Оңтүстік - Уэльс кен орындары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Ұлыбританияға әлеуметтік – саяси география тұрғысынан сипаттама беру
(курстық жұмыс)

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Географиялық жағдайы және табиғаты
4
1. Пайдалы қазбалары
5
1.2 Климаты
6
1.3 Ішкі сулары
7
1.4 Өсімдік-жануарлар әлемі 7

2 Халқы 8,9

3 Мемлекетті құрылысы
10,11
4 Тарихы
11-13
5 Шаруашылығына жалпы мінездеме 13

5.1 Өнеркәсіп 14-
20
5.2 Ауыл-шаруашылығы 20,21

6 Көлік жүйесі
21,22
7 Ұлыбритания аудандары
23,24
8 Лондон
24,25
9 Жоғарғы білім жүйесі, Ғылым және мәдениет
26,27
10 Қазақстандық – Британдық қарым-қатынастар
27,28
11 Ұлыбритания саясатының тарихындағы ұлы тұлғалар 29-
31
12 Қорытынды 32
13 Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Ұлыбритания, немесе Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның
Біріккен Корольдігі – экономикалық қуаты жағынан әлемдегі жетінші
мемлекет (АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Индия мен Франциядан кейін).
Ұлыбритания Франция және Германия мемлекеттерімен бірге Жаңа
замманның ұлы европалық үштігіне кіреді.
Ұлыбританияның европалық елдерді Америкамен және әлемнің басқа
да бөліктерімен жалғастыратын жолдарда орналасуы әрқашан да елдің
кеме қатынасын, саудасын және жалпы экономикасын дамытуға алғышарт
болды.
XIX ғ. ортасында әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысын өндірді
және дүние жүзіндегі ең қуатты империя болды, бірақ мемлекет XXғ.
басында көшбасшы мәртебесінен айрылса да, қазіргі уақытқа дейін
жоғары индустриалды дамыған елдердің бірі.
Ұлыбритания дүние жүзіндегі ең көне университеттерімен әлемге
әйгілі – Оксфорд 1167ж., Кембридж – 1209ж. құрылды.
Ел халқының тағы бір мақтанышы – ол ағылшын тілінің
халықаралық қатынастардағы ең маңызды тіл болып саналуы. Көптеген
мемлекеттерде ағылшын тілі мемлекеттік тіл болып қабылданған.

1 Географиялық жағдайы және табиғаты

Ұлыбритания, немесе Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның
Біріккен Корольдігі, - материктен Ла-Манш және Па-де-Кале бұғаздары
арқылы бөлінген, Европаның солтүстік-батысындағы аралдық мемлекет.
Географиялық координаты: 54º 00´ с.е., 2º 00´ б.б. Ұлыбританияның
жалпы ауданы - 240 842 шаршы шақырым (құрлық бетінің ауданы – 241 590
шаршы шақырым, су беті ауданы – 3 230 шаршы шақырым). Англияның ауданы –
129 634 шаршы шақырым, Уэльс – 20 637 шаршы шақырым, Шотландия – 77 179
шаршы шақырым және Солтүстік Ирландия – 13 438 шаршы шақырым. Англияның
оңтүстік жағалауынан Шотландияның ең шеткі солтүстік нүктесіне
дейінгі қашықтық 960 шақырым, ал Англияның шығыс жағалауымен Батыс
Уэльс ара-қашықтығы – 480 шақырым. Жалпы құрлықтық шекарасы – 360
шақырым. Жағалау сызығы – 12429 шақырым. Ең жақын орналасқан көршілес
мемлекеттерге оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы – Франция және Бельгия
елдері жатады. Оңтүстікке қарай Ирландия орналасқан.
Елді қоршаған теңіздер қатпайды, бұл Ұлыбританияның сыртқы
экономикалық байланыстарын және экономикасын дамытуға өте қолайлы.
Жағалау сызығы – тілімденген, көптеген ыңғайлы шығанақтарында елдің
порттық-өнеркәсіптік орталықтары қалыптасқан. Теңіз табиғат жағдайлары
кешеніне, ауыл-шаруашылығына, көлік жүйесіне және шаруашылықтың басқа
да салаларына тікелей әсер етеді.
Ұлыбритания Европаны ең басты ластаушылардың бірі, оның
аймақтағы қоршаған ортаны ластаудағы үлесі - 16%-ды құрайды (2-ші
орын, Германиядан -26% кейін). Ауа бассейні де қатты ластанған, ең
қиын экологиялық жағдай Европадағы ірі астаналық агломерация
орналасқан – оңтүстік-шығыста. Солтүстік теңіздегі кен орындарын
пайдалану нәтижесінде мемлекет жағалауларында бірнеше супертанкерлер
апатқа ұшырады. Ең ірі апат 1967 ж. болды, нәтижесінде теңізге 120
мың тонна мұнай түсті, 1993 ж. Шетландия аралдары маңында Браер
танкері апат тапты.
Батысевропалық мемлекеттермен бірге Ұлыбритания да экологияны
жақсартуға көптеген шаралар қолдануда. Қоршаған ортаны қорғау бойынша
ең алғашқы Бағдарлама Евроодақпен бірге 1973ж. қабылданды.
Ұлыбритания жер бедерінің әралуандығымен ерекшеленеді: солтүстікте
және батыста таулық жер бедері, оңтүстікте және шығыста жазық
жерлер басым. Елдің орталық бөлігін Пеннин таулары алып жатыр(орташа
биіктігі 500-800м.) Негізінен таулы аймаққа Шотландия (елдің ең
жоғарғы нүктесі – Бен-Невис тауы, 1343 м, ең төменгі нүктесі – Фенланд,-
4м.) жатады. Уэльстің көп бөлігін Кембрий таулары алып жатыр. Уэльстің
оңтүстік-шығысында жасыл жазықтар, ірілі-кішілі өзендер таралған.
Негізінен жазықты жерлер Ұлыбританияның оңтүстік-шығысында және
орталығында кездеседі..
Елдің шаруашылыққа жарамды жерлерінің 25%-ын шабындықтар, 46%-ын
жайылымдар, 10%-н орман құрайды. Қалған 19%-ы басқа салаларға
арналған.

1.1 Пайдалы қазбалары

Ұлыбритания тас көмірге бай, барланған қоры – 45 млрд т,
жобаланған қоры – 190 млрд т. Оның ірі кен орындары үш таскөмір
бассейндерінде таралған: Пеннин тауларының етегінде орналасқан Йоркшир
және Нортумберленд-Дарем, Уэльский тауларының оңтүстік қыратындағы
Оңтүстік-Уэльс кен орындары. Таскөмір бассейндері өнеркәсіптік
өндірістің және өнеркәсіптік аудандардың қалыптасуында маңызды роль
атқарды және кен орындарының көпшілігінің теңіз жағалауына жақын
орналасуы тасымалдауға қолайлы болды. Осыған байланысты кезінде
Ұлыбритания ірі көмір экспортері болды.
1960-70 жылдары Солтүстік теңіз түбі қайраңынан мұнай мен
табиғи газдың ірі қорлары табылды. Осыған байланысты Ұлыбритания
Норвегиямен бірге европалық мемлекеттер арасындағы мұнай мен газдың ірі
өндірушісі мен экспортеріне айналды. Бұл кен орындары Англияның
оңтүстік-шығысы мен Шотландияның солтүстік-шығысы жағалауларына жақын
орналасқан. Мұнайдың барланған қоры – 2,9 млрд т, жобаланған қоры – 7
млрд т. Мұнай 1975 жылдан бастап 62 кен орындарында өндіріліп
келеді, ең ірілеріне Фортис, Брент, Ниниан, Пайпер, Берил, Статфьорд
және басқалары жатады.
Газдың барланған қоры – 1,9 трлн м³, жобаланған қоры – 3,8 трлн м³.
Негізгі кен орындары – Леман, Индефатигэйбл, Хеветт және т.б. Газ
өндіру 1960 жылдан басталды, оған дейін газ көмірден өндірілді.
Ұлыбританияда темір рудаларының ірі қорлары бар, оның жобаланған
қоры – 5 млрд т( жартысына жуығы барланған қорға жатады). Темір
рудасының басты кен орны Нортгемпширде орналасқан. Түсті
металлдардан қалайы Корнуолл түбегінде, қорғасын-мырыш және жез
рудалары елдің орталық бөлігінде кездеседі.
Жалпы металлургиялық өнеркәсіптің ресурстық қоры нашар және
сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды.
Басқа пайдалы қазбалардан Корнуэллдегі каолин кен орнын айтуға
болады, Чешир мен Даремде тас тұзы, Йоркширде калий тұзы
өндіріледі. Минералдық-ресурстық қордың кедейлігінен ел импортқа қатты
тәуелді.

2. Климаты

Ұлыбританияның климаты – теңіздік, өте ылғалды, қысы жұмсақ, жазы
салқын. Батыстағы таулар мұхиттан келетін мол жауын-шашынға кедергі,
сондықтан елдің батыс бөлігі өте ылғалды (жылына 2000-3000 мың мм);
шығыс және оңтүстік-шығыс құрғақ келеді (жылына 600-700 мм), бір жылдағы
жаңбырлы күндердің саны – 204. Ең ылғалды қалаларға Ливерпуль және
Манчестер жатады, осында жаңбыр жылына 200 күннен артық жауады. Қар
жамылғысы қарашадан мамырға дейін жатады. Ал әйгілі Лондон тұмандары
пеш түтінінің ылғалды ауамен қосылысынан пайда болады, бірақ қазір
қала үйлерінде пештердің орнына орталық жылу беру жүйесі
қолданылады, сондықтан соңғы бір жарым ғасырда Лондондағы түтін
көлемі едәуір азайды.
Солтүстік-Атлантикалық ағыстың әсерінен қаңтардың орташа
температурасы +3º, +5,5º. Жазы салқын, шілденің орташа температурасы
+16º, +17º. Қысы жаңбырлы, қар сирек жауады.

3. Ішкі сулары

Ұлыбритания аумағымен негізінен суы мол, бірақ ұзындығы қысқа
өзендер ағады: Шотландиядағы Клайд, Форт, Твид; Англия мен Уэльстегі
Тайн, Трент, Хамбер, Северн және Темза; Солтүстік Ирландиядағы Банн
және Логан және т.б. Ең ұзын өзендері: Северн – 354 шақырым және
Темза – 340 шақырым. Өзендер негізінен жаңбырмен қоректенеді, қатпайды.
Тауларда көлдер жиі кездеседі, шығу тегі мұздық және тектоникалық-
мұздық. Ең ірілері: Лох-Ней, Лох-Ломонд, Лох-Несс. Кең таралған балық
түрлеріне шортан, хариус, камбала, макрель, пикша жатады. Елдің таулы
солтүстік бөлігінде өзендер СЭС құрылысында пайдаланылады. Су
ресурстарының молдығына қарамастан кей аудандарда, әсіресе оңтүстік-
шығыста судың жетіспеушілігі байқалады.Өзендердің көпшілігі кеме
жүзуге жарамды каналдармен қосылған. Ел аумағы бойынша тартылған
каналдардың жалпы ұзындығы 350 шақырымды құрайды.

1.4 Өсімдік – жануарлар әлемі

Ұлыбританияға мәдени ландшафт тән, тек таулы аймақтарда табиғи
өсімдік жамылғысы сақталған. Орман ресурстары елдің 9% ғана құрайды.
Солтүстікте қарағай, емен, қайыңдардан құралған аралас ормандар басым,
оңтүстікте – жалпақ жапырақты ормандар таралған. Орманының аздығына
қарамастан Ұлыбритания аумағында әр түрлі саябақтар кеңінен
таралған.
Елдің фаунасында жануарлар басым: түлкі, қоян, т.б.. Шотландияда
тауларында әлі күнге дейін бұғылар кездеседі, кемірушілерден тышқан
тұқымдастары, тиіндер, бауырымен жорғалаушылардан жыландардың үш түрі,
бақаның бес түрі таралған.
Құс әлемінде (200-ден астам түрі кездеседі) негізінен жабайы
көгершін, вальдшнеп, қызылкеуделі зарянка кездеседі. Қызылкеуделі зарянка
– Англияның ұлттық құсы.
Британ аралдарындағы гүл жамылғысы әр түрлі. Әсіресе роза гүлі
басым , елдің ұлттық нышаны болып табылады. Англия және Уэльс
жазықтарында жабайы нарцисстер өседі. Тау етектерінде қара Ольха
жиі кездеседі, бұл ағаштың биіктігі 35 метрге дейін барады, 300 жылға
дейін өмір сүретіндері бар.

2 Халқы

Ұлыбритания халқының саны - 59,3 млн адам (2003). Халықтың саны
бойынша әлем бойынша 17-ші орында, ал Европада тек Германияға ғана
жол беріп, Франция және Италия халқымен шамалас. Болжамдар
бойынша 2010 жылы халық саны 61,3 млн адамға жетуі мүмкін. Англияда
мемлекет халқының 83%-ы, Уэльсте - 5%, Солтүстік Ирландияда - 3%, ал
Шотландияда - 9%-ы тұрады. Соңғы онжылдықта демографиялық жағдайда
туу және табиғи өсім көрсеткіштері төмендеді: 1000 тұрғынға туу
көрсеткіші 13 адамды құрайды, өлу – 11, ал табиғи өсім – 2 адам.
Халықтың жас құрылымында кәрі халық саны артты және бала
жастағылардың көлемі азаюда (15 жасқа дейінгі балалар халықтың 18,89%-
ын құрайды, 16 дан 64 жасқа дейінгілер – 65,41%, 65 жастан жоғары халық
саны – 15,7%). Халықтың қартаю процессі өмірдің орташа ұзақтығының
артуымен байланысты: еркектерге – 74 жас, ал әйелдерге – 79. Бала өлімі
санынан – Европада ең төменгі орындардың бірін алады – 1000 тұрғынға –
6 адам.
Халықтың этникалық құрылымында ақ тұрғындар (94,5%) басымырақ
және басқа этникалық топтар: негрлер, үндістер, пакистандықтар, қытайлар
және басқалары (5,5%). Этникалық ағылшындар рим, кельт және герман
(англосаксон) тайпаларының араласуы нәтижесінде қалыптасты. Ағылшын
тілі герман тілдерінің солтүстік-батыс тобына кіреді.
Уэльстіктер, шотландықтар кельт халқына жатады. Бүкіл әлемге
шотландық еркектер өздерінің ұлттық ерекшеліктері: юбка (килт)
киюлерімен және волынка аспабында ойнаумен әйгілі.
Тұрғындардың 81,5%-ы – ағылшындар, 9,6% - шотландықтар, 2,4% -
ирландықтар, 1,9% - уэльстіктер, қалған 2,8%-ын басқа елден келгендер
құрайды. Англикан дінін ұстанатындар – 27 млн, католиктер – 9 млн,
мұсылмандар - 1 млн, пресвитериандар – 800 000мың адамды
құрайды.Ұлыбританияда халық тығыздығы жоғары – 1 шаршы шақырымға 240
адамнан (Европа елдеріндегі орташа көрсеткіш – 153), Англияда – 350-ден
жоғары, Уэльсте – 130, Шотландияда және Солтүстік Ирландияда – 1 шаршы
шақырымға 100 адамнан келеді. Ел өзінің жоғары урбандалуымен де
ерекшеленеді: қалаларда халықтың 90%-ы тұрады. Ұлыбритания аумағында
халқы 1 млн адамнан асатын 8 қала агломерациялары қалыптасқан: Үлкен
Лондон, Батыс-Мидленд (орталығы – Бирмингем), Мерсесайд (Ливерпуль),
Үлкен Манчестер, Батыс-Йоркшир (екі орталық – Лидс және Брадфорд),
Оңтүстік-Йоркшир (Шеффилд және Ротерем), Клайдсайд (Глазго), Тайнсайд
(Ньюкасл-апон-Тайн). Халықтың ½ ірі қалаларда тұрады.
Халықтың 10%-ын негізінен Бірлестік елдерінен (Индия, Пакистан,
Кариб бассейні елдері) көшіп келген келімсектер құрайды.
Келімсектердің басым бөлігі Үлкен Лондонда (олардың жалпы санының ½
бөлігі), Батыс Мидлендте және Ливерпульде шоғырланған. Олардың
Ұлыбританияға жаппай көшуі 1950-60 жылдарға келді.
Еңбекке жарамды халықтың 70%-ы материалдық емес сферада, әсіресе
қаржы саласында жұмыс атқарады. Материалдық өндіріс саласында
жұмысқа жарамдылардың 20%-ы тартылған. Аграрлық салада - 1%.

Өмір сүру сапасының көрсеткіштері бойынша Ұлыбритания жоғары дамыған
елдер қатарында тұр, урбандалу деңгейі – дүние жүзіндегі ең жоғары
көрсеткіштердің бірі - 89%. ХІХ ғ. ортасында ел тұрғындарының
жартысына жуығы қалаларда өмір сүрді, ал ХХ ғ.б. - 75% (АҚШ-та қала
тұрғындарының үлесі тең жартысына тек 1920 ж. ғана жетті).

3 Мемлекеттік құрылысы

Ұлыбритания - парламенттік монархия. Мемлекет басшысы –
король(королева). Корольдық билік өмірбақи болып саналады және
монархтың тура ұрпақтарына мұрагерлік арқылы беріледі. Король
(королева) сот жүйесінің басшысы, қарулы күштердің жоғарғы бас
қолбасшысы, мемлекеттік англикан шіркеуінің және бірлестіктің басшысы
болып табылады. Король премьер-министрді, министрлерді, дипломаттарды,
әскер офицерлерін, епископ және архиепископтерді, губернаторларды
тағайындауға, ұлтаралық келісімдерді жүргізуге, соғыс және
бейбітшілік жариялау құқықтарына ие. Бірақ шындығында ағылшын
корольі – тек номиналды мемлекет басшысы (билейді, бірақ басқармайды);
бүкіл билік атқарушы биліктің – министрлер кабинетінің қолында.
Атқарушы билік:
мемлекет басшысы: ІІ Елизавета королевасы (1952 жылдың 6-шы ақпан
айынан); престол мұрагері принц Чарльз (королеваның ұлы, 1948 ж. 14-шы
қарашасында туды); үкімет басшысы: премьер-министр – Гордон Браун (1951
ж. 20 ақпанда Шотландияда туды, 2007 ж. 27 маусымда ресми түрде
Ұлыбританияның премьер-министрі атанды).
үкімет: министрлер кабинеті (премьер-министрмен тағайындалады);
Заң шығарушы билік екіпалаталық парламенттің құзырында. Жоғары
палатаға (лордтар палатасы) 1000-ға жуық мұрагерлік құқық арқылы
лорд, басқа аристократия өкілдері, екі архиепископ және 24 епископ
кіреді (оның ішінде 577 өмірбақи мүшелер); төменгі палата ашық және
құпия сайлау арқылы бес жылға сайланатын 659 депутаттан құралған.
Заң бойынша төменгі палатаға сайлану құқығына 21 жасқа толған әрбір
британ азаматы ие. Атқарушы билік - министрлер кабинетінің (20 шақты
адам) және үкіметтің (100 шақты адам) құзырында. Үкімет құрамына
кіреді: департаменттік министрлер (кейбіреулері мемлекеттік хатшылар болып
аталады), департаменттік емес министрлер (Ланкастер герцогтігінің
канцлері, мөрді сақтаушы-лорд, бас қазынашы), және лорд-канцлер, сот
басқармаларының басшысы, мемлекеттік министрлер және кіші министрлер
(мемлекеттік хатшылардың орынбасарлары және парламенттік хатшылар).
Үкіметті премьер-министр басқарады. Премьер-министр – парламенттегі
көпшілік партиясының көшбасшысы. ХVIII ғ. басынан атқарушы биліктің
жоғарғы органы – министрлер кабинеті.
Парламенттегі билік үшін күресте негізгі рольді екі партия
ойнайды: ХХ ғ. дейін консерваторлар – аристократия және либералдар
партиясы (консервативтік партия 1867 ж. құрылған, 1979 жылдан билік
басында болды; 300 мыңға жуық өкілдері бар). 1997 ж. билікке
лейбористік партия келді (1890 ж. құрылған, 260 мыңнан жоғары өкілдері
бар). Солтүстік аудандарда және ірі қалалардың орталығында
лейбористер басым, ал оңтүстікте, агломерациялардың қала маңы
аудандарында – консерваторлар көбірек. 1997 жылғы мамыр сайлауында,
консерваторлардың 18-жылға созылған басқаруынан кейін, лейбористер
үлкен басымдылықпен ірі жеңіске жетті.
Ұлыбританияның құрамына Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік
Ирландия кіреді. Англия және Уэльс - 54 графтіктерге, Шотландия – 9
облыстарға, Солтүстік Ирландия – 26 округтерге бөлінген.
Ұлыбританияның отарлы аймақтарына негізінен аралдар жатады:
Ангилья, Бермуд, Британдық Виргиндік, Кайман, Теркс және Кайкос,
Монтсеррат, Фолкленд, Питкерн, Хендерсон, Қасиетті Елена, Гибралтар,
Гернси, Джерси, Мэн, Оңтүстік Георгия және Оңтүстік Сандвичев аралдары.
1982 ж. Аргентинаға қарсы әскери әрекетінде Ұлыбритания Фолкленд
аралдарын өзіне тартып алды (аралдар көптеген уақыт бойы даулы
аймақ болып саналды). Екі мемлекеттің аталған аймақ үшін таласуының
негізгі себебі – ол аралдың солтүстік қайраңында мұнай қорының
табылуы.

4 Тарихы

Қазіргі Ұлыбритания аумағында римдіктердің келуіне дейін
бриттердің кельт тайпалары мекендеді. Мемлекеттің алғашқы нышандары
мұнда Юлий Цезарьдің Британияға (б.д.д. 55-54 жж.) жорығынан кейін
пайда болды. Лондиниумнің де (қазіргі Лондон) негізін қалаған Цезарь.
Бес ғасырдан кейін Британияны солтүстік-герман варвар тайпалары
басып алды: англ,сакс және басқалары. Англия атты корольдік ІХ ғ.
пайда болды. Хғ. Ағылшын заңдарының бірінші жинағы құрастырылды.
ХІғ. Корольдікті норманндар жаулап алады. Вильгельм І Англия королі
және Нормандия династиясының негізін қалаушы болады. Осы уақыттан
бастап Англия мыңжылдар бойы сыртқы шапқыншылыққа ұшырамаған
Европадағы жалғыз мемлекет болып саналды. 1284 ж. Ағылшын корольдығы
Уэльсті жаулап алады, ал 1536 ж. ол елдің құрамдас бөлігі болады. 1707жылғы
англо-шотландия келісімінен кейін біріккен корлольдіктің аты ресми
түрде Ұлыбритания атала бастады. 1801 ж. елге бүкіл Ирландия аралы
қосылады, бірақ оның көп бөлігі 1921 мемлекет құрамынан шығып кетеді. Арал
Ұлыбританияның құрамында қалған Солтүстік Ирландия және тәуелсіз Ирландия
мемлекетіне бөлінеді.
ХVІІІ-ХІХ ғғ. Жаңа заман дәуіріндегі ең жоғары дамыған мемлекет
болып Ұлыбритания саналады. Дүние жүзіндегі ең ірі флотқа ие
болған (әрбір 10 кеменің 9-ы ағылшындардікі болды) және әлемдік теңіз
жолдарын бақылауда ұстаған Ұлыбритания көлемді және бай отарларды
өзіне бағындырып ХІХ ғ. басында бірінші отарлы империяға айналды.
Ұлыбританияның күштілігінің негізгі себебі осы отарлы аймақтарды
толықтай пайдалануы болып есептеледі. Нағыз гүлденген уақыты –
Викториан кезеңіне (1837-1901 жж., ағылшын патшайымы Викторияның
басқарған кезі) сәйкес келеді. Осы кезеңде Британия империясы дүние
жүзіндегі ең ірі болып саналды. Ұлыбританияның өзі ғана әлемдік
өнеркәсіп өндірісінің 13 берді, ал Лондон бірінші әлемдік қала және
әлемнің қаржылық астанасы дәрежесіне қол жеткізді. Бірақ ХІХ ғ.
екінші жартысында Ұлыбританияда жас бәсекелес пайда болды – ол
тәуелсіздікке қол жеткізген Америка Құрама Штаттары.
ХХ ғ. басында АҚШ, одан кейін Германия да Ұлыбританияны
өнеркәсіптік даму бойынша басып озады. 1930 жж. дағдарыс ел
экономикасына ауыр тиді, әсіресе ескі салалар (көмір, кеме жасау,
т.б.) басым аудандар зардап шекті.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ұлыбританияның АҚШ-қа
бағынышты жағдайы байқалды, кейде ол АҚШ-тың 49-шы штаты деп те
аталды ( әлі күнге дейін оның аумағында американдық 30 әскери
базалар орналасқан). Осы жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың күрт өсуі
Британия империясының ыдырауына әкеп соқтырды. Дәл осыдан кейін
Ұлыбритания Бірлестік құру туралы ұсыныс жасады, оның құрамына
бұрынғы отар елдердің көпшілігі кірді. Бұрынғы ағылшын отарлары -
Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Сингапур сияқты елдер қазір
жоғары дамыған, бай елдерге айналды.
Ұлттар Бірлестігі – бұрын Британ империясының құрамында болған,
тәуелсіз мемлекеттер ассоциациясы. Бірлестікке кіреді: Ұлыбритания,
Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік-Африка Республикасы, Индия,
Пакистан, Шри-Ланка, Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия, Сьерра-
Леоне, Танзания, Ямайка, Тринидад және Тобаго, Уганда, Кения, Замбия,
Камерун, Мозамбик, Намибия, Малави, Мальта, Гамбия, Ботсвана,
Гайана, Лесото, Барбадос, Маврикий, Свазиленд, Науру, Тонга, Батыс
Самоа, Фиджи, Бангладеш, Багам Аралдары, Гренада, Папуа-Жаңа Гвинея,
Сейшель Аралдары, Соломон Аралдары, Тувалу, Доминика, Сент-Люсия,
Кирибати, Сент-Винсент және Гренадин, Зимбабве, Белиз, Антигуа және
Барбуда, Мальдив Республикасы, Сент-Кристофер және Невис, Бруней,
Вануату.
Ұлыбританияның ұлттық мейрамы: Королеваның туған күні (маусымның
екінші сенбісінде тойланады).

5 Шаруашылығына жалпы мінездеме

Әлемдік өнеркәсіптік өндірістегі Ұлыбританияның үлесі
төмендегідей өзгеріп отырды: 1820 ж. - 50%, 1900 ж. - 25%, 1937 ж. -
14%, 1990 ж. – 6,4 % , 1996 ж. - 6%. 1970жж. өмір деңгейі бойынша
Ұлыбритания Европадағы орта орындарға шегінді: Франция мен
Германиядан 20 - 25% төмен. 1970 жж. соңы экономиканың барлық
салаларының құлдырауымен ерекшеленді. Жұмыссыздық күрт өсті (орташа
жұмыс күшінің 10%-на дейін, жастар арасында 40%-ға дейін), 1979 ж.
өнеркәсіптік өндіріс 17% дейін төмендеді. Дамыған елдер арасында
әскери мақсаттарға арналған зерттеулерге жұмсалатын қаржы көлемі
бойынша Ұлыбритания 2-ші орын алады. Салалар бойынша қаржыландырудың
33%-ы электронды өнеркәсіпті дамытуға бағытталады, 20 - 24% - химиялық
технологияларға, 16% - аэроғарыштық техникаға, 8% - көліктік машина
жасауға жұмсалады.
1990 жж. әлемдік шаруашылықтың ортақ дағдарысы да елге әсерін
тигізді, бірақ 1992 жылдан мемлекет дағдарыстан біртіндеп шыға
бастайды. Экономиканың дамуы жұмыссыздықтың азаюына себеп болады
(1993 ж. 10,3%-дан 1998ж. 5%-ға дейін).
2005ж. жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші
36,632 АҚШ долларынан асып түсті. Ал ЖІӨ өсімі 2 трлн долларға
жақындады.

5.1 Өнеркәсіп

ЖІӨ-нің құрылымында өнеркәсіптің үлесі 20%-ды құрайды (ауыл,
орман және балық шаруашылығы - 2%, қызмет көрсету - 70%-дан жоғары).
Энергетика. Ұлыбритания энергоресурстарының қоры бойынша Европада
бірінші орын алады, аймақта мұнай, табиғи газ, көмір өндіруден
көшбастайды. Соңғы жылдары өндірген энергия көлемі Германия мен
Францияның қосарласа өндірген энергиясымен шамалас. 2002 ж.
Ұлыбританияның энергия тұтынуында табиғи газ үлесі - 41%, мұнай -
32%, көмір - 16%, атом энергиясы - 9%, гидроэнергия – 0,2%.
Таскөмір өнеркәсібі. Ұлыбритания тас көмірдің қорынан Европада
үшінші орын алады (Германия мен Польшадан кейін). Ел аумағында 6 ірі
көмір бассейні орналасқан. Соғыстан кейінгі уақытта көмір өндіру
күрт төмендеді және 2003 ж. 28 млн т құрады (1970 ж.- 145 млн т, 1913
ж. – 292 млн т). Экспорт көлемі ХХ ғ. басында 110 млн т құраса, 1970
ж. 3 млн т дейін азайды, импорт 1970ж 0,1 млн т-дан 2001 ж. 36 млн т
өсті.
Мұнай өнеркәсібі. Энерготұтынудың жартысын мұнай қамтамасыз етеді,
негізінен өзінікі. 1970 ж. Солтүстік теңіз қайраңында мұнай мен газ
кен орындары ашылғаннан кейін Ұлыбритания әлемдегі басты мұнай
өндіретін елдердің ондығына кіреді. Солтүстік теңіздің британдық
бөлігінде мұнайдың 133 кен орны анықталған, оның барланған қоры 2
млрд т-дан асып түседі. Өндіру алпыс шақты кен орнында жүргізілуде,
оның ең ірілері – Брент, Фортис. Мұнайдың негізгі бөлігі құбырлар
арқылы Европаға жеткізіледі. Экспорт көлемі 80 млн т құрайды,
негізінен Европа елдеріне (Франция, Италия, Нидерланды, Германия)
жеткізіледі. Елдегі мұнай өңдейтін заводтардың көпшілігінің
технологиясы Солтүстік теңіздің жеңіл мұнайына есептелмеген, сырттан
әкелінген мұнаймен ғана жұмыс істей алады, сондықтан импорттау да
сақталған (50 млн т асады), негізінен Таяу Шығыстан. Мұнайөңдеуші
өнеркәсіптің қуаты 100 млн т құрайды. Сырттан әкелінген мұнаймен
ескі орталықтар жұмыс істейді: Милфорд-Хейвен, Пембрук (оңтүстік-батыс
жағалау), Стэнлоу, Тиспорт (Тис өзенінің бойында). Елде жалпы қуаты
жылына 90 млн т асатын 9 мұнайөңдейтін заводтар жұмыс істейді. Олар –
Саутгемптон жанындағы Фолида, Грейнджмут(Шотландияда), Иммингем(Хамбер
шығанағында); Шетландия аралдарындағы Салом-Во аймағы Ұлыбританияның
мұнайлы астанасына айналды. Ағылшындық Бритиш Петролеум мұнай
компаниясы Европадағы ірі мұнай компанияларының ондығына кіреді.
Мұнай мұнайөңдеуші заводтарға құбырлар арқылы жеткізіледі, олардың
ұзындығы 2,5 мың шақырымнан асады.
Газ өнеркәсібі. Солтүстік теңіздің британдық бөлігінде барланған
қоры 2 трлн м³ жақын газдың 80 кен орны ашылған, онда газ өндіру
1960 ж. ортасында басталды, қазір 37 кен орны пайдалануда,
өндірілгеннің ½ жетеуі береді, оның ішінде – Леман-Бенк, Брент,
Моркэм. 1990 – 2003 жж. аралығында өндіру көлемі 11 ден 103 млрд м³
дейін өсті. 2003 ж. газдың экспорты 15, ал импорт – 8 млрд м³
құрады. Газ су асты құбырлары арқылы Норвегиядан импортталады (газдың
астанасы болып оңтүстік-шығыс жағалаудағы Бактон саналады).
Электроэнергетика. Соңғы онжылдықтарда Ұлыбританияда көптеген
ұсақ ЖЭС жабылды, олардың орнына ірілері келді (қуаты 1,5 – 2 млн
кВт). 2003 ж. елдегі шығарылған электроэнергия - 395 млрд кВт · с, 75%
- ЖЭС (37% - газ, 33% - көмір, 4% - мұнай), 22% - АЭС. Ірі
электроэнергетикалық аудандар Трент өзенінің жағалауындағы Йоркшир
таскөмір бассейнінің маңында, Үлкен Лондонда және Оңтүстік Уэльста
қалыптасқан.
Шетелдік елдер арасында Ұлыбритания бірінші болып АЭС құрды
(1956 ж. Колдер-Холде). Қазір қуаты 14 млн кВт құрайтын 12 АЭС жұмыс
істейді. АЭС елді мекендерден алыста, жағалау бойында, басқа
энергия көздері тапшы аудандарда орналасқан.
Электроэнергияның экспорты – 265 млн кВт·с, импорты – 14,5 млрд кВт·с
(1999)
Қара металлургия – Ұлыбританияның ежелгі салаларының бірі. ХХ
ғ.б. мемлекет АҚШ, Германия, Бельгия және Люксембургпен бірге
әлемдік өнімнің 80% берді.
1970 жж. б. болат өндірудің көлемі 30 млн т құрады, кейін ол
екі есе азайды – 2001 ж. 13,5 млн т дейін. Оның жартысына жуығын
Ұлыбритания ЕО елдеріне экспорттайды. Темір рудаларының қоры
бітуге тақағандықтан, оның 80%-ы Канада, Бразилия, Швециядан
импортталынады.
Қара металлургияның отаны Мидленд болып саналады, осында өзінің
шикізатының негізінде Бирмингемде, Вулвергемптонда, Корбиде,
Сканторпеде алғашқы болатөндіретін заводтар ашылды; Шеффилд ұзақ
уақыт бойы қара металлургияның астанасы болып саналды. Импорттық
шикізатқа көшуге байланысты портты қалаларда ірі өндіріс орталықтары
ашылды: елдің солтүстік-шығысында Мидлсборо және Ньюкаслде, Оңтүстік
Уэльстегі Порт-Толботта, Глазго ауданында және т.б. Ірі мемлекеттік
компания Бритиш Стил Корпорейшн - әлемнің төртінші болатөндіретін
компаниясы – бүкіл болат пен прокаттың 75% өндіреді.
Түсті металлургия – негізінен импорттық шикізатта жұмыс істейді.
Алюминий (1999 ж. 272 мың т), никель, қалайы өндіріледі. Түсті
металлургияның басты орталықтары – порттық өнеркәсіптік кешендер:
Оңтүстік Уэльс, Мерсейсайд, Үлкен Лондон және Батыс Мидленд аймағы.
Алюминий негізінен Шотландиядағы СЭС маңында өндіріледі, бірақ
солтүстік-шығыстағы Линмут атом станциялары аумағындағы және Ангсли
аралындағы Холихед орталықтары үлкен маңызға ие.
Химия өнеркәсібі – Ұлыбританияның әлемдік мамандану саласы. Бұл
неғұрлым дамып келе жатқан салалардың бірі, жоғары экспортпен
ерекшеленеді: өнімнің 40% экспортқа кетеді. Химиялық өнеркәсіптің
көлемінен мемлекет Европада 3-ші орында (Германия мен Франциядан
кейін). Ұлыбританияның химиялық өнімдерінің жартысын беретін және әлемнің
үздік химиялық корпорацияларының ішінде 6-шы орын алатын - Империэл кемикл
индастриз - елдің негізгі химиялық корпорациясы болып табылады.
Химиялық өнеркәсіптің салалық құрылымы әр түрлі: синтетикалық
талшықтар, пластмасса, жаңа бояулар, ааэроғарыштық өнеркәсіпке арналған
жасанды талшықтар және электроника, фармацевтика (ел оның әлемдік
экспортының 12% береді) және т.б. Соңғы жылдары импорттық шикізаттан
алынатын минералдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аустралия
Ұлыбритания мемлекеті
Батыс Еуропа
Австралия Одағы
Ауыстраля одағы
Ұлыбритания
Австралияның экономикалық- географиялық жағдайы
Австралия кқұрлығы
Мадагаскар және Ұлыбритания аралдарына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама
Австралия жайлы
Пәндер