Статистикалық жинақтау, топтау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Респуликасы ғылым және білім министрлігі ( -Сіздің университіңіз- ) университеті

Мәнжазба
Тақырыбы: Статистикалық жинақтау, топтау

Орындаған: *Сіздің аты-жөнініз*
Тексерген: *Оқытушының аты-жөні*

2020 - *Калаңыз*

Стистикалық жинақтау, топтау
Жоспар:
1.Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым
2.Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері .
3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері .
4.Қайта топтау .
5.Статистикалық таратпалы қатарлар .
6.Статистикалық кестелер
Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.
Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады. Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу .
2. Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.
Статистикалық топтау келесідей түрлерге бөлінеді: біртиптік, құрылымдық және талдаулық .Біртиптік топтаудың мақсаты-біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау. Ол келесі тәртіп бойынша жүреді:
1.Алдын-ала пайда болған типтерді,сыныптарды өзіне тән сапалық белгілеріне қарап анықтап, белгілеп қою .
2.Топтау белгілеріне қарай анықтау .
3.Жинақталған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу .
Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады .
Құрылымдық топтау мақсаты- біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді .
Талдаулық топтаудың негізгі мақсаты-жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір- біріне әсерін,себептерін зерттеу болып табылады. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергенін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді.
Мысалы, жұмысшының мамандық дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады
Талдаулық топтау келесідей:
1.Себептік белгілері бойынша құрылады және нәтижелік белгілердің орта шамасы табылады .
2.Әрбір топты сипаттайтын себептік және нәтижелік белгілердің орташа шамасын есептейді .
3.Себептік және нәтижелік белгілердің арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері анықталады . Жиынтық бірліктері бір ғана белгісі бойынша топталса, жай топтау, ал екі немесе одан да көп белгілерге қарай топталса, күрделі топтау деп аталады .
3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері
Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек . Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:
d =Хmax-Xminn ,
мұндағы, d-деңгей аралығының тұрақты шамасы;
Хmax, Xmin- топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мән шамасы;
n- топтың саны .
Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің арасындағы сандық өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп
4.Қайта топтау
Қайта топтау дегеніміз алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі .Алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік жоқ құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда сұрақтарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі әдіспен жүргізіледі:
1. Бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, оларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
Пәндер