Экономика – қоғам ресурстар шектеулілігін қалай басқаратыны туралы ілім



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1-тарау Экономикс деген не?
Экономика - қоғам ресурстар шектеулілігін қалай басқаратыны туралы ілім
Кейбіреулер, ресурстардың шектеулі туралы идеяның өзіне де күмәнмен қарау керек деуі мүмкін. Грекия, Испания және бірқатар басқа да Еуропа елдерінде жұмыс таба алмай жүрген миллиондаған адам бар. Бұл жағдайда еңбекті шектеулі деп айта алмаймыз, бірақ жұмыс орындарының шектеулі екені анық көрініп тұр. Осы орайда, экономистер мұндай жағдай қалай туындайтынын және жұмыссыздықтың осындай жоғары деңгейінен шығатын қиындықтарды жеңілдету туралы ойланатыны анық.
Экономикс ғылымы көптеген аспектілерден тұрады, өзіне ғана тән бірқатар негізгі мәселелері болғанымен, ол психология, әлеуметтану, заң, антропология, география, статистика және математика сияқты басқа да пәндермен сабақтастықта зерттеледі. Бұл кітап сол негізгі деген мәселелерге ден қоя отырып, экономика мамандығы бойынша бакалавриаттың бірінші курсының мазмұнына негіз қалайды.

Адамдар қалай шешім қабылдайды
Экономика қалыптастыратын тұлғалардың мінез-құлқы экономикалық мінез-құлықты құрайтындықтан, сол тұлғалардың шешім қабылдауы барысында туындайтын мәселелерді зерттеу қажет.
Адамдардың ымыраға келуі
Үй шаруашылығы мен фирмалар үнемі таңдау жасауға мәжбүр және жасаған таңдауының берер пайдасын бағалауы қажет. Өзімізге ұнайтын бір нәрсені алу үшін ұнататын басқа бір нәрседен бас тартуымыз керек болуы мүмкін. Осылайша, шешім қабылдауда бір әрекеттің пайдасы мен екінші әрекеттің пайдасын салыстырып, ымыраға келу керек.
Уақытын әртүрлі әрекеттерге бөлуге мәжбүр экономист-студенттің таңдау жасау әдісін қарастырсақ: ол жақсы баға алу үшін уақытын толығымен оқуға жұмсауы немесе ойын-сауықты таңдауы мүмкін немесе осы екі мәселеге уақытты тиімді бөлуі мүмкін. Оқуға арналған әр сағатын нысаналы пайдалану үшін студент спорт залға баруға, велосипед тебуге, теледидар көруге, ұйықтауға немесе қосымша ақша табуға бағытталған бір сағатынан бас тартуы мүмкін.
Фирма жаңа өнімге немесе жаңа бухгалтерлік жүйеге инвестиция салу туралы шешім қабылдауы қажет делік. Екеуінің де пайдасы бар: жаңа өнім табысты арттырып, болашақта пайдаға кеңелтуі мүмкін, ал бухгалтерлік жүйе арқылы шығындарды басқару тиімділігі артып, нәтижесінде ол да пайда әкелуі мүмкін. Егер шектеулі инвестиция қорын бухгалтерлік есеп жүйесіне салса, фирма жаңа өнімге салынатын инвестицияның әкелуі мүмкін пайданың орнын толтыруы керек.
Адамдар қоғамға топтасқанда, олар осы қоғамдағы, тұлғалар мен фирмалардың өзара әрекеттестігінен туатын түрлі ымыраларға келуі тиіс. Осының бір мысалы - қоршаған орта тазалығы мен жоғары табыс арасын ымыраға келтіру. Табиғатты ластауды азайтуды талап ететін заңдар фирмалардың өнімдер өндіру мен көрсетілетін қызметтер шығынын көбейтеді. Шығындардың жоғары болуы фирма пайдасының азаюына, жұмысшылар жалақыларының төмен болуына, бағалардың артуына әкеп соқтыруы мүмкін немесе осы үш факторлардың комбинациясы да кездесіп жатады. Осылайша, ережелер қоршаған ортаны қорғау мен денсаулық сақтауды қамтамасыз еткенімен, олар фирма иелерінің, жұмысшылардың және тұтынушылардың табыстарын азайтуы мүмкін.
Экономиканың маңызды принциптерінің бірі тиімділік екені белгілі, олай болса қоғам өзінің шектеулі ресурстарын пайдалана отырып, ең тиімді нәтижеге қол жеткізу жолдарын ( оның анықталу әдісіне байланысты) іздеуі керек. Нәтижені бір есеппен тиімді деп тануға болғанымен, ол толықтай көңілден шықпауы мүмкін. Сондықтан экономистер тиімділік пен әділеттіліктің арасында тиімді ымыра болуына мүдделі. Әділдік нәтижеден алынған пайданы қоғам мүшелері арасында әділ болу қажеттігіне меңзейді. Басқаша айтқанда, тиімділік экономикалық үлестің көлемін, ал әділеттілік сол үлесті бөлу жолын қарастырады. Әдетте, мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлаған кезде, осы екі мақсат бір-біріне қайшы келеді. Әділеттілік әділдік құндылығына қатысты болғандықтан, саясаткерлер мен экономистердің көзқарастары осы орайда екіге бөлінеді. Кейбір экономистер әділдік пен тиімділік арасындағы компромисс идеясын жоққа шығарады, олар оны жалпылама орынсыз қолданыла беретін қиялға теңейді. Экономикалық идеялардың тарихи мәні мен шығу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның негізін қалаушы категориялар қатарына жататын экономикалық қажеттіліктер
Арнаулы оқытудағы Л. С. Выготскийдің теориялары
Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік
Экономикадағы таңдау және шектеу
Экономика және микроэкономика
XVIII—XIX ғасырлардағы неміс философиясы. Неміс философиясындағы классисизм
Гегельдің рух философиясы
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім жайлы
Пәндер