Norton Commander



Жоспар

1.Norton Commander Программасымен жұмыс істеу.
2.NC Программасын іске қосу.
3.NC Программасынан шығу
4. Көмек алу
5.Экран көріністері
6.Каталогтарды не файлдарды таңдау
7.Функционалдық пернелер қызметі
8.Файлдарды топтап белгілеу.
9.Басқа каталогқа жылдам көшу.
10.Басқа дискіге көшу.
11.DOS командаларын және программаларды орындау.
12.Файлды жылдам іздеп табу.
13.NC менюлері.
14. NC терезелерiн басқару
15. Дискiлердi таңдау
16. Ақпараттық терезе
17. Каталогтармен және бағынышты каталогтармен жұмыс iстеу.
18. Каталогтармен бағынышты каталогтарды жасау және жою бойынша практикалық сабақ.
19. Файлдармен жұмыс iстеу
19.1. Файлдар тобын таңдау
19.2. Файлдарды қарап шығу (F3 пернесi)
19.3. Жаңа файл жасау (Shift + F4 пернесi)
19.4. Файлдар мен каталогтарды көшiрiп басу (F5 пернесi)
19.5. Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту және бiр.бiрiне жiберу (F6 пернесi)

Жоспар

1.Norton Commander Программасымен жұмыс істеу.
2.NC Программасын іске қосу.
3.NC Программасынан шығу
4. Көмек алу
5.Экран көріністері
6.Каталогтарды не файлдарды таңдау
7.Функционалдық пернелер қызметі
8.Файлдарды топтап белгілеу.
9.Басқа каталогқа жылдам көшу.
10.Басқа дискіге көшу.
11.DOS командаларын және программаларды орындау.
12.Файлды жылдам іздеп табу.
13.NC менюлері.
14. NC терезелерiн басқару
15. Дискiлердi таңдау
16. Ақпараттық терезе
17. Каталогтармен және бағынышты каталогтармен жұмыс iстеу.
18. Каталогтармен бағынышты каталогтарды жасау және жою бойынша практикалық
сабақ.
19. Файлдармен жұмыс iстеу
19.1. Файлдар тобын таңдау
19.2. Файлдарды қарап шығу (F3 пернесi)
19.3. Жаңа файл жасау (Shift + F4 пернесi)
19.4. Файлдар мен каталогтарды көшiрiп басу (F5 пернесi)
19.5. Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту және бiр-бiрiне жiберу (F6
пернесi)

1.Norton Commander Программасымен жұмыс істеу.

Дербес компьютерде MS-DOS операциялық жүйесімен жұмыс істегенде әрбір
команда пернелерде теріліп, Enter пернесін басқан кезде ғана орындалады,
ол команда орындалып болған соң экранға тиісті мәлімет шығады.Мұндай
тәртіппен жұмыс істеудің қолайсыздығы:
• Компьютер пернесін жылдам басуға дағдыланбағандар әр команданы теруге
біраз уақыт жұмсайды;
• Орындалып жатқан команданың нәтижесін тек экранға жауап мәлімет шыққан
кезде білуге болады;
• Экран бетінде жан-жақты қамтылған толық көріністер аз, яғни онда
көрнекілік жоқ.
Мұндай кемшіліктен арылу үшін соңғы кездері адам мен ЭЕМ арасындағы
байланысты жеңілдететін, жұмыс істеу жолдарын жылдамдататын қызметші
қосалқы программалар ОС-тың қоршаулары пайда бола бастады.
Солардың ішіндегі ең көп тарағаны Norton Commander (NC) программасы.
Ол экран мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, компьютерлерде жиі
қолданылатын іс-әрекеттердің көбін өте жылдам, әрі көрнекі етіп орындайды.
Олар:
Norton commander (NC) бағдарламасы Peter Norton фирмасымен жасалған және
DOS операциялық жүйесiмен жұмыс iстеу үшiн көп қолданылатын
бағдарламалардың бiрi болып табылады. NC көптеген функцияларды орындауға
мүмкiндiк бередi, соның iшiнде:
• Магниттік дискінің мазмұнын көру;
• Мәліметтер көшірмесін алу;
• Файлдарды жылжыту, өшіру, қағазға немесе экранға шығару т.б.
• дискiлердегi каталогтар мазмұнын көрнектi түрде көрсетуi тиiс;
• дискiдегi каталогтар бұтағын көрсетедi, ол осы бұтақтағы керек
каталогқа көшуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ каталогтар жасайды, атын
өзгертедi және жояды;
• тексттiк файлдарды, түрлi мәтiн редакторлар көмегiмен жасалған
құжаттарды, архивтiк файлдарды, графикалық файлдарды, берiлгендер
базаларын және кестелiк процессорлардың кестелерiн қарауға мүмкiндiк
бередi;
• мәтiндiк файлды түзету;
• DOS-тың кез-келген командасын орындайды;
• батырманы бiр басқаннан файлдың әрбiр түрiне арналған стандартты
әрекеттер орындау, тағы басқалар.
Осындай іс-әрекеттерді жылдам орындау жолдарын NC программасының жұмысын
талдау арқылы қарастырайық.

2.NC Программасын іске қосу.

Бұл программаны іске қосудың әр түрлі жолы барю Егер оны NC.EXE файлын
орындау арқылы жүзеге асырсақ, онда бұл программа ЭЕМ-нің жедел жадында
тұрақты 150 кбайт орын алып тұрады.Мұндайда үлкен программаларды орындау
кезеңінде NC программасынан шығуға тура келеді.Ал,егерде NC программасын
NCSMALL.EXE файлы арқылы іске қоссақ онда бұл программаның керекті бөлігі
ЭЕМ жадының тек 12 кбайт орнын алады да, программаның негізгі бөлігі
қажетті кезде ғана автоматты түрде ЭЕМ жадына шақырылады.
Көбінесе NC программасын іске қосу компьютерді алғашқы рет тоқ көзіне
қосқанда, AUTOEXEC.BAT файлын орындау барысында автоматты түрде жүзеге
асырылады.Сонымен NC программасын іске қосу үшін

NC
Командасын орындау керекмұндағы NC программанын аты, “енгізу”
пернесін басу белгісі.

3.NC Программасынан шығу

Ьұл программадан шығу үшін ЭЕМ пернелер тахтасындағы F10 пернесін басу
керек. Сол кезде экранда NC –ден шығуға керекті қосымша мақұлдауға
қажеттімәлімет пайда болады. Мақұлдау Enter пернесін басу арқылы
орындалады, ал егерде NC программасынан шыққыңыз келмесе,онда N (no)
Пернесін басу қажет.

4. Көмек алу

Norton Commander бағдарламасынан жұмыс кезiнде көмек алу үшiн F1 пернесiн
басасыз. Егер сiз қарап шығу режимiнде немесе файлдарды редакциялау
режимiнде болсаңыз, онда экранда пернелердiң қызметi туралы анықтама
шығады. Басқа жағдайларда экранға меню пунктiнде көрсетiлген және сонда
жұмыс режимi жөнiнде қосымша мәлiметтер шығады.

5.Экран көріністері

NC–ны іске қосқан соң, экранда сызықтармен қоршалған; екі тіктөртбұрышты
тәріздес терезелер пайда болады(оларды панель деп атайды).Олардан төменірек
Dos командаларын қабылдайтын енгізу қатары орналасқан,онда Dos –тың шақыру
мәліметі мен жыпылықтап тұратын сызықша – курсор болады.
Әрбір терезеде
• Белгілі бір дискінің мазмұны(каталог);
• Көрші терезедегі каталогы көрсетілген диск туралы керекті
мәліметтер;
• Бұтақ тәріздес каталогтар құрылымы болуы мүмкін.
Терезелердің жоғарғы жағына оның ішіндегі мәліметтерге сәйкес каталогтың
аты, не Info (информация - ақпарат), не Tree (бұтақ) деген сөздер
шығады. Каталог аттары үлкен әріптермен, ал файлдардың аты кіші әріптермен
бейнеленеді. Каталог мазмұнының үстіңгі жағындағы нүктелермен белгіленген
(..) қатар келесі деңгейдегі жоғары каталогқа көшу үшін қолданылады.

6.Каталогтарды не файлдарды таңдау

Экрандағы файлдардың не каталогтардың бірі көмескі түрмен белгіленген.
Көмескі тік төртбұрыш кестелік курсор деп аталады. Ол белгіленген немесе
таңдап алынған файлды көрсетеді. Бағыттауыш пернелер арқылы бұл файлды
өзгертуге болады.Екінші терезедегі файлдарды таңдау үшін Tab пернесін
басу арқылы сол терезеге көшу керек.
Егер бір каталогтың атын кестелік курсормен таңдап, Enter пернесін
бассақ, онда терезеге төмеңгі деңгейдегі осы каталогтың мазмұны шығады.
Кері қайту үшін (жоғары деңгейдегі каталогқа көшу үшін) осы мазмұндағы қос
нүктесі бар ең жоғарғы қатарға көтеріліп Enter пернесін басу қажет.
Егер каталогты емес, кішк әріппен терілген файлды таңдап алып Enter
пернесін бассақ, онда файлдың түріне байланысты белгілі бір жұмыс орындалуы
тиіс. Файлдың түрі com, bat не exe болса, онда ол программалық файл ретінде
орындалады, ал басқа файлдардың жұмыс сипаты көбінесе NC.EXT файлына
байланысты болыды.Бұл файлдың қызмет ерекшеліктері төменде баяндалған.

7.Функционалдық пернелер қызметі

Экранның ең төменгі қатарында Функционалдық пернелердің қажеттілігін, яғни
атқаратын қызметін көрсететін анықтамалық мәлімет жазылған. Ол қатарда әр
пернені басқан кезде қандай жұмыс орындалатыны көрсетілген, олар
төмендегідей:

F1 - HELP – NC-мен жұмыс істегенде керек көмекші мәлімет алу;

F2 - USER – пайдаланушылар (осы ЭЕМ–де жұмыс істеушілер) менюін
шақыру;

F3 - VIEW – таңдап алынған файлды оқу;

F4 - EDIT - таңдап алынған файлды түзету;

F5 - COPY - таңдап алынған файлды не алдын ала белгіленген файлдар
тобын көшіріп алу;

F6 - RENMOV – файлдың не каталогтың атын өзгерту немесе файлды басқа
орынға жылжыту;

F7 - MKDIR – жаңа каталог ашу;

F8 - DELETE – файлды не каталогты өшіру;

F9 - PULLDN – NC жұмыс тәртібін өзгертетін менюді шақыру;

F10 - QUIT – NC программасынан шығу;

8.Файлдарды топтап белгілеу.

NC программасы кейбір амалдарды бір топ файлмен бірден орындау мүмкіндігін
береді, мысалы, файлдарды көшіру, жылжыту, өшіру т.с.с.
Файлдарды топтап таңдау кезінде оларды белгілеу және қате белгіленген файл
белгісін алып тастау үшін Ins пернесін пайдалану қажет. Белгіленген
файлдар басқа түске боялады. Бір каталогқа кіретін файлдарды түгел белгілеу
үшін қосымша сандар пернелігіндегі “+” (сұр түсті) пернесін басу керек. Сол
кезде экранға барлық файлдарды белгілеу нұсқасы “*.*” шығады, оны мақұлдау
үшін Enter пернесін басу жеткілікті.Екі жұлдызшаны өзгерте отырып, нұсқа
басқа түрін енгізіп таңдап алынатын файлдарды өзгертуімізге болады, мысалы
“*.com” немесе “alma.*”.
Ал белгіленген файлдарды белгіленбеген бастапқы қалыпқа түсіру үшін сол
қосымша сандар пернелігіндегі “-” (сұр түсті) және Enter пернелерін басу
қажет.

9.Басқа каталогқа жылдам көшу.

Бір дискідегі басқа каталогқа жылдам көшу Alt+F10 пернелер комбинациясын
басу арқылы орындалады. Сол кезде экранға дискінің бұтақ тәріздес каталог
құрылымының бейнесі шығады.
Курсорды жылжытатын бағыттауыш пернелер арқылы керекті каталогты таңдап
аламыз да, Enter пернесін басамыз. Бағыттауыш пернелерді пайдаланбай,
керекті каталог атының алғашқы әріптерін теру NC программасының осы
каталогты белгілеуіне негіз бола алады.
NC программасы аты осы каталогқа ұқсас басқа каталогты белгілесе, онда
Ctrl-Enter пернелерін басу арқылы келесі өзімізге қажетті каталогқа
көшуімізге болады.

10.Басқа дискіге көшу.

Экранға басқа дискінің мазмұнын шығару үшін Alt+F1 (сол жақтағы терезеге)
немесе Alt+F2 (оң жақтағы терезеге) пернелер комбинациясын басу қажет.
Сол сәтте экранға A, B, C, D тәрізді дискілер аттары щығады. Бағыттауыштар
арқылы сол дискілердің біреуін таңдап, Enter пернесін басу арқылы керекті
дискіні таңдап аламыз. Онан кейін Tab пернесінің көмегімен екі терезенің
біреуіне көшіп, бағыттауыш пернелер арқылы керекті каталогты тауып
алып,оған ену үшін Enter пернесін басамыз.
Егерде NC панельдерінің бірінде дискеттің мазмұны тұрса, ал сіз сол
дискетті ауыстырсаңыз жаңа дискеттің мазмұнын қайта оқу Alt+F1 (немесе)
Alt+F2 пернелерін,содан кейін Enter–ді басу арқылы орындалады.
Кестенің курсор тұрған терезедегі мазмұнын Ctrl+R пернелер көмегімен де
қайталап оқуға болады.

11.DOS командаларын және программаларды орындау.

Егерде Dos-тың бір командасын орындау қажет болса,онда әдеттегідей
команданы пернелерде теріп Enter-ді басу қажет. Команда орындалғаннан
кейін экран алғашқы бейнесіне оралады. Команда нәтижелері панельдердің
астында қалып кетсе, Ctrl+0 пернелерін басу арқылы оларды оқуға болады.
Бұл пернелер комбинациясын қайта басқанда, экранда NC терезелері пайда
болады.
Команданы енгізетін қатарға бұрыңғы орындалған командаларды қайта шақыру
үшін Ctrl+E пернелерін басу керек. Осы тәсілді қайталап отырып,
Бұрыңғы орындалған 15 команданы енгізу қатарына шақырып, қайта орындауға
болады.
Ctrl+X комбинациясын басу арқылы орындалған командалар тізбегін кейін
қарай өзгертуге болады, яғни Ctrl+E,Ctrl+X пернелері орындалған
командалардың кез келгенін таңдап алып,Enter пернесін басу арқылы қайта
орындау мүмкіндігін береді.Егерде орындалған команданың біреуін өзгеріссіз
орындау қажет болса, Alt+F8 пернелерін басып, бағыттауыштар арқылы
керектісін таңдап алып, Enter пернесін басу керек.
Енгізу қатарына экран терезесіндегі бір файлдың атын кіргізу үшін сол
файлды таңдап алып Ctrl+Enter пернелерін басамыз.Esc пернесін басқанда,
енгізу қатары тазаланады.

12.Файлды жылдам іздеп табу.

Экранда көрініп тұрған таңдап алынған каталогтың ішінен бір файлды жылдам
тауып алу үшін Alt пернесін басып тұрып, екінші файлдардан ерекшеленетін
алғашқы әріптер тізбегі енгізілген болса, NC программасы автоматты түрде
керекті файлды кестелік курсормен белгілеп экранға шығарады.Керекті файлды
жұмыс істеп отырған дискінің басқа каталогтарынан жылдам іздеп табу қажет
болса, Alt+F7 пернелерін басыпэкранға сол мезетте шыққан қатарға файл
атын енгізсе жеткілікті.NC барлық каталогтарды шапшаң аралап, аты
көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Norton Сommander сипаттамасы
Norton Commander программасы
Norton Сommander программасымен жұмыс істеу
Norton Commander сервистік қаптама бағдарламасының функциялары мен қызметі
NC жұмыс техникасы. Қолданушы менюімен жұмыс
Norton Commander бағдарламасы
Norton Commander операциялық қабыршығы
MS-DOS және Norton Commander туралы ақпарат
Программалық қабықшалар
Norton commander (nc) бағдарламамен жұмыс iстеу
Пәндер