Дәруменді препараттар
Лекция тақырыбы: Дәруменді препараттар
Дәрумен (дәрумен) - адам тіршілігіне, ағзадағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.
Немесе ферментативті катализ тетіктерін іске асыру үшін, гомеостазды тұрақтандыру үшін, қалыпты зат алмасу және ағзаның өмірге маңызды қызметтерін биохимиялық қамтамассыз ету үшін қажет төмен молекулалы қосылыстар деп айтуға болады.
Дәрумен (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі.
Қазір барлық дәрумендерді
1. Шын дәрумендер
oo суда еритін дәрумен (аскорбин қышқылы - С дәрумені, Втобының дәрумендері: тиамин В1, рибофлавин - В2, пиридоксин туындылары-В6, кобаламин туындылары - В12, ниацин туындылары - РР, фолацин туындылары - фолий қышқылы, пантотен қышқылы, биотин) соңғы кезде дәрумендерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды.
oo майда еритін дәрумендер- А, Д, Е, К
2. Дәрумен тектес заттар (холин, инозит, липой, орот қышқылы, карнитин, биофлавоноидтар, пангам қышқылы, парааминобензой қышқылы)деп бөледі. Бұл заттар тапшылығы айқын көрінетін бұзылыстарға әкелмейді немесе қызметі жағынан дәрумендерден гөрі басқа ауыстырылмайтын тағамдық заттарға жақын болып келеді.
Өздері дәрумен емес қосылыстар, бірақ дәрумен синтезінің алғы заты, яғни провитаминдерге жатады, мысалы, ағзада А дәруменіне айналатын каратиноидтар және т.б.
Бұдан басқа байланыстырушы және бұзатын қасиеті бар заттар (мысалы, аскорбатоксидаза, тиаминаза, жұмыртқа нәруызы- авидин),белсенділігін басатын препараттар(мысалы, туберкулезге қарсы изониазид), яғни антидәрумендер бар.
Көптеген дәрумендер ағзада синтезделмейді, тағаммен түсіп отырады. Олардың тағамда жеткіліксіз болуы, сіңірілуінің бұзылуы немесе аса жоғары қажеттілікте дәрумен жеткіліксіздігі туындайды. Қаншалықты жеткіліксіз болғанына қарай дәрумен жеткіліксіздігінің келесі белгілері болады: авитаминоз, гиповитаминоз,прегиповитаминоздық жағдай.
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. (цинга, рахит, бери-бери). Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді.Айқын емес клиникалық көріністермен (мысалы, А гиповитаминозы ақшам соқыр) сипатталатын ағзаның дәруменге қажеттілігі толық қамтамассыз етілмеген айқын жетіспеушілік жағдай. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Сонымен қатар дәрумен жетіспеушілігінің жасырын формалары кездеседі. Бұл арнайы клиникалық әйгіленімдері жоқ, бірақ бейарнайы клиникалық әйгіленімдер: жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұйқышылдық, жұмыс қабілетінің, имунитетінің төмендеуі көрінетін прегиповитаминоздық жағдай. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет.
Осы жағдайларда күндік қажетті дозасына сәйкес дәрумен препараттарын енгізеді. Дәрумен жетіспеушілігіне байланысты емес ауруларда және де ағзаның физиологиялық қызметіне, зат алмасуына әсер ету үшін бағытталған емшараларда дәрумендік препараттарды күндік мөлшерден айтрлықтай асатын дозада қолданады.
Клиникалық практикада дәрумендік препараттардан басқа оған қарағанда тез және айқын әсер ететін коферменттер немесе оның алғы заттары да қолданылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
МАЙДА ЕРИТІН ВИТАМИНДЕР
А дәрумені (ретинол)фоторецепцияға (көз өткірлігін қамтамассыз ету) қажетті родопсин пигментінің синтезіне қатысады, тері мен шырышты қабықтың эпителийленуін қамтамассыз етеді, ағзаның инфекцияға қарсы арнайы емес қорғанысын, стероидты гормондардың синтезін және бойдың өсуін ынталандырады және т.б.
А дәруменінің тапшылығында А авитаминозы дамиды, ол гемералопиямен (ақшам соқырлық) сипатталады, иммунитет әлсірейді және т.б. тері шырышты қабық зақымданады және т.б.
Медициналық тәжірибеде, негізінен, ретинол ацетаты және ретинол пальмитатын пайдаланады. А дәруменін гипо ө А авитаминозда, кейбір көз ауруларында (ақшам соқырлық, кератомаляция және т.б.), тері зақымданулары мен ауруларында (үсік шалу, күйіктер, жаралар, экзема кейбір түрлері), сондай - ақ рахитта, гипотрофияда, тыныс алу жолдарының өткір және созылмалы бронх - өкпе ауруларында қолданвылады. А - дәруменінің препараттарын ішке, бұлшықетке және сыртқа (жергілікті) тағайындайды. Инъекциялық ерітінділерді енгізбес бұрын дене температурасына дейін қыздырады. Күйіктерді, ойық жараларды және үсік шалған аумақты емдеу үшін зақымданған аумақты тазалап болған соң А дәрумені ерітіндісін жағып, дәкемен жабады( тәулігіне 5-6 рет жағады, тыртықтану деңгейіне байланысты жағу санын тәулігіне 1 ретке төмендетеді). Сонымен қатар А дәруменін ішке және бұлшықетке бірдей тағайындайды. Жоғары дозаларда ұзақ уақыт пайдалану нәтижесінде жанама әсерлері гипервитаминозға дейін дамиды. Ересектердегі А гипервитаминозының симптомдары: ұйқышылдық, бойкүйездік, бас ауыруы, беттің қызаруы, жүрек аайнуы, құсу, қозғыштық, жүрістің бұзылуы, аяқ сүйектерінің ауыруы. Балаларда қызба, құсу тершендік, ұйқышылдық, терідегі бөртпелер пайда болуы мүмкін. Сондай - ақ, жұлын сұйықтығының қысымы жоғарылайды(емшек еметін жастағы балаларда - гидроцефалия және еңбегінің бітіспеуі байқалады). Бұлшықетке инъекция жасаған кезде жергілікті ауырсыну, кейде инфильтраттық түзілістің қалыптасуы орын алады. Ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
D дәрумені (кальциферол) бірнеше түрі бар, солардың ішінде практикалық маңызы барларды Д2- эргокальциферол және Д3 - холекальциферол дәрумендері. Д- дәрумені кальций жәнеерге қатысады. фосфор алмасуын реттейді, бойдың өсуін ынталандырады, иммундық үдерістадамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Балалық шақта Д дәруменінің тапшылығы сәби еңбегінің бітісуін баяулатады, тістердің өсуі, омыртқа бағанасы сүйектерінің деформациясын, бұлшықет әлсіздігін тудырады. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. Ересектерде тапшылық сирек дамиды, остеопороз түрінде көрінеді. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
Д дәруменінің препараттары - эргокальциферол, кальцидиол, кальцитриол, оксидевитті рахиттің, шығу тегі әр түрлі остеомаляцияның, остеопороздың, сүек сынуының алдын алу және емдеу үшін, сүйек пен тістегі кальций жоғалуына жол бермеу үшін, туберкулез ошақтарының әктенуін жылдамдату үшін және т.б. қолданады.
Дәруменнің жоғарғы дозасын қабылдаған кезде интоксикация құбылысының (Д гипервитаминозы) симптомдары дамуы мүмкін: тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, бас ауруы, аз қозғалтқыштық, жалпы шаршау, қозғыштық, ұйқының бұзылуы, дене температурасының жоғарылауы, зәрдегі өзгерістер. Қандағы кальций деңгейінің өсуі және оның зәрмен ағзадн шығарылуының артуы мүмкін. Жұмсақ тіндердің, бүйрек, өкпе және қантамырлардың кальцийленуі мүмкін. Д2 дәруменінің уытты әсері А дәруменін қатар қабылдау кезінде әлсірейді.
Е дәруменi(токоферол) дәруменді және антиоксиданттық белсенділігі бар бірқатар заттарды біріктіреді. Дәрумендік белсенділікке негізінен α - токоферол ие. Ол миокардтың және қанқалық бұлшықеттің қалыпты репродуктивті қызметі үшін қажет, липоидтердің асқын тотығуын төмендетеді, гемопоэзді ынталандырады, ақуыздар мен көмірсуларды үнемді пайдалануын қамтамассыз етеді және т.б. Е дәруменінің тапшылығы жыныстық дисфункцияға, миокард қанқалық бұлшықет дистрофиясын туғызады, мембраналардың кальций иондарына деген өткізгіштікті төмендейді. Бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері тұқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.
Қолданылуы: негізінен, гипо-авитаминозда, миокард дистрофиясында, бұлшықетдстрофиясында, жүктілікке қауіп төнгенде, ерлердегі жыныс бездерінің қызметі бұзылғанда, анемияда және т.б. бұлшықетке инъекция жасағанда ауру сезімі, инфильтраттардың пайда болуы және аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
К дәруменi (филлохинон, нафтохинондар) табиғи К1, К2, К3 - синтетикалық - дәрумендерді қамтиды, қанның ұю процестерін қатысады, және кальций байланыстыратын ақуыздардың синтезі үшін қажет болып табылады, сонымен қатар антиоксиданттық белсенділігі де бар. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К дәрумен жоқ.
Викасол К3 дәруменнің суда еритін стнтетикалық аналогы болып табылады, тек ішке ғана емес, сондай - аққан кетуді тоқтату және алдын алу үшін парентеральды қолданылуы мүмкін. Викасолға қарсы көрсеткіш тромбоэимболия мен қан ұю көрсеткішінің жоғары болуы. Синтетикалық фитоменадион препараты өзінің биологиялық белсенділігі жағынан табиғи К1 дәруменінің қасиеттерін толық сақтап қалған, гемолиз және метгемоглобинемия туғызбайды.

СУДА ЕРИТІН ВИТАМИНДЕР
С дәрумені (аскорбин қышқылы). Биологиялық маңызы зор. Ол айқын көріністегі қалыпқа келтіруші қасиеттерге ие, нуклеин қышқылдарының және ақуыздардың синтезі үшін қажет, темірдің ішекте сіңуін және фолий қышқылының белсенді тетрагидрофоль формасына ауысуын жеңілдетеді, бейспецификалық имунитетті арттырды, тамыр қабырғасын қалыңдатады, антиоксиданттық қасиеттерге ие, бауырдың синтетикалық және дезинтоксикациялық қызметтерін жақсартады және т.б. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда гипо немесе авитаминоз (цинга) туындатады, ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды.
Қолданылуы: цинганың алдын алу және емдеу үшін, гемморагиялық диатездерде, қан кетулерде; жұқпалы аурулармен улануларда, сондай-ақ күшті физикалық жұмыстарда, ақыл ой жүктемесінде, жүктілік пен лактация кезінде, атеросклерозда пайдаланылады. Аскорбин ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz