бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық ұлттық отбасы саясатын жетілдіру болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы және неке мүмкіндіктерін қоғам институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс.
Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде өзінің болмысын қатынастардың нақты түрлері арқылы жүзеге асырады және осындай отбасы-неке қатынастары қоғам өмірінің негізгі заңы - конституциямен реттеледі және қорғалады.
Сондықтан некелік қатынастар әр адам және тұтастай алғанда қоғам үшін маңыздылығына орай тек мораль, әдет-ғұрып, діни нормалармен ғана реттеліп қоймай, мемлекеттегі құқық жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын конституциялық, отбасылық т. б. заңдармен де реттеледі. Ал неке және отбасылық қатынастарды құқықтық реттеу, ең алдымен отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың арасында өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке, бір-бірлерінің алдында өзара жауапкершілік пен көмекке негізделген қатынас қалыптастаруға, отбасында балаларды тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайларды қалыптастаруға бағытталады.
Мемлекеттің дамуы ол қоғамның дамуы, яғни отбасы-неке қатынастарының қорғалуы мен оның дамуы. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері біздің өзіміздің осы қатынастарды реттейтін нормалар мен заңдар бар. Толықтай айтатын болсақ неке қатынастар заңдастырылып, қорғалады.
Алайда, кейінгі кездері бұрын ұлтымыздың салт дәстүріне, әдет-ғұрыпында болмаған, қанымызға жат некелік және отбасылық қатынастардағы басқа да келеңсіз жағдайлардың кең етек алуы қоғамыздағы өткір де, өзекті мәселе болып отыр.
Қазіргі Қазақстандық заңнама бойынша және Мұсылмандық заңнама бойынша неке қиылуының және олардың құқықтық жағдайларын зерттей отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырдық.
Неке қию Исламда жауапкершілік пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию - адамның Аллаһ, қоғам және өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсынуы. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлылық принциптерін ұстана отырып, махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға және осы махаббат пен мейірімділік ортасында өз балаларын тәрбиелеп, бақытты да берекелі отбасын құруға бағытталған жауапкершіліктің бір түрі болса, оның кері әсерлері болатынын да көруге болады. Яғни Қазақстанда Мұсылмандық құқық бойынша некелесу барысы ешқандай заңды түрде жүзеге аспайды. Соның салдарынан келеңсіз жағдайлардың тууына апарады.
Елімізде тек шариғат жолымен шаңырақ көтеретіндер тым көбейіп кетті. Бұл заңсыз туылған сәбилер мен бала алдында ешқандай жауапкершілігі жоқ әкелер санын арттыруда, мұндай некені жиі бұзатындар аз емес.
Уақытша неке қидыруға құмар еркектердің арасында шариғат бойынша деп бірнеше әйелмен отасып отырған азаматтар да баршылық. Құқығы заңмен қорғалмағандықтан, мұндай жағдайда тек қыз-келіншектер зардап шегеді. Кейбір ниеті бұзық еркектер жауапкершіліктен жалтару үшін әдейі осындай некені таңдайтын көрінеді.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Неке қатынастарды құқықтық реттеудің, оның ішінде, отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің еліміздегі даму тарихы мен ерлі-зайыптылар мен бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес, жеке қатынастарды құқықтық реттеудің тәжірибелік және теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып, зерттеу тақырыптарының өзегі болып келеді. Неке қатынастарды құқықтық реттеудің даму тарихы, қазақ қоғамдағы отбасылық қатынастардың құқықпен және әдет-ғұрыппен, діни нормалармен реттеліну ерекшеліктері мен мәселелері белгілі отандық ғалымдар зерттеп, талдауларға түскен.
Зерттеу барысында қолданылған арнайы әдебиеттер бойынша Қазақстан 2030 Стратегиясы [1], Ынтымақов С. А. «Отбасы құқығы» [2], Байжанов Н. «Неке және отбасы» [3], Айтжан Б. Е., Шіркінбаев Т. Б. «Отбасы құқығы» [4], Арғынбаев Х. «Қазақ отбасы» [5], Қожабекова Б. «Қазаққы неке»[6], Баишев Ж., Байкенова В. Г., Сарсембаев М. А. «Мусульманское право» [7], Халиф Алтай «Құранның қазақша аудармасы» [8], Қамбаров Р. «Неке кітапшасы» [9] оқулықтарында неке табиғатын, неке қатынастары мен олардан туындайтын мәселелерді қарастырған.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде 1995жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында [10], Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңында [11], 2011жылы 26 желтоқсанда қабылданған «Неке және Отбасы туралы» кодексінде [12], Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде» [13] неке қатынастары және одан туындайтын мәселелер нақты көрсетілген.
Мерзімдік басылымдар бойынша Жүсіпов Б. «Шариғат жолмен неке қию және оның құқытық мәселесі» [14], Бозым Е. «Ажырасудың амалы бар ма?»[15], Бержан К. «Неке алдындағы жауапкершілік» [16], Айғалиұлы Е. «Отбасы шаңырағының шайқалуына кім кінәлі?» [17], Тілеубай Т. «Көп әйел мен көп күйеу, кім не дейді?» [18], Ұлбосын Қ. «Жаман жақыннан таныс артық» [19], Мұхамадиева А. «Жұбайлардың мүлікке қатынасын реттеу некелік шарт арқылы шешіледі»[20], Мерхамитқызы Ф. «Азаматты ер ететін де, ез ететін де әйел» [21], Ереханқызы К. «Азаматтық неке алжастырады» [22], Орынбасар Д. «Азаматтық неке қызығатын, еліктейтін нәрсе ме?» [23], Шөкім А. «Ажырасу анатомиясы» [24], Қазиев Ж. «Қазақта неке қандай жағдайда тоқтатылады» [25], Әлиев Р. «Көп әйел алу мәселесіне қазақ не дейді» [26], Жүсіпов Б. «Шариғат жолмен неке қию және оның құқытық мәселелері» [27], Айталы А. «Жеті атаға жетпей қыз алыспау бірін-бірі шын қалап тұрған жастар үшін қиянат емес пе?» [28], Тәсілова Н. «Билеуші әулет және некелік қатынастар» [29], Аманжол Н. «Неке шарты неге жасалмайды?» [30], Оралбаева Г. «Заңды неке - бақытты отбасы негізі» [31], Ахмет Ә. «Сәтсіз неке неден болады?» [32], Өзбекұлы С. «Діннің құқытық мәселелері туралы» [33], Айғалиұлы Е. «Қыр баласы. Тағы да һәм билік туралы» [34], Есдәулетұлы С. «Аралас неке түбімізге жетпесін» [35], Әмірбекова Ә. «Бес мың теңге берсеңiз, бес минутте некеңiздi қиып беретiн болғаны ма?» [36], Әкімбекқызы К. ««Неке шарты» неге керек?» [37] мақалаларында қазіргі жағдайдағы неке қатынастарына, некеге байланысты өзекті мәселер қарастырылған.
Диплом жұмысынының зерттелу мақсаты: Неке институтының Қазақстан заңнама бойынша және мұсылман құқығы бойынша сипаттамасын қарастыру және олардың ерекшеліктерін айқындау.
Зерттелу міндеттері: Осы аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қойып отырмыз:
- Қазақстандағы Республикасында неке институтының дамуын қарастыру;
- Неке қатынастарының пайда болу түсінігін ашу;
- Неке құқықтарын жүзеге асыру тәртібі және оны қорғалуын қарастыру;
- Еліміздегі неке шарты және оның жасалуын түсінідіру;
- Жалған неке немесе некенің жарамсыздығын айқындау;
- Некені тоқтану мәселелерін анықтау;
- Неке институтының мұсылман құқығы бойынша сипаттамасын саралау;
- Қазақстандағы мұсылмандық некені қарастыру;
- Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібін саралау;
- Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некені бұзу және оның салдарын салыстыра отырып анықтау;
Диплом жұмысының пәні: Қазақстандағы Республикасында неке институтының дамуы мен неке институтының мұсылман құқығы бойынша сипаттамасын қарастыру.
Диплом жұмысының объектісі: Неке институтының Қазақстандық заңнамасы бойынша және Мұсылмандық құқық бойынша қарастыру.
Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмысты зерттеуде салыстырмалы және саралау әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы неке институтының құқықтық негіздері кешенді тұрғыда арнайы зерттеліп, айқындалып отыр. Қазақстан Республикасындағы неке институты азаматтық қоғамның негізін құрайтын конституциялық құқытық деңгейде айқындалған, мемлекеттің қорғауында болатын Қазақстандағы отбасылық қатынастар негізі болып табылатын құқықтық институттарының бірі. Сонымен қатар, неке институтының Қазақстандық заңнама мен мұсылмандық құқық бойынша құқықтары мен міндеттері, жалпы табиғаты жүйелі түрде сараланып талданған.
Қазақстан Республикасындағы неке қатынасына қатысушылардың конституциялық құқықтары мен міндеттері - Конституциядан бастау алады, неке құрудың еркіндігі айқындалады, құқықтық кепілдіктерді белгілейтін өзара құқықтық байланыстар жиынтығын көрсетеді. Мұсылмандық құқыта да мұсылмандық заңнамаларға сәйкес неке қатынастары айқындалады, бірақта Қазақстанда шариғат заңымен неке қиылғанымен заңмен қорғау мүмкін болмайды.
Практикалық маңызы: Ешқандай халық, ешқандай өркениетті қоғам отбасысыз болуы мүмкін емес. Отбасы - қоғамның ажырамас ұяшығы және оның маңызын төмендету болмайды. Шолушы болашақ қоғам да отбасысыз ойлай алмайды. Әрбір адам үшін отбасы бастаулардың бастамасы. Бақыт түсінігін әрбір адам ең алдымен отбасымен салыстырады: өз үйінде бақытты адам ғана бақытты. Отбасы - қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бастамасы. Ол адамның басты қоғамдық байлығын өндіреді.
Қазіргі заманғы отбасының проблемасы өте маңызды және актуальды жағына жатады. Отбасының маңыздылығы, отбасы - қоғамның бірден-бір негізгі әлеуметтік иниституттары, адамзат өмірінің басты тасы ретінде аықталды. Басқаша қарасақ, қазіргі уақытта отбасы иниституты ішкі терең дағдарысты басынан өткізуде. Осы дипломдық жұмыстың жазу барысында тұжырымдамалар, ұсыныстар және пікірлер қарастырылды. Оның ішінде ерлі зайыптылар арасындағы неке қатынастарды реттеудің теориясын тереңдете түсіп, оны құқыпен ретеудің қандай шектермен шектелуі қажеттілігін айқындауға көмектеседі деп ойлаймыз. Өйткені, неке қатынасында, қазақ қоғамы мен менталитетінде жеке құқықтар мүліктікке қарағанда басымдылыққа ие болатындығын ескерсек, неке қатынастарды құқықпен реттеуде өте көрегенділік пен «сақтылық» қажет.
Сонымен қатар, жастарымыздың отбасын құрудағы басты қателігі жалпы отбасын ұғымын сыйламау. Демек, отбасын тек қажеттілік немесе кейбір проблемаларды шешу жолы деп қана қабылдайтын болған. Сондықтан отбасын құрудың алдында неке жайлы жақсы түсіну керек. Ең бастысы неке одағын киелі деп түсіну қажет. Барлық діндерде отбасы Жаратушының киелі одағы деп айтылады. Некеге тұрар алдында мүмкін болса, ажырасып кетуге болады деген ойдан арылу керек. Бұл өмірлік және киелі одақ екенін терең түсінген адамдар ғана оны қорғап қалуға баянды етуге бар күшін салады. Егер отбасын құратын екі адам некені киелі одақ деп түсінсе, көптеген қиындықтарға мойымауға көмектесетін бірден бір қадам осы. Екіншіден, отбасында үлкен проблемалар туындаған кезде, тоқ етер нақ-ты шешімін айтатын отағасы. Сондықтан ер азаматтар қабылданған шешім үшін барлық жауапкершілікті өз мойынына алу қажет. Шығыс менталитеті бойынша, еркек үй иесі, яғни, отбасылық өмірде туындаған барлық қиындықтарды өзі шеше алуы қажет. Бұл ер азаматтан үлкен жауапкершілік пен ақылды талап етеді. Дегенмен, шешім қабылдау мен жауапкершілікті алу, күйеуге тым шектен шығып кетуге құқық бермейді. Отбасы екі адамның одағы екенін түсіне отырып, ол шешімді өз жарымен келісе отырып қабылдау керек.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, сегіз тармақтан тұратын екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕКЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫ
1. 1 Неке қатынастарының пайда болу түсінігі
Қоғамның әлеуметтік институты ретінде неке мен отбасы өте ертеде пайда болды және өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Қоғам рулық белгі бойынша бөлінген промискуитет кезеңінде жыныстық қатынастар аралас болды. Дүниеге келген балалар бүкіл рулық қауыммен тәрбиеленді. Руын анасының жағынан анықтады, өйткені әкесін анықтау мүмкін болмады. Бұл кезең матриархат деп аталды.
Қоғам дамыды, онымен бірге мораль дамып, ата-ана мен балалардың арасындағы неке қатынастарының моральға қайшы екені туралы тұжырымдар пайда болды. Нәтижесінде адамзат жаңа неке қатынасының нысаны: топтық некеге көшті. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ол екі нысаннан өтті: қандық туыстық отбасы мен пуналуалық отбасы. Қандық туыстық отбасында неке ұрпақ бойынша құрылды, яғни ата-ана мен балалар ұрпағы өзінің неке қауымдастығын құрды. Басқаша айтқанда, Ф. Энгельс дұрыс атап көрсеткен, апайы әйел болды және ол моральдық тұрғыдан дұрыс саналды [5, 61б. ] . Бірақ біртіндеп некелік қарым-қатынас шеңберінен қандас туыстар, яғни туған аға мен апай шығарылды; пуналуалдық отбасы пайда болды. Онда бір рудағы туысқан қыздар тобы келесі топтағы туысқан ұлдар тобының ұжымдық әйелдері болып табылды. Бұндай неке қандық араласуды болдырмау салдарынан туындаса керек.
Өндіріс құралдарының дамуы, жер өңдеу мен мал өсіру сияқты алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болуы, сонымен қатар қоғамдағы одан әрі пргрессивті өзгерістер артық өнімнің пайда болуына әкелді. Бұл некенің келесі сатысы - бір әйел мен бір еркектен тұратын некенің дамуына әсерін тигізді. Бірақ олардың тұрақты экономикалық жағдайларының болмауына байланысты, олар жеке мүліктік дербестікке жете алмай, сол өздерінің рулық ұйымдарында қалуларына мәжбүр болды. Тек адамдардың белгілі бір тобының (ақсақалдар, абыздар және әлеуметтік дәрежесі бар басқа да тұлғалар) өзіндік жеке отбасын құру мүмкіндігі болды. Осы кезеңде патриархат, яғни руын әкесінің жағынан анықтау пайда болды. Дегенмен әлі де болса да барлық жағдайда баланың биологиялық әкесін нақты анықтау мүмкін емес болды, өйткені бұл некелер де әлсіз, мықты емес болды.
Неке туралы түсініктердің тарихи дамуы әлемнің әр жерінде әр түрлі көрініс тапты. Неке туралы діни көзқарастардың орнына кейде этикалық көзқарастар да қабылданды. Бұл жағдайда неке құпия ретінде де емес, шарт ретінде де емес, ерекше бір институт түрі ретінде қарастырылды.
Ең алдымен некеге тұрудың басты себебі болып табылатын «отбасы» ұғымына анықтама беріп кетейік. Отбасы лат. тіліндегі «familia» сөзінен шыққан, бірінші мағынасы отбасы болса, екіншісі Ежелгі Римде отбасылық шаруашылық құқықтық бірлікті білдіреді. Отбасы деп - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы аталады. Отбасы мүшелері әдетте бір үйде тұрады [3, 56 б. ] .
Көптеген мемлекеттердің отбасы заңнамасына сәйкес неке - бір-біріне және балаларына қатысты құқықтар мен міндеттер тудыратын әйел мен еркектің одағы болып табылады. Неке ағылшындардың қолданатын «marriage» сөзіне жақын фр. тіліндегі «mariage» сөзінен шыққан. Ол неке, той деген мағыналарға ие [3, 57 б] .
Заң әдебиеттерінде некенің анықтамасына байланысты әр түрлі пікірлерді кездестіруге болады. Мысалы Матвеев Г. К. былай дейді: «Неке - ерлі-зайыптылардың арасында өзара жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттер туғызатын, заңда бекітілген шарттар мен тәртіпке негізделе отырып жасалған еркек пен әйелдің тең құқылы және ерікті одағы» [4, 112 б. ] .
Теория жүзінде неке нысанына қарай төмендегідей болып бөлінеді:
Полигамия - бір және бірнеше тұлғалар арасында қиылған неке. Ол 2-ге бөлінеді:
- Полигиния - бір еркек пен бірнеше әйелдің арасындағы неке;
- Полиандрия - бір әйел мен бірнеше еркектің арасындағы неке.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz