Бәсекелі нарық дегеніміз не


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бәсекелі нарық дегеніміз не?

Фирма шығындарын қарастырған соң енді назарымызды фирма табысына аударамыз. 3-тарауда бәсекелі нарық болжамын қарастырдық.

Кейбір сипаттамалары мінсіз нарыққа сай келетін нарық мысалы - сүт нарығы. Ешқандай сатушы сүт бағасына әсер ете алмайды, себебі олардың әрқайсысы нарықтың көлеміне байланысты таза өнімнің шағын мөлшерін жеткізеді (дегенмен, бұл нарықта да фирмалар өнімдерін майсыздандырылған, жартылай майсыздандырылған, қаймағы алынбаған, хош иістендірілген сүт және басқа да түрлерін ұсыну арқылы өнімдерін әртүрлі етуге тырысады) . Кез келген адам басқа шаруашылығын тоқтатып, сүт шаруашылығымен айналысуды шешсе, ол қолынан келуі мүмкін. Сүт өнеркәсібі туралы ақпарат кеңінен таралған, сондықтан тұтынушы да, өндіруші де нақты шешім жасай алады. Сүт сатып алушылардың бірнеше түрі бар: сүтті супермаркеттен сатып алатын күнделікті пайдаланушы тұтынушылар, супермаркеттер, сүттен ірімшік, йогурт және сол сияқты күнделікті пайдаланатын өнім жасаушы тағам өнеркәсіптері. Дегенмен, бәсекелі нарық туралы болжамның бір ерекшелігі - Ұлыбританияда сүтті сатып алатын, нәтижесінде бағаны нарықтық деңгейде басқаратын ірі фирма саны біршама аз. Бәсекеге түсетін фирманы талдауымызды жалғастыру мақсатында, сүт нарығы құнды болу үшін жеткілікті болжамды қанағаттандыратынына сүйенеміз.

Бәсекелесс фирмалардың табысы

Нақты бір мазмұнды ұстану үшін бір фирманы қарастырамыз - Grundy отбасылық сүт фермасын алайық, Grundy фермасы Q сүт мөлшерін өндіреді және әр бірлікті P нарық бағасымен сатады. Ферманың жиынтық табысы - P × Q. Мысалы, сүттің литрі 0. 4 € болса және күніне 1 литр сүт сатса, онда жиынтық табысы күніне 4000 €.

Grundy фермасы әлемдік сүт нарығымен салыстырғанда шағын болғандықтан, нарықтық шарттармен анықталған бағаны ұстанады. Бұл сүт бағасы Grundy фермасы өндіретін және сататын өнімнің көлеміне тәуелсіз екенін көрсетеді. Grundy фермасы өндіретін сүт көлемін екі есе арттырса, бағаны бұрынғысынша қалып жиынтық табысы екі еселенеді. Нәтижесінде, жиынтық табыс өнімнің көлеміне пропорционал болады.

6. 4-кестеде Grundy отбасылық сүт фермасының табысы көрсетілген. Алғашқы екі бағанда ферма шығаратын өнім көлемі және оның сатылатын бағасы берілген. Үшінші баған - ферманың жиынтық табысы. Кестеде сүт литрі 0. 4 € деп есептеледі, сондықтан жиынтық табыс 0. 4 € есе көп.

6. 4-КЕСТЕ

Бәсекелес фирманың жиынтық орташа және шекті табысы

Көлемі (Q) Литр
Баға (€) (Р)
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q)
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q)
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q)
Көлемі (Q) Литр: 1000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 400
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40
Көлемі (Q) Литр: 2000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 800
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40
Көлемі (Q) Литр: 3000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 1200
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40
Көлемі (Q) Литр: 4000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 1600
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40
Көлемі (Q) Литр: 5000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 2000
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40
Көлемі (Q) Литр: 6000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 2400
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40
Көлемі (Q) Литр: 7000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 2800
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40
Көлемі (Q) Литр: 8000
Баға (€) (Р): 0. 40
Жиынтық табыс (€) (TR=P×Q): 3200
Орташа табыс (€) (AR=TR/Q): 0. 40
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 40

Фирма шығынын қарастырғанда, мына екі сұрақты талқылайық:

  • Фирма әдеттегі сүт литрінен қанша табыс табады?
  • Фирма сүт өндірісін 1 литрге арттырса, қанша қосымша табыс табады?

6. 4-кестенің соңғы екі бағанында осы сұрақтардың жауабы берілген.

Кестенің төртінші бағанында өнімнің көлеміне (бірінші бағанда) бөлінген жиынтық табыс (үшінші бағанда) болып табылатын орташа табыс көрсетілген.

AR= T R Q \ \frac{TR}{Q}

Орташа табыс фирманың сатылған, әдеттегі өнім бірлігінен қанша табыс табатынын көрсетеді. 6. 4-кестеден орташа табыс 0. 4 € бір литр сүт бағасына тең екенін көруге болады. Бұл тек бәсекелес фирмаға ғана емес, басқа фирмаларға да қолданылатын жалпы ұғымды береді. Жиынтық табыс- көлем мен бағаның көбейтіндісі (P×Q), орташа табыс - көлем (Q) мен жиынтық табыстың (P×Q) бөліндісі. Сондықтан, барлық фирмалар үшін орташа табыс тауар бағасына тең:

Орташа табыс - көлем мен жиынтық табыстың қатынасы.

Бесінші бағанда өнімнің әрбір сатылған қосымша өнім бірлігінен түсетін жиынтық табыстағы өзгеріс болып табылатын шекті табыс берілген.

MR = Δ T R Δ Q \frac{\mathrm{\Delta}TR}{\mathrm{\Delta}Q}

Шекті табыс - сатылған қосымша өнім бірлігінен түсетін жиынтық табыстағы өзгеріс

Артық сатылған бір литр сүт жиынтық табысқа 0. 4 € қосады, онда шекті табыс 0. 4 € 6. 4-кестеде шекті табыс 0. 4 € бір литр сүттің бағасына тең. Бұл нәтиже тек бәсекелес фирмаларға қатысты ұғымды көрсетеді. Жиынтық табыс - P×Q, Р - бәсекелес фирма бағасы. Q бір бірлікке артқан кезде, жиынтық табыс Р еуро арқылы өседі. Бәсекелес фирма үшін шекті табыс тауар бағасына тең.

Өздік жұмыс Бәсекелес фирма сату бағасын екі есе арттырғанда өнім бағасы және оның жиынтық табысы қандай болады?

Жиынтық табыс, жиынтық шығын және пайда

Паоло немесе Гранди отбасы бизнестерін әлемді пицца немесе сүтпен қамтамасыз ету не пиццаға немесе фермерлік деген қызығушылықтарынан бастауы да мүмкін. Дегенмен, көптеген басқа фирмалар да пайда табуы керек. Экономистер көбіне фирманың мақсаты - пайдасын барынша арттыру деп болжайды. Іс жүзінде әлемде бұл ұйғарымның қаншалықты дәрежеде сақталғанына қарамастан, біздің талдаудың пайдалы бастапқы нүктесі.

Фирманың пайдасы дегеніміз не? Пайда - жиынтық табыс пе жиынтық шығын арасындағы айырмашылық.

Пайда = Жиынтық табыс - жиынтық шығын

Мұны келесі формуламен беруге болады:

π = TR-TC

Осы жердегі π әрпі пайданы білдіреді.

Экономикалық пайда және бухгалтерлік пайда

Біз экономистер мен бухгалтерлердің шығынды және пайданы әртүрлі есептейтінін көрдік. Экономист фирманың экономикалық пайдасын өндірілген тауар мен сатылған қызметтің барлық балама шығындарын (айқын және айқын емес) алып тастаған фирманың жиынтық табысы ретінде есептейді. Бухгалтер фирманың бухгалтерлік пайдасын тек фирма айқын шығындарын алып тастаған жиынтық табыс ретінде есептейді.

Экономикалық пайда - жиынтық табыс пен айқын және айқын емес шығындармен қоса алғандағы жиынтық шығынның айырмасы

Бухгалтерлік пайда - жиынтық табыс пен жиынтық айқын шығынның айырмасы

6. 6 - сызбада осы айырмашылық көрсетілген. Бухгалтер айқын емес шығындарды елемейтіндіктен, бухгалтерлік пайда әдетте экономикалық пайдадан жоғары болатынын ескерген жөн. Экономистің көзқарасы бойынша, бизнесмен пайдаға ие болу үшін жалпы, айқын және айқын емес шығынды, яғни балама шығындарды қамту керек.

6. 6 - СЫЗБА Экономистер және бухгалтерлер

Пайданы максималдау және бәсекелес фирмалардың ұсыныс қисығы

Пайданы максималдау мысалы

Фирманың ұсыныс шешімі туралы талдауымызды 6. 5 - кестеде берілген Grundy отбасылық сүт фермасы жөніндегі мысалмен бастайық. Кестенің бірінші бағанында ферма өндіретін сүттің литр саны берілген. Екінше бағанда литр санынан 0. 4 € есе көп ферманың жиынтық табысы көрсетілген. Үшінші бағанда ферманың жиынтық шығыны берілген. Жиынтық шығынға осы мысалда 200 € тұрақты шығындар және шығарылған көлемге байланысты айнымалы шығындар кіреді.

Төртінші бағанда жиынтық шығынды жиынтықтабыстан шегеру арқылы есептелетін ферма пайдасы берілген. Ферма ештене өндірмесе, ол 200 € жоғалтады. 1000 литр өндірсе, 100 € пайда табады. 2000 литр өндірсе, 300 € пайда табады және ары қарай жалғаса береді. Пайданы максималдау үшін Grundy фермасы пайданы көбейтетін көлемді таңдайды. бұл мысалда ферма 3000 немесе 4000 литр сүт өндіргенде, пайда 400 евроға артады.

6. 5 - КЕСТЕ

Пайданы максималдау:сандық мысал

Көлемі (Q) Литр
Жиынтық табыс (€) (TR)
Жиынтық шығын (€) (TC)
Пайда (еуро) (TR-TC)
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q)
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q)
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC)
Көлемі (Q) Литр: 0
Жиынтық табыс (€) (TR): 0
Жиынтық шығын (€) (TC): 200
Пайда (еуро) (TR-TC): -200
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q):
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q):
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC):
Көлемі (Q) Литр: 1000
Жиынтық табыс (€) (TR): 400
Жиынтық шығын (€) (TC): 300
Пайда (еуро) (TR-TC): 100
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 1
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): 0. 3
Көлемі (Q) Литр: 2000
Жиынтық табыс (€) (TR): 800
Жиынтық шығын (€) (TC): 500
Пайда (еуро) (TR-TC): 300
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 2
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): 0. 2
Көлемі (Q) Литр: 3000
Жиынтық табыс (€) (TR): 1200
Жиынтық шығын (€) (TC): 800
Пайда (еуро) (TR-TC): 400
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 3
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): 0. 1
Көлемі (Q) Литр: 4000
Жиынтық табыс (€) (TR): 1600
Жиынтық шығын (€) (TC): 1200
Пайда (еуро) (TR-TC): 400
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 4
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): 0
Көлемі (Q) Литр: 5000
Жиынтық табыс (€) (TR): 2000
Жиынтық шығын (€) (TC): 1700
Пайда (еуро) (TR-TC): 300
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 5
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): -0. 1
Көлемі (Q) Литр: 6000
Жиынтық табыс (€) (TR): 2400
Жиынтық шығын (€) (TC): 2300
Пайда (еуро) (TR-TC): 100
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 6
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): -0. 2
Көлемі (Q) Литр: 7000
Жиынтық табыс (€) (TR): 2800
Жиынтық шығын (€) (TC): 3000
Пайда (еуро) (TR-TC): -200
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 7
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): -0. 3
Көлемі (Q) Литр: 8000
Жиынтық табыс (€) (TR): 3200
Жиынтық шығын (€) (TC): 3800
Пайда (еуро) (TR-TC): -600
Шекті табыс (€) (MR=∆TR/∆Q): 0. 4
Шекті шығын (€) (MC =∆TC/∆Q): 0. 8
Пайданың өзгеруі (€) (MR-MC): -0. 4

Grundy фермасының шешімін қарастырудың тағы бір жолы: Grundy фермасы өндірілген әрбір бірліктегі шекті табыс пен шекті шығынды салыстыру арқылы пайданы максималдау көлемін таба алады. 6. 5 - кестедегі бесінші және алтыншы бағанда жиынтық табыс және шекті шығын есептеледі, ал соңғы бағанда өндірілген әрбір литр пайдасындағы өзгеріс берілген. Ферма ешқандай сүт өндірмесе, 200 € тұрақты шығын төленуі керек, сондықтан пайда - 200 €. Ферма өндіретін сүттің алғашқы 1000 литрінің шекті табысы әр литрге 0. 4 € және шекті шығыны әр литрге 0. 1 € демек қосымша 1000 литр пайда табу мақсатында шығарған әр литрге 0. 3 € қосады, бұл ферманың ендігі пайдасы 100 € екенін көрсетеді (-200 евродан 100 евроға дейін) . Өндірілген екінші 1000 литрдің шекті табысы әр литрге 0, 4 € және шекті шығыны әр литрге 0, 2 €, сонда қосымша 1000 литр қазіргі жиынтық 300 € пайдаға әр литр 0, 2 € қосады. Шекті табыс шекті шығыннан асқан сайын өнім көлемін арттыру пайданы арттырады. Қосымша сүт өндіру пайданы арттыратындықтан, Grundy фермасының қосымша сүт шығаруы орынды. Дегенмен, Grundy фермасы өндірісті 4000 литр сүтке жеткізсе, жағдай басқаша болады. Қосымша 1000 литр өндірудің әр литрге 0, 4 € шекті табысы және 0, 5 € шекті шығыны болады, сондықтан оны өндіру пайданы 100 € (400 евродан 300 €-ға дейін) азайтады. Grundy фермасына қосымша 1000 литр өндіруден ешқандай пайда жоқ, сондықтан оның артық 4000 литр өндіруге түрткі болатын себебі болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлық бәсекелестік
Жетілмеген бәсеке және оның түрлері
Бәсеке
Бәсекенің негізгі формалары
Кәсіпорынның баға стратегиясы
Бір ғана бәсеке өндіруші
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-ӘРЕКЕТI
Монополиялық бәсеке нарығы
Бәсеке түсінігі
Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz