Диалектологияның зерттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Диалектологияның зерттелуі

Диалектология (гр. dіalektos - сӛйлеу, гр. logos - білім) - тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық жҽне ҽдеби тілге қарымқатынасын зерттейтін саласы. Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектілердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тіліндегі диалектілердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер ҽр түрлі. Олар кҿбіне-кҿп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрылысына, сҿз құрамына қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына ең тҽн деген, ең дҽстүрлі деген киіз ҥйдің ҿзін Жетісу ҿңірі қазақ ҥй, Сырдың тҿменгі бойы қара ҥй, Ойыл-Жайық жағы ағаш ҥй, Еділ маңы терме ҥй, Қазақстанның солтүстігі мен орталығы киіз ҥй деп атайды. Сол сияқты оңтүстік, оңтүстік-батыс қазақтарындағы етістіктің барың, келің секілді тұлғасы ҿзге ҿңірлерде ұшыраспайды. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинаптеру, хат бетіне түсіру, олардың тілде ҿмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу шегін анықтау - диалектологияның міндеті. Осыған орай диалектология ғылымы сипаттама диалектология жҽне тарихи диалектология болып бҿлінеді. Тарихи диалектологияның міндеті - жазба ескерткіштердегі жҽне этнография, т. б. тарихи мҽліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу. Сипаттама диалектологияның міндеті - диалектілер мен сҿйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған кҿлемін сипаттап түсіндіру, ҽдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау. Диалектологияға қажетті материал экспедициялық жолмен ел арасынан жинау нҽтижесінде жҽне лингвистикалық география ҽдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі ҽдісті кҿбіне бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазақ диалектологиясы жҿніндегі алғашқы талпыныс 1937 жылы Нарынқол, Кеген, Мақтарал, Нұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталды. 1944 жылы Ж. Досқараевтың қорғаған кандидаттық (Оңтүстік диалектісінің кейбір мҽселелері), 1948 жылы С. Аманжоловтың докторлық (Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары) диссертациясы қазақ 5 диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды. Диалектілік ерекшеліктер түрлі тілдерде бірінде аз, бірінде кҿп мҿлшерде сақталған. Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тайпаның сҿйлеу тілі болған. Демек, диалект дегеніміз - жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, одан тыс құбылыс емес. Диалектология ғылымының теориялық негізі марксизмленинизм классиктерінің еңбектерінде берілген. К. Маркс пен Ф. Энгельс диалектінің алғашқы қауым кезінде ру, тайпа тілі ретінде, одан кейінгі қоғамдарда халық, ұлт тілдерінің бір бҿлігі ретінде адамдар коллективіне қызмет еткенін кҿрсетті. Алғашқы қоғамда ҽрбір тайпаның ҿзінің тілі болған. Ф. Энгельс тайпа мен диалект жҿнінде: «Тайпаның ҿзіне ғана тҽн ерекше диалектісі болды. Шындығында, тайпа мен диалект бір-біріне сай келеді», - дейді. Тайпа ҿз ішіндегі адамдардың кҿбеюіне байланысты бҿлшектеніп, одан енді бірнеше жаңа тайпа бҿлініп шығады. Бҿлініп шыққан туыс тайпалар бірінен-бірі территория жағынан қашықтап, олардың ҽрқайсысының тұрмысында, сондай-ақ тілінде ҿзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастапқы біртұтас тайпа тілінен туыстас бірнеше тайпа тілі жасалды. Ал халық, ұлт тілдерінің құрамындағы диалектілерге келсек, олар басқаша қоғамдық құрылыс жағдайында қалыптасқан. Енді адамдар бірте-бірте бұрынғыдай ру-тайпасына қарай емес, тұрғын жерлеріне, қоныстанған территориясына қарап жіктелетін болған. Сол себептен де диалектілер жергілікті сипат ала бастаған. Халық, ұлт тілдерінің, жергілікті диалектілердің пайда болуынан тайпалық тіл белгілері тіпті де із-түзсіз жоғалып кетпейді. Халықтардың қоғамдық, тарихи жағдайы біркелкі еместігін жҽне тіл құрылысының негізінен тұрақты сипаты барын еске алсақ, қазіргі кезде де кҿне дҽуірде пайда болған тайпалық тілдерге тҽн кейбір сҿздер, тұлғалар сақталып қалған. Жергілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі тарихи жағдайларға, қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуына байланысты. Кейбір тарихи жағдайлар, қоғамдықэкономикалық формациялар жергілікті диалектілердің дамуына, тілдегі диалектілік ерекшеліктердің молаюына қолайлы болды. Кей тарихи жағдайлар, керісінше, диалектілердің дамуына бҿгет 6 жасады, олардың бірте-бірте жойылуына ҽкеп соқты. Диалектілердің дамуына неғұрлым қолайлы жағдай феодализм дҽуірінде туды, себебі натуралды шаруашылықтың басым болуы, ел ішінде тығыз экономикалық байланыстың болмауы халықты саяси, экономикалық жағынан бҿлінушілікке ҽкеп соғады, осыдан барып бірыңғай тілдік байланыс бұзылады. Елдің экономикалық жағынан тұйықталған жеке аудандарында жергілікті диалектілер қалыптаса бастайды. Феодалдық дҽуірдегі бҿлінушілік неғұрлым күшті болса, соғұрлым диалектілердің дамуына қолайлы жағдай туады. Тілдегі жалпыхалықтық емес жеке эементтер феодализм дҽуірінде бұрынғысынан да молая түседі. Сол себепті де феодализм дҽуірінде тілде жергілікті диалектілер ҿте кҿп болды. Бірақ рулық бытыранқылықтың жойылып, ірі феодалдық мемлекеттердің құрылуынан, капитализмнің дамып, ұлттардың, ұлт тілдерінің пайда болуынан диалектілер бірден жойылып кетеді деп ойлауға болмайды. Ұлт тілдерінің қалыптасуы кезінде жаңа диалектілік ерекшеліктер бұрынғыдай дами алмайды., бірақ бұрыннан қалған диалектілік ерекшеліктер ұзақ уақыт сақталады. Дегенмен, капитализм дҽуірінде ҿндірістің капиталистік тҽсілінің дамуымен, ұлттың жҽне ұлт тілдерінің қалыптасуымен байланысты жергілікті диалектілер бұрын болмаған ҿзгеріске ұшыраған. Жергілікті диалектілердің жойлуына ҿте-мҿте қолайлы жағдай социализм дҽуірінде туып отыр. Ҽдеби тілдің ҽсері бұл кезде мейлінше күшейді. Халық ағарту ісінің, мҽдениеттің алға басуы, баспасҿздің, радионың кең тарауы т. б. жергілікті диалектілерге ҽдеби тілдің ҽсерін арттыратын факторлар болып табылады. Халық я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер ешуақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болу жағынан да, жалпыхалықтық ҽдеби тілге қатысы жағынан да ҽр түрлі болып келеді. Бұлар тіл білімінде жергілікті жҽне ҽлеуметтік диалектілер немесе говорлар болып екіге бҿлініп жүр. Жергілікті диалектілер дегеніміз - белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық жҽне лексикалық жағынан ҿзіне тҽн ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің бҿлігі, тармағы. Ал ҽлеуметтік диалект деп белгілі бір топтағы адамдардың я арнаулы кҽсіппен шұғылданушылардың тіліндегі ерекшеліктерді айтамыз. Бұлардың қай-қайсысы болсын халықтық тілдің тармақтары болып 7 табылады. Дегенмен, тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуы, тіл тарихында алатын орны, ұлттық ҽдеби тілге қатысы тұрғысынан алғанда, олардың біраз айырмашылықтары бар. Біріншіден, белгілі бір тілдегі диалектілер мен говорлар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Жергілікті диалектілер
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі туралы
«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»
Қазақ диалектологиясының зерттелуі
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz