Дисперсті жүйелердің табиғаты және жіктелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе. Дисперсті жүйелердің табиғаты және жіктелуі
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Коллоидты химияның негізгі мақсаттары мен бағыттары
2. Коллоидты жүйелердің жіктелуі
3. Коллоидты химияның негізгі даму кезеңдері
Дәрістің мақсаты: Коллоидты химияның негізгі мақсаттары мен бағыттарын қарастыру Дәрістің мазмұны: Коллоидтық химия - беттік құбылыстар мен дисперстік жүйелерді зерттейтін ғылым. Осы пәнде жоғары дисперсті жүйелер, алу әдістері, тұрақтылығы, қасиеттері, қарастырылады. Кез келген екі компонентті системада компоненттердің біреу екішісінде бөлшектеніп, біркелкі таралған күйде болса, онда оны дисперсионды жүйе деп атайды. Дисперсионды система дисперсионды ортадан және дисперсті фазадан тұрады. Дисперсті фаза дисперсионды ортада біркелкі таралады.
Дисперсті системаларды дисперсті фаза бөлшектерінің шамасына қарай үшке бөледі:
1. ірі дисперсті жүйелер 2. коллоидты жүйелер 3. нағыз ерітінділер деп.
Нағыз ерітінділерде дисперсионды орта ролін еріткіш, ал дисперсті фаза ролін заттың молекулалары немесе иондары атқарады. Ондағы бөлшектердің мөлшері 10[-10]м.
Нағыз ерітінділерге тән қасиеттер: мөлдір, сүзгі қағаздан және жартылай өткізгіштерден оңай өтетін, гомогенді (бір фазалы) система, кинетикалық тұрақты, Фарадей-Тиндаль эффектісін көрсетпейді. Осмостық қысымы едәуір жоғары; өздігінен және онай алынады, жақсы диффузияланады, ескірмейді. Мысалы, қант, тұз, қышқыл және негіз ерітінділері. Ірі дисперсті жүйелер - суспензиялар (жүзінділер) мен эмульсияларда дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшер 10-7м артық болады. Суспензияда дисперсионды орта сұйық, ал дисперсті фаза қатты болады. Эмульсияда дисперсионды орта да, фаза да сұйық болады. Мысалы, саздың судағы жүзіндісі, сүт және т. б. Ірі дисперсті жүйелер кинетикалық тұрақсыз. Ондағы дисперсті фаза бөлшектері ауырлық күшінің әсерінен тұнбаға оңай шөгеді, мөлдір емес, әртекті, лайлы. Осмостық қысым туғызбайды.
Фарадей-Тиндаль эффектісі байқалмайды. Дисперсті фаза бөлшектері сүзгі қағаздан және жартылай өткізгіштен өтпейді. Демек, сүзіп тазалауға болады. Ірі дисперсті жүйелердегі дисперсті фаза бөлшектерін қаруланбаған көзбен көруге болады. Коллоидты жүйелерде дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшері 10[-9] - 10[-7]м. Оларға тән қасиеттер: мөлдір, сүзгі қағаздан оңай өтеді, ал жартылай өткізгіштен өтпейді; микрогетерогенді, яғни көп фазалы система, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисперстік жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі
Беттік құбылыстар
Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
Беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер пәннің оқу объектілері
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Ерітінді туралы түсінік
Коллоидтық химиядан дәрістер
Коллоидты дисперсті жүйелерді алу
Коллоидты химия. Дисперсті жүйе
Коллоидты ерітінділерді тазалау
Пәндер