ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мəселесін əрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымдарда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дəуір жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мəселелері де əр алуан болып келеді.

Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында жəне мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға жəне жоюға бағытталған əкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған. Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне жолын кесу шараларына назар аударайық.

« Транспаренси Интернешнлдің» мəліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын жəне қазіргі əлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында, əлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер;

2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер;

3) сыбайлас жемқорлыққа байланасты едеуір мəселелері бар елдер;

4) сыбайлас жемқорлық айырықша байқалатын елдер.

Бұл көрсетілген рейтингіде үздіктер қатарына Дания мен Жаңа Зеландияны жатқызамыз.

Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген жəне ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді жəне кешенді сипат алады.

Ең алдымен, бізге қызықтысы кейінгі жылдары рейтингіде ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқан Данияның тəжірибесі. Бұл елдің бұл салада табысқа жетуіне ең алдымен нəтижелі жұмыс істеп тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен бастамалар ықпал етеді.

XIX ғасырдың ортасына дейін Швеция сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан ел болып та- былды [6] . Бірақ та саяси элитаның елді толықтай модернизациялау туралы стратегиялық шешімі қабылданғаннан кейін шенеуіктердің меркантилді ойларын толықтай жоққа шығаруға бағытталған іс- шаралар əзірленіп жəне жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік реттеу тыйымдар мен рұқсаттар арқылы емес, адал жəне жауапты басқару стимулдары - салықтар, жеңілдіктер мен субсидияларға негізделді. Азаматтар үшін мемлекеттік басқарудың ішкі құжаттарымен танысуға жол ашылып, мемлекеттің қалай жұмыс істейтіне түсінгісі келетіндерге мүмкіндік берілді. Ең бастысы, тəуелсіз жəне нəтижелі сот жүйесі қалыптасты.

Сонымен бірге швед парламенті мен үкіметі шенеуніктер үшін жоғары этикалық стандарттар бекітіп жəне оны орындатуға күш салды. Небары бірнеше жылдан кейін мемлекеттік бюрократия арасында адалдық беделді нормаға айналды. Шенеуніктердің еңбекақысы басында жұмысшылардың жалақысынан 12-15 есе көп болған. Алайда ел үкіметінің мақсатты əрекетінің барысында бұл айырмашылық екі есеге төмендеді. Бүгінде Швеция сыбайлас жемқорлық деңгейі өте төмен елдердің бірі.

Швецияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда шіркеу мен қоғамдық пікір үлкен орын алады. Сол арқылы бұл елде аз уақытта өте жоғары табысқа ие болған қандай да болмасын бизнесменге не- месе шығыстары табысынан əлдеқайда жоғары шенеунікке күдікпен қарайды. Қоғамдық пікір бұл бизнесменді оқшауландырып, сондықтан оған бизнесте де, күнделікті тіршілікте де сенімсіздік білдіре бастайды. Жəне қоғамдық пікір бұндай шенеунікті қызметтен кетуге мəжбүрлеп, оған мемлекеттік қызметте жəне жеке бизнесте жұмыс табуға мүмкіндік бермейді. Қоғамдық пікір сыбай- лас жемқорлықты, жалпы жеке бизнес пен мемлекеттік қызметтегі «арам пиғылды» сирек құбылысқа айналдырды. Ешқандай заңдық реттеу жолымен немесе тіпті қылмыстық жазалау жолымен де бұндай көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін емес.

1965 жылы тəуелсіздік алғаннан кейін Сингапур сыбайлас жемқорлықтың деңгейі өте жоғары ел болып саналды. Сыбайлас жемқорлықтың белең алғаны сонша, ол адамдардың өмір сүру салтына айналған. Салыстырмалы түрде аз тарихи уақытта, яғни тəуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін, кедей елден жоғары дамыған постиндустриялы елге айналды. Бұл жол 1959 жылы Сингапурдың премьер-министрі Ли Куан Ю жасаған таңдауды жүзеге асыру жолы болып табылады. Дəл осы адам, тұщы су мен құрылыс құмы сырттан əкелінетін портты қаланы, Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржы жəне сауда орталығына айналдыруды көздеді. Бұл үшін сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету қажет болды. Оны төмендету стратегиясы кешенді түрде жүзеге асты: шенеуніктердің қызметі қатаң реттелді, барлық заңдардағы екі мағыналық жойылып, көптеген рұқсат ету жəне лицензиялау түрлері алынып тасталды, заңның үстемдігі жəне заң алдында барлығы тең принципі қалтықсыз жүзеге асырылды, билік органдарының қызметін қарапайымдандырылып, этикалық стандарттардың сақталуы қатаң қадағаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Әділет органдарының актілері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫ
Экономикалық қылмыстар жүйесінің негіздері
Финляндия сыбайлас жемқорлық жоқ басқа елдер арасында үшінші орында
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Сыбайлас жемқорлық жою жолдары
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz