Қазақстандағы экологиялық мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дəріс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік-экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынғы Одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблемалар туғызуда.
Сонымен қатар жер мен ландшафтардың деградацияға ұшырауы (республиканың 60%-нан астам жері шөлейттенуге ұшыраған), су ресурстарының жетіспеуі (сумен қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орында), елдегі су айдындарының экологиялық мәселелері, елді мекендердегі атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы да өзекті болып отыр.
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.
Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,52,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері, астрономиялық цифрларға жетіп жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.
Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай...
Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық мәселелері
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Қазақстандағы ауаның ластануы
Пәндер