ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ


ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ
бІлІм жӘне Ғылым министрлІгІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті
Экологиялық - экономика институты
Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы
ҚорҒауҒа жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
экон. ғылымының д-ры,
профессор, академик
А. К. Ерали
"___"2005 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстаның салаларындағы және кәсіпорындарындағы
иновациялық қызмет
Стандарттау бойынша кеңесші оқытушы
С. К. Серікбаев
"___"2005 ж.
Пікір жазушы
"___"2005 ж.
Жетекшісі
экон. ғылымының канд., доцент
М. М. Мұнатаев
"___"2005 ж.
Студент
Қазтаев Қ. Қ.
0702. 03 мамандығы
ЭТК-00-1 тобы
Алматы 2005
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ИННОВАЦИЯНЫҢ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
- Инновация (Жаңалық енгізу) туралы түсінік
- Инновацияның (жаңалық енгізудің) негізгі кезеңдері мен мақсаттары
- Инновациялық жүйе
- Өнімнің өміршенділік циклы
2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
2. 1 Кәсіптік базалық саладағы жаңалық еңгізудің дамуы
2. 2 ГМК-ның индустриалды - инновациялық дамуы
2. 3 Өндірістік кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі
3 КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІС
- Мұнай өнеркісібі кәсіпорындарының инновациялық қызметінің құрлымы және ұйымдастыру қағидалары
- Инновациялық жобалар тиімділігін бағалаудың әдістемелік ережелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі - қазіргі экономикада инновацияның ролі едәуір үлкен. Инновацияны қолданбайынша, жаңа, бәсекеге сай жоғары деңгейлі өнімді шығару тіпті де мүмкін емес. Нарық экономикасындағы инновация - өімнің тұтыну құнын төмендетуге қарсы қажеттіліктерді тудыратын, инвестиция түсімін арттыратын, жаңа өнім өндірушінің атағын жоғарылататын, ішкі және сыртқы нарықтық қатынастарды ашу мен кеңейтудің ең тиімді құралы.
Қазіргі кезде Қазақстанда өнім өндірудің өсуі мен еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын дамыту және айналымға жаңа табиғи ресурстарды енгізу мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты экономиканың дамыуына шешуші мәнді интенсивті фактор алады. Өз кезегінде мамандандырылған кадрлардың және еңбек өндірісінің өсуі, материал мен құралдардың қайтарылымы экономиканың салаларына ғылым техниканың жетістіктерін пайдалану деңгейімен анықталады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері - теориялық ережелерді инновациялық қызмет жүйесінің қалыптасу процесін анализдеп және оның даму кезеңдерін есепке ала отырып тиімділігін бағалауды талдай қорытып Қазақстандағы салалардың және кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің даму стратегиялары мен тәжірибелік кепілдемесін жете зарттеу болып табылады.
Жұмыстың құрылымы - бітіру жұмысы, үш бөлімнен, кіріспе және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде “Экономика салаларындағы және кәсіпорындарындағы инновациялық қызметтің теориялық негіздері, инновацияның қажеттілігінің дәлелдері, мемлекеттік ықпал етудің негізгі әдістері туралы айтылады.
Екінші бөлімде “Экономикалық жеке салаларындағы жаңалық енгізудің қызметі, кәсіптік базалық саладағы жаңалық енгізудің дамуы, өндірістік кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі туралы айтылады”.
Үшінші бөлімде “Компаниялардың инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау әдістері, мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық қызметінің құрылымы және ұйымдастыру қағидалары, инновациялық жобалар тиімділігін бағалаудың әдістемелік ережелері талданады.
Жоғарыда айтылған мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмыста келесі мәселелер зерттеледі:
- Инновацияның мәні, мақсаттары және негізгі кезеңдерін зерттеу;
- Экономикалық жеке салаларындағы жаңалық енгізудің қызметін қолдана отырып қорытындылау;
- өндірістік кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі туралы айтылады;
- Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау.
Зерттеудің объектісі - Қазақстанның қазіргі салаларындағы және кәсіпорындарындағы инновациялық қызметі болып табылады.
Зерттеу тақырыбы - Қазақстандағы инновацияның даму кезеңдеріне байланысты экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастар болып келеді.
1 ИННОВАЦИЯНЫҢ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
- Инновация (Жаңалық енгізу) туралы түсінік
Инновация (Жаңалық енгізу) дегенде біз « инвестициядағы жаңарудың, яғни белгілі бір қызметтің немесе өнімнің, жаңа жүйенің тәжірибеде меңгерілуінің қорытындысы дегенді түсінеміз.
Жаңару − бұрын болмаған жаңашылдық: жаңа көріністер, өнертапқыштық, қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттандырылуының жаңа әдісі.
Жаңалық енгізудің негізінде материалдық қорытынды көрініс табады: мұнда капитал белгілі бір жаңа техникаға немесе технологияға, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формасына, жаңаша басқару қызметіне жұмсалуының қорытындысы көрінуі тиіс.
Жаңалықты бастау, меңгеру, тарату жүйесі- инновациялық қызмет немесе инновациялық (Жаңалық енгізу) жүйесі деп аталады. Жаңалық енгізу қызметінің қорытындысын жаңа өнім деп атауға болады.
Инновация (жаңалық енгізу) - жаңа қызметтің, жаңа жетілдірілген өнім түрінде, жетілдірілген технологиялық процесс негізінде іс-қызметте қолданылуының қорытынды нәтижесі.
Жаңалық енгізу − ғылыми-техникалық үдеріспен тығыз байланысты, тіпті соның қорытынды нәтижесі десе де болады. Ғылымның жаңа заңдылықтары мен қоршаған ортаның жаңа қасиеттерін ашу негізінде технологиялар мен өндіріс құралдары жетілдіріледі, солайша, ҒТҮ (ғылыми-техникалық үдеріс) еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтады.
Жаңалық енгізуді (инновацияны) белгілі бір белгілеріне қарап, нақты топтарға бөлуді «жаңалық енгізуді (инновацияны) сыныптауң деп атайды. Инновация технологиялық өлшемдеріне байланысты өнімдік және жүйелік деп бөлінеді.
Өнімдік жаңалық енгізу- жаңа материалдарды қолдану, жаңа жартылай шикізатты және толық жиынтық өнімдерді пайдаланудан тұрады. Нәтижесінде мүлдем жаңа өнімдер алынады.
Ал, жұйелік жаңалық енгізу (жаңа технологиялар) өндірісті жаңаша ұйымдастыру әдістері дегенді білдіреді. Нарықтағы жаңашылдық түрлеріне байланысты инновация төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- әлемдегі жаңа салалар үшін;
- елдегі жаңа салалар;
- белгілі мекемедегі кәсіпорындағы жаңашылдық. (немесе мекемелер, кәсіпорындар топтары үшін) ;
Пайда болу стимулына қарай;
- ғылым мен техниканың дамуына байланысты туған инновациялар;
- өндірістік қажеттіліктерге байланысты туған инновациялар;
- нарық қажеттіліктеріне байланысты туған инновация (жаңалық енгізу)
Жүйедегі орнына кәсіпорында, фирмада байланысты;
- кәсіпорын кірісіндегі (бастауындағы) инновация; (шикізат, құрал-жабдық, ақпараттар жинақтау, т. б. )
- кәсіпорын шығысындағы (қалыптасуындағы) инновация; (бұйымдар, қызмет көрсетулер, технологиялар, ақпараттар, т. б. )
- кәсіпорынның жүйелік құрылымындағы инновациялар; (басқарушылық, өндірістік) .
Енгізілетін өзгерістердің тереңдігіне байланысты;
- түбірлі (базистік) инновация, ірі өнертапқыштықты іске асырады және техниканың дамуында жаңа бағыттарды қалыптастырады.
- жақсарту инновациялары, ұсақ өнертабыстар іске асырылады және ғылыми-техникалық даму циклінің тұрақтылығы мен тартылу артықшылықтарын қамтиды.
- Модификацияланған инновациялар, техника мен технологияның ескірген түрлерін жартылай жақсартуға бағытталады.
Инновацияның ғылыммен тығыз байланыста болатынын ерекше атаған жөн. Көптеген әдеби қайнарларда, соның ішінде отандық көздерде, инновация ғылыми-зерттеудің тікелей нәтижесі деп түсіндіріледі. Дегенмен де, қандай жоғары көрсеткіштер мен табыстарға қол жетсе де, өз экономикасын жаңаша даму жолдарына бағыттаған елдер тәжірибесіне сүйенсек, инновация дегеніміз тек ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрылымдық жұмыстар нәтижесі ғана емес екенін куәландырады. Инновациялық жүйе, немесе сол инновацияның өзі, кәсіпорындарда (басқа да тұтынушыларда) таза ғылыми жетістіктерге сүйене туындайды.
Бұл, сонымен қатар, нарық конъюнктурасына қатысты ақпарлар негізіндегі тауар өндірушілер мен сатып алушылар, сатушылар мен бәсекелестер арасындағы қарым-қатынас нәтижесі.
Қазіргі экономикада инновацияның ролі едәуір артты. Инновацияны қолданбайынша, жаңа, бәсекеге сай жоғары деңгейлі өнімді шығару тіпті де мүмкін емес.
Солайша, нарық экономикасындағы инновация- өімнің тұтыну құнын төмендетуге қарсы қажеттіліктерді тудыратын, инвестиция түсімін арттыратын, жаңа өнім өндірушінің атағын жоғарылататын, ішкі және сыртқы нарықтық қатынастарды ашу мен кеңейтудің ең тиімді құралы.
- Инновацияның (жаңалық енгізудің) негізгі кезеңдері мен мақсаттары
Жаңалық енгізудің (инновацияның) мақсатттары төмендегідей.
- Өнертапқыштықтың жаңа техникалық міндеттерінің шешімін табу;
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық нұсқалар жүргізу; (ҒЗТК) ;
- топтама өнім өндіруді қалпына келтіру;
- өнімді сату мен өткізуді қатар ұйымдастыру;
- нарыққа жаңа тауарлар енгізу;
- технологияларды үнемі жетілдіру жолдарымен жаңа нарықта беки отырып, өнімнің бәсекелестігін арттыру;
Фирма маркетингтік қызметінің ең жанды бөлігін инновациялық қызметтер құрайды.
Бұл әсіресе ғылыми кеңейтілген өнімдерді өндіретін фирмаларға қатысты. Олардың ҒЗТК-мен (ғылыми-зерттеу, тәжірибе - конструкторлық нұсқа) ерекше тығыз байланыстар байқалады.
Тұтынушылар ойлары мен ңұсқаларын іске асырудың басты қозғаушысы осы ҒЗТКЖ бөлімдері. Олар өнімдер маркетингінің әртүрлі жаңа бағдарламалары мен нұсқаларын құруда белсене ат салысады ҒЗТК жүйесінде тұтынушылар талаптарының ең қажеттісін есепке ала отырып, жаңа бұйымдарды оңтайландыру мақсатындағы техникалық- экономикалық көрсеткіштерді бағыттау мен реттеуге мүмкіндік туғызатын кері байланыс қажеттілікті оқып үйрену мен ҒЗТК арасында бар.
Фирманың инновациялық саясатындағы басты нәрсе - ҒЗТК жұмыстардың негізгі мақсаттарын қалыптастыру, оларды өткізудің мерзімін анықтау, күнделікті іс-тәжірибеде, қолданыс мақсаттарының қорытындысын бағалау, жаңа өнімдерді енгізу мерзімін қысқарту.
Жаңа өнімдерді өндіру саласындағы нақты, анық саясат- зерттеу топтарының жаңа мүмкіндіктерді іздеуіне, ақпараттар жинау мен ұсыныстар енгізу бағыттайды.
Инновациялық кезеңдердің негізгі мінездемесін қарастырып көрейік.
1-кезең. Жинақталған ойларды жүйелеу;
- нарықтағы технологиялық өзгерістер туралы ақпараттар жинау, ҒЗТК-дан түскен жаңалықтар, маркетинг қызметінің өндірістік бөлімдерінің, фирманың өнімді өткізу мен сату аппаратының, сауда делдалдарының, ақырғы тұтынушылардың тілек, талаптары, тарату жөніндегі ойлары;
- өнімдерді игеру мен өндіру жөніндегі фирманың ең мықты мүмкіндіктері туралы ақпарат жинақтау, шығынның мөлшерін анықтау;
- нарық көздері мен олардың ұзақ мерзімді даму тенденциялары туралы ақпарат жинақтау;
2-кезең. Жаңа өнім өндіру идеялары сұрыптау және таңдау;
- ойлардың өмірде іске асуының мүмкіндіктерін анықтау;
- жаңа және дәстүрлі бұйымдардың жалпы технологиялық деңгейін анықтау;
- жаңа өнімнің фирма атағына сай болуы және даму стратегиясы;
- болашақ бұйымдардың рұқсат құжаттарының тазалығын анықтау;
3-кезең. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігінің талдамасы − маркетинг бағдарламасын жасау негізі.
- ойдың белгілі нақты жоба түріне көшкендегі өнімнің техникалық дайындығы;
- өнімнің техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сипатын бағалау және тұтынылу қасиеттері;
- нарықтағы сұраным күшінің талдамасы және сатылу көлемі;
- жаңа өнімді өндіруге игеру және шығаруға жұмсалатын шығындары (күрделі қаржыны) анықтау; жаңа өнімнің өзіндік құнын анықтауы;
- жаңа өнімді өндіруге қажетті қорлардың барлығы: технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар, мамандар, қаржы;
- жаңа өнімді игеру мерзімі және оны нарыққа шығару;
- жаңа өнім өндіру пайдалылығын талдау және бағалау-өнім бойынша маркетинг бағдарламасын жасау;
4-кезең. Жаңа өнімді жасау.
- фирма бөлімшелері арасында міндеттерді бөлісе отырып, жаңа өнімді дамыту бағдарламасын жасау;
- үлгі жасау және техникалық сына жүргізу (экологиялық жағынан, қауіпсіздігін, төзімділігін) тексеру.
- тауардың атын анықтау, тауарлық белгісін, рәсімделуін, орамасын, таңбасын анықтау.
5-кезең. Нарықтағы тестіленуі.
- шектеулі нарықта үш айдан кем емес мерзімге құны бойынша және басқа коммерциялық шарттарға қарай тестілеу; (құнына шегерім ұсыну, несиелер, т/б) .
- өткізілу, сатылу арналарының оңтайлысын таңдау;
- жарнамалау әдістері мен құралдарын таңдау;
- техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
6-кезең. Өнім бойынша маркетинг бағдарламасы негізінде төмендегідей жаңа бұйымды өндіріске енгізу туралы шешім қабылдау;
- жаңа енгізілімнің саудалық негізін: сатылу көлемін, өнімнің пайдасын, сұраныс пен қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі, өткізу арналары мен әдісін, ұқсас тауарлардың сатылуындағы тәжірибенің бар-жоқтығы, нарықтағы фирманың танымалдылығы, атағы, сатып алушылар және тұтынушылар мен тұрақты байланысын қамтитын;
- фирманың өндірістік мүмкіндіктерін: бұрыннан бар күш-қуатты пайдалану, қаржы қорының болуы, ьілікті қызметшілермен қамтылуы;
- қаржылық мүмкіндіктері: өнімді жаппай өндіру және сатудағы инвестицияның (күрделі қаржының) жалпы самасы; қаржыландыру көзжері, есептелген кезеңдегі пайдасынан немесе шығындылығынан күтілетін нәтиже;
- нормативтік көрсеткіштерге сай болуы-өнім өткізілетін елдегі мемлекеттік стандарт пен нормасына сайлығы;
- жаңа енгізілімнің патенттік қорғалуын қамтамасыз ету.
Жаңа өнім бойынша маркетингтік бағдарламада басты маңызды критерийлердің ьірі жаңа өнімді енгізудің фирманың мақсаттарын іске асырудағы бағасына әсер етуі болып табылады, соның ішінде:
- жаңа бұйымның сатылу көлімі;
- жаңа бұйымның енгізілуіне байланысты өзге тауарлардың сатылуындағы өзгешіліктер;
- жаңа тауар өндірісінде пайдаға қол жеткізу мерзімін бағалау;
Егер жаңа бұйымдар бұрын өндірілген тауарларға технологиялық жағынан жақын болса, ол компанияның бұрынна бар күш-қуатын пайдалана отырып, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріді.
1. 3 Инновациялық жүйе
Инновациялық жүйе дегеніміз-белгілі бір кәсіпорынның инновациялық (жаңашыл) қызметін білдіреді. Ол ғылыми-техникалық ізденістердің немесе жаңа техналогия жүйенің қорытынды нәтижесін жаңа өнім түрінде іске асыруға бағытталған. Жалпы жоспарлай келгенде, жаңалық енгізу процесі-кезекті оқиғалар тізбегі, жаңашылдық ойлаудан бастап, нақты өнімге, технологияға немесе қызметке және шаруашылық тәжірибесінде таратылуға дейін “пісіп жетіледі”.
Инновациялық жүйе жаңалық енгізуді тереңдетудегі, жаңа өнімдерді өңдіру, түрлі әрекеттер, оларды ары қарай нарықты іске асыру мен тарату қорытындыларының нәтижесі болып есептелетін іс-әрекеттер.
Инновациялық жүйе (№1 сызбада) бір-бірімен байланысқан қалыпты тізбектегі жеті элементтен тұратын инновациялық жүйенің құрлымдық тізбегінен тұрады. Олар:
- жаңалық енгізуді тереңдету;
- жаңалық енгізу маркетингі;
- жаңалық енгізу өнімі;
- жаңалық енгізуді іске асыру, тарату;
- жаңалық енгізуді алға жылжыту;
- жаңалық енгізудің экономикалық тиімділігінің бағасы;
- жаңалық енгізудің таралымы, дифузиясы.
Жаңалық енгізу инновациялық жүйенің бастауы-жігерлену болып табылады. Жігерлену-бұл инновацияның мақсаттарын
таңдаудағы, міндеттер қоюдағы, жаңалық еңгізу туралы ойларды іздестірудегі, оның материалдық жағын, техникалық-экономикалық ойлар негізін шешудегі қызметтер, жұмыс-тар. Алдымен ойланған ойлар материалдық қолдау тапқаннан соң тауарға, мүлікке, жаңа өнімге айналады.
Жаңа өнім негізделгеннен кейін ұсынылған жаңалық енгізудің маркетингтік зерттеулер жүргізіле бастайды, онда жаңа өнімге деген сұраныс, өнім шығару көлемі, тұтынымдыққасиеттері анықталады, тауар ретіндегі сипаты, инноваци-яның тауар болып нарыққа шығуы зерттеледі. Содан соң жаңа өнімдердің шағын топтарын нарыққа шығарып сату арқылы оның орны, таралымы, тиімді-лік бағасы анықталады. Жаңа өнімдердің және инновацияның алға жылжуына бағытталған кешенді шаралар (жарнамалау, сату жүйесін ұйымдастыру, т. б) өткізілді. Оны іске асыру мен алға жылжыту нәтижелеріне кеткен шығындар статистикалық өңдеу мен талдаудан өтеді. Соның негізінде инновацияның тиімділігі есептеледі.
Жаңалық енгізу жүйесі (инновациялық процесс) инновацияның диффузиясы мен аяқталады. Инновация диффузия деген-бұрын бір рет игерілген инновацияның жаңа аймақтарда, жаңа нарықта таралуы.
Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесіне инновацияны енгізерде инновациялық жүйені қандай қозғаушы күштер тежейтінін немесе алға жылжыта алатынын білу керек.
Инновациялық жүйенің дамуына әсер ететін негізгі қозғаушы күштер:
- экономикалық, технологиялық.
Инновациялық жобаларды қаржыландыруға ақшаның болмауы, материалдық және ғылыми-техникалық қордың осалдығы, күш-қуат көздерінің жоқтығы ағымдағы өндіріс мүддесінің доминантталуы.
Қаржылық және материалды-техникалық қаражат көздерінің болуы, қажетті шаруашылық және ғылыми-техникалық инфрақұрылым болуы.
− саяси, құқықтық;
Монополияға қарсы, салыққа, тозу жарнасына, рұқсат-лицензиялық заңдылық-тар, заңдылықтарына шектеулер;
Инновациялық қызметті марапаттайтын заңдылық шаралары, жаңалық енгізу-ді мемлекеттің қолдауы.
− әлеуметтік-психологиялық мәдени;
Қызметкерлердің мәртебесін өзгерту, жаңа жұмыс іздеу қажеттілігі жаңа жұиысты қайта құру, мінез-құлық ережелерін қалыптасқан дәстүрлерді, әртүрлі анық емес жұмыстардан қорқу, сәтсіздік үшін жазалаудан қорқу сияқты өзгерістерге қарсы тұру.
Инноватциялық жүйеге қатысушыларды моральдық жағынан көтермелеу, қоғамның тануы, өзін-өзі таныту мүмкіндіктеріне жол ашу, шығармашылық еңбекке жол беру. Еңбек ұжымы ішіндегі қалыпты психалогйялық ахуалды сақтау.
− ұйымдастырушылық-басқарушылық;
Компанияның тұрақталған ұйымдық құрлымы, тым ортақтандыру, басқарудың беделдік стилі, көлденен ақпарлардың көп болуы, салааралық қиындықтар мен ұйым аралық қарым-қатынастар, жоспарлаудағы қатыгездік, қалыптасқан нарық, қысқа мерзімді өтелімге, бағытталу инновациялық жүйеге қатысушылардық мүдделерінің келісім күрделілігі.
1. 4 Өнімнің өміршенділік циклы
Цикл − өзара байланысты құбылыстардың, процестердің, жұмыстардың жиынтығын білдіреді. Олар қандай да бір уақыт аралығында дамудың тұйықталған шеңберін құрады.
Өнімнің өмірлік циклы − бұл өнім немесе бұйым өндірудің істік активизациясының даму стадиясын анализдеуге қолданылатын ең көп таралған үлгілерінің бірі. Ол сатушыға немесе өндірушіге пайда әкелетін белгілі уақыт аралығындағы жаңалық еңгізудің өмірлік күшке не екендігін білдіреді (3) .
Жаңалық еңгізу процессін ұйымдастыру, жаңалық еңгізу өндірісін жоспарлау кезінде жаңалық еңгізудің өмірлік циклінің тұжырымдамасы принципиалді рольді атқарады. Бұл роль келесілерден тұрады:
- жаңалық еңгізудің өмірлік циклінің тұжырымдамасы шаруашылық субъектінің басқарушысын кәзіргі кездегі және келешектегі даму позициясынан қарағандағы шаруашылық қызметті анализдеуге мәжбүрлейді.
- жаңалық еңгізудің өмірлік циклінің тұжырымдамасы жаңалық еңгізуді сатып алудың, жаңалық еңгізуді шығаруды жоспарлаудағы жүйелік жұмыстың қажеттілігін негіздейді.
- жаңалық еңгізудің өмірлік циклінің тұжырымдамасы жаңалық еңгізуді анализдеу және жоспарлаудың негізі болып табылады. Жаңалық еңгізуді анализдеу барысында бұл жаңалық
- өмірлік циклдің қай сатысында екендігін, оның болашағы қандай екендігін, аяқ астынан төмендеу қашан басталатындығын және өз қызметін қашан аяқтайтындығын анықтауға болады.
Жаңалық еңгізудің өмірлік циклы сатылым қисығында кескінделеді. Ол жерде бұйымның өндіріске түсуден, нарықтан шығуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Ол төрт кезеңнен тұрады:
- еңгізу
- өсу
- өсу қарқының төмендеуі
- түсу
Өнімнің өмірлік циклінің бастамасы болып жаңашылдық табылады деп есептеледі. Бұйымды өндіріске қосар алдындағы кезеңде менеджер мақсатты және напряженно түрде потенциалды тұтынушыға өз өнімнің артықшылығын айту үшін жұмыс істейді. Бірақ ол тек тұтынушылардың көп емес санын қызықтыра алады. Бірте-бірте қалғандары да қызығушылық көрсетеді, солай өсу қарқыны әр қашан көбейіп отырады. Өндіріс бастапқы өсу кезеңінде болады.
Өсудің келесі кезеңінде сатылым көлемі ұлғая береді, бірақ онша тез емес. Содан кейін өндіріс «пісіп жетіледің- өсу қарқыны ноль шамасына дейін түседі, ол сатылым көлемі тек жаңарту қажеттілігіне байланысты болады. Ең соңында жаңа өнім ескі өнімді нарықтан ығыстыра бастайды, ескі өнімнен бас тартуға мәжбүрлеп жаңа өнім тұтынушыларды өзіне тартады, осының нәтижесінде ескі өнімнің сатылымы қысқара бастайды. Ол мүлдем өндірілмей қойғанша дейін қысқарып отырады.
Өнімнің өмірлік циклының моделі әр түрлі жағдайларда қолданыла алады. Ол көптеген компаниялардың стратегиялық анализінде маңызды роль атқарады. Жаңалық еңгізу процесінің және келесі шараларды іске асыруда өнімнің өмірлік циклын зерттеу өте маңызды болып табылады.
Жаңалық еңгізудің өмірлік циклының шығындық аспектісінің анализі. Көп жағдайда жаңалық енгізу процесінің сипаттамсын оның бір бүтін және үздіксіздігін ескермей зерттеу және әзірлеу кешеңінде қаржыландырылады, осы жағдайда жаңалық енгізудің өмірлік циклының шығындық аспектісінің салыстырмалы анализі маңызды.
Әр түрлі пропорциялар зерттелетін бағдарламаның мінезі мен мекеменің көлемімен анықталады, «Зерттеулер-әзірлеулер-өндірісң циклының шамалай шығын көлемін жоспарлауды жеңілдету үшін мынандай қатынасты қолданылады: 1:10:100, бірақ бұл өте қарапайымдалған шама. Нақты болып ТМД елдеріндегі шағын көлемін есептеу үшін орнатылған қатынас табылады:фундаменттік зерттеуге, прикладное зерттеулерге, әзірлеу және өндіруге кеткен шығындар-1:4:16:250 немесе зерттеуге, құруға, пайдалануға кеткен шығындар:1:1, 6:7.
Бірақ жаңалық еңгізу процессі мүмкіндік сипаттамасына ие: өйткені кез-келген басталған зерттеу және әзірлеу бағдарламасы табысқа ие бола алмайды. Нарықтағы успехке кепілдік берілмеген, жаңа техниканың таралу преспективасы белгісіз.
Демек, шығындарды жоспарлау кезінде жаңа техниканың өзін өзі өтелімдену кішкене жайырақ болатындығын, және де кез келген зерттеу мен әзірлеу бағдарламасы капитал салымын сұрамайтындығын ескерген жөн және мүмкін. Экономикалық есептеу көмегімен жаңалық еңгізу жоспарының негіздемесін қарапайым шаруашылық операциялардың есептеу тиімділігінен ойыра білген жөн.
Ал жаңалық енгізудің уақыт көлеміне келетін болсақ, ол технологиялық деңгейден, сыртқы экономикалық шарт пен ортаның бейімделу қасиетіне функционалды тәуелділікте өзгереді.
Егер кәсіптік дамыған елдерде жаңалық енгізу циклі 5-6 жылды құраса, орта дамыған елде 5-25жыл, ол дамушы елдерде 15-25жыл .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz