Тіл дыбыстарын сәбилер тобына дұрыс айтуға үйрету
ЖОСПАРЫ
І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .6-9
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Тіл дыбыстарын сәбилер тобына дұрыс айтуға
үйрету ... ... ... ... ... ... .10-1 2
2.2 Тіл дыбыстарын естиярлар тобына дұрыс айтуға
үйрету ... ... ... ... ... .13-14
2.3 Тіл дыбыстарын ересектер тобына дұрыс айтуға
үйрету ... ... ... ... ... ..15-17
ІІІ ІС –ТӘЖІРИБЕЛІК
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18-30
ІV
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .31-33
V Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .34
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше
екені мәлім. Өйткені тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-
қатынас жасайтын құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы еңбек
процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған. Бұл жөнінде К. Маркс
пен Ф. Энгельс: Тіл де сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл
практикалық сана ... , Тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау
мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туады, - деп көрсете келіп, тіл
мен ойлауды тығыз бірлікте қарастырады. Тіл мен ойлаудың диалектикалық
бірлікте үздіксіз дамып отыратынын айтады. [4]
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіл дыбыстарын дұрыс, анық айтуға
үйрету, балаларды өз ойларын, сөздерін түсінікті жеткізе білуіне
дағдыландыру.
Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде
әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-
құлқының белгілерін бейнелейді.
Тілдің қоғамдық, тарихи құбылыс, халықпен бірге жасасқан қымбат қазына
екенін академик-жазушы С. Мұқанов Сөз советтік Армия деген өлеңінде былай
сипаттайды.
Сөз халықтың қымбаттан, қымбат кені,
Жүректің шахтасынан халық оны,
Мыңдаған жылдар қазып кен тасына,
Тереңнен әрең барып жетті қолы.
Жеткен соң қолы сөздің кен тасына,
Кен күйінде қазына болмасына,
Түсініп, қорытуға әкеп төкті,
Мидың мың градустық домнасына.
Тілдің адам қоғамының, әдебиет пен мәдениеттің өркен жайып дамуымен
бірге дамып, көркейіп, қазіргі толысқан дәрежесіне жеткені бұл өлеңде
осылай әсерлі суреттелген.
Ендеше, тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын,
келекеле біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту
отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте
жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында: Баланы сөйлеуге
үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады,
бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен
таныстыру, - делінеді.
Курстық жұмыстың міндеті: тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны
дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге
үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту-
тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта
келіп: Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай
тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес, - деген болатын.
Сондықтан бұл еңбекте халық ауыз әдебиеті нұсқаларын пайдалану арқылы тілге
үйреті әдістемесіне елеулі орын берілгені табиғи.
Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік
қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Сәбилер тобынан
бастап, балалар сөздерді түрлі грамматикалық категорияларда қолдана
бастайды. Бұл мәселе соңғы кездегі зерттеу - бақылау жұмыстарында анықтала
түсті. Сондықтан тәрбиеші-педгогтар бұл жұмысқа ерекше көңіл бөліп,
баланың қате айтқанын түзете отырып, сөзді грамматикалық формада дұрыс
айтуға үйретеді. Бағдарлама осыны талап етеді.
Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту жұмысында бір
топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап, анықтау керек. Сонда ғана оқыту-
үйрету ісінде неге көңіл бөлуге болатыны айқындалады.
Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі
материалдарға сүйене жүргізеледі.
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
Тіл дамытудың бұл бөлімі баланың сәби шағынан бастап біртіндеп
жетілдіріледі. Ол жөнінде жазылған арнайы зерттеулер мен әдістемелік
құралдар (Н.Х. Швачкин, Розенгарт Пупко, А.Н. Гвоздев т.б.) жеткілікті.
Әдетте бала-бақшада тәрбиеленуші балалардың барлығы дерлік сөздің дыбыстық
жағын жетік меңгеріп, дұрыс сөйлейді. 6 жастағы балалардың 90 %
дыбыстарды дұрыс айтады. Сөзді тіл дыбыстарына талдай біледі.
Дегенмен, кейбір балалардың, әсіресе бақшаға кешірек келгендердің сөз
ішіндегі кейбір дыбыстардың айтылуын, артикуляциясын дұрыс қолдана
білмейтінін де кездеседі. Ондай балалардың көпшілігі р, л, с, ш, з, ж ұяң,
үнді дыбыстарды айтуда қиналады. Сондықтан балабақшада тілдің дыбыстық
жағын қалыптастыруға, ең алдымен сөздің дыбысталуын дұрыс айтуды
жетілдіруге үнемі назар аударылып отыруы тиіс. Ол үшін: сөз ішіндегі
дыбыстарды дұрыс, анық айту, үн, дауыс қарқынын қалыптастыру басты мақсат
болып табылады. Сөздің дыбыстық құрамын меңгеруге ұдайы көңіл бөлініп,
қайталап отырылады.[2]
Сөзді дұрыс естіп, тіл дыбыстарын өзгертпей қайталауға, сөйлегенде
асып-саспай, үн ырғағын өзгерте отырып, анық, ашық айтуға үйретіледі.
Бұл жұмыстар бар сабақтарда жүргізіледі. Логикалық жаттығу жұмыстарын
орындағанда (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер құруда) үн, дауыс қарқынын
өзгерте білу тәсілдеріне жаттықтыру ұдайы ескерілуі керек.
Сөздің дыбысталу, естілу ерекшелігін (фонемалық) байқап, дұрыс айтуға,
дыбыс артикуляциясын жетілдіруге, мәнерлі сөйлеуге мән беріледі.
Балабақшаларда (сәбилер тобы) қазақша ауызекі сөйлеу тіліне үйрету
балалардың қазақ тілінің өзіне тән ерекше дыбыстарын сөз ішінде дұрыс айта
білу қабілеттерін қалыптастырмайынша жүзеге асырылмайды. Дыбыстар
айтылғанда да, естілгенде де өз қалпында дұрыс, дәл айтылып, анық естілуі
керек. Ал дыбыстардың дұрыс айтылмауы балалардың айтатын сөздерінің
мағынасын дұрыс ұғынуға кедергі келтіреді.
Тәрбиешілер балалардың сөзі анық болып шығуы үшін алғашқы сабақтарда-
ақ үйрене бастаған сөздеріндегі айтуға қиын тиетін дыбыстарды толық естіп,
тани білу міндетін жүзеге асыра бастайды.
Балалардың айтуына қиын тиетін дыбыстар тіл қызметінің күрделілігіне
байланысты. Тіл - өте жылжымалы мүше. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін
жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, артқы бөлігі, орта
шені, ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Тілдің ұшы үстіңгі тіске
тиюінен тіс дыбыстары т, д, ал тілдің артқы бөлігінің таңдайға жуықтауынан
тіл арты дыбыстары қ, ғ, тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып,
бүктеліңкіреп айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ү) жасалады.
Қазақ тіліне тән дыбыстардың жасалуында ерін мен иектің қызметі де
ерекше. Ерін де жылжымалы мүше. Мысалы: оның әр түрлі қалыпта қозғалуы,
яғни бірде дөңгеленіп алға созылуы, бірде астыңғы ернінің артқа қарай
тартылуы арқылы ү, ө, дыбыстары жасалады.
Иектің қозғалысы ауыздың кең және қысаң ашылып тұруына жағдай жасап,
жуан және жіңішке дауыстыларды түзеді. Жоғарыда айтылған түсініктемелер
тәрбиешілерге қазақ тіліндегі ерекше дыбыстарының жасалу орындарын жетік
деңгейде білу үшін қажет.
Дегенмен, ескеретін жағдай – тіл дыбыстарының айтылуын үйрету –
балалардың ана тілінде мүдірмей, таза, анық сөйлеуін түбегейлі шешу емес.
Тіл үйретушілер балалардың қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар қатысатын
сөздің мәнін жоғалтып, бұзып сөйлеуіне жол бермеуі үшін жан-жақты
жаттықтырылуын көздеуі керек. Жалпылай алғанда, қазақ тілі дыбыстарының
жүйесін балаларға жан-жақты меңгерту үшін тәрбиеші көп еңбектенуі керек.
Балалар бақшасының тәрбие бағдарламасы тілді үйрету жөніндегі
арнаулы сабақтарда жұмыстың мынадай түрлерін қамтиды: балалар тілін
дыбыстық мәдениетке тәрбиелеу; сөздік қорын байыту; грамматикалық
дағдыларын қалыптастыру; қоршаған ортамен: адамдарды тұрмыстық және
өндірістік қызметпен, табиғатпен, қоғамдық өмірмен (бүкіл халықтық
мерекелерге арналған ертеңгілік ойындарды дайындау мен өткізуге қатыса
отырып) таныстыру үшін байланыстыра сөйлеуге – монолог пен диалогпен –
үйрету;
Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың дүние танымын, ой-өрісін
кеңейтіп, сөйлеу тілінің лексикалық қорын жетілдіру, эстетикалық талғамын
оятып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Мектепке дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды өз бетінше оқуға
қабілетті еместігі мәлім.
Олар әдеби мұраларды шебер педагогтың шынайы өнері, тілінің мәнері
арқылы тыңдап, сөз сырын санасына ұялатады, лексикасын қорландырып, керегін
іріктеп алуға жаттығады.
Сол себепті де Балалар бақшасына тәрбие бағдарламасында 2 жастан 7
жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін
арнайы бөлім, екіден үш жасқа, үштен төрт жасқа дейінгі балаларға халық
әдебиеті үлгілері Бесік жыры, ойнақы өлеңдер, санамақтар берілген.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады.
Қысқа өлең, тақпақ жаттау арқылы оның тілі ұшталады, сана-сезімі жетіле
түседі. Әдеби кейіпкерлердің жақсысына жаны ашыса, жаманына жиреніп, бойын
қорқыныш билейді. Осылайша жас сәбидің адамгершілік сезімі оянып, білімі
кеңейеді. Тілінің лексикалық жағы – сөйлеу дағдылары жетіле түседі. Ал
тілінің дамуы – баланың қабылдау, ес, зейін сияқты психологиялық
процестерінің қалыптасуына негіз болады.
Көркем әдебиет шығармаларын оқығанда, баланың жас ерекшелігі,
көзделетін тәрбие жұмысының мақсаты ескерілуі шарт. Шығарма осыған сай
алынуға тиіс. Мысалы: сәбилер (3-4 жасарлар) бірінші рет бақшаға келеді.
Олардың көпшілігі сөзге сараң, ойыншық т.б. айналадағы дүниемен таныс емес.
Сондықтан алғашқы 3-4 ай бойына барлық тәрбие жұмысы, оның ішінде көркем
шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға өзек
боларлық, айқын суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығарма керек. Кейбір
көлемді шығарманың лайықты бөлімінен үзінді алынады. Сәбилер тобында оқу
жоспарына сәйкес күніне екі сабақтан аптасына 10 сабақ өтіледі. Оның ішінде
тіл дамыту, айналадағы өмірмен таныстыру, көркем әдебиет оқу сабақтарына
аптасына 3 сағат беріледі. Осыны тәрбиеші кезекпен өткізеді. Бұл аталған
сабақ түрлері бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі. Өйткені тіл дамыту,
тіл дыбыстарын дұрыс айту, сөз қорын молайту әдебиет пен айналадағы өмір
шындығына негізделеді.
Оқу жоспарында көрсетілген сабақтарды нақты тақырыптарға бөліп
жоспарлауда балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. Әсіресе, 3 жастағы
балалардың оқу ісін ұйымдастыруда таным қабілеттерін дамытуға көбірек назар
аударған жөн.
2.1 Тіл дыбыстарын сәбилер тобына дұрыс айтуға үйрету.
Сәбилермен жүргізілетін алуан түрлі тәрбие жұмысының негізгі саласы –
бала жасына лайықты түрдегі шығармалармен таныстыру.
Балаларға оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын
болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және
тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.
Сәбилер тобында (3-4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып
беруі керек. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады.
Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды
жалықтырмайды. Өйткені бала тәрбиешіні тыңдай отырып, әр дыбысты, әр сөзді
дұрыс айтуға тырысады. Сәбилерге тақпақты арнайы жаттату қиын. Сондықтан
тәрбиеші өзі жатқа айта отырып, шығарманың қажетті шумағын ойын ретінде
қайталау кезінде біртіндеп өзіне ілесіп айтуға үйретеді.
Логопедтер сөз дыбыстарын олардың айтылуын қамтамасыз ететін
артикуляциялық (дыбыс шығарушы) органдардың жұмыс істеу сипатына қарай
былайша бөледі:
а) ерте онтогенез дыбыстары (онтогенез дегеніміз бала организмінің
жеке дамуы): дауысты [а], [о], [у], [и] және дауыссыз [м], [п], [б] ,[т],
[д] ,[н], [г] ,[х], [й] ,[с] дыбыстар;
б) орташа онтогенез дыбыстары: дауысты [ы]; меңгерілген дауыссыз
дыбыстарды ұяңдығы және қатаңдығы бойынша жіктеу; [л]; барлық дауыссыз
дыбыстарды үндендіру;
в) кейінгі онтогенез дыбыстары: тілдің алдының көтерілуін қажет
ететін [р], [ш] ,[ж], [щ] дыбыстары, [л], [ц] дыбыстары.
Тіл дыбыстарын бұлайша бөлу баланың белгілі бір артикуляцияны меңгере
алатын жас мөлшерін көрсетеді. Тіл дыбыстарының осылайша бөлінуіне орай
түрлі жастағы балаларға арнап дыбыс жаттығуларын жүргізу белгіленеді.
Сөйлеу қабілеті ойдағыдай дамып келе жатқан (сөйлеу әрекетінің дамуына
логопедтердің араласуы қажет емес) балаларға арналған артикуляциялық
жаттығулар баланы дұрыс айтуға үйренетін дыбысты қамтитын сөздер мен
сөйлемдерді олардың дауыстап айтуынан тұрады. Жаңылтпаштар мен белгілі
бірыңғай дауыссыз дыбыстар қайталанып келіп отыратын өлеңдер бұл жерде
дидактикалық материал қызметін атқарады.
Тәрбиешінің тіл дыбыстарын дұрыс айтуына еліктеу жаттығудың негізгі
әдісі болып табылады. Дыбыстардың айтылуына тікелей еліктеу (дыбыстарды
дұрыс айту процесінің өзі балаларды қызықтырады, олар мұны тартымды ойын
ретінде түсінеді) немесе бал арасы, лақ, тышқан, сияқты ролдік
ойындар ойнау тәрбиешінің тіл дыбыстарын айтуын имитациялау (еліктеу)
тәсілдері бола алады. Барлық артикуляцияларды пысықтау жұмысы көркем
шығармаларды оқу және қайта айтып беру, тақпақ жаттау сабақтарында
жүргізіледі.
Балаларға дауысты (дан басқа) және дауыссыз [м], [н], [п], [г], [х],
[с], [й] дыбыстарды айта білуді үйрету жөніндегі алғашқы жатығулар кезінде
осы жастағы балалар әлі де айта алмайтн дыбыстар міндетті түрде кездеседі,
тәрбиеші бұған олардың назарын аудармауы тиіс: бұл кезде балдырғандар
кейінгі онтогенез дыбыстарын өздері айтып үйренген дыбыстармен
алмастыратын болсын. Егер бала қиын айтылатын [ш] дыбысын [с] дыбысымен
алмастырып айтатаны болса, мысалы, аш деудің орнына ас десе немесе
қатаң және ұяң [з] - [с], [б] - [п], [д] - [т], [л] - [й], дыбыстарын және
т.с.с. шатастыратын болса, яғни папа деудің орнына бапа, паба, ал
алма деудің орнына айма десе, оны түзетудің қажеті жоқ.
Сәби тобындағы балалармен эмоциялық қарым-қатынас жасай
отырып,тәрбиеші олардың бойында дыбыстық еліктеу реакциясын туғызады.
Жүзіндегі қуаныш белгісін көрсете отырып, ол сөздерін айтпастан: А-а-а, а-
а-а,а-а-а - деп ән салады.
Дені сау бала сөзсіз ойынға араласып: А-а-а, - деп ән салады. Сабақ
1-1,5 минутқа созылады.
Бала бұл дыбысты оңай әрі анық айта алған дәрежеге жеткен кезде
басқаша, мәселен, И-и-и, и-и-и, и-и-и, деп ән салуға болады.
Э-э-э және еріннің қатысуын қажет ететін, едәуір қиын о-о-о, у-
у-у дыбыстары да осылай жекеше қалыптастырылады.
Логопедтер сәби тобынандағы балаларға бір сабақта бір дыбысты айтып
үйренуден артық жаттығу жүргізбеуді ұсынады, өйткені ол тиісті бұлшық ет
сезінуінің қай дыбысқа сәйкес келетінін есте сақтай алмайды.
Дауысты дыбыстарды дұрыс әрі анық айтып үйрену жөніндегі жұмыстар
сәбилер тобындағы балалармен, кейде тіпті бұдан кейінгі жылдары да
жалғастырыла береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды
айтып үйренуге едәуір ұзақ тыныс шығару арқылы машықтандыру керек.Мұндай
жаттығуларды тыныс алу органдарын машықтандырумен байланыстыру пайдалы
болады. Сөйлеу кезінде тыныс шығару процесін ұзарту мақсатындағы тыныс алу
органдары жаттығуларын Гүлдерді иіскейік, Бөлме ішінде ұшыру үшін
мамықты үрлейік, Қолымыз тоңса, демімізбен жылытайық, Сабын көпіршігін
ұшырайық сияқты қарапайым сюжеттік ойындар ретінде өткізу ұсынылады.
2.2 Тіл дыбыстарын естиярлар тобына дұрыс айтуға үйрету.
Ертегі, шағын әңгіме, өлең-әндер, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға
лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісіне тиек болғаны
белгілі. Мектеп те, бақша да болмаған кезде қазақ аулы отбасыларында бала
тәрбиелеу, өмірдің қыры мен сырын жан-жақты ұғындыру жұмысы ауыз әдебиет
нұсқалары арқыл іске асты.
Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдап, жаттап алады. Олардың
сөздік желісін, музыкалық әуезін игереді. Мысалы: Торғай, Бақа-бақа
балпақ, Қарғалар, Санамақ т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен,
қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне
баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың дыбыс қолдануда жиі ұшырасатын кемшіліктер
сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөз ішінде дыбыс қалдыру, не дыбыс
алмастыру. Бұны анықтау үшін баланың өлең, тақпағын, таныс ертегіні
қайталап айтып беруін өтіне отырып, көпшілік балалардың айтуға қиналатын р,
л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстарын айтылуына мән берген дұрыс. Сонымен бірге
баланың сөйлеу қарқыны, екпіні, мәнері де тәрбиеші назарынан тыс қалмауы
тиіс.
Дыбыстың шығу деңгейін және қарқынын баланың ажырата алу қабілетін
Кімнің даусы?, Менің кім екенімді тап т.с.с ойындар ойнату арқылы
тексеруге болады.
Тәрбиеші естияр топтың балаларына қарсы алдына оларға өзінің жүзі мен
артикуляциясы жақсы көрінетіндей етіп отырғызады.
Тәрбиеші сабақты: Келіңдер, Кім жақсы айтады? ойынын ойнайық,-деп
бастайды. – Менің қалай айтатынымды тыңдап алыңдар: Шаш ал, қас алма. Ас
ал, қасарма! – деген жаңылтпашты өте баяу айтады.
Балалар тәрбиешінің айтқанына еліктеп, жаңылтпашты қайталайды: [л],
[ш], [қ] артикуляциясын есте сақтау үшін олар да баяу айтады; бұдан соң
айту қарқыны тездейді. Әдетте балдырғандар жаңылтпашты қатарынан он реттен
артық қайталаудн жалықпайды.
Балалар Кім қалай күледі? рөлдік ойын тәсілімен дауысты дыбыстардың
дұрыс айтылуын қалыптастыру сабағы. Тышқан және Аю атты екі сурет
даярлаймыз.
Сіздің жүзіңізді көретіндей етіп, қарсы алдыңызға 2-3 бала
отырғызыңыз.
- Мына суретті қараңдар. Мұнда ненің суреті салынған? Тышқанның
суреті ме? Сендер тышқанның қалай күлетіні естідіңдер ме? Жоқ па? Олар
былайша күледі:
- И, и, и, и-и-и! (Тәрбиеші и дыбысын көтеріңкі үнмен жіңішке етіп,
біресе мәнерлеп, яғни үзіп-үзіп, біресе бұл дыбысты созып айтады).
- Енді сендер тышқандар секілді күліңдер. Қане, бәріміз бірге
күлейік.
- И, и, и, и, и, и-и-и, И-и-и ... ..
- Қандай күлкілі! Тышқандардың да, біздің де күлкіміз келеді. Енді
мына суретке қараңдар. Мұнда балалары мен аюдың суреті салынған. Сендер
аюдың қалай күлетінін естідіңдер ме?Жоқ па? Олар былайша күледі:
- Ы,ы,ы, ы-ы-ы, ыы-ы, ы-ы-ы, ы-ы-ы ... ..
Балалармен рөлдік ойын тәсілімен дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуын
қалыптастыру сабағы. Мұнда балалар жәндіктердің, аңдар мен құстардың және
т.б. дыбыстарын салады.
2.3 Тіл дыбыстарын ересектер тобына дұрыс айтуға үйрету.
Тіл дамыту, сөз қорын молайту сабақтарында баланы сөз ішіндегі
дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету ісіне баса назар аудару керек. Балалардың
көбінің сөз ішінде кездесетін р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстарын айтуға
қиналатыны байқалады. Кейде бала аталған дыбыстарды жеке-жеке дұрыс айтады
да, сөз ішінде дұрыс айта алмайды.
Балалардың дыбыс қолдануында мынадай кемшіліктер кездеседі: сөз ішінде
дыбысты дұрыс айтпау, сөздерді дыбыс қалдырып айту; сөз ішінде дыбыс
алмастыру. Мысалы: қуыршақ –құршақ, қолғап-қолбақ, орамал-омарал- омайлар.
Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру жұмыстарын басқа сабақтарда
(шығарма оқу, дидактикалық ойын, бақылау) сабақ мазмұнына қарай жүргізуге
болады. Бала оқу жылы ішінде бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей
дұрыс айтатын болуы қажет.
Жоғарыда айтылған кемшіліктерді түзету үшін ең алдымен балаға қиын р,
ш, з, с, ж дыбыстары жиі кездесетін сөздерді тыңдата отырып, баланың
құлағын (есту қабілетін дамыту) сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру
керек. Онан соң дыбыстарды жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерінің осы дыбыстарды
айтқанда қалай қолданылатыны балаға көрсетілуі жөн. Мысалы, ш дыбысын
айтқанда ерін алға қарай сәл ғана сүйірленіп, тілдің ұшы тістен алыстап,
артқы көмейге қарай жиырылады, ж дыбысы да сол сияқты айтылады. С дыбысын
айтқанда ерін азғана ашылып, тіл төменгі тістің түбіне таяу келеді, з
дыбысы да осы сияқты айтылады. Соңғы дыбысты айтқандағы бір ерекшелік
аздаған үн қатысады.Тіл дыбыстарын үйрету жұмысы – қазақ тілі сабақтарының
арнайы ұйымдастырылатын бір бөлігі болып есептеледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz