Балықтардың экологиялық топтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

4 СОӨЖ Балықтардың экологиялық топтары.

Балықтардың негізгі экологиялық топтары. Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. Бірақ көптеген орыс оқымыстылары : Қ. Ф. Кисслер (1877), Н. А. Смирнов (1912-1924), А. А. Браунер (1923), В. И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше экологиялық топтарға топтастырған.

  • Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде өзара араласып жататын балықтар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді де, көбінесе актив жүзеді. Оларға акулалар, сардиналар, макрелдер жатады. Кейбір түрлері мысалы айбалык судың қозғалысына байланысты пассив қозғалады.
  • Литоральдық- су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жауларынан қорғанады және коректерін табады. Әр түрлі тереңдікте таралған (скаттар, кейбір камбалалар, тана балықтар) өте таяз жерлерде, (химералар) бірсыпыра тереңдікте кездеседі. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен” қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреуінде (кузовкалар) қалың сауыт негізделген.
  • Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 метрден төмен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, өте тұздылық, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Абиссиальдық балықтарда көз болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.

5 СОӨЖ Шеміршекті балықтар класының жіктелуі.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді, 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер.

1-класс тармағы Тақта желбезекгілер (Elasmobrancbll) Тақта желбезекттілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (selachoidei) және скаттар (batoidei) . Тақта желбезектілердін қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең санылау түрінде орналасқан.

1-отряд Акулалар (Selachoidei) Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Акулалардың денесінің ұзындығы бір метрден 15 метрге дейін (кейде одан да ұзын) болады. Басының екі бүйір жағында 5-7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцалер деп атайды. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клоакасы болады. Құйрық қанатынын жапырақшалары біркелкі емес. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық деп атайды. Көкірегі мен құрсагында горизанталь орналасқан қос қанаттары болады. Осы кезде олардың он шақты тұқымдасы белгілі. Бұлар барлық мұхиттар мен теңіздерде тараған. Каспий теңізінде ғана болмайды.

2-отряд Скаттар (Batoidei) Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып барып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар - жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтар. Кәдімгі скаттардың жалпақ денесі сүйірленіп барып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және құйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде қар теңізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардың өкілдері, мысалы түкті скат пен сеулелі скаттар болып есептеледі.

2- класс тармағы Химерліктер (holocephali) немесе бүтінбастылар. Бүтінбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды. Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген. Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады. Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға бо-лады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған. Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балықтар (pisces) класы мен шаруашылықтағы маңызы, зияны, адам денсаулығына пайдасы
Уылдырық шашып көшіп қону, уылдырық шашу
Экологиялық факторлар, факторлардың организмге әсері
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
Балықтардың қоректенуі
Тұқының шешек ауруы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Қопа көлі және балық шаруашылығы
Жайық өзенінде мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz