Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары: мазмұны және белсенді әдістемелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

№15 семинар тақырыбы

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары: мазмұны және белсенді әдістемелері .

Семинар сұрақтары:

1. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері.

2. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.

3. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.

1. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері.

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т. б. болып табылады.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

Кәсіптік бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын жинақтамас бұрын, бастапқы бірнеше қосымшаны қарастырайық :

1. Кәсіптік бағдар жүйелік іс-әрекетті көрсетеді, оның ішінде мақсаттық орналастыру, тапсырмалар, прициптер, формалар, әдістер, қарқындылық (эффективность) критерийлері, деңгейлері, бағыттары, аспектілері және басқада жүйелік және құрылымдық пайда болушы элементтер кіреді.

2. Оқушыларды жалпы кәсіптік бағдар жүйесі олардың еңбек және кәсіптік дайындығының ішіндегі жүйе болып табылады.

3. Кәсіптік бағдар жүйесі - қазіргі қоғам дамуы кезіндегі өндірістік ара қатынастар және өндіргіш күштердің құрылымдық жүйесіндегі тұлға бағдары жүйесінің бір бөлігі.

4. Кәсіптік бағдар әлеуметтік жүйеге жатады, ол әр-түрлі проблемаларды соның ішінде, қоғамдық өндірістегі адам дамуының факторларына байланысты проблемаларды тудырады. Кәсіптік бағдарды қоғамдық проблема ретінде санаса болады. Кәсітік бағдар жүйесінің проблемасын шешуде бір ғана министрлік (Білім және Ғылым) немесе бір ғана ғылымның (мысалы, педагогика) күші жетпейді. Сол үшінде кәсіптік бағдар жүйесі тиімді болуы үшін бірнеше министрліктер және ведмоствалар, сонымен қатар әр-түрлі мамандықтардың ғалымдарын жұмылдырылуы қажет.

5. Кәсіптік бағдардың қарқындылығына көптеген әр-түрлі объективті және субъективті факторлардың әсері бар. Бұл жүйені ұйымдастыру және басқару өте қиын. Осы және басқа да жағдайлар кәсіптік бағдардың қиын екенін көрсетеді.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.

Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т. б.

2. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты.

Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.

Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады

Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысының еңбектік, экономикалық, танымдық, эстетикалық, құқықтық және физикалық тәрбиесі бірлігінде гармониялық тұлғаны қалыптастыру тапсырмасымен жүзеге асады.

А. С. Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында «үш күш одағы»- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т. б.

Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.

Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.

Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

- мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау;

- мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу;

- әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т. б.

Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды. Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.

3. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.

Кәсіптік бағдарды басқару процесінің алғашқы кезеңі - жоспарлау. Ол жеткіншектерге байланысты кәсіптік бағдар беруді басқарудың жүйелігін, сабақтастығын, үнсіздігін, отбасының, тіректік базалық өндіріс шаруашылығының және қоғамдық ұйымдардың ықпалын қамтамасыз етіп, ыңғайсыздыққа жол бермейді. Жоспарлаудың ерекшелігі - оның ғылыми негіздігі. Жоспар басқару объектісінің жалпы жағдайын, оны орындалуының нақты шарттарын көрсетіп, кәсіптік бағдар мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететіндей болу керек.

Кәсіптік бағдар жұмысының жоспары оқу жылына арналып жасалғаны жөн, бұл жеткіншектердің кәсіптік бағдар алуының қалыптасуын айқындауға, нәтижелерін мұқият қадағалауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлағанда өндіріс орындарын, жеткіншектердің тұрмыс-тіршілігін еңбек мүмкіндіктерін ескеруі қажет. Жоспарлау кәсіптік бағдар процесін өзара байланысты кезеңдерге бөліп, жеткіншектердің жас шамасына қарай әркеттерді іріктеп асыруға мүмкіндік береді.

Жедел басқарудың күнтізбелік жоспарын құру - жоспарлаудың ең тиімді түрі болып табылады . Себебі онда ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, есептеу мен талдау жұмыстары қарастыралады. Өнеркәсіптік басқару жоспарының негізгі күнтізбелік кесте түрінде жасалады. Кестеде көлденеңінен оқу апталары тігінен өткізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының түрлері орналастырылады. Кестенің ұяларында өткізілетін қажет іс-әрекеттер әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы белгіленеді. Кестемен жұмыс істеуді жеңілдетіп, жеткіншектердің қатысуы деңгейін қадағалау үшін аты-жөнінің орнына, орындаушылардың реттік нөмірлерін енгізген жөн. Күнтізбелік апта ішінде өткізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарын жеткіншектерге кәсіптік бағдардан хабарлама беруді - қызыл, қоғамға пайдалы еңбекті - көк, жеке немесе топтық консультацияларды (ақыл-кеңес) жасыл диагностикалык (алдын ала болжау) әрекеттерді -көгілдір бейімдеу әрекеттері оқу-өндірістік практика - сары түспен белгілейді. Күнтізбелік жоспардың ерекшелігі кәсіптік бағдардың әсер ету шараларының қайталанбауына уақыт үнемдеуге, шараларды дер кезінде түзетуге және реттеуге оқу-тәрбие жұмысында әр түрлі кәсіптік бағдар шараларының толықтығын қадағалауға мүмкіндік береді. Әрине жедел басқарудың күнтізбелік жоспарының барлығы мектепке кәсіптік бағдар берудің деңгейі жан-жақты көрсететін жиынтық жоспар жасауды жоққа шығармайды. Қайта ол жедел басқару жоспарымен қосылып жеткіншектердің кәсіптік бағдар алуын одан әрі жетілдірудің маңызды құралы болып шығады. Перспективтік және жедел жоспарлау кәсіптік бағдар жұмысын тыңғылықты жоспарлауына көмектеседі, жоспарға қойылатын талап - оның тәрбиелік мәнінде.

Кәсіптік бағдарды басқарудың міндетті қызметі - кәсіптік бағдар жұмысын тек мектеп ішінде ғана емес сондай-ақ, мектеп пен басқа да әлеуметтік институттар арасында жеткіншектердің мамандық таңдауын үйлестіру. Бұл жұмысты кәсіптік бағдар кеңесі басқарады, ал оның жұмысшы органы -оқу әдістемелік кабинет. Кәсіптік бағдар жөніндегі оқу-әдістемелік бөлменің негізгі қызмет бағыттары - кәсіптік бағдар беру жұмысындағы озат тәжірибелерді көру, оны мұғалімдер арасында насихаттау, кәсіптік бағыттың түрлі мәселелері бойынша семинарлар өткізу. Бұл жұмыс жалпы кәсіптік бағдар жоспарына енгізіледі. Жеткіншектердің мамандық таңдау әрекеттерін ұйымдастыру кәсіптік бағдарға басшылық етудің маңызды кезеңі болып табылады. Адамның ерекше қасиеттері мен жеке басының дамуы қоғамның тәжірибесін бойға сіңіріп, әр түрлі іс-әрекеттерге қатысу деңгейіне байланысты.

Адамды кез-келген іс-әрекеттер емес, оның қоғамға керекті, перспективалык дамуын аша алатын әрекеттер қалыптастырады, сондықтан адамның негізгі іс-әрекеті еңбек болып табылады. Адамның еңбек қуаты шексіз. Ол әлеуметтік-техникалық прогрестің дамуына, шапшаңдауына және барған сайын түрленіп, өзгеруіне байланысты. Адамның қалыптасуы оның қажеттілік жүйесінен, қабілетінен құндылық, бағыт - бағдарынан құралады. Сондықтан жеткіншектердің мамандық тандауын басқару үшін олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру өте маңызды.

Оқу-тәрбие процесінің негізгі бөлігі ретінде жеткіншектердің қабілетін жан-жақты дамыту жолында олардың іс-әрекеттерін төрт түрге бөлеміз, білім алу, қоғамға пайдалы еңбек, өнімді еңбек қарым-қатынас. Іс-әрекеттердің бұл түрлері мамандық таңдау туралы консультация беру, мамандыққа бой үйрету сияқты бағыттармен ұштасып жатыр.

Мамандық таңдауда жеткіншектердің іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы негізгі шарт - олардың белсенділігі және кызығуы, тек осы жағдайларда ғана өз мүмкіндіктерін іс жүзіне асыруға жағдай туады әрі әрекеттерінде мақсатты себеп туындайды. Әр түрлі кезеңдегі кәсіптік бағдар жұмыстары бақылауда мазмұндығымен анықталады.

Кәсіптік бағдар жұмысында жиынтықты бақылау маңызды рөл атқарады, атап айтқанда, идеялық-адамгершілік, психология жағынан жеткіншектерді өздерін қалаған мамандығына даярлау. Бақылаудың негізгі түріне жататындар: ағымдағы, кезеңді, қорытынды бақылаулар. Ағымдағы бақылау мұғалімдер әр түрлі үйірмелер мен бірлестік жетекшілері, дәрігерлік қызметкерлер, кітапхана, жоспарларының жұмысын қадағалаумен байланысты. Кезеңдегі бақылау әдеттегідей кәсіптік бағдар айлығы экскурсия, ең жақсы мамандық конкурсы жүргізіліп, оның қорытындысына байланысты "Мен және менің мамандығым", "Менің кәсіптік жоспарым", т. б. тақырыптағы шығарма, сол сияқты жеткіншектердің активінің жоспарына өзгеріс енгізуі мүмкін . Ағымдағы және кезеңді бақылаулардың нәтижелеріне орай қорытынды бақылау жасалады. Ол жоғарыда айтылған тәсілдермен жүргізіліп, жігіттер мен қыздарға қандай мамандық алу туралы нақты ақыл-кеңестер беріледі. Қорытынды бақылау кәсіптік бағдарда саналық әрі сандық көрсеткіш бола алады. Әр жылда жазылатын кәсіптік бағдар мінездемелеріне сапалы көрсеткіштер, атап айтқанда, білімі, қызығуы, тиімділігі, қабілеттілігі, кәсіпті бағалауы енгізіледі. Сандық көрсеткіш жеткіншектердің кәсіптік ниетін білдіреді.

Еліміздегі қазіргі кездегі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсіби білім мектептер, министрліктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т. б. ұйымдастырады. Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқыту түріне сай: кешкі, сырттан оқитын және күндізгі білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар формаларына бөлінеді. Бұлардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады.

Бірінші кезең - І-ІV сыньштарда

Екінші кезең - V-VІІ

Үшінші кезен - VІІІ

Төртінші кезең - X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Кәсіби бағдар берудің мазмұны
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz