Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы . . . 8

1. 2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түрлері . . . 13

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА БЕРІЛЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР

2. 1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының халықаралық құжаттармен реттелуі . . . 24

2. 2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуі . . . 28

2. 3. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының артықщылықтары мен иммунитттерінің қазіргі кездегі алғышарттары . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екі жақты және көп жақты қарым-қатынасын жүзеге асыру мемлекетіміздің дипломатиялық қызмет орындарына жүктелген, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар шет мемлекеттерге ресми өкіл ретінде дипломатиялық немесе консулдық имунитет пен артықшылықты пайдаланатыны белгілі. Дипломатиялық имунитеттермен артықшылықтардың заңдық ұғымының қалыптасуымен олардың теориялық құқықтық негіздемесін білу, оларды тәжірибе жүзінде дұрыс әрі аса тиімді қолдану үшін қажет. Бұл мәселе ерте заманнан келе жатса да, өзінің өзектілігін жоғалтпаған. Өйткені, мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық тәжірибесінде тарихи даму кезеңінің әр сатысында имунитеттермен артықшылықтарға қатысты жаңа шешімін таппаған немесе теориялық негіздеуді қажет ететін сұрақтар туындап жатады. Себебі, дипломатиялық қатынастар пайда болғалы бері оған қатысты тәжірибелік мәселелердің де аясы кеңіп келеді.

Жаңа саяси-құқықтық бағам тұрғысынан халықаралық құқықтың маңызы мен рөлін терең түсіну керек, оның мемлекетішілік құқықпен өлшенген арақатынасы да маңызды проблема болып табылады.

Аталған проблемалық аспектілер көпшілікке таралған сапаға ие және шын мәнінде халықаралық құқық институтына қатысты. Алайда біздің еліміздің көптеген жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саяси-құқықтық және сыртқы дипломатияға ерекше мән беруімен байланысты болып отыр. Республикамыздың табыстары мен жетістіктерінің белгілі-бір үлесі қазақстандық дипломаттарға тиесілі, олар қайта құру кезеңінде өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып, өз еліне күрделі экономикалық дағдарыстан шығуға көметесті.

Дипломатиялық имунитеттер мен артықшылықтарды шектеу үрдісіне негізінен егеменді болған мемлекеттер жақын келеді. Мұны олардың көбіне-көп тіркеуші мемлекет ретінде емес, дипломатиялық қатынасқа келген мемлекет ретінде мәжбүрлі түрде қатысумен түсіндіруге болады. Өйткені олардың алдында тұрған қаржылық және кадр проблемалары дамыған мемлекеттермен қатар шетелде дипломатиялық өкілдікті ұстап тұруға мүмкіндік бермейді, Мысалы, егеменді бірқатар мемлекеттер бір тарапты тәртіпке шетелдің дипломатиялық өкілдіктерінің персонал санына квоталық шектеулер бекіткен жергілікті лауазымды адамдармен дипломаттардың байланыс жасауына шектеулер енгізілген, шетелдік дипломаттардың жүріп-тұруына рұқсат беру немесе хабарлау тәртібі көзделген шетелдің дипломатиялық поштасын қарау

Курстық жұмысы тақырыбының зерттеу дәрежесі. Бұл жұмыста қолданылған теориялық материал, жұмыстың тақырыбының ғылыми өңделу жағдайы біздің тақырыбымыздың тек жеке бөліктерін бейнелейтінін көрсетті:екі жақты және көп жақты халықаралық ыетымақтастық, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметі мен дипломатиясы, дипломатиялық персоналдың халықаралық-қылмыстық жаупкершілігі және т. б. аталған бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулерді қазақстандық ғалымдар, көрнекті қоғам және мелекет қайраткерлері: Қ. К. Тоқаев, М. А. Сәрсенбаев, Қ. А. Маханова, М. Б. Құдайбергенов, А. Х. Арыстанбекеова, Ж. О. Құлжабаева, Д. Т. Тасмағанбетова, Г. А. Машинбаева, С. Ж. Айдарбаев және т. б. жүргізді.

Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің маңызды мәселелерін зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа тікелей жетуге мынадай мәселелерді зерттеу әсер етеді:

  • Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түсінігін ашу;
  • Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтардың түсінігін, мазмұнын және негіздерін анықтау;
  • халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының халықаралық құжаттармен реттелуін ашу;
  • халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының ұлттық деңгейде реттелуін зерттеу болып табылады.

Зерттеудің объектісі ретінде Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің құқықтық реттелуіндегі пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады.

Курстық жұмысы зерттелуінің әдіснамалық негізі. Халықаралық-құқықтық, саяси-құқықтық, философиялық, әлеуметтік және т. б. дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтар институты қолданатын басқа да ғылыми дәйектемелер, мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды зерттеудің жалпы ғылыми және диалектикалық үйлестікке қазақстандық қана емес, халықаралық едәуір толық және сыни тұрғыда қарастыруға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден басталып, екі тараудан, бес бөлімнен, қорытындыдан және пайдалнылған әдебиеттер тізімімен қамтылған.


I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы

Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы - шаруашылық өмірді көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органда құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделенуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты [1, 17 б] .

Халықаралық ұйымдарды құрудағы жеңілдіктер қатарына сол уақыттың өзінде халықаралық құқықтың бірқатар нормалары мен институттары қызметінің қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864ж. ), халықаралық телеграф одағы (1865ж. ), Дүниежүзілік почта Одағы (1874ж. ), Халықаралық өлшем және салмақ Комитеті (1875ж. ), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886ж. ), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890ж. ), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890ж. ) жатады.

Кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны жедел қарқынмен арта түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 2 мыңға жуықтады.

Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі. Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді. Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды.

Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісіедер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.

Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты халықаралық ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға ұмтылса, басқа біреулері өз қызметтерін доғарады.

Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдары халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді.

Енді халықаралық ұйымдар түсінігінің негізгі бес белгісін қарастыруға болады.

  1. Келісімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі.
  2. Белгілі мақсаттардың болуы. Белгілі бір мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.
  3. Өзіне сай ұйымдық құрылымы, яғни ынтымақтастық механизмін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
  4. Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы, олардың құқықтық еркі бар заңды тұлға ретінде қалыптасуы.
  5. Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы, яғни өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары шеңберінде жүргізуі.

Халықаралық ұйым дегеніміз - халықаралық құқық субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері бар, халықаралық құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т. б. ) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық ұйымдар ХIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықаралық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 жылы швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 жылы Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жүмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 жылы құрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған 1 -ші және 2- ші дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 жылы Ұлттар Лигасы құрылды. 1945 жылы Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. ХХ ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. ХХI ғасырдың басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді [2, 89 б] .

Олар:

1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945) . Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде - орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.

2. Халықаралық валюта қоры (1945) . Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.

ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.

ХВҚ-ның негізгі міндеттері:

халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;

халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;

Ммүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;

көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу

мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну;

халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру.

Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995),

Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949),

'Мұнай экспорттаушыелдер ұйымы (ОПЕК, 1960) және т. б.

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді, үкіметаралық ұйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламентаралық одақ (1889),

Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894) . Халықаралық Олимпиада комитеті (қыс. ХОК) - халықаралық ұйым, Олимпиада ойындарын қайта дамыту және олимпиадалық қозғалысын насихаттауға құрылған ұйым. Комитеттің штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан. ХОК 1894 жылдың 23 маусымында барон Пьер де Кубертенмен және Деметриус Викеласпен Париж қаласында құрылған. Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады. Қазіргі кезде оған 205 ұлттық олимпиада комитеті мүшелік етеді (бірақ, Кувейт 2010 жылы мүшелік етуді уақытша тоқтатты) .

ХОК әр төрт жылда бір рет жазғы және қысқы қазіргі Олимпиада ойындары мен жасөспірімдер үшін Олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Халықаралық олимпиада комитетімен ұйымдастырылған алғашқы жазғы Олимпиада ойындары 1896 жылы Грекиялық Афинада өткізілді, ал алғашқы қысқы ойындар Франциядағы Шамони қаласында 1924 жылы өтті. 1992 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындары бір жылда өткізілетін еді. Бірақ, 1992 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар араға екі жыл салып өтіп тұрады. Алғашқы жазғы жасөпірімдер Олимпиада ойындары 2010 жылы Сингапур қаласында өтті, ал қысқы 2012 жылы австриялық Инсбрукте.

3. Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес.

Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. [1] Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

1. 2. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларына берілетін негізгі артықшылықтар мен иммунитеттердің түрлері

Иммунитеттің халықаралық құқықта мемлекет иммунитеті және дипломатиялық иммунитет деп аталатын түрлері де бар.

Мемлекет иммунитеті - дербес мемлекетті шет ел сотының соттамайтындығын білдіреді. Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі БҰҰ Жарғысымен баянды етілген мемлекет егемендігі болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:

а) шетел заңнамасының қолданысынан қорғалу иммунитеті, бұл иммунитет бойынша өзінің қатысуымен жасалған келісімшартта мемлекеттің айқын көрсетілген келісімінсіз келісімшарт қатынастарын басқа мемлекеттің құқығына бағындыруға болмайды. Сондықтан бір тарабы шет мемлекет болып табылатын қайсыбір азаматтық-құқықтық келісімшартта қолданыстағы құқық туралы ереже болмайды, мұндай келісімшарттың осы мемлекеттің құқығына бағынуының анық-қанығын анықтау (презумпция) қолданылады;

ә) сот иммунитеті немесе тар мағынада алғанда заңи хұкімдік иммунитет, яғни шет мемлекет сотының соттамайтындығы. Сот иммунитеті негізінде мемлекетті шет ел сотында немесе оның төрелік сотында жауапкер ретінде тарту мүмкін емес. Егер мемлекет қайсыбір нақты жағдайда сот талқылауында талапкер болса, бұл мән-жай оған қарсы талап қою үшін құқықтық негіз болып есептеле алмайды. Мұндай жағдайда да оның арнаулы келісімі қажет етіледі;

б) талапты алдын ала қамтамасыз ету иммунитетінің мәні мынада: сот талабы болған және оны шет ел сотында қарауға мемлекет келісім берген жағдайда шет ел соты мемлекеттің мүлкін қамауға алу және басқа осындай шаралар түрінде қамтамасыз етуге тіпті де құқылы емес;

в) сот актісінің күштеп атқарылуынан қорғалу иммунитетінің мазмұны жоғарыда айтылғанмен ұқсас, оның айырмашылығы тек мынада ғана: алғашқысы соттың қайсыбір әрекетін алдын-ала тәртіппен қамтамасыз етуге, ал екіншісі түпкілікті шараларды қамтамасыз етуге бағытталған;

г) мемлекет меншігінің иммунитеті бұрын аталған екі иммунитеттің арасындағы жанама иммунитет, өйткені ол талапты немесе сот шешімін алдын ала немесе мәжбүрлеу тәртібімен тек нақты мемлекеттің мүлкіне (меншігіне) шара қолдануға назар аударту арқылы ғана қамтамасыз ете алады.

Дипломатиялық иммунитет - шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, олардың келген еліндегі басшыларына және қызметкерлеріне берілетін ерекше құқықтар мен пұрсаттылықтар. Бұл иммунитеттің мақсаты - дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Оның заңи табиғаты мынаған негізделеді: бір егеменді мемлекет екінші егеменді мемлекеттің билігіне бағына алмайды, ал дипломатиялық өкілдіктер мен оның дипломатиялық қызметкерлері сол мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады. Дипломатиялық иммунитетті беру тәртібі мен көлемі “Дипломатиялық қатынастар туралы” Вена конвенциясында (1961) айқындалған. Бұл Конвенцияда дипломатиялық иммунитеттер дипломатиялық өкілдіктердің иммунитеттері мен дипломатиялық қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жеке иммунитеттеріне бөлінеді. Алғашқысына мыналар жатады:

дипломатиялық өкілдіктің үй-жайларына қол сұғылмайтындық, мүлік және жүріп-тұру құралдарының, хат-хабар мен мұрағаттардың иммунитеті;

қазыналық (салықтық) иммунитет;

өкілдіктің өз орталығымен және өз мемлекетінің басқа да өкілдіктерімен қарым-қатынас жасау құқығы.

Өкілдіктің үй-жайларына, олардың жиһаз-мүліктеріне, сондай-ақ өкілдіктің жүріп-тұру көлігін тінтуден, реквизициялаудан, қамауға алудан, т. б. қорғалу иммунитеті қолданылады. Қабылдаушы мемлекеттің өкімет орындары дипломатиялық өкілдік басшысының келісімінсіз осы өкілдік аумағына кіре алмайды. Дипломатиялық пошта шексіз тиіспеушілікті пайдаланады және оның салмағына немесе орын санына шек қойылмаған. Дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жеке иммунитетне мыналар жатады:

жеке басқа, тұрғын-жайға тиіспеушілік;

келген мемлекетінің қылмыстық заңи хұкімінен, сондай-ақ атқарушылық әрекетке қатысты тұрғыда азаматтық және әкімшілік заңи хұкімінен толық қорғалу иммунитеті;

қазыналық (салықтық) иммунитет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қарым-қатынастарды реттеу
Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі
Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері
Каспий теңізінің экологиясы мен құқықтық мәртебесі
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Өсімдіктің зиянкеске төзімділігі
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі куәлік иммунитет қағидасы
Имуниттеттің генетикасын зерттеу әдістері
Активті немесе табиғи иммунитет
Ауру қоздырғыштардың физиологиялық рассалары және олардың төзімділікті арттырудағы селекцияны қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz