Философиядағы болмыс мәселесі


Философиядағы болмыс мәселесі
«Нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді. Болмыс пен ой тепе ‑ тең. »
Парменид
«Болмыс» атауын естігенде ойымызға «қазақи болмыс» не болмаса «ұлттық болмыс» тіркестері оралары анық. Шын мәнінде «болмыс» дегеніміз не? Менің ойымша, болмыс дегеніміз - адамзат әлемі (осы әлем), бізді қоршаған әлем, кеңістік, уақыт, табиғат, қоғам, тарих ұғымдарымен бірге өмір сүріп жатқан нәрселер. Дәлірек айтсақ, «адам баласының көз алдында өмір сүріп жатқан нәрселердің барлығы, оның табиғаты, бейнесі, өмір сүру формасы, ережесі және тағы да басқа дүниелерді болмыс» дейміз.
Ал «болмысты неліктен философиялық тұрғыдан қарастырамыз?» деген сұрақ туындаса, философия тікелей адамға қатысты ілім, демек, болмыс ұғымы да оған жат емес.
Болмыс - философиялық ұғым, барлық дүниетанымдық тәжірибелерден бастау алып, адамзат мәдениетімен жалғасып жататын дүниетанымдық білімдердің негізі. Барлық ғылым мен білім түрлерінің бастауы негізінен адам баласының болмысты тануға деген ұмтылысында жатыр. Болмыс ұғымына тоқталып отырған себебіміз, көне дәуірден адамзат мәдениетінде орын алған, одан кейін бүкіл адамзат қоғамының даму құбылысына айналып отырған даналық, білім, өнер, ғылым сияқты дүниелер осы болмысты зерделеуден туындап, мән-мағынасын кеңейтіп отырған. Осы себептен философиядағы болмысты тану мәселесін адам баласының интеллектуалдық ізденісінің бастауы деп айтсақ та болады. Болмысты зерделеп, зерттеу барысында адамның адамзат мәдениеті мен өркениетінің дамуына ықпал етіп отыратын жаңа дүниелерді қалыптастырып отырғандығын көруге болады.
Болмыс ұғымын тану арқылы, адамның өзіндік болмысы, аймақ немесе ұлт болмысы сияқты тіркестерді кездестіреміз. Осының барлығын ойлай келе, болмыс дегеніміз- белгілі бір бейненің ерекшелігі, табиғаты, сипаты, мінездемесі десек те болады.
Философия тарихында болыс ұғымын тұңғыш енгізген, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы - Парменид. Оның пікірінше, «болмыс дегеніміз - бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу - болмыссыздық». Парменид философиядағы болмыс саласына көп үлес қосты. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне сенді.
Болмыс - философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте маңызды дүниетанымдық “әлем деген не?” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид «болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес» деп үйретті.
Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым деп есептесек те болады. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу. Яғни, қысқарта айтсақ, болмыс ұғымы «бар болу», «өмір сүру» ұғымдарымен астасып жатыр.
Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
Парменидтің пікірінше, нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс ‑ бұл ақыл ‑ оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе ‑ тең. Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс ‑ әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты. Яғни, Парменид болмыс ұғымының дамуына, оны тануға көп үлесін қосты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz