Омыртқалылар тип тармағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
№7 Практикалық сабақ
Омыртқалылар тип тармағы
Омыртқалылар хордалылар типінің жоғары сатыдағы тип тармағы.Омыртқалыларда шеміршектен немесе сүйектен тұратын омыртқа жотасы болады. Дамуының әртүрлі кезеңінде осьтік қаңқа желісі болады. Олар барлық тіршілік ортасында: құрлық, топырақ, ауа, тұщы және теңіз су айдындарында таралған. Қазіргі кезде желілілердің 40 мыңға жуық түрі белгілі.

Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata);
Балықтар (Pisces);
Қосмекенділер (Amphibia);
Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia);
Құстар (Aves);
Сүт қоректілер (Mammalia).

І. Омыртқалылардың жіктелуі: жақ аппараттарының болмауына және болуына байланысты 2 топқа бөлінеді:
1-жақсыздар -- оған дөңгелекауыздылар класы ғана жатады.
2-жақауыздылар -- бұған шеміршекті және сүйекті балықтар,қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады.
ІІ. Омыртқалылар ұрығының даму ерекшеліктеріне сәйкес 2 топқа бөлінеді:
1.Қағанақсыздар(Аnаmnіа)(ұрыққабықс ыздар) -- бұған дөңгелекауыздылар,шеміршекті және сүйекті балықтар,қосмекенділер жатады.
2.Қағанақтылар (Amniota)(ұрыққабықтылар) - оған бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады.

ІІІ. Омыртқалылар дене температурасының тұрақсыз және тұрақты болуына сәйкес салқынқандылар және жылықандылар деп 2 топқа бөлінеді. 1.Салқынқандылар (пойкилотермиялылар) - олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасына тәуелді болады. Бұл топқа дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар жатады.
2.Жылықандылар (гомойотермиялылар) - оған дене температурасы үнемі тұрақты - құстар мен сүтқоректілер жатады.

Омыртқалылардың жеке мүшелер жүйесі
Жақсыз омыртқалы жануарларға тән белгілер:
Жақсыздар - омыртқалылардың ең қарапайым тобы. Оларда хорда өмір бойы сақталады; жақ аппараты болмайды; аузы сору қызметін атқарады, жұп жүзбеқанаттары болмайды; танау тесігі сыңар (біреу); ішкі құлағында 2 (миногаларда), не 1 (миксиндерде) жарты иірім өзекшелер болады; желбезек шашақтары энтодермадан пайда болған; жыныс бездері сыңар (біреу). Жақсыздар тобына тек бір ғана дөңгелекауыздылар класы жатады.

Дөңгелекауыздылар класына жалпы сипаттама

Дөңгелекауыздылар класы омыртқалы жануарлардың қазіргі кезде тіршілік ететін бірден бір класы болып саналады.
Сыртқы түрі - ұзынша жылан тәрізді. Ауыз алды қуысы дөңгелек, онда ұсақ мүйізді "тісшелер" орналасқан.
Қаңқасы - хорда өмір бойы сақталады. Бас қаңқасы шеміршекті тақташалардан тұрады. 9 жұп шеміршекті желбезек доғасы болады.
Асқорыту жүйесі. Ауыз алды қуысы, аузы (желкен), жұт- қыншақ, өңеш, ішек, аналь тесігі бар. Жұтқыншағы екі түтікке бөлінген (асқорыту және тынысалу). Ішегінде спиральды қат- парлар бар, өт қабы болмайды, ұйқы безінің нышаны ішекте шашырап орналасқан.
Тынысалу жүйесі - қапшық тәрізді желбезек аппара- тынан тұратындықтан, оларды кейде қапшық желбезектілер деп те атайды Оның саны 7 жұп. Сыртқы желбезек тесіктері сыртқа жеке-жеке ашылады. Ал, ішкі желбезек тесіктері тыныс- тық түтікке ашылады. Тыныстық түтігі - тұйық өскін болып бітеді.
Қан айналым жүйесі - тұйық, жүрегі 2 камералы (бір жүрекше, бір қарынша), жүрегі арқылы вена қаны ағады. Бүйре- гінде вена қақпа торы болмайды. Көкбауыры жоқ. Қан жасуша- лары өңеште, ішекте, бауырда, бүйректе түзіледі.
Зәр шығару жүйесі - жұп дене бүйрегінен (мезонефрос), жұп несепағардан (вольф өзектерінен), зәр жыныстық емізекше- лерден тұрады.
Жүйке жүйесі. Миы 5 бөлімнен тұрады, мидан 10 жұп жүйкелер таралады.
Сезім мүшелері өте қарапайым. Көзі нашар дамыған. Иіс сезу мүшесі - сыңар танау тесігінен тұрады. Бүйір сызығы айқын байқалады.
Жыныс жүйесі. Дөңгелекауыздылар дара жынысты, сырттай ұрықтанады. Жыныс бездері (аналығында да, аталы- ғында да) сыңар (біреу). Миногалардың көпшілік түрі өрістейді (теңізден өзенге көтеріліп, уылдырық шашады).
Өсуі мен дамуы. Бөлшектену арқылы дамиды. Дернәсілі
- құмтескіш (пескоройка) деп аталады. Ол белсенді жүзіп тіршілік етеді. Дернәсілінің тіршілігі қандауыршаға ұқсас.
Жіктелуі. Дөңгелекауыздылар класы 2 класс тармағына бөлінген. Олар - миногалар (30-дан астам түрі бар), және миксиндер (18 түрі бар). Жақсыздардың қалқандылар кла- сының түрлері геологиялық замандарда жойылып кеткен.

№8 Практикалық сабақ
Өзен миногасының сыртқы және ішкі құрылысы
Өзен миногасының жүйелік орны:
Тип: Хордалылар (желілілер) - Chordata (хордовые)
Тип тармағы: Омыртқалылар (бассүйектілер) - Vertebrata seu Craniata (позвоночные или черепные)
Класс үсті: Жақсыздар - Agnatha ( бесчелюстные)
Класс: Дөңгелекауыздылар - Cyclostomata (круглоротые)
Класс тармағы: Миногалар - Petromyzones (миноги)
Отряд: Миногатектестер - Petromyzoniformes (миногообразные)
Тұқымдас: Миногалар - Petromyzonidae (миноговые)
Түрі: Өзен миногасы - Lampetra fluviatilis (речная минога)

Сыртқы құрылысы. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және
үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады. Аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сөйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншіктермен шашақталған, басының алдыңғы жағыда сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканың ішіндегі етті тілдің үш жағына орналасқан. Эпидермисті жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына басының үстіне таман, ал миксиндерде басының алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр -- жыныстық тесіктер кеуде мен құйрық бөлімінің шекарасында орналасады да, сыртқа ашылатын орқайсысының жеке жолдары болады.

Өзен миногасының сыртқы құрылысының сызбанұсқасы

1 - ауыз сорғышының қуысы; 2 - сыңар танау тесігі; 3 - көзі; 4 - сыртқы желбезек тесіктері; 5 - бүйір сызығы; 6 - аналь тесігі; 7 - зәржыныстық емізікше.; 8 - арқа жүзбеқанаттары; 9 - құйрық жүзбеқанаты; 10 - миомер; 11 - миосепта.

Бұлшықет системасының көпшілігі жақсы жіктелмеген. Желбезек қапшықтары ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Денесіндегі еттер, яғни миомерлер өзара жабын дәнекер миоцепталар арқылы жіктеліп тұрады.

Ac қорыту органдары воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтықаншақ екі тарамға балінеді: жоғарғы тараммен қоректік заттар ішке қарай кетеді. Ал төменгі тарамы тұйықталып желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіл жалғасады. Олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысына етуін баяулатып, оның толық қорытуына себепші болады.

Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан жеті пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген пластинкалардың болатынын байқауға болады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су, желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-15 дейін болады.

Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұратын жүрегі болады.

Өзен миногасының қанайналым жүйесінің сызбанұсқасы

1 - вена қолтығы; 2 - жүрекше; 3 - жүрек қарыншасы; 4 - қолқа жуашығы; 5 - құрсақ қолқасы; 6 - арқа қолқасы; 7 - әкетуші желбезек артериялары; 8 - алдыңғы кардинальды веналар; 9 - төменгі тәждік вена; 10 - құйрық венасы; 11 - артқы кардинальды веналар; 12 - ішекасты венасы; 13 - бауыр вена қақпасы; 14 - бауыр венасы.

Нерв системасы. Деңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми мен мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Мидан 10 жұп нерв тарайды.

Сезім органдары - өте қарапайым. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері нашар жетілген. Миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілік етуіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады.

Зәр шығару органы -- мезонефрикалық бүйректерден құралады. Зәр заттарының шығару түтігінің қызметін Вольфов каналы атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.

Жыныс бездері - дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалардан шыққан заттар дененін ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына келіп құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты.

Миногалар - (Petromyzoniformes)
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалар жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар. Бұл ланцетниктегідей эндостильдің қызметін атқарады. Көзі терісінің астында жатады. Миы басқа органдарымен салыстарғанда үлкенірек деуге болады. Құм қазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құм қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 жылдың ішінде айналады. Бұл отряд бір тұқымдастан және жеті туыстан құралады. Миногалар барлық суларды тіршілік ететін космополиттер.
Өкілдері Каспий және өзен миногалары болып саналады. Каспиций миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін қыркүйектен бастап желтоқсан айына дейін Еділ, Жайық, Қура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып өзен ағысына қарсы жоғарыға қарай бірнеше жүз км өрістен көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалынған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді. Ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.
Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см болады. Бұлар Европа мен Азияның Солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздеріндс кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді. Өзен миногаларынын Каспий миногасына қарағанда көсіптік маңызы аз.

№9 Практикалық сабақ Балықтарға жалпы сипаттама.
Балықтар (лат. Pisces) -- негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен - көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.

Балықтар -- хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар - 2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Қандауыршаларға жалпы сипаттама Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы
Омыртқалы жануарлар – құстар
Зоологияның даму тарихы, жануарлар әлемінің жүйесі
Бунақденелілер класы
Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы
Балықтардың қаңқасы
Хордалылар типі. Бассүйектілер тип тармағы. Балықтардың класс үсті. Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Омыртқалы жануарлар
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Пәндер