Linux жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Техникалық кибернетика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Linux жүйесі

Орындаған: Иманғалиева А. А.

Тобы: ИСб-04-1к

Тексерген: Набиева Г. С.

Алматы 2004
Жоспар

КІРІСПЕ

1 LINUX-ПЕН ТАНЫСУ

1. 1 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

1. 2 LINUX-ПЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙ АЛАТЫН ПРОЦЕССОРЛАР

1. 3 OS-ТІҢ ТАРАЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. 4 LINUX ДИСТРИБУТИВТЕРІ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

2. 1 КӨПҚОЛДАНБАЛЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ

2. 2 КӨПТАПСЫРМАЛЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ

3 LINUX-КЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР

4 OS-ТІҢ БІРІНШІ ЖҮКТЕЛУІ

4. 1 КӨПҚОЛДАНБАЛЫ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

4. 2 ЖҮЙЕГЕ КІРУ (ЛОГИН)

5LINUX ЖҮЙЕСІНІҢ КҮЙГЕ КЕЛТІРІЛУІ ЖӘНЕ КОНФИГУРАЦИЯЛАРЫ

5. 1 LINUX ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КҮЙГЕ КЕЛТІРІЛУІ

5. 2 ГРАФИКТІК ЕРЕЖЕЛЕР ҮШІН БЕЙНЕАДАПТЕР РЕЖИМІНІҢ КҮЙГЕ КЕЛТІРІЛУІ

5. 3 LOCALE: ЖҮЙЕДЕГІ ТІЛДЕР

6 LINUX ТЕГІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМА РЕТІНДЕ

7 ЖЕЛІМЕН ЖҰМЫС

7. 1 ЖЕЛІНІ ҚОЛДАУ ХАТТАМАЛАРЫ

7. 2 TCP/IP ХАТТАМАСЫМЕН ИНТЕРНЕТТЕ ЖҰМЫС

7. 3 SERVER MESSAGE BLOCK-ПЕН ЖҰМЫС

7. 4 БАСҚА ДА ЖЕЛІЛІК СТАНДАРТТАРДЫҢ ЖӘРДЕМІ

8 LINUX ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

8. 1 LINUX КОМАНДАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

8. 2 LINUX КІШІ ҮЙ ОФИСІ РЕТІНДЕ

9 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

9. 1 ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

9. 2 АВТОНОМИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

10 LINUX-ТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

10. 1 LINUX-ТІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫЛУЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.

Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.


1 LINUX-ПЕН ТАНЫСУ

1. 1 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Linux - операциялық жүйе, ол өте танымал Unix операциялық жүйенің жиырма бес жылдық дамуының жоғары қасиеттерін қамтыды. OS Linux 1991 жылы 5 қазанда Хельсинки қаласындағы университетте оқыған авторы және иесі Линус Торвальдспен (Linus Torvalds) тұңғыш рет сатылуға берілді.

Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері [1] :

  • Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.
  • Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.
  • Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow - бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.
  • Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB*және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т. б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі. 1
  • Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.
  • SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.
  • Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T*сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.
  • Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан[3] .
  • Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды[5] . LINUX-ПЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙ АЛАТЫН ПРОЦЕССОРЛАР

Бүгінгі күні OS Linux түгел дерлік процессорлармен жұмыс жасай алады: барлық Intel процессорлардан бастап (80386 SX-тан бастап) және оған ұқсас (AMD, Cyrix процессорлары), Sun SPAR Cstation процессорлары, Apple, Intel Itanium, DEC AXP компанияларынан Power Macintosh процессорлары және Atari мен Amiga компьютерлерде қолданылатын Motorola 68000.

Сонымен қатар, Linux көппроцессорлы машиналарда SMP (мультипроцессорлық жүйе) ұстайды. Бір мезгілде бір жүйеде 32 процессорға дейін жұмыс жасай алады.

  1. OS-ТІҢ ТАРАЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

“Linux тегін” - бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша былайша беруге болады [3] :

  • Жүйе тегін таралады.
  • Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар.
  • Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы құқысы жоқ. 2

Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен қаражатты төлейді.

Бұл бойынша Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.

  1. LINUX ДИСТРИБУТИВТЕРІ

Дистрибутив үшін құжаттар бөлек беріледі. Бірақ оған көптеген ережелер, анықтамалық файлдар және HOWTO кіреді, сондықтан сауатты қолданушы құжатты қажет етпейді.

Linux-ті мықты құрастырушылар: Red Hat Inc., және Mandrake S. A. өздерінің нұсқаларын дистрибутивке енгізеді, бірақ бұл OS * жиынының бағасының көтерілуіне әкеліп соғады.

Linux дистрибутивтері көптеген әр түрлі компаниялармен шығарылады. Бүгінгі күні Linux-тің 90 түрі бар, бірақ олардың барлығы Unix стандарттарымен ұқсас. Батыстағы Linux-тің негізгі құрастырушылары:

  • Red Hat, Inc. - Red Hat Linux-тің үш түрін: Home, Standard және Professional шығарады;
  • Caldera, Inc. - Caldera Open Linux түрін шығарады;
  • Debian Group - Linux Debian;
  • Corel, Inc. - әмбебап саудаға қондырылуы ыңғайлы Corel Linux шығарады, ол Linux Debian қорында сақталады;
  • SUSE Group - S. U. S. E Linux-ті шығарады, әсіресе еуропалық тілдер үшін локальданған.

Келесі дистирбутивтер ТМД территориясында өте танымал:

  • “Процедура” қоғамынан Red Hat Linux. Бұл компания ТМД саудасы үшін ыңғайлы бағамен сатылатын Red Hat дистрибутивтерінің көшірмелерін шығарады.
  • Ресей-француз “Mandrake S. A. ” компаниясынан Mandrake Linux дистрибутиві. Linux-тің бұл түрі жақсы орыстілдік локализациямен, көлемді құжаттарымен және арзан бағамен танымал. 3
  • Black Cat Group, BC Linux дистрибутивімен танымал. Бұл Red Hat дистрибутивінің түрі, бірақ ол Украинаға ғана локальданған.

Техникалық аспектісінде бұл барлық дистрибутивтерінің айырмашылығы өте бос қарастырылады (айырмашылықтар динамикалық кітапханаларда, аудармаларда және қондырушы бағдарламалардың түрлерінде бар) . Таңдаудың негізгі критериі тек дистрибутивтің қателерінің, аударманың және бағаның болмауы болып табылады.


2
LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

“Linux” терминінің мағынасы толығымен анықталмаған. Ең алдымен ол ядроны, Linuх-тің кез келген версиясының жүрегі ретінде білдіріледі. Ал кең ауқымдағы мағынасы - дистрибутив деп аталатын, осы ядрода орындалатын бағдарламалар жиынтығы. Ядроның мақсаты - бағдарламалар, соның ішінде базалық аппараттық бағдарламалар мен есептеулерді немесе бағдарламалардың орындалуын басқаратын жүйелер сияқты бағдарламалар орындалатын базалық ортаны қамтамасыз ету.

Нақтырақ айтсақ, белгілі бір уақыт мезетінде Linuх-тің тек бір ғана ағымдағы түрі бар, ол - ағымдағы ядро түрі. Торвальдс [1] Linuх әлемінде ядроны өз иелігі ретінде белгілеп, күллі дүниедегі мыңдаған құрастырушыларға осы ядро үшін қолданбалы бағдарламалар мен қызметтер құруға мүмкіндік берген.

Кез келген анықтамадан шыққанда Linuх операциялық жүйе болып табылады. Linuх-ті басқа дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерден айыратын ядроның ерекшелігі сонда - бұл жүйе көптапсырмалы және көпқолданбалы болып табылады.

2. 1 КӨПҚОЛДАНБАЛЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ

Windows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері бірқолданбалы (яғни бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.

Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді, бұл оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады [4] .

2. 2 КӨПТАПСЫРМАЛЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ

Көрқолданбалылықпен қатар Linux-тің көптапсырмалылық қасиеті бар.

Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3. 1-ден Windows 95-ке ауысқанда, жаңа жүйенің көптапсырмалылығы негізгі құндылығы болып саналды.

Жүйенің көптапсырмалылығы - оның бірнеше операцияларды (үрдістерді) бір уақытта орындай алуы. Сонда жалғыз процессордан құралған компьютер бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын айтсақ процессор бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, көптапсырмалылық негізіне бір әрекеттен екіншіге шапшаң ауысуы жатады.

Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен корпоративтік серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше тәсілмен орындайды. Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл сондай көптапсырмалылықты қамтамасыз ете алады. Бір кездерде керемет шу көтерген Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын әрекеттердің көп санын әрең орындап үлгереді [2] .

Linux жүйесі, Windows NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium II екілік жүйесі тәрізді көппроцессорлы компьютерлерді қолдайды. Бұл компьютерлер шын мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті орындайды. Көппроцессорлық көптапсырмалылықпен бірге бір компьютерде орындалатын бір уақытта іске асатын бағдарламалар санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді [5] .

3 LINUX-КЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР

Linux операциялық жүйесін түрлі бағдармаларды құру үшін пайдалануға болады. Қазіргі кезде Linux-ке арналған мынадай бағдарламалық қамтамалар бар [1] :

DOS пен Windows-тің бағдарламалық қамтамалары. Linux-те орнықтылықтың жоғары деңгейінде DOS бағдарламаларын орындауға болады. Windows-ке арналған бағдарламаларды орындаудың да бірнеше әдістері бар.

XWindows қабықшасы. Бұл өте ыңғайлы, әрі көрнекті және оңай конфигурацияланатын орта, ол сонымен қатар Linux көптеген жүйелерінде жұмыс істейді. XWindows ортасында орындалатын көптеген бағдарламалар Linux-ті қарапайым және ыңғайлы операциялық жүйеге түрлендіреді.

Мәтіндік редакторлар. WordPerfect, StartOffice және ApplixWare сияқты коммерциялық мәтіндік редакторлардан басқа Linux-тің өзіне енген қуатты мәтіндік файлдарды түзететін жабдықтары бар.

Мәтіндік файлдарға арналған командалар [2]

1 кесте

Команда: Команда
Түсініктеме: Түсініктеме
Команда: awk
Түсініктеме: Мәтінге қолданылған мықты тіл
Команда: diff
Түсініктеме: Мәтіндік файлдарды салыстыру
Команда: ed
Түсініктеме: Қарапайым мәтіндік редактор
Команда: fold
Түсініктеме: Қатардың орнын ауыстыру
Команда: grep
Түсініктеме: Жол арқылы мәтіннің үзіндісін іздеу
Команда: head
Түсініктеме: Файлдың бастамасын көрсету
Команда: pr
Түсініктеме: Жаңа беттің бастамасы
Команда: sed
Түсініктеме: Мәтіндік файлдарды қайта құру
Команда: sort
Түсініктеме: Мәтіндік файлдарды реттеу
Команда: tail
Түсініктеме: Файлдың соңын көрсету
Команда: wc
Түсініктеме: Символдардың, қатардың және сөздердің статистикасы

Бағдарламалау тілдері. Көптеген бағдарламалау мен бағдарлама дайындау тілдері, т. б. Linux операциялық жүйелеріне арналған жабдықтары бар. Бағдарламалау жабдықтарының мол болуы бағдарламаларды құрастыруды жеңілдетеді.

Деректер қоймалары. Барлық Linux платформаларындағыдай Linux клиент-сервер деректер қоймалары үшін берік негізді қамтамасыз етеді. Linux әрқашан да mSQL және Postgre сияқты деректер қоймаларын қолдайды. Жүйенің дамуы, әсіресе корпоративті ақпарат әлемінде, Linux-ке арналған саудалық реляциондық деректер қоймаларының серверлер санын арттыра түсті. Бүгін Linux үшін реляциондық деректер қоймалары Огасlе, Sybase, Informix сияқты компаниялармен ұсынылады.

Іnternet жабдықтары. Linux белгілі Netscape Communication және Моsаіс сияқты бағдарламаларды қолдаумен қатар өзінің де Іnternet-ке арналған бағдарламалық қамтамалары бар. Оларға электронды поштаны оқитын мәтіндік және графиктік бағдарламалар, Іnternet серверлерін (Web-серверлер, электронды пошта мен жаңалықтар серверлері) құруға арналған толық бағдарламалық қамтамалар жатады. Іnternet-ке жергілікті желі немесе модем арқылы қосылуды толық қолдау қамтамасыз етілген.

4 OS-ТІҢ БІРІНШІ ЖҮКТЕЛУІ

4. 1 КӨПҚОЛДАНБАЛЫ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

Басқа да кез-келген көпқолданбалы жүйе сияқты, OS Linux та әрбір қолданышудан өзінің дара бірегей идентификаторын (“логин”) және парольді қажет етеді. Логин және парольді енгізгенде, қолданушы өзін жүйеге көрсетеді. Егер компьютермен бір ғана қолданушы жұмыс істейтін болса, онда жүйеге парольді қолданбай кіруге болады. Бірақ парольді қолдану жүйенің қауіпсіздігінің кілті.

Versicherung x11 x11 man1 man3 man1 man2 man3 man4

Briefe bin include lib man bin lid man man1 man2 cron mail

eva kai x11 R6 bin doc include lib local man adm lib spool

bin boot dev etc home lib usr sbin tmp var

I

Linux каталог бұтағының жүйелік көрінісі [2]

Компьютердің администраторы (‘root’ қолданушы) әрбір қолданышуға тежеулер қоя алады. Сонымен бірге ол қолданушы топтарын құра алады, оларға бұл тежеулер қолданылады [5] . Қарапайым мысал: /etc каталогтарына кіруге тыйым орнатуға және оны Students арнайы құрылған қолданушы тобының файлдың жазылуынан қорғап, қазіргі мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы компьютер жабдықтарының әсерінен жұмыс үстеліндегі шексіз ауыстырылуларынан, экранның өзгертілуінің рұқсатынан және параметрлік жабдықтарынан администратор өзін қорғайды. Бұл қағида әрқашан да барлық көрсетілген қолданушыларға қолданылуда.

Егер root қолданушысы өзі-өзіне кез-келген тыйым орнатса, онда операциялық жүйе оны қабылдамайды. Сонымен қатар root қолданушысын жүйеде көп қолданушыға ұсынылмайды, өйткені қолданушы өзінің қателік іс-әрекетімен бүкіл каталог бұтағын өшіруі мүмкін. Жоғарыда айтылғанымызды тек қатты дискінің форматтауымен ұқсастыруға болады. Linux әрбір нақты файлдың, каталогтың жасалу нүктесі және root қолданушысын анықтай алады.

4. 2 ЖҮЙЕГЕ КІРУ (ЛОГИН)

Әдетте жүйеге кіру үшін (авторизация) мәтіндік режимде қолданушының аты және паролі енгізіледі. Стандартты жүйелерде бұл былай көрсетіледі.

Red Hat Linux 7. 2 (Enigma)

Kernel 2. 2. 5 - 17 on an i586

Localhost login:

Егер жүйеде басқа қолданушылар болмаса, онда OS-пен бірінші жұмыс жасау сеансын root режимінде (администратор) орындау қажет, бірақ бұны жиі қолдану ұсынылмайды.

Жүйеге кірудің басқа да түрлері бар. Мысалы, gdm, xtm немесе kdm бағдарламалардың көмегімен. Олардың айырмашылығы жоқ сияқты, бірақ бірінші жағдайда авторизациядан кейін қолданушы OS командалық жолға кіреді. Ал екіншісінде - жұмыс үстелі болып табылады.

Бөлімнің мазмұны:

Linux - әрбір қолданушы үшін міндетті авторизацияны қажет ететін, берілген компьютерде жұмыс істейтін көпқолданбалы және көптапсырмалы операциялық жүйе.

5 LINUX ЖҮЙЕСІНІҢ КҮЙГЕ КЕЛТІРІЛУІ ЖӘНЕ КОНФИГУРАЦИЯЛАРЫ

Жүйе қолданушы қондырғылармен * қаншалықты тез жұмыс жасайтынына өте жиі таңқалдыруы мүмкін. Linux мұндай қондырғылардың көбісіне жәрдемдеседі, бірақ шығарушы мекемелердің көбі Linux-ті жақсы қабылдамайды және Linux-ке жабдықталған аппараттық спецификасын бермейді. Қорытындысында - қондырғыға жүйе жәрдемдеспейді.

Алайда жәрдемдесетін қондырғылардың драйверлерін қондыру процесі Windows драйверін қондыруға қарағанда өте жеңіл.

Жүйенің бастапқы қондыруының көптеген операцияларымен командалық жолда жұмыс істейтін setup бағдарламасы басқарады.

Setup бағдарламасының көмегімен OS-тің келесі функцияларын қондыруға болады [3] :

  • Қолданушылар авторизация параметрлері.
  • Брандмауэр.
  • Перне тақтасының тілдері мен орындалу тәртібі.
  • Тышқан түрі.
  • Linux-тің желіде жұмыс жасау қондырғылары мен хаттамалары.
  • Баспа құрылғысының түрі, спулер (баспа кезегі) .
  • Дыбыстық картаның түрі және дыбысты шығару параметрлері.
  • Жүйелік сағат.
  • XWindow-да жұмыс жасау мониторы және бейнеадаптері.

5. 1 LINUX ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КҮЙГЕ КЕЛТІРІЛУІ

Linux-та дыбыстық картаның жұмыс жасауы үшін setup бағдарламасын ашып, оның ішінде “Sound card configuration” бөлімшені таңдау қажет. Setup бағдарламасымен sndconfig модулі іске қосылады, ол оған танымал ISA және PCI шиналарындағы дыбыстық карталарды іздейді.

Дыбыстық карта табылғаннан кейін қолданушыға дыбыстық картаның толқындық генераторының тесті үшін дыбыстық үзіндіні 4қайта шығару, ал содан кейін MIDI форматта “до”-дан “си”-ға дейінгі ноталар гаммасын қайта шығару жүзеге асырылады.

Осыдан кейін дыбыс жәрдемінің қажетті модулі ядроға және жүйенің старттық файлдарына қосылады.

Егер табылған дыбыстық карта жәрдемдеспейтін болса, онда ескермегенде өзінің қолданатын дыбыстық драйверін тізімнен таңдауға мүмкіндік алады. Егер дыбыстық карта қондырылмаса немесе Linux онымен жұмыс жасай алмайтын болса, онда экран бетіне лайықты хабарлар шығады.

Дыбыстық драйверінің қондырылу процесінің визуализациясын қарамағанда, Linux ядросының дыбыстық модульдерін қондыру өте жеңіл (Windows-та дыбысты қондыруға қарағанда) . Ал Windows интерфейстің түсінуіне кейде өзінің қолданушыларын ерекше хабарлармен қуантады.

5. 2 ГРАФИКТІК ЕРЕЖЕЛЕР ҮШІН БЕЙНЕАДАПТЕР РЕЖИМІНІҢ КҮЙГЕ КЕЛТІРІЛУІ

Дыбыстық картаның қондырылуынан кейін көптеген қолданушыларда толық ашылатын мультимедиялық мүмкіндіктері бар Linux “жұмыс үстелін” көруге ұмтылады.

Xfree86 XWindow (бұл графиктік ортаның толық атауы) ашу үшін конфигурациялық файлды жасау керек. Оның ішінде әдетте компьютердің бейнежүйесінің, қаріптердің, перне тақтасы мен тышқанның параметрлерінің барлық жұмыс режимдері көрсетіледі. Бұл файл өте примитивті жабдықтардың конфигурациясымен жасалды, бірақ қазір бұл функцияны өзіне setup * бағдарламасы алады.

Linux-тің көмегінсіз жүзеге асатын файлдық жүйелер [2]

2 кесте

Түрі: Түрі
Түсініктеме: Түсініктеме
Түрі: tmpfs
Түсініктеме: Уақытша файлдарға арналған файлдық жүйе
Түрі: ntfs
Түсініктеме: New Technology File System (жаңа технологияның файлдық жүйесі, WinNT)
Түрі: Stacker
Түсініктеме: MS-DOS үшін архивтелінетін файлдық жүйе
Түрі: Double Space
Түсініктеме: Stacker бағдарламасынан рұқсатынсыз көшірілген аналогты жүйе

Дыбыстық карта сияқты бейнеадаптер түрінің анализі автоматты түрде жүзеге асырылады. XСonfigurator модулі бейнеадаптер шығарушыны, оның микросхемаларының (“чипсет”) жиынын, RamDAC5

бейнелі генератор түрін, бейнежадының көлемін және бұл жабдықтармен жәрдемдесетін бейнережимдерін анықтайды.

Содан кейін қолданушыға ол жұмыс істейтін бейнережимді таңдауға мүмкіндік береді, содан соң таңдалған режимдер қорында монитор тесті өтеді. Егер қайсыбір таңдалған режим монитормен жәрдемдеспейтін болса, онда ол тізімнен жойылады. XConfigurator қондырудың соңында оптимальді бейнережимді (ол басқа режимді қабылдау немесе таңдау өздігінше болады) таңдайды, тышқан мен перне тақтасының жүйелік қондыруын санайды және /etc/X11 каталогына сиятын XF86Config конфигурациялық файлды жасайды.

5. 3 LOCALE: ЖҮЙЕДЕГІ ТІЛДЕР

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Linux операциялық жүйесімен танысу
Linux операциялық жүйесі
UNIX – жүйесіндегі файлдың жүзеге асуы
Linux операциялық жүйесінің функциялары
Linux операциялық жүйесіндегі wait()функциясы
Linux операциялық жүйесі туралы
Linux Gentoo ОЖ
Unix операциялық жүйе
Linux операциялық жүйесінің тарихы
Linux операциялық жүйесі жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz