Жылулық сәулелену


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:
І. Кіріспе.
Жарық туралы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Жылулық сәулелену.
ә) Люминесценция.
б) Люминесценцияның түрлері.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Жарықтың заттармен өзара әрекеттесуіне ілесе жүретін сәуле шығару құбылыстарын зерттеу, жарықтың табиғатын терең тануға және оның құрылымы мен ішкі мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Ондай құбылыстарға: абсолютті қара дененің сәуле шығаруы, фотоэффект, атомдар мен молекулалардың сәуле шығаруы, рентгендік сәуле сияқты құбылыстар жатады.
20 ғ. -дағы ғылыми ойдың ұлы жеңісі кванттық теорияны қалыптастыруда қызған дененің сәуле шығаруын эксперименттік зерттеу үлкен рөл атқарды. Жоғары температураға дейін қыздырғанда дене әртүрлі түске еніп, сәуле шығара бастайтынын білеміз. Мысалы, темірді кыздырғанда, ол өуелі қызыл, содан кейін қызыл сары, одан әрі ақ сары түске беленеді. Электр шамының вольфрам қылын 3000 С-қа дейін кыздырғанда, ол ақ жарық сәуле шығарады. Күннің жарығы, Жұлдыздардың шығаратын сәулелері де олардың температурасының өте жоғары болуына байланысты
Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды. Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, салқын денелерде де орын алады. Электр шамының вольфрам қылы 3000 С-қа дейін кызғанда көзге кәрінетін ақ жарық шығарса, температурасы төмендеген сайын денелер керінбейтін инфрақызыл сәулелер шығарады. Инфрақызыл сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен төмен. Сондай-ак денелердің температурасы тым жоғары болса, олар кәрінбейтін ультракүлгін сәулелер шығарады. Ультракүлгін сәулелерінің жиілігі ақ жарықтың жиілігінен жоғары.
Жарық сияқты жылулык сәулелердің барлық түрлеріде электромагниттік толқындар катарына жатады. Олар бір-бірінен тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына карай ажырайды. Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шығарумен катар оларды жұта да алатынын керсетті. Оны көптеген тәжірибелер растайды. Мысалы, параболоидтік айнаға вольфрамнан жасалған спираль қылын орнатып, оны электр тоғымен инфрақызыл сәулесін шығаратындай етіп кыздырайық. Оған карама-карсы қойылған екінші айнаның фокусына қара түске боялған құрғак мақтаны іліл қойсақ, ол белгілі бір уақыттан кейін "өз-өзінен" тұтанып жана бастайды. Бұдан денелердің жылулық электромагниттік сәулелерді шығарып кана коймай, оларды жұта да алатыньш кәреміз. Ал кара түсті денелер сәулелерді басқа түсті денелерге карағанда көбірек жұтады. Бұл төжірибе электромагниттік толкындардың шынында да энергия таситынына көзімізді жеткізеді.
Өзіне түскен әртурлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды . Күн сыртқы ортаға жарық шығарумен қатар өзіне сырттан келіп түсетін әртүрлі жиіліктегі сәулелерді де толық жұтып алады.
Сондықтан ол абсолют кара денелер қатарына жатады суретте абсолют қара дененің үлгісі көрсетілген. Іші куыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағылады да, толық жұтылады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/8/8f/Erbe.gif
Абсолют қара дене

Люминесценция (лат. lumen - жарық, escent - әлсіз) - табиғатта кездесетін кейбір заттардың сыртқы факторлар себебінен сәуле шығару құбылысы. Қысымы азайған заттардан электр тоғы өткенде немесе кейбір заттарға электрондық сәуле түскенде олардың сәуле шығару құбылысы катодолюминесценция деп аталады. Бұлардың біріншісі "күндізгі жарық" шамдарында пайдаланылса, екіншісі теледидар экранында бейнесигналды жарық сигналына өзгерту үшін пайдаланылады.

Люминесценцияның түрлері:
● Фотолюминесценция
● Хемилюминесценция
● Катодолюминесценция
● Сонолюминесценция
● Радиолюминесценция
● Триболюминесценция
● Биолюминесценция
● Электролюминесценция
● Кандолюминесценция
● Термолюминесценция.

Хемилюминесценция - химиялық әсер ету нәтижесінде, не химиялық реакция жүрген пайда болатын дененің люминесценциясы.

Катодолюминесценция - кейбір заттардың бойымен электр тоғы өткенде олардың сиретілген газдардың және электрондық сәуле әсерінен өзіне тон сәуле шығару қасиеті.

Фотолюминесценция - жарық (көрінетін сәуленің қысқа аймағы, УК сәуле) әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады.
Рентгенолюминесценция - рентген және гамма сәулелері әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады (рентген аппаратының экраны, радиация индикаторлары) .
Катодолюминесценция - электрондар ағыны әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады (кинескоп, осциллограф, монитор) .
Электролюминесценция - электр өрісі әсерінен атомдардың қозуы кезінде пайда болады(электр разрядымен газ молеккласын қоздыру-газ разрядты лампа) .
Биолюминесценция - биохимиялық реакциялар әсерінен биологиялық жүйенің қозуы кезінде пайда болады.
Сонолюминесценция - ультрадыбыс әсерінен атомдардың қозу кезінде пайда болады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/2/2b/Lampyris_noctiluca.jpg https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/1/17/Chemoluminescent_reaction.jpg

Люминесценттік жарқырау сипаты бірдей болып көрінетін нәрселерді бір-бірінен айырып алуға мүмкіндік береді. Бұл - іріктеу люминисценттік анализ тәсілі. Осы тәсілмен медицинада аурудың диагнозын қояды. Ал ауыл шаруашылығында тұқымның сапасын зерттейді, сол сияқты мұнайдың құрамын анықтап, алмаздарды іріктейді.
Медициналық және биологиялық зерттеулерде люминесценция маңызды рөл атқарады. Люминесценция спектрінде өнімнің, фармацевтикадың, өсімдік талшығының, тері және т. б. сапасын тексеруге болады. Қатерлі ісікті не сауық, не жаман екенін ажыратуға болады.

http://www.nanometer.ru/upload/2011/11/84e6758c60a463c86b7a2e32a23651f4.jpg http://zagadki.info/pic/zag/all/58847b2c3cec2.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұр денелер үшін энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы
Сәулелі жылуалмасу
Табиғи фонды сәулелену мөлшері жайлы
Жарық сіңіру заңдары
Радиациялық - жылулық зақымданулар клиникасының ерекшеліктері
Жылуалмасу түрлері
Абсолют қара дене
Жылу аппараттарының негізгі құрылымдық элементтері
Масса алмасу
Күннің радиосәулеленуі. Тынық күннің радиусы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz