Hyundai жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN» ЖШС - 2022

Жобаның атауы: Hyundai жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыты

Жобаның сипаттамасы: Бірінші кезеңде - жылына 30 мың автомобиль, екінші кезеңде - жылына 45 мыңға дейін автомобиль шығаратын Hyundai жеңіл автомобильдерін шығару зауытын салу. Жоба ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Жобаны қаржыландыру құрылымы: Жобаның құны: 31, 8 млрд теңге.

Жобаның негізгі мақсаты: бұл жоба Қазақстан Республикасын жаңа Hyundai автокөліктерімен қамтамасыз ету. Яғни қазіргі таңда бұл маркалы автокөліктер шет елден алып келінеді, бірақ біздің елде бұл көлікке деген сұраныс жоғары. Сол себептен бұл автокөліктерді өз елімізде құрастырып, өз еліміздің өнімі ретінде шығару бұл осы жобаның негізгі мақсаты болып табылады.

Жобаның стейкхолдерлері: бұл жобаға шет елдерден қызығушылық көп болады. Ең бірінші әрине Ресей Федерациясы үшін бұл Hyundai маркалы жаңа автокөліккке жетудің ең тиімді жолдарының бірі болады. Ресейде қазіргі таңда бұл автокөліктердің құрастырылуы толығымен тоқтатылған, себебі бұл автокөліктердің қосалқы бөлшектері басқа елдерден келетін болғандықтан, қазіргі таңда бұл автокөлікті құрастыру Ресей Федерациясы үшін мүмкін емес. Бұл жоба көршілес Өзбекстан, Қырғызтан үшінде жақын жерден жаңа көлік алуға тиімді болады. Бұл жоба біздің елімізге де шет елдерге де тиімді болатыны сөзсіз.

Әлеуетті пайдалар: Бұл жобаның пайдасы қазір емес болашақта беріледі деп есептеуге болады. Себебі бұл жобаның негізгі мақсаттарының бірі болып автокөліктерді несиеге беру ұсынылады. Бәріміз білетіндей несие кемі 2-3 жылдан басталып 7-8 жылға дейін төленіп жатырған жағдайлар бар. Менің болжамым бойынша нақты пайдалар мынандай:

бірінші кезең: 30 мың автокөлік шығарылатын болса. Орта есеппен алғанда әр көліктін бағасы 16-18 млн тенге. Ал мен минилмально 16 млн теңге деп алуды дұрыс деп ойлаймын. Осылай 30 мың авто көлікті 16 млн теңгеге көбейтетін болсақ 480 млрд теңге шығады. Бұл таза пайда емес.

Әлеуетті шығындар: Шығындар ретінде бірінші қосалқы бөлшектерінің шет елдерден келуін қарастырсақ болады. Екінші ол әрине зауыттың жұмыскерлерге төлейтін жалақысы мен сол зауытты жарық, су, жылу мен қамтамасыз ету. Үшіншіден ол салық төлеу, жарнама жасау. Бұл зауытта Hyundai Sonata, Hyundai Santa Fe, Hyundai Accent, Hyundai Elantra осы маркалы көліктер құрастырылатын болады. Мен Кореядағы осы көліктердің құрастырылмаған түрдегі бағасын қарағанда орта есеппен осы 4 маркадағы көліктер 9-10 млн теңге шамасында болады екен. Бұл жерде мен максималька 10 млн теңгемен есептегенді жөн көрдім. 10 млн оған қосамыз 1 млн теңге елге жету үшін берілетін жол ақысы. 11 млн теңгемен бұл бөлшектер зауытқа дейін келеді. Бірінші кезеңде 330 млрд теңге қосалқы бөлшектерге кетеді. Бұл жобада 400 адамды жұмыспен қамту есептелген. Алматы қаласында орташа айлық жалақы 300 мың теңгені құрайды. 120 млн теңге ол әр ай сайын жұмысшыларға берілетін жалақы. Және 30-40 млн теңге комуслугаға төленеді. Шамамен бірінші кезеңдегі шығындар 400 млрд теңгені құрайды.

Таза пайда деп мен 80 млрд теңгені есептеп көрсеттім.

Қорытындылай келе бұл нақты көрсетілген мәліметтер емес. Бұл жобаның қазақстан үшін тиімділігін көрсету барасындағы менің анализм жоспарым.

«Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС 2020

Жобаның атауы: «Керуен-Сарай» көпфункционалды туристік кешенін ұйымдастыру

Жобаның сипаттамасы: Инвестициялық жобаны жүзеге асыру шеңберінде келесі нысандарды салу жоспарлануда:

премиум санатты екі қонақ үй (115 нөмір),

сауда орталығы (ауданы 36, 6 мың м2),

отбасылық ойын-сауық орталығы (сыйымдылығы жылына 300 мың адам)

Көрсетілетін қызымет: Қонақ үй қызметтері. Ойын-сауық қызметтері

Жобаның құны: 87 млрд теңге

Жобаның мақсаты: Жобаның жалпы мақсаты ол киелі Түркістан қңіріндегі туризмді дамыту. Бұл жобада көршілес Түркі халқын елімізге турист болып келуін қамтамасыз ету негізгі басты бағыт болып табылады.

Жобаның стейкхолдерлері: Бұл жобаның негізгі мақсаты ол шет елдерден турис тарту болғандықтан, шет елдер бұл жобаға көп қызығушылық танытады. Бұл киелі кесенелерді қолдану арқылы оны мұсылман елдерінің қызығушылығын оятып, және Керуен-Сарай деген үлкен ерекше форматта соғылған қонақ үйді жарнамалау.

Әлеуетті пайдалар: бұл жобаның пайдасы 2020 жылы ашылған уақытта күніне 1000 доллор пайда түсіріп отырған(мереке күндері одан жоғары) . Ол кезде карантиндік шектеулер болғанын ескергеніміз жөн. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 10-15 есеге өскен. Қазіргі кезде бұл Орталық Азиядағы ең ірі Керуен-Сарайы күніне 4-5 млн теңне көлемінде пайда табу үстінде. Осы уақытқа дейін 4 млрд теңгеден астам табыс тапқан.

Әлеуетті шығындары: бұл жоба аяқталған болғандықтан бұл жобаның барлық шығыны есептеліп қойған 87 млрд теңге. Бұл жоба өзін әлі ақтау үстінде. Болашақта өзіне кеткен шығындарды толығымен қайтарады деп күтілуде.

Қорытындылай келе бұл жоба еліміздегі ең үлкен туристік жоба деп қарауға болады. Бұл жобаның арқасында көнерген Түркістан жаңарды. Бұл жобада ұзақ мерзімге пайда береді деп болашақ үшін салынған жоба.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генри Форд және бүкілхалықтық автомобиль
Қазақстандағы автокөлік құрастыруы
Машина жасау өндірісінің салалары
Samsung компаниясының жетістіктері
Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарды дамытудағы Оңтүстік Кореяның рөлі
Машина жасау
Оған сәйкес, еркін экономикалық аймақ
Шығыс Қазақстан облысы туралы
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
Автомобиль өнеркәсібіндегі фирмалық атаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz