А. Байтұрсынұлы қағидасы және қазіргі қазақ емлесі
А.Байтұрсынұлы қағидасы және қазіргі қазақ емлесі
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер екендігін бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманында қарапайым қазақтың сауатын ашқан Әліппе, Сауат ашу, Тілашар т.б. оқу-құралдары күні бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған құнды еңбектер екені даусыз. Ғалымның Әдіс - керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай деген сөздері әрбір педагогқа бұлжымас қағида болары сөзсіз.
Бүгінгі білім беру кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Инсерт стратегиясы сияқты тағы басқа оқытудың түрлі әдістерінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап көтеріп жүр. Өткенге барлап қарасақ, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсынұлының жоғарыда аталған еңбектерінен бастау алатынын атап өткен жөн болар. Бұны біз ғалымның өз заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу құралдарынан да, шағын мақаларынан да аңғарамыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептеріне арналған Әліпбиі (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген.
Қазіргі таңда ересектерді оқытатын оқытушылар мен мектеп мұғалімдері жалпы білім берудің ең ұтымды тәсілі ретінде Блум таксомониясын басшылыққа алады. Блум таксомониясының 6 түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудің ең ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум таксомониясының
· білу - мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру;
· түсіну - жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салыстыру, сипаттау;
· қолдану - жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану;
· талдау - дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тексеру және жіктеу;
· жинақтау - ақпараттарды жүйелеу;
· бағалау - ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау сияқты 6 ережесі сын тұрғысынан ойлауда, яғни ойлау дағдыларын қылыптастыруда, жетілдіруде соны әдістемелердің бірі делінеді.
Бір қызығы, осы Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысы жайында өз заманында сан жылдар бұрын айтылып кеткен А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. Ағартушы әдіскер Ана тілінің әдісі атты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін былайша бөледі:
1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп аталады.
2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады.
3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады.
Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді. Бұл категориялар қазақ тілін оқулықтарын құрастыруда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz