Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ОЖСӨЖ 14 мазмұны

1. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде.

2. Отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері, әдіс-тәсілдері.

3. Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің формалары.

ОЖСӨЖ 14

1. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде.

Отбасы педагогикасы - педагогика ғылымының саласы, ол институционалдық белгісіне қарай, яғни әлеуметтік институт - жас ұрпақты оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын отбасы бойынша бөлінген. Бұл отбасындағы тәрбие туралы ғылым. Ол отбасы тәрбиесі жағдайларының ерекшеліктерін, олардың қолынан келетін мүмкіншіліктерін зерттейді, ата-аналар үшін балаларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарды жасайды.

Отбасы тәрбиесінің объектісі - тәрбиелік институт ретіндегі отбасының дамуының жағдайы және негізгі үрдістері болып табылады. Отбасы тәрбиесінің пәні - отбасындағы тәрбиенің мәні, механизмдері, осы процестің баланың тұлғасының құрылуына әсері.

Отбасындағы тәрбиені үйдегі тәрбие деп те атайды. Қазіргі жағдайда үй тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен толықтырылады.

Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

- отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін жасау;

- отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеу;

- отбасы тәрбиесінің практикасына ғылыми жетістіктерді енгізу;

- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттырудың жолдарын зерттеу;

- отбасы және қоғамдық тәрбиенің, ата-аналар мен кәсіптік педагогтардың өзара әрекетінің технологиясының тиімді арақатынасын негіздеу.

Отбасы тәрбиесін зерттеу үшін бірін-бірі толықтыратын әдістер кешенін қолданады:

- әдеби көздерді зерттеу, бақылау, әңгіме, «педагогикалық консилиум», тәуелсіз мінездемелер әдісі, шығарма әдісі, тәжірибені зерттеу және жалпылау, балалардың іс-әрекетінің нәтижесін зерттеу, құжаттарды зерттеу, тәжірибелік жұмыс жүргізу т. б.

- социологиялық әдістер: социологиялық сұраулар, интервью және анкеталау, тестілеу, социометрия.

- психологиялық әдістер: балалардың суреттері арқылы отбасын зерттеудің әдістемесі, ойындарын және т. б. іс-әрекеттерін бақылау.

- математикалық әдістер: шкалалау, ранжирлеу, орташа шамасын есептеу т. б.

- отбасы дүниесі көркемдік-образдық формада көрінісін табуда: әдебиетте, музыкада, суреттерде, халық шығармашылығы еңбектерінде.

Отбасы - туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әжесі т. б. ), бірлесіп, әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Мынадай функциялар жүзеге асырылады: репродуктивтік, яғни балалардың тууы; шаруашылық-экономикалық; тәрбиелеушілік; адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; отбасылық ішкі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты өткізуді ұйымдастыру.

Отбасындағы тәрбие - қажетті нәтижеге жету мақсатындағы ата-аналар мен отбасының басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуінің жалпы аталуы.

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасы өмірі тұлғаның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасының әсерінің мүмкіншіліктері:

- отбасында басқа ешбір жерде қалыптаса алмайтын сапалар қалыптасады;

- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін жүзеге асырады, отбасынан қоғам мүшелері шығады: қандай отбасы - сондай қоғам;

- отбасы дәстүрлердің сабақтастығын жүзеге асырады;

- отбасының маңызды әлеуметтік функциясы азаматты, патриотты, қоғамның заңын орындайтын мүшесін тәрбиелеу болады;

- баланың мамандық таңдауында отбасының мәнді әсері болады.

Отбасы тәрбиесі -бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады. Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары: отбасындағы қатынасты гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен қызметі, гуманитарлық фондылармен, қоғамдармен жұмысын үйлестіру т. б

Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттері: денелік (салауатты өмір салты, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен айналысу, организмді шынықтыру), адамгершілік (мәңгі адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу - сүйіспеншілік, адалдық, борыш, әділеттілік т. б. ), интеллектуалдық (оқушылардың біліммен сусындауына, оқуға деген сұраныс-ты тәрбиелеуге ата-аналардың қатысуы), эстетикалық (балалардың талантын және дарындылығын, өмірдегі әсемдік туралы білімдерін дамыту), еңбек /болашақ еңбекқор адамның негізін қалыптастырады/ тәрбиесі. Олар экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білім берумен толықтырылады.

Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері - бұл ата-аналардың балалардың санасына және мінез-құлығына мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға негізделген және тұлғаға үйлестірілген, сәйкестендірілген балаға жекелік әсер; әдістерді таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты (тәрбиелеу мақсатын түсінуі, ата-аналар рөліне, отбасындағы қатынастар стиліне т. б. ) .

Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңес, иландыру) ; жеке өнеге; мадақтау (мақтау, сыйлық, балалар үшін қызықты перспектива) ; жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу, денелік жазалау) . Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік ситуациялар қолданылады.

Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар баршылық: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт, мейрамдар, символ, атрибуттар, т. б.

Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі - отбасы өзінің басты функциясы, яғни бала тәрбиелеуді нашар жүзеге асыруда.

Дағдарыстың себептері: елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, қоғамдық өмірде мәдениетінің төмендігі, отбасында әйелге көп жүктеменің түсуі, ажырасудың жоғары пайызы, ұрпақ арасындағы тартыстың асқынуы, отбасы мен мектептің байланысының нашарлауы т. б. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

2. Отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері, әдіс-тәсілдері.

Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі - отбасындағы тағылым мен үлгі - өнегенің, тәлім - тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен бастау алатыны баршаға белгілі.

Грек философы Эпикур : «Кереметтің кереметі - жақсы тәрбиеленген адам» дейді. Олай болса: Болашақта көп болсын десең жақсы адам,

тәрбиені бастау керек отбасыдан деген ойы еріксіз еске түседі.

Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы - отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.

Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде отбасы адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйіспеншілік сыйлайтын негізгі орта.

Отбасылар бір-біріне ұқсамайды, әрі қайталанбайды. Әр отбасының тәрбие потенциалы әртүрлі. Отбасында баланың құқығын бұзбай дұрыс тәрбие беру үшін тәрбие принциптерін біліп, басшылыққа алу керек.

Отбасындағы тәрбие принципері

Тәрбиенің негізінде жататын ересектердің әртүрлі жағдайлар мен кезеңдердегі іс-әрекетінің жүйелі де тұрақты болуын қамтамасыз ететін тәрбие принциптері.

Тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындап, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мақсатпен астасып отырады.

Тәрбие принциптері - тәрбие жұмысының іс-әрекеттерін тактикасын педагогикалық тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін кез келген уақытта, тіпті, барлық жерлерде басшылыққа алуға қажетті өмірлік қағидалар.

Сонғы кездерде қоғамның демократиялық тұрғыда жаңаруына байланысты тәрбие принциптері де қайта құрылып, кейбіреулері ішінара жаңаша мазмұнмен толықтыруда.

Бүгінгі таңдағы тәрбие процесінде бұрынғыдай тек ересектер үстемдік жүргізіп, балалар мен оны құрметпен тыңдайтын, оның айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген монологизм принципі, ендігі жерде ересектер мен балалар тең құқылы тәрбие субьектісі ретінде танылып диалогизм принципіне ауысуда. Қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңызды принциптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Мақсатылық принципі

Отбасы тәрбиесінің мақсаты қоғамдық тәрбиенің мақсатымен бірдей емес. Қоғамдағы саясатына байланысты болып белгіленеді. Мысалы: қазіргі кезде қоғамның адамдары білімді, бірнеше тілді білуге ұмтылған, адамсүйгіш, іскер, шығармашылығы мол, техникадан білімділігі, экологиялық, эстетикалық тәрбиесі болуымен ерекшеленеді.

2. Ізгілік принципі

Адамға деген сүйіспеншілік - шынайы, ақылмен санасу. Жалпы ізгілік принципі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың өзара құрметке, ынтымақтастықта, сүйіспеншілікке негізделіп құрылуын көздейді.

3. Жүйелілік принцип

Баланың тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыру . Отбасындағы жеке тұлғаның дамуына жан-жақты ықпал ету, тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдары мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол.

4. Талап бірлігі принципі

Талап бірлігі - егерде әкесі былай десе, шешесі басқаша айтса бала не істерін білмейді, сондықтан талап бірлігі болу керек.

5. Келісімдік принципі

Бала тәрбиесінің бір ерекшелігі - оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың

балабақша, мектеп, спорт үйімелері, т. б тікелей ықпалымен жүзеге асатындағыда.

6. Баланың жас және дара ерекшеліктерін, қызығушылықтарын есепке алу. Баланың дамуындағы әр жастағы болатын кризистерді есепке алу.

Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекет жолдары. Тәрбие әдісінің жеке бір бөлігін- тәрбие тәсілдері деп аталады.

Отбасының тәрбие әдістеріінің түрлері:әңгіме, ақыл айту, түсіндіру, сендіру, пікірлесу, үйрету, жаттығулар, үлгі -өнеге, мадақтау жазалау т. б. Отбасында сөзден көрі іс арқылы тәрбиелеу маңызды. Ең тиімді әдіске үлгі -өнегені жатқызуға болады.

« Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді » деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді.

« Тәрбие - табалдырықтан басталады » деген нақылдың сөзі өмірден алынған шындық.

Педагог-ғалым Г. Н. Волков «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде әрине, барлық адамдар бірдей қызмет етуі мүмкін емес, отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орынды анасы мен әкесі, сонан соң әжесі мен атасы алады» -деген.

Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жолы. Олар: әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;

тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т. б. тәуелді.

Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау.

Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады.

Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.

Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар ескерілуі тиіс:

- Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.

- Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.

- Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді.

- Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпалдардың қыр-сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттікке айналады.

Қазіргі заман талабына сай жас жеткіншектерге тәрбие беріп, Отанымыздың саналы азаматтары етіп тәрбиелеу - баршаның ісі. Сондықтан бала тәрбиесіне біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен кейін қоршаған ортаның әсеріне байланысты, содан соң тәрбиенің ықпалына қарай жағымды, жағымсыз мінездер қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі сәби - еліктегіш, әр түрлі әдістерді оп-оңай қабылдағыш болып келеді. Ежелден мәлім қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше.

Отбасының рухани тірегі - ата-ана. Сондықтан халқымыз « Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер » деп бекерге айтпаған. Бала тәрбие әліппесін отбасынан үйренеді. Ата-ана баланың алдында үнемі байсалды, бірқалыпты мінез көрсетуі тиіс. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.

Ата-ана балаларын тек қана сөзбен емес өзінің еңбектегі үлгісімен, отбасындағы мінез-құлқымен тәрбиелейді. Тату-тәтті мәдениетті отбасының балалары тәртіпті болып өсетінін өмір дәлелдеуде. Отбасы мүшелерінің арасындағы бірлік, ынтымақ, үлкенге құрмет, кішіге көмек, сыйластық, шыншылдық жас баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.

Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.

Қорыта келе, балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек:

1. Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келетін іске ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.

2. Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді.

Ал, тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз, тентек етіп шығарады.

Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді.

Балаларда қорқыныштың болуы тәрбиенің дұрыс болмауынан. Қиын балалардың ата-аналары балаларынан көп нәрсені талап етеді, оны бала орындай алмайды. Бұл қорқыныш тудырудың бір себебі.

Отбасының бүгінгі кризистік жағдайы, оқыту мен тәрбиенің төмен деңгейі, педагогикалық себептермен байланысқан қиын балалық шақ: осындай аспектілер балалар мен жасөспірімдердің тәрбиеден тыс қалу профилактикасын жасауға мүмкіндік бермейді.

Осыдан барып қиын балалармен жұмыс істеп үйрену, ұстаздарды қиын балаларды түсінуге, қабылдауға үйрету, яғни оқушыларға өмірдің қиыншылықтарын мойымай жеңуге үйрету қажеттігі туады.

Баланың сәби шағы көп жағдайда оның келешегіне әсер етеді. Келеңсіз жағдайлардың қысқа әлде ұзақ мерзімде әсер етуіне байланысты тәрбие ісінде мінезді жөндеудің жеңіл түрде өтуі немесе тұрақты, ұзақ арпаласуға тура келуі мүмкін.

Адам қалыптасу арқылы өседі. Адамның қалыптасуы сәби шағынан басталады. Байқаусызда, бірақ қауіпті психологиялық жағдайлардың туындауы жеке тұлғаның мінезінің кейбір жақтарын жас шағында-ақ деформациялап, құртады. Жайсыз социалды әсерге баланың қарсы тұруының өзі дамудың өзіндік логикасын қалыптастырады. Мінездің осы құбылысы бұдан әрі сыртқы әсер болмаған жағдайда да дами береді. Тіпті осындай адамдар өз ортасын құрып, теріс қылықтардың даму жолын қалыптастыруға мүмкіндік ашады, сөйтіп «жеке тұлғаның » бұзылуына әкеліп соғады.

Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды. Ұлы Абай айтқандай: « Жақсы бала - ата-анаға қызық, жаман бала - күйік ». Жақсы бала - келешекті сеніп тапсыруға болатын жақсы азамат. Олай болса, баланы жақсы етіп тәрбиелеу - баршамыздың абыройлы парызымыз.

3. Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің формалары.

Мектеп - өскелен ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп - балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді. Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру. Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Күн тәртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады. Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т. б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата - аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Әлеуметтік педагогика
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Балаңыз қанша жаста
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz