Денсаулық және әлеуметтік қатынастар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: «Денсаулық және әлеуметтік қатынастар»

Топ: 1-006 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы.

Орындаған: Абдуллади А. А.

Тексерген: Алиева М. Т.

Қарағанда 2018

Әлеуметтік эволюция және ыдырау

Институттар қоғамға ерекше сипат береді. Кейбір қоғамдарда шіркеу, басқаларында отбасы немесе экономика басым институт болып табы- лады. Қандай жағдай болмасын, қоғамның қалай жұмыс істейтінің түсінуден бұрын оның институттық негізін танып алуымыз керек. Мұның алдында да айтқанымыздай, қазіргі қоғамдарда көптеген күрделі институттар бар. Ал салыстырып қарайтын болсақ, ежелгі қауымдарда жалғыз әлеуметтік институт - отбасы ғана болған. Қазіргі замандағы күрделі қоғамдарда онға тарта институт бар. Институт- тардың бұлайша үлғаюына не себеп болды? Бұған қозғау салған басты оқиға экономикалык; өзгерістер сияқты. Технологиядағы, физикалық ортадағы, ресурстарға қол жеткізудегі және әлеуметтік тәртіптегі өзгерістер экономиканы қарқынды дамытады, сөйтіп, институттар да кеңейе түседі (Diamond 1997) . Бүл тарауда біз институттардың өндірістегі төрт революциямен бірге жүрген эволюциясына шолу жасаймыз.

Аңшылық-терімшілік қоғамдар

Аңшылық-терімшілік қоғамдар - жабайы аңдарды аулап, жеуге жарамды жемістерді, көкөністер мен дәндерді т. с. с. теріп жеп қана тамақ табатын қоғамдар (Lee &Daly, 2005) . Бұл қоғамдар қарын тойдыру эко- номикасына негізделген, яғни адамдар өздері жей алатын тағамнан артық азық таппаған әрі оны сақтамаған. Анда-санда аң-құс аулап, жеміс мол шығып тұрғанымен олар көбінесе жоқшылықта, ашқұрсақ ғұмыр кешкен.

Аңшылық-терімшілік қоғамда әлеуметтік ұйымдасудың негізгі формасы туыстыққа негізделген отбасылық және жергілікті топтар болған. Аңшылық-терімшілік қоғамдардың көбі осы формада ұйымдасқан. Бұлардағы адам саны 50 кісіден аспаған және олар көшпелі я жартылай көшпелі ғұмыр кешкен. Үнемі көшіп-қонып жүретіндіктен қо- ғам мүшелерінің жекеменші -гінде аз-маз заттан басқа мүлкі болмаған.

Еңбек бөлінісі жасына және жынысына қарай өте қарапайым не- гізде қалыптасқан (Lee &Daly, 1999) . Ер жеткен ұлдар мен ерлер (қарт- тардан басқа) аң аулап, теңіз тереңінен балық ауласа, бойжеткен қыз- дар мен әйелдер жеміс-жидек теріп, жағалауда балық аулауға және оларды сақтауға қатысқан. Қарын тойдыру экономикасында жас пен жыныс негізіндегі мәртебе теңсіздігінен басқа аз-маз құрылымдық теңсіздік те кездескен. Ton мүшелерінің азғантай байлығы болған, дә санда кездесеіін артықшьілықтар мұрагерлікпен кейінгі ұрпаққа берілгеню Шын мәнінде, қарын тойдыру экономикасының ең басты ерекшелігі-бұл қоғам мүшелерінің жас және жыныс ерекшеліктерінен басқа айырмашылық болмаған. Адамзаттың барлық қоғамдары аңшылық-терімшілік қоғамдар ретінде пайда болуы, бірақ бүгінгі уақытта мұндай қоғамдар аз. Мұндай адамдар Аустралияның Үлкен Виктория шөлі, Амазон ормандары сияқты жерлерде кездеседі. Бұлардың аман қалған себебі-осы тұмса табиғаттың барлық ресурстарын пайдалану жолдарын ғасырлар бойы меңгерген, оның үстіне адам аяғы жетпейтін жерлерді басып алуға сырттағылардың да онша ықыласы болмаған.

Бағбаншылық қоғамдар

Қауымдар күнкөріс қажеттілігін өтеумен шектелмей, онан жоғары денгейде дамыған сон түбірімен өзгерді . Әлі де күні бойы жұмыс істеуге мәжбүр болды, ал жаңа пайда болған таптық иерархияның жоғары бөлігіндегілер шаруалар өндірген артық азықты пайдаланды. Артықшылыққа ие бұл топ енді күнкөріс жұмыстарынан босап өнер, дін, жазу және анда-санда соғыс сияқты басқа мақсаттарға көңіл бөле бастады. Біршама молшылыққа кенеліп, тұрмысы реттелгендіктен ағ баншылық қоғамдарда отбасынан өзге күрделі де тұрақты институт тар дами бастады. Кейбір экономикалық іс-әрекеттер отбасынан тыс жерде жүретін болғандықтан, бар уақытын осы салаға арнайтын діндарлары бар діни құрылымдар қалыптасты, оның үстіне бюрократиясы, салық жинаушылары және мұрагерлікпен берілетін білеушісібар басқару жүйесі пайда болды. Кейде мұндай қоғамдар өте үлкен болған. Мәселен, Инк империясында шамамен миллионнан астам адам тұрған.

Егіншілік қоғамдар

Шамамен 5-6 мың жыл бұрын екінші ауылшаруашылық революция- сы болып, жаңа технологияның арқасында азық-түлік өндірісінің өнімділігі еселеп артты (Diamond, 1997) . Соқа мен ірі жануарларды пайдалану арқылы экономикасы азық өндіруге негізделген қоғамдарды егіншілік қоғамдар деп атаймыз.

Егіншілік қоғамға өту кезінде металл құралдары мен дөңгелекті пайдалану технологиясы жетіліп, суарудың, ұрықтандырудың үздік әдістері қолданылды. Бұл өзгерістер әлеуметтік институттарды түбе гейлі өзгертті. Ең бастысы, бүл өзгерістердің арқасында азық-түлік өндіруге аз ғана адам қажет болды. Нәтижесінде, басқалар қалаларға қоныс аударып, саны артып келе жатқан жаңа кәсіп түрлерімен айна лыса бастады. Адамдар күннен-күнге бір салата толық бейімделе бас тағандықтан технология, сауда, оқу, жазу, ғылым және өнер салалары жылдам дамыды. Сонымен бірге түрлі кәсіптердің пайда болуы теңсіздікті ұлғайтты. Бағбаншылық қоғамдағы қарапайым жүйенің орнына саудагерлер мен сарбаздардан, ғалымдар мен патшалардан және еңбек күші басқа барша жұртты асырайтын, халықтың қомақты бөлігін құрайтын кедей шаруалардан тұратын күрделі таптық жүйе қалыптасты. Қауымдарда бос уақыт пен технологияны қолданатын жаңа бір сала-соғыс саласы болды. Жылқыны қолға үйретіп (атты әскер), дөңгелекті (әскери арба) игерудің арқасында әскери техника әлдеқайда озық және тиімді бола бастады. Әскери әлеует басқа халықтарды жаулап алу арқылы артық табыс табудың құралы ретінде пайдаланылды. Бұл салада римдіктердің жетістікке жеткені Италиядағы билеуші элитаға бағынышты шаруа табына айналдырды.

Индустриялық қоғамдар

200 жыл бұрын Батыс Еуропада өндірістегі ушінхпі ірі төңкеріс жү- зеге аеырылып, индустрияландыру өмірге келді. Индустриально коғам - экономикасы механикалық, электр қуатын немесе қазба отын энергиясын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығына емес, тауарлардың жаппай өндірісіне негізделген қоғам. Жануарлар мен адам еңбегінен жаппай өндіріске ойысу қалаларды өркендетіп, саяси, әлеуметтік және экономикалык; институттарды өзгертті. Білім беру сияқты ескі институттар қанат жайып, ғылым, медицина және заң сияқты жаңа институттар пайда болды.

Индустриялык; к; оғамға ауысу gemeinschaft-тан gesellschaft-қа ойысу процесімен қатар жүрді (Brint, 2001) . Gemeinschaft - адамдар айналасындағы жұрттың көпшілігімен тығыз жеке байланыс орна- татын қоғам. Ал gesellschaft кезінде жұрт бір-бірімен адами тұрғыда емес, тек қажеттілік тұрғысынан байланыс орнатады. Бұл бетбұрыс ауылшаруашылык; қоғамдарынан бастау алған; фермалардан фабри­ката, қалаларға ауысу қарқыны артқан сайын бұл тенденция да кең қанат жая түсті.

Case study: институттар жоғалған кез

Жалпы, тарихқа қарасақ өндірістегі, қайта өндірудегі, білім саласында- гы, адамзат қоғамының басқа да негізгі элементтеріндегі өзгерістер өте баяу жүрген. Бұл өзгерістер біртіндеп әрі үйлесімді түрде жүріп жатқан- дықтан институттар бір-бірін қолдап, адамдардың қажеттіліктеріне жауап бере алатындай әрекет етіп отырды. Ал кей жағдайларда, керісінше, жаңа институттар пайда болмай жатып ескі институттар, ескі рөлдер мен тұғырлар жойылып кетіп отырды. Мұндай кездерде қауымдар мен ондағы адамдардың жаны жараланып, бір-бірінен ажырап қалады.

Анастасия Шкилник 1985 жылы шыққан «Адам махаббатынан күшті у» атты кітабында адамзаттың осындай бір қайғылы оқиға- сының жылнамасын жасады. Онтарионың солтүстік-батысындағы оджибуей үндістерінің ауыр тағдырына басты назар аударылған бұл кітап жылдам әлеуметтік өзгеріске ұшыраған дәстүрлі қоғамдардың ахуалын түсіну үшін өте пайдалы.

Бузылған қоғам

1976 жылы Канада үкіметінің Үндістер проблемалары жөніндегі де­партамент! Шкилникті оджибуей қауымдастығының 520 адамнан тұратын Grassy Narrows резервациясына жіберді. Жақын маңдағы өзен-көлдер сынап қалдықтарынан уланып, бүл қауымдастық соның экономикалық зардаптарын тартып жатқан. Шкилникке үндістерге осы қиындықты жеңу жөнінде кеңес беру тапсырылды.

Grassy narrows - қожыраған қоғам болатын. Мүнда 40 градус қақаған аязда 6 жасар балалар көшеде мае болып жүретін. Канаданың басқа аймақтарымен салыстырғанда мұнда балалар мен ересектердің өлім деңгейі өте жоғары болды. Осы өлімнің шамамен төрттен үші спирттік ішімдіктер мен есірткінің салдары. Шкилниктің журналға шыққан мақаласынан алынған мына үзінді Grassy narrows тұрғындарының басындағы қасіреттен хабар береді:

Жұма. Көршім кеше түн ортасында 4 жасар Долоресті үйінен шамамен

3 шақырым жердегі қорықтың маңында жалғыз жүрген жерінен тауып алғанын айтты. Ол полицияға хабарласқан, әлгілер істі тергеу үшін қыз- дың үйіне барыпты. Олар Долорестің 3 жасар сіңлісі Диананың бұрыш- та бүктетіліп жылап жатқанын көреді. Үй қаңырап тұр, ішерге тамақ жоқ, барлық герёзелер сыпғгн. Полиция қыздардың ата-анасы содан бір күн бурын Кенораға кетіп, сол жақта арақ ішіп жүргенін анықтады.

Бұл балалардың ата-аналары сияқты Grassy narrows резервациясындағы ересектердің көпшілігі маскүнемдікке шалдыққан. Көп адам жалақысын не жәрдемақысын ала сала ақша таусылып, есінен адасқанша арақ ішеді. Балалар көбіне ата-аналарының есінен айрылғанын күтіп, сосын олардан қалған ішімдікті өздері ішіп қояды. Ішім- дік таппаса, олар желім я жанармай иіскейді. Бұдан 20 жыл бұрын ғана оджибуей гүлденген халық болған еді. Бұл қоғам қалайша толықтай күйреді?

1963 жылға дейінгі оджибуей қоғамы

Оджибуейлер екі ғасыр бойы ақ адамдармен араласып тұрды. 1873 жылы олар Канада үкіметімен арадағы қарым-қатынасты анықтап, шекараны нақтылайтын шартқа қол қойды. Бұдан соң оджибуей қауымы ондаған жыл аңшылық-терімшілік дәстүрін сақтап өмір сүре берді. Олардың басты институты - отбасы

болатын. Эулетке бауырлар мен олардың әйелдері және балалары немесе ерлі-зайыптылар, олардың үйленбеген ұл-қыздары, үйлен- ген келін-балалары және немерелері кіретін. Олардың үйлері не шатырлары бір-бірімен жапсарластырылып, басқа әулеттің үйлерінен кемінде 800 метрдей қашықтыққа салынатын. Барлық экономикалық шаруаларды әулет атқарды. Олардың жұмысы жыл мезгіліне қарай әркелкі болып келетін. Жаздың соңы, күздің басында әулеттер қарақат теріп, жабайы күріш жинады, ал қыста аңшылықпен айналысты. Осы шаруаның бәріне бүкіл әулет қатысты, олар үнемі бірге жиналып, жұмыс қайда болса сонда көшіп-қонып жүрді. Ерлер аң аулады, әйелдер теріні өңдеп, ет дайындады, ал қарттар мүмкіндігінше көмектесті, жастар да олардың қажетіне жарап отырды. Осылайша, әулет жаздың соңынан көктем- нің соңына дейін көшіп-қонып жүрді. Басты экономикалык; және білім беру ұйымы болумен қатар, әулет әлеуметтік бақылаудың басты құралы болды. Әулет ақсақал- дары ережелерді енгізіп, оны бұзғандарды жазалап отырды. Бұған қоса, діни рәсімдердің көпшілігін ақсақалдар өткізді. Оджибуей қоғамындағы әулеттердің арасы шашыраңқы болғанымен әр әулет, негізінен, өзін қамтамасыз ететін еді, олар басқа әулеттермен тек қыз алысып, қыз берісу кезінде не рәсімдік іс-шараларда ғана ара- ласып отыратын. Ақ адамдар мәдениеті әкелген бастапқы өзгерістер бұл өмір сал- тын бұза қоймады. Тіпті үндістердің көп балаларын к, ыс айларында оқуға алып кететін мектеп-интернаттардың ашылуы да оджибуей қоғамына бәлендей эсер етпеді. Мектеп-интернаттар оджибуейлер дің басты әлеуметтік институттарын бүзған жоқ. Балалар жазда үй леріне қайтып келгенде, әулет адамдары оларға оджибуей мәдение ті мен әлеуметтік құрылымын үйретіп жіберетін.

Өзгеріс

Алайда 1963 жылы үкімет «оджибуейлер заманауи қоғамға айналуы керек» деген шешім қабылдады. Осы мақсатта бүкіл оджибуей қауымдастығын ескі резенвациядан 6 шақырымдай қашықтықтағы үкімет салған жаңа үйлерге көшірді. Жаңа жерде дәретхана да, жол да, мектеп те, қысқасы «өркениеттің» бәрі болды. Ескі мен жаңа қауымдастықтың арасындағы айыммашылық байырғы оджибуей институттарының арасын жалғап тұрған нәзік байланысты күлпарша етті .

Біріншіден, ескі қауымда үйлер әулеттегі орнына қарамастан туыстық тәртіппен жақындастырып салынатын. Жаңа тәртіп салдарынан туыстық топтар физикалық бірлік ретінде өміршең болмай қалды. Екіншіден, интернаттардың орнына жергілікті мектеп салынғандықтан әйелдер күйеулерімен бірге ұзақ жорыққа шығып, аң аулауға бармай, балаларына қарап үйде қалуға мәжбүр болды. Соның кесірінен ересек әйелдер бір түннің ішінде өндірушіден тұ- тынушыға айналып шыға кслді, бүл олардың күйсулөрімөн жәнс қоғамдастықпен арадағы дәстүрлі байланысты бұзды. Әйелдер мен балалар үйден кете алмайтындықтан еркектер ұзақ жолға жалғыз шығуға мәжбүр болды. Ерлер балашағасын қалдырып кетуді қала- мағандықтан аңшылық жорықтары бірнеше аптадан бірнеше күнге дейін қысқарды. Сөйтіп, аңшылық жорық бүкіл отбасының өмір салты болудан қалды. Трансұлттық корпорацияға қарайтын қағаз зауыты резервация маңындағы өзен-көлдерді улап, ондағы сынаптың мөлшері қауіпті деңгейге жеткендіктен үкімет 1970 жылы мамыр айында бұл маңайда балық аулауға мүлде тыйым салды. Сөйтіп. мұндағы өн Д1 ріс көлемі тшті құлдырады. Осы өзгерістердін кесірінен бұл қауым өздерін асырап, бір-біріне тәуелді болудың орнына түгелімен үкіметтен келетін көмекке қарап қалды.

Соның салдарынан шаруашылықты ұйымдастырудың бүкіл тәртібі, әлеуметтік рөлдер, мәртебелер, институттар бұзылды. Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдай айқын болмай қалды. Екеуара бірлескен экономикалық өнім өндіру жойылған соң олардың ендігі құқықтары мен міндеттері не болмақ? Ешкім ертеңін ойламайтын күн туды, енді олардың балалар алдындагы құқықтары мен жауапкершіліктері қандай болуы керек?

Оджибуейдің болашағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау саласындағы гендерлік теңдік
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері. Денсаулық сақтау экономикасы. Денсаулық сақтаудың негізгі үлгілері
Медициналық құқықтық қатынастар объектісі
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Оңтүстік Корея, Сингапур және Гонконг қазіргі даму кезеңінде
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Әлеуметтік сфера дамуы
Еңбекті қорғау саласына қылмыстық қол сұғушылықтың құқықтық мәселелері
Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдарының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz