Мұражайдың шығу тарихы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 МҰРАЖАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ . . . 5
1. 1 Мұражайдың шығу тарихы . . . 5
1. 2 Мұражай құндылығы, әлеуметтік функциялары және жәдігері . . . 7
1. 3 Мұражайдың мәдени көпшілік және тәрбие жұмысы . . . 16
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ . . . 20
2. 1 Қазақстан мұражайларының пайда болу тарихы . . . 20
2. 2 Қазақстанның танымал ірі мұражайлары . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 46
Кіріспе
Туризм көптеген елдердің бюджеттеріне, экономика саласының дамуына үлкен үлесін тигізіп отыр, туристік инфрақұрылымда халықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Қазіргі дағдарыс заманында мемлекетке келетін туристер санын артыру мақсатында көптеген шаралар ұйымдастыруда.
Мұражай - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, адамзаттық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор. Мұражай ісі - ғылымның, білім беру ісінің маңызды бір саласы. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы мұражайлар көбнесе тарихи бағытта жұмыс істеп келеді. Кеңес дәуірі кезеңінде жалпы тарихи - революциялық, әскери-тарихи, этнографиялық, өлкетану мұражайы болып бөлінді де, олар жалпы мұражайлардың 63% құрады. Қазақстанда қазірде тарихи өлкетану мұражайы басым. Соңғы кезде қолданбалы мұражайлардың мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Себебі, мұражай жұмысында ғылыми жинақтау, ғылыми қор, экспозициялық, көрмелік, білімдік, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында маңызды рөл атқаруда.
Мұражай алғашқыда аса бағалы бұйымдар мен заттар және мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе ол әдістемелік қызметі жетілген функционалдық институттарға дейін дамып жетілді. Жаңа мыңжылдықта адамзаттың глобализация дәуіріне аяқ басу кезеңіндегі мұражай қызметіне жаңа ақпараттық құрал-жабдықтар мен интеграциялық үрдістер дендеп енуде.
Қазақ халқында ата-баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт-дәстүрін сақтап, өсіп келе жатқан ұрпақтарына тәлім-тәрбие беру тек атадан қалған нақыл сөздермен немесе шебер, әрі орынды айтылған ақыл-кеңеспен, сондай-ақ, жағымсыз қылықтакрға тыиым салып отырумен шектелмейтіні белгілі. Отбасы тәрбиесінен басталатын Отанын, ел-жерін сүю, ардақтау жерінің, ауылының, аудан, облысының тарихын, оның табиғатын, байлық ресурстары мен шаруашылық ерекшеліктерін, географиясын, жануарлар әлемін жетік білуінен бастау алатыны сөзсіз.
Диплом жұмыстың мақсаты - маұражайлардың тарихы туралы, мұражай концепциясының құрылу негізі туралы, мұражайдың классификациясы және олардың туристік бизнесіндегі маңызы туралы түсінік беру.
Көздеген мақстақа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:
- Коллекционерлі қызметтердің дамуымен және негізгі мұражайлық комплекстермен танысу;
- Мұражайтанудың әлеуметтік мәдени институты ретінде қалыптасуымен танысу;
- Мұражайтанудың негізгі түсініктері мен терминдерінің мазмұнын білу;
- Мұражайтанудың ғылыми жүйесінде рөлі мен орнын түсіну;
- Мұражайтану комплексі құрылымының негізгі білімдерін игеру;
- Қазақстандық мұражайларды анықтау және оның туризм дамуына тигізетін әсерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде мұражайлардың қалыптасуы туралы баяндалады. Оның ішінде пайда болу тарихына, зерттелуіне сипаттама берілген.
Екінші бөлімінде мұражай ісіне сипаттама берілген. Оның ішінде, мұражайдың әлеуметтік функциясы, жәдігерлері, қоры туралы айтылады. Сонымен қатар мұражайда жүргізілетін ғылыми-ағартушылық, мәдени және тәрбиелік жұмыстары сипатталады.
Үшінші бөлім Қазақстандық әйгілі мұражайлар туралы, олардың тарихы, дамуы жөнінде баяндалады.
Пайдаланылған зерттеу тәсілдері: суреттеу салыстырмалы-сипаттық, статисткалық мәліметтерді өңдеу және т. б.
Пайдалану көздері: туристік мекемелер, жергілікті әкімшіліктің туризм департаменттері, туристік операторлар.
Қорғалатын ұстаным:
1 Мұражайлар тарихын баяндау;
2 Мұражайтанудың әлеуметтік мәдени институты ретінде қалыптасуымен танысу;
3 Мұражайлардың ғылыми ролін түсіну;
4 Қазақстандық мұражайлар жағдайын, олардың отандық туризм дамуына тигізетін әсерін анықтау.
Мұражайда - табиғат пен адам қолмен жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан мұражайы жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Әлем мемлекеттерінде мұражайдың қалыптасуы мен дамуы сол халықтардың өзіне тән ұлттық ерекшеліктеріне де байланысты. Қандай да сапарға, кез-келген елге шыққанда, ол елдің мәдениетімен, тарихымен, табиғи ерекшеліктерімен, өнерімен мұражайда таныса аламыз. Сол себептен, Қазақстан туризмін дамыту мақсатында мұражайларға да үлкен көңіл бөлінеді. Жұмыс өзектілігі осында.
1 МҰРАЖАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Мұражайдың шығу тарихы
Көптеген жылдар бойы мұражайлар тек қаланың ғана емес, көптеген мемлекеттің қазынасы болып келеді. Мұражай қызықты көне заттардың ғана емес, адамзаттардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын сактап келеді. Жалпы XX ғасыр «мұражайлар ғасыры» деп атады. Өйткені бүгінгі күні білім беруді кәдімгі әлеуметтік қызметті мысалсыз елестету өте қиын. Мұражай түсінігі 2 - 5 мың жыл бұрын пайда болған. Бірақ, бүгінгі күні бұл түсініктің мазмұны өзгерді. Көне гректер «мусейон» ретінде «муза шырақтарын» түсінген болатын. Біраз уақыттан кейін оны әдебиетпен, ғылыммен айналысатын жүйе деп есептей бастады [1] .
Мұражайға екінші өмірді жаңа өрлеу дәуірі сыйлады. Осы кезде мұражай дегеніміз - көне дәуірінің мәдени ескерткіштері, коллекциялары, дүниежүзінде сирек кездесетін заттар.
Ал XV ғасырдың екінші жартысында мұражай термині белгілі бір заттар жиынтығына және өнер сақталатын жерге қатысты қолданылады. Сонымен қатар сирек кездесетін коллекцияларды сақтап қана қоймай, оларды зерттеп және көпшілікке көрсете бастады. ХІХ ғасырдағы мұражайдың процесі аяқталды. Қазіргі қоғамда мұражайлық қоғамның құбылысын және мұражайлық істердің мәселесін мұражайтану ғылымы арқылы шешуге болады. Мұражайтану термині 1878 «музеология» және «антиквовар» деген неміс журналында пайда болды. Мұражайдың «Халықаралық саммиті» мен «Мұражайдың ғылымы» қабылданды. 1970 жылы мұражайтанудың халықаралық комитеті мұражайтануды университеттерде шешті.
Мұражайлар қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Европада тарихи мұражайлар XIV-XVI ғасырларда пайда болды. Бұл ерте капиталистік өндірістің, өнеркәсіптің пайда болған, білімнің, өнердің, ғылымның, әдебиеттің, техниканың, қолөнердің өсіп-өнген, өркендеген, қанат жайған кезі. Ұлы географиялық жаңалықтар ашу, жер шарын айналып саяхаттау, жердің шар тәрізділігінің анықталуы, Коперниктің планеталар жүйесін зерттеуі үлкен ғылыми жаңалық болған уақыт. Кітап басу ісінің дамуына байланысты білім тез таралды. Осындай ғылым мен білімнің дамуы кезінде кейбір ғалымдардың жеке кабинеттік колекциялары, өсімдіктер коллекциялары пайда болды. Осы коллекцияларды жинауда тарихи тұрғыдан жүйелеу көбірек сезілді. Тарихи және мәдени құндылықтарды жинау қолға алынды. Ғылыми зерттеулер тарихи мұражайлардың негізінде шыға бастады. Әсіресе, көне дәуірден дерек беретін археологиялық мұражайлар өте құнды болды. Тарихи мұражайлардың екінші бір даму кезеңі XVIII ғасырдың екінші жартысы болды. Қоғамда мұражайлардың құндылығы, маңыздылығы арта түсті. Мұражай қоғамдық тәжірибені, мәдени, тарихи, байлықты сақтайтын орынға айналды. Мұражай ісін дамытуға, ұлттық сананы оятуға, идеяларды насихаттауға, қалыптастыруға көмектесті [2] .
Көптеген халықтар азаттық үшін, өздерінің құқықтарын қорғау үшін мұражайды ұлттық саяси орталық ретінде құрды. Венгрияның ұлттық мұражайы Венгер мәдениетін, тарихи мұраларын, тілін сақтау үшін құрылды. 1802 жылы Венгрияның ұлттық мұражайы Будапеште, 1818 жылы Ұлттық мұражай Прагада, 1828 жылы Берлин көне мұражайы ашылды.
Неміс халқының XIX ғасырдың алғашқы жылдарына дейін мұражайға бару мүмкіншілігі болмады. Напалеонмен соғыстағы жетістіктері неміс халқының өзінің мәдениетіне, тарихына бет бұруына ықпал жасады. XIX ғасырдың 20-жылдарында Германияда өнер мұражайлары, көпшілікке арналған мұражайлар пайда болды. Ресейде мұражайлар көбінесе ведомствалық бағытта құрылды. Әсіресе XIX ғасырда мұражайлардың қоғамдық ролі арта түсті. Тарихи - археологиялық мұражайлар жүйесі кеңейді. Мысалы, 1811 жылы - Феодосияда, 1825 жылы - Одессада, 1828 жылы - Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи мұражайлар да дами түсті. Мысалы, 1805 жылы - теңіз мұражайы, 1811 жылы - Интендант мұражайы, 1817 жылы - Артиллериялық тарихи мұражайлары кеңие түсті. 1817- 1821 жылдары ұлттық орыс мұражайлар қоғамда ұлттық көзқарастың қалыптасуына көп пайда тигізді [3] .
XIX ғасырдың ІІ жартысында, әсіресе, этнографиялық коллекция жинау жанданды, тарихи мұражайлардың ұйымдастырудың күшейтілуіне 1845 жылы құрылған орыстың географиялық қоғамы көп әсер етті. Сібірге айдалған интеллигенцияның үлесі көп болды. Археологиялық, географиялық қоғамдар құрылды. Географиялық қоғам Қазақстанның фольклоры, этнографиясы, тарихы мен географиясын зерттеу ісіне мол қызмет атқарды. Кейін «Қазақстанды зерттеу орталығы» болып өзгертілген Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі еліміздің мәдениеті мен экономикасының мәселелерін зерттеу ісінде біршама істер атқарды. 1872 жылы Ресейдің тарихи мұражайы (қазір мемлекеттік тарихи мұражайы) құрылды. Азамат соғысы кезінде 1919 жылы қаңтар айында Петроградта бірінші Бүкілресейлік мұражай конференциясы өтті. Бұл конференция мұражай ісін дамытуға үлкен көңіл бөлді. 1951 жылы Германия мұражай қызметкерлерінің желісі өтіп, өнер ісінің мемлекеттік комиссиясы құрылды. Кеңес Одағы кезінде 1917-1923 жылдар арасында 270 мұражай құрылды. Олар Революция мұражайы, Қызыл Армия, атеистік мұражай сияқты бағыттарда құрылды. КСРО мұражай ісі 20-30 жылдары қарқындап дами түсті. 1919 жылы Қызыл Армияның Орталық мұражайы, 1936 жылы Ленин мұражайы, 1962 жылы К. Маркс және Ф. Энгельс мұражайы дүниеге келді. Совет Одағы кезінде 52 мұражай жәдігері мемлекеттік қорғауда болды. Онда 80-жылдары тарихи мұражайлар саны 1359-ға жетті (барлығы 2208 мұражай) . Бұрынғы ГДР-да 634 мұражай бар, оның 110-ы тарихи, 341-і өлкетану, 5 ескерткіш мемлекеттік қорғауда болды [1] .
Мұражай зерттеу орталығы. Ғылыми - зерттеу мекемелерінің қатарында мұражайдың өз ерекшелігі бар. Мұражайдағы ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми жаңалықтарды толықтыра түсетін, басқа ғылыми орталық.
Әсіресе, ғылыми негізделген, жоспарлы түрде қорларды жасау, мұражай заттарын сипаттау, өңдеу, зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмысының негізі болып табылады. Ғылыми-зерттеу нәтижелері консервация, қайта қалпына келтіру, коллекцияларды қорғау мен сақтау, экспозиция, келушілермен жұмыс тағы басқа мұражай жұмыстарының деңгейін, дәрежесін анықтайды [4] .
Мұражайдағы ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенді және көп қырлы болып табылады. Мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарын, біріншіден мұражайдың қай профиліне жататынына байланысты, екіншіден мұражайдың әлеуметтік институттар жүйесіндегі орнына қарай анықтайды. Профильдік бағыттан басқа, ғылыми-зерттеу ісі мұражайтану ауқымында да үнемі зерттеу жүргізіп отырады. Экспозиция мен көрмені суретшілер, дизайнерлер жасайды. Сәулеттік-көркемдік шешім қажет. Бұл жерде суретшілердің фантазиясы да үлкен роль атқарады. Ол экспозиция жасауда көрерменнің білім деңгейіне, әлеуметтік-демографиялық жағдайына көңіл бөледі. Оптимальды сары, жасыл, алқызыл түстер көзде шаршататындықтан мұражайда ақ көкшіл, ақ сары және қара түстер қолданылады.
1. 2 Мұражай құндылығы, әлеуметтік функциялары және жәдігері
Мұражайтану дегеніміз - әлеуметтік мәліметті сақтау процесін зерттейтін негізгі білімдерді беретін және қабылдайтын мұражайлық заттар, мұражайлық қызмет арқылы көңіл-күйге әсер ететін қоғамдық институт және олардың әлеуметтік - мәдени философиясының формасын зерттейтін ғылым.
Мұражай дегеніміз - қоғамға қызмет ететін адамдар үшін ашық коммерциялық емес, білім беру, өркендеу және көңіл көтеру мақсаты мен адамдардың құндылықтарын алатын, сақтайтын, зерттейтін мекеме.
Мұражайтану құрылымы 1 кестеде көрсетілген [9] .
1 кесте
Мұражайтанудың құрылымы [9]
Қолданбалы мұражайтану үш бөлімнен тұрады.
1 Ғылыми әдістеме - экспозицияларды құру принципі, мұражайлық фондтарды сақтау;
2 Мұражайлық жұмыстарының техникасы - кәдімгі жұмыс техникасы;
3 Мұражайлық істі ұйымдастыру - маркетинг және менеджмент.
Табиғатта және қоғамда көптеген заттар мен объектілердің ғылыми көркемдік тарихы не болмаса мемориалдық құндылығы бар. Сондықтан да олар мұражай үшін өте бағалы және оларды мұражай заты деп атайды. Алдымен бағалы құнды заттарды әлеуметтік табиғи ортада тауып алады, мұражайға жеткізеді, есепке алады, сақтайды, ғылыми өңделуден өткізеді және ең соңында мұражай заты статусын береді. Мұражайда заттың функционалдық маңызы емес оның табиғат пен мәдениеттің ескерткіші ретінде қоғамдық маңызы негіз болып есептеледі. Мражайда ол белгілі бір құбылыстың, процестің, фактің деректі бір куәгеріне белгісіне айналады. Мұражайлық затты зерттеген кезде мамандар оның айналадағы ортамен қатынасын бассқа заттар мен ұқсастығын, ерекшелігін ескереді. Мысалы: археологиялық қазбалар кезінде табылған үй заттары, еңбек құралдары бір-біріне ұқсас бірақта олар түрлі дәуірлерге жатады және өзінің маңыздылығын баяғыда жоғалтқан бірақ мұражай үшін олар әрқашан да әлеуметтік тұрғыда өте бағалы [5] .
Белгілі бір зат мұражайлық затқа айналу үшін белгілі бір қасиеттерге ие болу қажет. Жалпы мұражайлық заттың жақтарын ашатын үш қасиет кең таралған.
1 Ақпараттық қасиет. Мұражайлық заттың мазмұңды жағын сипаттайды. Оның тарихи, мәдени, қоғамдық және табиғи процестер мен құбылыстарда мәлімет негізі ретінде шығуын анықтайды. Заттың мәліметтік жағын құжаттағы ғылыми бейнеленуі береді. Осындай мәліметтер екі бөлімге бөлінеді;
- Ішкі ақпараттық кеңістік - заттың толық аталуы, зат не үшін қолданылады. Оның формасы қандай материалдан жасалғандығын, қандай жазулар мен кестелер бар екендігін анықтайды;
- Сыртқы ақпараттық кеңістік - заттардың тарихы туралы мәлімет көрсетеді. Қандай жерден шыққандығын, оған қандай адамдар қатысқандығын көрсетеді.
Жалпы сыртқы ақпараттық кеңістік және ішкі ақпараттық кеңістік бір-бірімен тығыз байланысты. өйткені мұражайлық заттың негізін құрайды.
2 Аттрактивті қасиет. Заттардың сыртқы бейнесін сипаттайды, яғни, келушілердің көңілін өзінің сыртқы белгілері мен форларымен және түсімен аударады;
3 Экспрессивті қасиет. Заттың қасиетті жақтарымен байланысты. Сөйтіп, мұражайлық затты табиғаттың «қорғау объекті» ретінде сипаттауға немесе адам қызметінің құндылық нәтижесі ретінде сипаттауға болды.
Мұражайлар классификациясы. Мұражайлардың әр қайсысы қайталанбас бөлік болып келеді, сонда да жиналған құрамында, әрекет масштабында құқықтық және басқа да сипаттарында кейбір ұқсастығы болады. Олар мұражайлық дүниені белгілі бір топтарға бөлуге рұқсат етеді, яғни классификация жасалынады. Класификацияның негізгі категориясы мұражай бағдары, яғни оның мамандануы сонымен қатар классификацияның негізгі белгісі, мұражайдың ғылыммен, техникамен, өнер түрімен, өндіру және оның салаларымен байланыстылығы [8] .
Маманданудың яғни бір бағдардың мұражайлары бағдарлы топтарға бөлінеді:
- Ғылыми мұражайға;
- Музыкалық мұражайға;
- Тарихи мұражайға;
- Көркем архитектуралық;
- Ауыл шаруашылықты;
- Педагогикалық мұражай және тағы басқа.
Ғылым мен техникалық мәдениеттің дамуы жаңа бағдарлардың дамуына әкеледі. Мысалы: 1940 жылы Акволангтың пайда болуы су асты археологиясының дамуына әкеп соқты.
Мұражайдың қоғамдық жүктелу белгісі бойынша типологиялық бөліну бар.
Біріншісі, ғылыми зерттеу. Ғылыми институттарда, университеттерде, академиаларда жұмыс істейді.
Екіншісі, ғылыми ағартушылық. Олар ізденіс жұмыстарын жүргізеді, бірақ олар оқу ағартушылық мекемелерде орналаспайды. Олардың қызметтеріне экспозицияларды, жәрменкелерді, түрлі мәдени білім беру шараларын жүргізу жатады.
Үшінші, оқу мұражайлары, негізгі оқу процесіне көрнекілік пен заттылық беру және кадрлар дайындау.
Мұражайлар әкімшілік - территориялдық белгі бойынша: республикалық, облыстық, аудандық.
Тиістілігіне қарай мұражайлар: қоғамдық, жеке-меншік, мемлекеттік [10] .
Жалпы мұражайтану да екі тарихи қалыптасқан функцияны бөледі. Олар мұражайдың қоғам мен мәдениетте орны мен рөлін анықтайды.
1 Құжаттау функциясы. Мұражайлық жинақта түрлі мұражайлық заттардың оқиғалардың процесс пен фактордың тіркелуі. Мұражайлық жинаққа жиналғаннан кейін олар белгілі бір құбылыстың, оқиғаның белгісі болып есептелінеді. Құжаттау функциясы - қоғамдық, ғылыми және мәдени сұраныстарына жауап береді және мұражайлық фондтың жинақталуы, зерттелуі және сақталуы кезінде іске асады.
2 Білім беру мен тәрбиелеу функциясы. Бұл функция - мұражайлық заттардың ақпараттық және экспресивтік қасиеттеріне негізделген және қоғамның мәдени танымды сұраныстарымен ерекшелінген. Мұражайдың мәдени - білім берудің түрлі формаларында іске асады.
Бұл екі функциядан басқа да бос уақытты ұйымдастыру функциясы да сипатталады. Бұл функция эмоционалдық дамуды, іске асырады.
Мұражайлық фонд дегеніміз - біріншіден мұражайда экспонат түрінде жиналған барлық заттар жиынтығы. Екіншіден мұражайлық фонд дегеніміз - ғылыми көмекші мәліметтер. Басқа сөзбен айтқанда кестелер, графиктер, жоспарлар, карталар, макеттер т. б.
Мұражайды зерттеулер мұражайлық фондты бағытына қарай, тарихына қарай сонымен қатар мұражайлық заттардың типтеріне қарай бөлінеді:
1 Материалдық заттар, яғни адам қолымен жасалған, белгілі бір пайдалы функциясы бар заттар;
2 Бейнелеу заттар - яғни сыртқы бейнесі бойынша мәлімет беретін заттар;
3 Хат күйіндегі заттар - хатты белгілер жүйесі арқылы табылған заттар;
4 Фото заттар - фотоапарат арқылы алынған заттар;
5 Кино заттар - техникалық құралдар арқылы алынған заттар.
Ғылыми фондтық жұмыс дегеніміз - заттарды сақтау, зерттеу және мұражайлық экспонат түрінде қолдану жұмысы [11] .
Мұражайлық фондық жұмыс - біріншеден мұражайлық фондты жинақтайды, яғни заттың құнды жақтарын жинақтайды және өз кезегінде үш этаптан тұрады.
Бірінші этап - атрибуция. Физикалық қасиеттерін анықтау, мұражайлық заттардың тарихын білу.
Екінші этап - классификациялау және жүйелеу. Мұражайлық заттарды қасиеттерге, типтерге, группаларға қарай бөледі.
Үшінші этап - талдау. Мұражайлық заттарды білім көзі ретінде талдайды. Есеп қызметін мұражайлық заттарын, құжаттарын зерттейді. Нәтижесінде есеп журналы, картотека және негізгі фондтың жүйелі құрылымы пайда болды. Сақтау жағдайларын құру қызметі. Ол мұражайлық заттың физикалық, химиялық қасиеттерін зерттейді. Коллекцияларды көрсету үшін жағдай жасайды, сонымен қатар бүлініп қалудан, ұрланудан сақтайды әр бір мұражайда экспанатты сақтаудың режимі қолданылады (1 сурет) .
1 сурет. Мұражайда экспанатты сақтаудың режимі [11]
Мұражай ғылыми зерттеу мекемесі ретінде. Ғылыми зерттеу жұмысы дегеніміз - адам еңбегінің ерекше түрі. Қоғам үшін пайдалы білімдерді алу қолдану және тарту. Жалпы мұражайлар ғылыми зерттеу мекемелерінің жүйесіне кіреді. Бұл мұражай мен ғылым арасында байланыстың бар екендігін дәлелдейді. Мұражайлық фондты жинақтау зерттеулерді өткізумен дәлелденеді, яғни коллекцияларды қалыптастыру кезінде мұражай, мұражайлық заттардың маңызы бар заттарды зерттейді, табады. Ғылыми білімдер мен әдістер мұражайлық фондтарды заттарды сақтаған кезде қолданылады, яғни органикалық және органикалық емес мұражайлық заттардың физикалық сақталуы. Сонымен қатар осындай қамтамассыздықты керек ететін технологияны шығарады. Ғылыми жұмыс экспозицияларды құрғанда да қолданылады, яғни мұражайлық заттардың мәліметтік және экспрессивті қасиеттерінің арасындағы байланысты анықтайды [12] .
Мұражайдың ғылыми зерттеу жұмысы екі бағыттан тұрады (2 сурет) .
- Ғылыми зерттеулер. Зерттейтін ғылым саласына байланысты болады;
- Мұражайлық зерттеулер. Мұражайлық заттарды жинау, сақтау, қолдану, әдістемесімен теориясында жаңа білімдерді қалыптастырады;
2 сурет. Мұражайлық зерттеулер [12] .
Мұражай ісінің, қызыметінің негізгі бағыттары экспозициялық көрмелік, қорлық (фонд), ғылыми-ағартушылық екені мәлім. Осылардың бәрінің негізі мұражай жәдігеріне келіп тіреледі. Мұражай өзінің әлеуметтік қызметін мұражай жәдігерлерін жинау, сақтау, үйрену, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.
Белгілі-бір затты жасауда да, қолдануда да оның функционалдық мәні болады. Мұражай әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір жәдігердің қоғамдық мәнін, мұражайлық құндылығын көрсетеді [5] .
Мұражай жәдігерін алған, таңдаған кезде, оның өмір сүрген, сақталған ортасымен байланысы үзіледі де, оның қоғамдық мәніне анықтама беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz