Қандауыршаларға жалпы сипаттама Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы
№ 3 Практикалық сабақ
Қандауыршаларға жалпы сипаттама
Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы
Қандауыршалар (ланцетниктер) хордалы жануарлардың ең қарапайым бассүйексіздер (Acrania) тип тармағына жатады.
Қандауырша -- бассүйексіздер класының туысы. Дене ұзындығы 8 см дейін. Денесі ланцет тәріздес, мөлдір, желісі, (хордасы) дененің алдыңғы бөлігінде аяқталады. 7 түрі бар. Нақтылы түрі В. lanceolatum. Ол жылы және қоңыржай теңіздердің 10 -- 30 м тереңдігінде өмір сүреді. Көбінесе теңіздің құмды түбінде, денесінің алдыңғы жағын құмнан шығарып жатады. Қорегі, планктон. Ұрықтануы сыртқы, ашық түрде. Жұмыртқалары суда дамиды. Дернәсілдері суда еркін жүзіп жүреді. Қарапайым желілермен омыртқалылардың арасындағы аралық сатыдағы жануарлар.
Қандауыршалардың құйрық жүзбеқанаттарының пішіні үшкірленіп келген екі жағы да ұстараға ұқсас өткір медициналық құрал-қандауырға (ланцет) ұқсас болғандықтан солай аталған.
Қандауыршалардың қаңқа қалдықтары палеозой заманы кембрий кезеңінің бұдан
540-505 млн. жыл бұрынғы геология-лық шөгінді жыныстарының арасынан табылған. Сондықтан да, зоолог- ғалымдар қандаушаларды ежелгі геологиялық заманнан тіршілік етіп келе жатқан нағыз тірі табиғат ескерткіштері деп орынды атайды.
Қандауыршаның құрылысындағы кейбір белгілері омыртқасыз, ал кейбір белгілері омыртқалы жануарларға ұқсас болып келеді.Сондықтан да зоолог - ғалымдар қандауыршаларды омыртқасыз және омыртқалы жануарларды бір-бірімен байла- ныстырушы аралық буын деп санайды.
І. Қандауыршаның омыртқасыздарға ұқсас белгілері:
1. Денесінің екі жақты симметриялы болуы.
2. Кейбір мүшелерінің (бұлшықеттерінің, нефридия түтікшелерінің т.б.) метамерлі өзара ұқсас бөліктерден түзілуі.
3. Екінші реттік дене қуысының (целом) пайда болуы.
4. Екінші реттік ауыз қуысының пайда болуы.
5. Қанайналым жүйесінің буылтық құрттарға ұқсас тұйық болуы.
6. Сырттай ұрықтануы.
7. Кейбір омыртқасыздарға ұқсас пассивті тіршілік етуі т.б.
ІІ. Қандауыршалардың омыртқалы жануарларға ұқсас белгілері:
1. Ішкі қаңқаның қызметін атқаратын арқа хордасының (желісі) болуы.
2. Орталық жүйке жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігінің хорданың үстіңгі жағында ұзына бойы орналасуы.
3. Жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңлау- ларының болуы.
4. Қанайналым жүйесінің орталық мүшесі болып саналатын жүрегінің қызметін атқаратын құрсақ қолқа қантамырының құрсақ жағында орналасуы.
5. Асқорыту мүшелерінің хорданың астыңғы жағында орналасуы т.б.
Қандауыршалар шығу тегіне, дене құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жануарлар дүниесі- нің хордалылар (желілілер) типіне жатқызылады.
Қандауыршалардың хордалы жануарларға тән белгілері - хорда, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары, қанайналым жүйесінің тұйық болуы, ұрығының дамуы т.б. белгілері өмір бойы сақталады.
Қандауыршаларды XYII ғасырдың соңында Петербург Ғылым Академиясының академигі, ұлты неміс Петр Симон Паллас (1741-1811) Қара теңізге жасаған экспедициясы кезінде тапты. Ол қандауыршаларды ұлулардың бір түрі деп есептеді. Бірақ ол қандауыршаның құрылыс ерекшеліктерін зерттеп, оны балықтардың ең қарапайым түрі болуы да мүмкін деп қорытынды жасады.
Қандауырша ғылымға белгілі болғаннан кейін 60 жыл өткенде көрнекті орыстың эмбриолог ғалымы Александр Онуфриевич Ковалевский (1840-1901) қандауыршаның ұрығының дамуын мұқият зерттей отырып, омыртқасыздар мен омыртқалы жануарларды байланыстырып тұрған орнын анықтады және оның хордалылар типіне жататынын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Ол қандауыршаның ұрығының дамуын басқа омыртқалы жануарлардың ұрығының дамуымен салыстыра зерттеді. А.О. Ковалевскийдің зерттеулерінен кейін қандауыршаны зерттеуге көптеген биолог ғалымдар ерекше көңіл бөлді. Ал, философ ғалымдар жануарлардың тарихи даму заңдылықтарын дұрыс түсіндіру үшін қандауыршаның құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктеріне ерекше мән берді. Бірақта қандауырша ғылымға белгілі болғанымен оның табиғаттағы жүйелік орны тағы да 100 жылдай уақыт бойы нақты анықталмай келді.
Кейіннен қандауыршаның құрылысы айрықша зерттеліп, оның арқа тұсында серпінді ішкі қаңқаның қызметін атқаратын әрі ұрықтың дамуы кезінде ішектің арқа тұсынан бірте-бірте бөлініп пайда болатын әрі ол өмір бойы сақталатын арқа хордасы (желісі) болатындығы анықталды. Мұндай арқа хордасы басқа да омыртқалы жануарлардың жеке жүйелік топтарының ұрығының дамуының бастапқы кезеңінде пайда болатындығы да анықталды. Соныменен, барлық омыртқалы жануарлардың ұрығының дамуы кезінде алғашында арқа хордасы бола- тындығы, ұрықтың кейінгі даму барысында хорданың орнына не шеміршектен немесе сүйектен тұратын омыртқа жотасы дамитындығы дәлелденді.
Қандауыршалардың қатты қаңқа қалдықтары болмайтын- дықтан олардың шығу тегін салыстырмалы анатомиялық және салыстырмалы эмбриологиялық әдістер арқылы түсіндіруге болады. Көрнекті орыс ғалымы эволюциялық ілімінің негізін салушылардың бірі Алексей Николаевич Северцовтың (1866- 1936) пікірі бойынша бассүйексіздердің арғы тегі еркін жүзіп тіршілік еткен денесі екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың ертедегі бір тармағынан - қазіргі қандауыршалар пайда болып, олар теңіз түбінде пассивті тіршілік етуге бейім- делген. Ал, олардың екінші тармағынан - еркін жүзіп тіршілік ететін қазіргі омыртқалы жануарлардың басқа жүйелік топтары пайда болған деген пікірге келіп тіреледі.
Қазіргі кезде қандауыршалардың арғы тегі қабықтылар болуы мүмкін деген пікірлер де бар. Олар теңіз түбінде тіршілік еткен қабықтылардың личинкалық кезеңінде көбеюге қабілетті тармағынан пайда болған деген көзқарасты қолдайды.
Хордалылардың шығу тегі жайында шет елдерде Гарстанг теориясы кеңінен қолдау тауып отыр. Бұл теория бойынша хордалылар өте ерте замандарда тіршілік еткен тікен- терілілердің аурукулярия деп аталатын личинкаларынан (дернәсілдерінен) пайда болған. Өйткені аурукуляриялар мен қарапайым хордалылардың ұрығының дамуында туыстық ұқсастарды байқауға болады.
Қаңқасы
Қандауыршада ми болмағандықтан, бассүйек те дамымаған, сондықтан ол бассүйексіз жануар болып саналады. Оның арқа жағын бойлай бас пен құйрықты жалғастыратын желі қандауыршаның денесіне тірек болып, ішкі қаңқа қызметін атқарады.Бұл желі қандауырша денесінде өмір бойы сақталады.
Қоректенуі
Қандауырша судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Оның асқорыту жүйесі мұртшалармен жиектелген ауыз шұқырағынан басталады.денесін бойлай созылған желінің астыңғы жағында бірнеше бөліктерден құралған асқорыту түтігі жатады. Түтіктің ауызға жалғасқан бөлігі жұтқыншақ деп аталады.Жұтқыншақта көлденең орналасқан бірнеше (жүздеген жұп) желбезек саңылаулары бар. Ол дене мен саңылаулар арасында желбезек қуысын түзеді. Жұтқыншақ- ішекке жалғасады да ішек түзу қалпында аналь тесігімен аяқталады. Қандауыршаның аузына түскен ұсақ қоректік заттар түйіршігі ауыздан жұтқыншаққа, одан түзу ішекке қарай бағытталады.
Тыныс алуы
Қандауырша жұтқыншақтың қабырғасындағы сансыз желбезек саңылаулары арасындағы перделер арқылы тыныс алады. Оның асқорыту және тынысалу мүшелерінің қызметі бірлесіп кеткен. Ауыздан жұтқыншаққа өткен су желбезек саңылаулары арқылы желбезек маңындағы қуысқа барғанда оның қабырғаларындағы қылтамырлар торабына сіңіп, қандауырша денесіне оттегін береді, сондай-ақ қорытылған қоректік заттар денеге өтеді.
Қандағы көмірқышқыл газ суға шығарылады да, газға қаныққан су жануардың су шығатын тесігі арқылы далаға бөлінеді.
Қан айналымы
Қандауыршада жүрек болмайды, түссіз қан арқа және құрсақта болатын ірі қантамырлардың жиырылуы арқылы бір шеңбер жасап, тұйық жүйемен денеге таралады. Мұның қантамырлар жүйесі буылтық құрттардың қантамырлар жүйесіне ұқсас.
Зәр шығаруы
Қандауыршаның зәршығару мүшесі желбезек қуысында орналасады. Бөлінді зат желбезек қуысындағы өте ұсақ өзекшелер арқылы желбезек қуысына бөлініп шығады.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
Қандауыршаның жүйке жүйесі желі үстінде арқаны бойлай созылып жатқан түтік тәрізді өте қарапайым құрылысты болып келеді. Жүйке түтігінен дененің үстіңгі жағына және ішкі мүшелерге қарай жүйкелер тармақталып таралады. Қандауырша сыртқы химиялық және қарапайым тітіркеністерді сол жүйке тармақтарымен қабылдайды.
Қандауыршаның сезім мүшелері өте нашар дамыған. Оның есту мүшесі және көзі жоқ. Алайда күшті жарықтан қандауырша тітіркенеді. Тепе- теңдік мүшесі болмағандықтан, қандауырша суда жүзген кезде бір бүйірінен екінші бүйіріне аударылып, денесін қалыпты ұстай алмайды. Судың химиялық қасиетін иіс сезу шұңқыры арқылы сезіне алады. Ауыздың төңірегіндегі мұртшалары сипап сезу қызметін атқарады.
Көбеюі және дамуы
Қандауырша дара жынысты, оның жұптасқан аналық безі мен аталықбезі желбезек саңылауының маңындағы қуысында бірнеше қатар бұдыртармақтар түзіп жатады. Сырттай ұрықтанған уылдырықтан тұрқы 3,6-5,2 мм дернәсіл дамып, үш айға дейін сол сатыда тіршілік етеді. Дернәсілдер екінші-үшінші жылы жыныстық жағынан толысады.
Қандауыршаның сыртқы құрылысы.
Теңіздің жағаға таяу таяз суларында құмға көміліп, басын жоғары қаратып жатқан қандауыршаның ауыз төңірегіндегі жиырма шақты мұртшалары тынымсыз қимылдап тұрады. Тұрқы 8 сантиметрден аспайтын қандауырша мұртшалары арқылы су ішіндегі ұсақ жәндіктерді қармап, қорегіне жаратады. Қандауыршаның алдыңғы және артқы жағы сүйірленіп бітеді. Оның арқасын бойлай созылған тері қатпары құйрығын қандауырдың ұшы тәрізді етіп жиектейді, бұл- қандауыршаның арқа және құйрық жүзбеқанаттар
Қандауыршаның ішкі құрылысы
№ 4 Практикалық сабақ
Еуропа қандауыршасының сыртқы және ішкі құрылысы
Еуропалық қандауырша (лат. Branchiostoma lanceolatum) - қандауырша тұқымдасына жататын хордалы (Branchiostomatidae).
Сипаттамасы
Branchiostoma lanceolatum
Ұзындығы 6 см. Денесі ұзартылған, інжу ақ және мөлдір.
Таралуы
Олар Атлант теңізінде және Суэц каналы арқылы енген Үнді мұхитында өмір сүреді. Олар Атлантикадан солтүстікте Норвегия мен Шотландиядан Жерорта теңізі мен Қара теңізге дейін кездеседі.
Еуропа қандауыршасының жүйелік орны:
Тип: Хордалылар (желілілер) - Cһordata (хордовые)
Тип тармағы: Бассүйексіздер- Acrania (бесчерепные)
Класс: Басхордалылар (басжелілілер) - Cepһolocһordata (головохордовые) Отряд: Қандауыршатектестер - Ampһoxiformes (ланцетникообразные) Тұқымдасы: Қандауыршалар - Brancһiostomidae (ланцетниковые)
Туысы: Кәдімгі қандауыршалар - Brancһiоstoma (настоящие ланцетники)
Түрі: Еуропа қандауыршасы - Brancһiostoma lапсеоlаtum (европейский ланцетник)
Қандауыршаның ұзына бойы кесіндісінің сызбанұсқасы
1 - сезгіш қармалауыштар; 2 - ауыз алды қуысы; 3 - шашақты қармалауыштар; 4 - хорда; 5 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz