Палестинаға еврейлердің шексіз қоныс аударуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

АЙМАҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:

ТАЯУ ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 1956 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ДАМУЫ

ОРЫНДАҒАН: ҚАЛИЕВА Ә.

ТЕКСЕРГЕН: БАЗАРКУЛОВА Б. К.

АЛМАТЫ 2005 ж.

Жоспар

Кіріспе3

Негізгі бөлім5

І-тарау. Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары. 5

1. 1 Палестина мәселесінің пайда болуы және екіге бөлінуі. 5

1. 2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы8

ІІ тарау. 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі17

2. 1 Бірінші араб-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі17

2. 2 Екінші араб-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі. 27

Қорытынды35

Сілтемелер37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі38

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - “Таяу Шығыс мәселесінің пайда болуы және оның 1970 жылға дейін дамуы”.

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен араб-израиль конфликтісі еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды. Ресми түрде осыдан 58 жыл бұрын пайда болған бұл мәселе бүгінгі таңда өте маңызды және әлі шешілмеген проблемалардың бірі болып отыр. Оны көптеген авторлар әр түрлі қарастырады, проблеманың күрделілігі соншалық, оны тіпті бір жақты қарастыру мүмкін да емес.

Адам өмірінде көптеген нәрселерден айырылады: жақын, жақсы көретін адамдар мәңгілікке кетіп қалады, достарымен байланыс нашарлайды; соғыс, аурулар, аштық сияқты факторлар адам өмірін күрт өзгертіп жіберуі мүмкін. Бірақ, адам басына қандай да бір қиыншылық түспесе де, ол өмірде ең қасиетті-Отанының, яғни ата-бабалары, ата-анасы және өзі туып өскен жерінің барын біледі.

Адамның Отаны қарлы Лапландия, Амазонка джунглилері немесе құмды Сахара шөлі болса да, ол әрқашан да ең әдемі, ең жақсы, ең ыстық болып көрінеді. Сондықтан, менің ойымша, адамның патриоттық сезімдері жоқ деп айту қате, себебі ол-туа пайда болған рефлекс сияқты.

Таяу Шығыс мәселесі, Палестинаның 5 млн. араб халқы туралы сөз қозғағанда, оны тек қасірет деп қана анықтауға болады. Көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан және жыл сайын тереңдей беретін бұл проблема қашан шешілетіні белгісіз. Палестина арабтарының бір емес ұрпағы осы қасіретті көріп өскен, өзінің туған елінде бейбіт қатар өмір сүре алмаған, тіпті қасиетті жер болып табылатын мәңгілік Иерусалим қаласын да көрмегендер қаншама! Барлығына себепші-сионистер, олардың саясаты және олардың қолдаушылары деп айтсақ қателеспейтін шығармыз.

Егер Палестина мәселесін жалпы қарастырсақ, оның бүкіл Палестинаны еврей мемлекетіне айналдыруға тырысатын сионистер мен бұл аудандарда бұрыннан бері өмір сүріп, көпшілікті құраған және өздігінше дамуға тырысқан арабтар арасындағы конфликтіден туындағаны белгілі болады. Палетиналықтар мемлекетін құру үшін түріктермен (Осман империясы), Ұлыбританиямен, ал енді Израильмен күресіп отыр.

Бұл тақырып қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде өте өзектілердің бірі болып табылады. Бұл проблема Таяу Шығысты реттеуде ең маңызды, ең негізгі проблема болып табылады. Ол тек қана Палестина мен Изрильге немесе араб әлеміне ғана қатысты емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік қауымдастыққа да әсерін тигізеді. Меніңше, егер дүние жүзінің барлық елдері бұл мәселені шешуге мүдделі болса, ол бұрын-ақ шешіліп қойылушы еді. Алайда, проблеманың мәні сол-ол бәрінің мүддесінен шыға бермейді, ол барлығы үшін тиімді болып табылмайды.

Тарихта барлық жағдайлар мен оқиғалардың қайталанатыны белгілі. Армения мен Азербайжан арасында (Карабах үшін), Үндістан мен Пакистан арасында (Кашмир үшін) және т. б. қарама-қайшылықтар күннен-күнге өрістеп, шиеленісуде. Яғни, жер үшін өте көп аймақтық соғыстар жүргізіліп отыр. Әрине Палестина мен Израильдің жағдайы мүлдем бөлек екенін түсінемін, бірақ олардың ұқсастығы-территория үшін тартыс болып отыр. Сондықтан да, жағдайды осындай шарықтау шегіне жеткізбей, тез шешу керек. Ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан “Таяу Шығыстық театрды” тоқтату керек.

Менің мақсатым Таяу Шығыс мәселесін мүмкіндігінше түпкілікті зерттеп, оны талдап беру болды. Ол үшін мен алдыма бірнеше мақсаттар қойдым:

- Халықаралық қатынастардағы Палестина мәселесін қарастыру;

- Түрлі өткен конференциялар, қабылданған қаралар мен шешімдерде және жасалған жоспар-жобаларда Палестинаның жағдайын анықтау;

- Таяу Шығыс мәселесінің түпкілікті шешілмеуінің себептерін анықтау.

Осындай мақсат-міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу барысында арнайы құжаттық айғақтар мен дерек көздерін кеңінен қарастырдым.

Курстық жұмысым әдеттегідей үш бөлімнен-Кіріспе, екі тарауға бөлінген Негізгі бөлім және Қорытындыдан тұрады.

Негізгі бөлім

І-тарау. Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары.

1. 1 Палестина мәселесінің пайда болуы және екіге бөлінуі.

Егер Солтүстік Африканың жағалауларымен жүрсеңіз, одан кейін Аравия жарты аралын түгелін аралап, Израильді өтіп, солтүстіктегі түрік шекарасына және шығыстағы Иран шекарасына дейін жетсеңіз, барлық жерде де араб тілінде сөйлеп, жүре бере аласыз. Бұл тіл бақытты деп айтсақ, қателеспеспіз. Осыдан шамамен 1400 жыл бұрын бұл тілде Имр-уль-Кейс өлең шығарса, Авиценна өз ғылыми трактаттарын жазды, бүкіл дүние жүзіне әйгілі, мәңгі ұмытылмас ”Бір мың түн” кітабы да осы тілде жазылған. Сол кезден бері көп тілдер жоғалды, ал араб тілі бүгінгі күнге дейін грамматикасын да, сөз қорын да сақтап келеді. Қазіргі таңда ол тілде адамдар сөйлеп, кітаптар жарық көріп, газеттер шығарылуда.

Ерте ғасырларда араб тілі тек Аравия жарты аралының тұрғындары үшін ғана туған тіл болатын. VІІ ғасырдың басында ол жерде мұсылман діні-ислам таралды, орталықтанған мемлекет-Араб халифаты құрылды. Оның шекаралары жылдам кеңейді, олар Атлант мұхитының жағалауы мен Каспий теңізінен, Гималай таулары мен Пиреней жарты аралынан көрінді. Бұл мұсылман империясында тұратындардың біреуі арабталып кетсе, яғни олардың дінін, тілі мен мәдениетін қабылдаса, басқалары (мысалы, Иран, Батыс Үндістан, Орталық Азия) тек исламды ғана қабылдап, қалған жақтарда өз ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтап қалды.

Әрине халифат барлық жағынан өте дамыған болды, бірақ осыншама үлкен территоррияны өз бақылауында ұстау қиынға соққандықтан, ол бірнеше бөліктерге, ұсақ князьдықтар мен сұлтанаттарға бөлініп кетті. XVІ ғасырда халифат территориясын түріктер басып алды, ал Осман империясы ыдырығаннан кейін оларды Ұлыбритания, Франция, Италия және Испания өзара бөлісіп алды (Йемен және Сауд Аравиясына кіретін ұсақ князьдықтардан басқа) . Ұлы Қазан Социалистік революциясынан кейін көптеген араб елдері тәуелсіздіктерін алды. Ал, жалпы араб әлемі географиялық жағынан екіге бөлінеді: Алжир, Тунис және Марокко Араб Батысын немесе Мағриб елдерін құраса, қалған мемлекеттер Араб Шығысын немесе Машрик елдерін құрайды. Бірақ, әдетте барлық араб елдерін біртұтас кешен деп қарастырады.

Араб елдерін тек олардың тарихи және мәдени дамуы, мұсылман діні және тілі байланыстырып қоймайды, ең маңыздысы-араб халқының империализмге және колониализмге қарсы күресіндегі ортақ мақсаттары. Араб әлемінде антиимпериалистік дәстүрлер өте күшті және бір мемлекеттің күресін басқа мемлекеттер бүкіл арабтардың күресі деп түсінеді. Яғни, кез-келген араб мемлкетіндегі жағдайлар басқа араб мемлекетіне де өз әсерін тигізеді.

Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан араб әлемі түрлі-түсті кілемге ұқсайды, өйткені онда феодализм де, капиталистік жолмен дамып келе жатқан елдер де бар, ал мемлекеттердің бір тобы прогрессивтік даму жолына түсті.

Бүгінгі күні колония, империализм деген терминдер жоқ болса да, оларды сипаттайтын әрекеттер әлі тоқтаған емес. Оның айқын мысалы-Палестина қасіреті, яғни Палестина мен Израаиль арасындағы конфликт. Бұл проблема жаңадан туындаған жоқ, сондықтан да, ол бойынша көзқарастар баршылық. Кейбір жазушылар оны КСРО мен АҚШ-тың өз ықпалын көрсеткісі келуі нәтижесінде, яғни ”әлемде кім күштірек” позициясын ұстануы нәтижесінде пайда болды десе, басқалары еврейлерге мемлекет алып беру немесе Палестинаны “еврейлендіру” тек Батыс державалары тарапынан ғана болды деп айтады. Ол дегеніміз-Палестинаны басып алып, сол арқылы бүкіл Орта және Таяу Шығысты билеу үшін оларға “адам материалы” керек болды, яғни Батыс державалары колониализм саясатын жүргізу үшін ерте кездегі тарихқа сүйеніп, еврейлерді пайдаланғысы келді. Осыдан біз сионизмнің1 шын мәніндегі “әкелері” немесе “аталары” еврей идеалистері емес, христиан колонизаторлары болғанын түсінеміз. Бұл-Палестина мәселесін түсіндірудің бірінші жолы.

Екінші жолы бойынша, Батыс державалары жұмысшы таптарының назарын басқа нәрсеге аударып, оларды “дұрыс жолға” салу үшін еврейлердің қоныс аударуын пайдаланды. Тарихтан белгілі, XІX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Европа мен Америкада марксистік теория және социалистік революциямен “қаруланған” жұмысшылардың ең үлкен бас көтрулері болды. Осы кезде империалистердің басты мақсаты-жұмысшы қозғалысы отрядтарын ажыратып, оны басып тастау болды. Ол үшін олар расистік, шовинистік идеологияны пайдаланып, жұмысшылардың көздерін жапқысы келді.

Сонымен, Германияда болған “арийлендіру” принципіне сәйкес еврейлер Палестинаның экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өмірін “еврейлендіру” принципін жүргізді. Бірақ, олардың немістерден бір айырмашылығы-еврейлер бұл саясатын ертерек, яғни “арийлік” үлгідегі нәсілдік идеология саясаткерлері мектептегі партада отырған кезде-ақ бастаған болатын…

Израиль мемлекеті картада тек 1948 жылы пайда болса да, оның құрылуын 1917 жылмен байланыстырады. Оны түсіну үшін тарихқа жүгінейік. XІX ғасырдың аяғында Европада еврей буржуазиялық-ұлттық ағымы пайда болады, ал 1897 жылы ол ресми ұйымға айналады, яғни Базельде болған конференцияда Бүкіләлемдік Сионистік Ұйымның құрылуы туралы жарияланады. Сионизмнің лидерлері қуғын-сүргінге наразылық білдірген жұмысшы еврейлерді өз идеясын тарату мақсатында пайдаланғысы келеді. Сионизмнің негізін қалаған Теодер Герцль бұл идея ең алдымен ірі еврей буржуазиясы үшін тиімді екендігін жасырған жоқ. “Ақшаларын тығып, тыныштықта тойлауға мәжбүр болған еврей байлары өздерінің мемлекетінде емін-еркін тұрып, өмірдің рахатын көре алады”, -деді Герцль 1 .

Бірақ, ондай мемлекетті құру туралы мәселе бірден шешілмеді. Сионистердің бір тобы мемлекетті Угандада, екіншілері Латын Америкасында құруды ұсынды. Ақырында, ең тиімді жер Палестина болып шықты, өйткені онда б. э. д. VІІІ ғасырда Израиль мемлекеті болған және оның атақты Соломон, Давид сияқты патшалары билік құрды.

Сионистер қозғалысының басшылары ірі державалар тарапынан қолдауға ие болу үшін екі ғасыр уақытты қажет етті.

Сонымен, Палестина территориясында екі мемлекет (Палестина мен Израиль) құру туралы шешім 1947 жылы 29 қарашада шықса да, проблеманың өзі одан бұрынырақ басталғаны мәлім.

1917 жылы 2 қарашада Ұлыбританиянвң Сыртқы Істер Министрі лорд Бальфур еврей миллиардері Ротшильдке хат жолдайды. Ол хатында Бальфур Ұлыбритания Үкіметі Палестинада еврей халқының ұлттық ошағын құруын қолдайды және оған жету мақсатында көмектесіп, бар күшін салуға дайын екендігін айтады. Онымен бірге, “Палестинада тұратын еврей емес халықтардың азаматтық және діни құқықтары шектелмеу керек, бірақ еврейлердің де құқықтары мен саяси статусына нұқсан келмеуі керек”, -деп жазылған 2 . Кейін Бальфур декларациясы аталып кеткен бұл хат палестина проблемасының барлық кезеңдерінде де кері әсерін тигізген болатын. Оны жүзеге асыру-көптеген қиыншылықтар мен проблемалар, ал ақырында палестиналықтардың Отандарынан айырылуына себеп болды.

Бальфур декларациясын жүзеге асыру барысында маңызды роль атқарған-Бүкіләлемдік сионистік ұйым болды, оның негізгі мақсаты-Палестинада палестиналық еместерді қоныстандыру болды. Палестиналықтардың құқықтары шектеліп, мүдделері ескерілмегенін айтпаса да болатын шығар, бірақ ең қызығы-ол документте арабтар немесе палестиналықтар туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Сол кезде бүкіл халықтың 90%-ін құраған, ал территорияның 97%-ін өз қолдарында ұстаған арабтарды (мұсылмандар немесе христиандар болсын) тек Палестинадағы еврей емес қауымдастық деп атады 3 .

Бальфур декларациясын жариялауда Англияның өз мақсат-мүдделері болды. Кейбір авторлар оны біріншіден, Ұлыбританияның Таяу және Орта Шығыста билігін орнатқысы келгенімен және екіншіден, сол аймақта шоғырланған мұнай байлықтарымен байланыстырады. Басқа авторлардың пікірінше Палестина айтарлықтай табиғи байлықтарға бай емес, халқы аз және кедей мемлекеттердің қатарында болғандықтан, ағылшындарды оның стратегиялық орналасуы қызықтырды. Әсіресе оның жанында Жерорта теңізі мен Үнді мұхитын байланыстыратын Суэц каналы ашылғаннан кейін бұл аймақ өте маңызды бола бастады. Канал арқылы Батыс державалары Таяу Шығыс және Месопотамияға кіруге мүмкіндік алды. Бірақ, шын мәнінде, мұнда империалистерді аталған барлық жағдайлар да қызықтырды. Себебі, Палестина Европа метрополияларын олардың Азия және Африкадағы отарларымен байланыстыратын Суэц каналының жанында орналасқан, ол Европа, АҚШ және Азия арқылы өтетін әуе жолдарының ортасында орналасқан, Палестина арқылы Жерорта теңізін Парсы шығанағымен байланыстаратын автомагистраль өтеді және Таяу Шығыстың тура жүрегінде орналасқан Палестина арқылы империалистер басқа араб мемлекеттеріне де үстемдігін жүргізе алады.

Бірақ, бұл жерде Англия Американың қарсылығына кезікті. Яғни, бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің басты кредиторына айналған АҚШ та енді өзінің Палестинаға деген мүддесін білдіре бастады. Жалпы АҚШ Палестинада еврейлер мемлекетінің құрылуына қарсы болмады. Америка президенті В. Вильсон Бальфур декларациясын қолдады, оның айтуынша: ”Біздің үкімет пен халқымыздың қолдауын тапқан одақтастар Палестинада еврей достастығының негізінің қалануына келіседі”. Америкалықтардың ойынша бұл мемлекет сол аймақтағы Англияның билігін әлсіретеді, себебі ол уақытта араб мемлекеттері түгелімен Европа державаларының, оның ішінде ең алдымен Ұлыбританияның қол астында болатын. Ұлыбритания 1920 жылы сәуірде өткен одақаралық Сан-Ремо конференциясында Палестинаға мандат2 алады, бірақ АҚШ позициясына байланысты ол екі жылдан кейін ғана өз күшіне енді. Бұл кезде де Палестинаның құқықтары өте қатты шектелді: Ұлттар Лигасы мандат берген барлық араб мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізгенде, Палестина тәуелсіздігін сол бойы ала алмады.

1. 2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы

1920 жылы Лондонда өткен сионистік конференцияда Керен-ха-Иесод ұйымы құрылады, оған еврейлердің Палестинаға иммиграциясын қаржыландыру жүктелді. Еврейлердің Палестинаға иммиграциясы әрқашан бірінші орында тұратын мәселе болды. Егер 1918 жылы еврейлер бүкіл Палестина халқының текқана 8%-ын құраса, 1947 жылдың аяғы 1948 жылдың басында бұл сан 33, 8%-ға дейін өсті. Жалпы олардың қоныс аударуын төмендегі мәліметтер жақсы көрсетеді:

Жылдар
Еврей халқы
Араб халқы (Палестинадағы)
Жылдар: 1918
Еврей халқы: 56000
Араб халқы (Палестинадағы): 644000
Жылдар: 1922
Еврей халқы: 87800
Араб халқы (Палестинадағы): 66
Жылдар: 1931
Еврей халқы: 147900
Араб халқы (Палестинадағы): 848000
Жылдар: 1944
Еврей халқы: 528700
Араб халқы (Палестинадағы): 1196800
Жылдар: 1947
Еврей халқы: 608000
Араб халқы (Палестинадағы): 1237000

Бұл кестеден жылдан-жылға өсіп келе жатқан еврей халқының үлесі айқын көрініп тұр. Бірақ, ол сионистік лидерлер үшін аз сан болып көрінді. “Еврей агенттігі” ретінде танылған Бүкіләлемдік Сионистік Ұйым лидерлерінің бірі М. Нордау “Палестинаға Европаның 100 000 еврейін көшіруді тездету керек” деген ұсынысымен шығады, яғни олар “еврейлердің ұлттық ошағын” құруды бастайды. Бірақ, ол жерде мандаттық Палестинаның осыншама көп халықты қабылдауға дайын емес екендігі туралы ешкім ойлаған емес. Еврейлер өздерінің көшуін тарихқа және иудейлік дінге сүйеніп негіздеді. Яғни, Библия бойынша, Палестина жерінде бұрын еврейлердің ата-бабалары қоныстанған, сөйтіп олар енді бұрын өздері өмір сүрген Иерусалимдегі Сион тауларына оралуы тиіс. Сионистік лидерлердің айтуынша, олардың қозғалысы мемлекетсіз халыққа халықсыз мемлекет беруге бағытталған. Бұл жерде көңіл аударатын жайт-еврейлер саны тек тек қоныс аударғандар есебінен өспеді, сонымен қатар Палестина арабтарын өз жерлерінен ығыстыру нәтижесінде де өсті. Бұл арабтарды ойландыра бастады. Жерорта теңізі бойындағы жерлерден айырылу оларға да ұнамады. Соғыс кезінде Таяу Шығыстағы жағдай өзгерді: Ливан мен Сирия тәуелсіздікке қол жеткізді, ағылшындардың Ирак пен Сирияда позициялары төмендеді, Палестинаны мандаттығында ұстау да қиынға соға бастады.

Осыған байланысты әр түрлі шешімдер ұсынылды. Палестина арабтарының көбісі екі ұлтты Палестина мемлекетін құруды ұсынды. Ондағы екі ұлттың да құқықтарына кепілдік беретін мемлекеттің құрылуын Палестина Коммунистік партиясы мен Араб-еврей лигасы жақтады. Сионистік ұйымдар өз алдына бүкіл Палестинаны еврей мемлекетіне айналдырғысы келді. Оңшыл араб ұлтшылдары Палестина тек арабтық мемлекет болу керек деген ойда болды.

Бұның барлығы еврей және араб халықтарының арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді, оған негізінен ағылшын әкімшілігінің саясаты себеп болды. Ағылшындар “екі орындықта отыру” саясатын ұстанғысы келді, яғни еврейлерді қолдау және арабтармен де ұрсыспау. Нәтижесінде Британ әкімшілігіне олардың екеуі де наразылық білдірді.

Жоғарыда айтып кеткен Нордаудың осындай ұсыныстарынан бірінші жылдары Ұлыбритания үкіметінің еврей иммиграциясының күшейген темптеріне аса назар аудармағанын көре аламыз. Тек 1922 жылдың мамырында колониялар министрі У. Черчилльдің “Ақ кітабы” жарық көреді. Онда “Бальфур декларациясы Палестинаны еврейлердің ұлттық ошағына айналдыруды көздемегені және еврейлердің Палестинаға иммиграциясы мемлекеттің экономикалық сыйымдылығын ескере отырып жүргізілуі керек”, - деп жазылды.

Ағылшындардың мұндай реакциясы оның еврейлердің Палестинаға бақылаусыз иммиграциясының маңызды экономикалық және демографиялық нәтижелеріне байланысты ойлануымен түсіндіріледі. Лондонда егер еврей иммиграциясына белгілі бір шек қоймаса, арабтар мен еврейлердің қатынастары міндетті түрде шиеленіседі, ал бұл өз алдына мандаттық биліктің барлық жүйесіне негативті әсерін тигізетінін білді.

Палестина арабтарының ағылшын үкіметінен Палестинаның 90% халқының мүдделерін ескеруін сұрауы нәтиже бермеді. 1920 жылы желтоқсанда Хайфада жиналған Араб конгресі өз шешімдерін ағылшын үкіметіне жеткізе алмады, себебі олардың өкілдерін Даунинг-стритке жібермеді. Ағылшындар палестиналықтардың мемлекеті немесе біріккен араб-еврей мемлекеті туралы ештеңе естігілері келмеді. Сонымен, палестиналықтар оларға ең көп дегенде автономия ғана беретінін түсінді.

Осыған байланысты, арабтардың антиағылшындық қозғалыстары пайда болды. 1920 жылы мамырда Яффада болған араб-еврей қатынасын зерттеген Хэйкрофтың арнайы комиссиясы Палестинаның екі негізгі этникалық топтары арасындағы шиеленісті реттеу тек оларды тыныштандыру нәтижесінде ғана мүмкін екендігін айтты. Яғни, арабтар ағылшындардың “еврейлердің ұлттық ошағы” идеясына келісу керек, ал еврейлер бұл идеяны жүзеге асыру барысында шектен тыс шығып кететін ешқандай талаптарды қоймау керек болды.

1921 жылы мамырда Иерусалимде өткен төртінші араб конгресі ағылшын мандаттық билігінен Палестинада арабтардың және еврейлердің Заң шығарушы кеңесін құруды сұрады. 22 ақпанда Кеңестің жобасы жарияланды, ол бойынша, оған Палестина бойынша Жоғарғы комиссар, тағайындалатын 10 ресми мүше (тек ағылшындар), Палестина халқы сайлайтын 12 ресми емес мүше, 18 мұсылман, 2 христиан және 2 еврей кіруі тиіс еді. Жоба бойынша Жоғарғы комиссардың кез-келген заңға байланысты вето жариялау құқығы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей мемлекетін құру
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
«Палестина-Израиль» қақатығыстарына әсер етуші факторлар негізінде қарастырып Араб шығысындағы мемлекеттердің шиеленістегі алған орны мен саяси ұстанымдардың халықаралық қатынастарға ықпалы
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы Араб - Израиль мәселесі
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Араб - Израиль соғысы
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Еврей халкынын ұлттык діні
Америкадағы еврей лоббиінің АҚШ-Израиль қарым-қатынасына әсері
Діни мейрамдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz