Дарынды және талантты оқушыларды анықтау және дамыту: мұғалімнің тапсырмалары мен диагностикалық тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дарынды және талантты балаларға мұғалім ұсынатын тапсырмалар.

Дарынды балалармен жұмыс жасағанда мұғалім сол балаларға өз деңгейіне сәйкес келетін тапсырмаларды беру арқылы дамытып жатады. Мысалы :әртүрлі олимпиадаларға қатыстырып, тест тапсырмаларын беру арқылы, соның ішінде тоғыз құмалақ, математикалық түрлі тапсырмалар, гуманитарлық бағыт бойынша берілетін тапсырмалар арқылы баланы дамыта алады. Қазіргі таңда әр баланың қабілетті әр түрлі соны мұғалім жетік бақлай отырып сол арқылы дарынды балаларға тапсырмалар беру арқылы оны жетілдіру болып табылады.

Дарынды балаларды айқындауда кешенді түрде әр түрлі әдістер қолданылады

-Балаларды бақылау (сабақты, сабақтан тыс) ;

-Баланың ата-анасымен байланыс;

-Арнайы психодиагностикалық тренингтер;

-Топтық шығармашылық жұмысқа араластыру

-Түрлі интеллектуалдық, пәндік олимпиадар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, сайындар, спорттық жарыстар, т. б.

-Педагогикалық консилиумда қарау.

-Диагностика жасағанда пән мұғалімдерінің, кітапханашы мен дәрігердің пікірін ескеру.

-Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқыту;

- Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар беру;

Дарынды балаларды анықтау - нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде (жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең-кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек.

Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру бағытындағы дайындығын қалыптастыру - дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту мен оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің басты талабы екені сөзсіз.

Психометрикалық тесттер дарынды балаларды идентификациялау бағдарламасының аясында қосымша ақпарат көздерінің бірі ретінде қолданылады. Бірақ ол да баланы «дарынды» немесе «дарынды емес» деп шешім шығарудың жалғыз критерийі емес. Дарынды балаларды анықтау мақсатында қолданылатын психология-педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:

  1. Баланың бейімділіктерінің кең спектрін қамтуға және ақпараттың түрлі көздерін қолдануға мүмкіндік беретін оның мінез-құлқы мен әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты;
  2. Идентификациялау процесінің ұзақтығы;
  3. Баланың бейімділіктері мен қызығушылықтарына барынша сәйкес келетін әрекет саласындағы мінез-құлқына талдау;
  4. Балалар әрекетінің өніміне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, математикалық есептерді шешу тәсілдері және т. б. ) сарапшыларды (белгілі бір пән саласы бойынша жоғары білікті мамандар - математик, шахматист, филолог, инженер, т. б. ) тарта отырып, сараптамалық баға бергізу;
  5. Баланың дарындылық белгісін анықтауда оның психикалық дамуының актуалдық деңгейі ғана емес, оның жақын даму аймағын да ескеру керек. Ерекше бағдарламамен проблемалық сабақтар өткізу, баланың психологиялық «кедергіден» өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді;
  6. Нақты бір баланың өзіндік ерекшелігі мен дарындылық түріне сәйкес таңдалатын көптеген психодиагностикалық процедураларды қолдану арқылы тексерудің көпкезеңділігі;
  7. Диагностикалық тексеруді шынайы өмірлік жағдаят жағдайында, табиғи экспериментке ұқсас формада жүргізу;
  8. Зерттеушілік әрекетті модельдейтін және балаға барынша әрекет еркіндігін беретін пәндік жағдаятты қолдану;
  9. Балалар мен жасөспірімдердің пәндік олимпиадалардағы, конференциялардағы, спорттық жарыстардағы, шығармашылық байқау, фестивальдардағы жетістіктерін талдау;
  10. Психодиагностиканың экологиялық валидті әдістерін - баланың шынайы жағдаяттағы шынайы мінез-құлқын бағалауға мүмкіндік беретін - әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, ата-аналар мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын тірек ету;

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне байланысты. Көбіне “Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы” деген ұғымды қамтымау керек.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста ерекше қабілетті болуына байланысты.

Қабілет деген не? Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін шығармашылықпен дамыту.

Қабілеттілік - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу

Баланың дарындылығы оның жоғарғы жүйке саласының туа біткен қасиетімен айқындалады.

Сонымен талантты адам дегеніміз білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам.

Сонымен, дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің, қоғамның ықпалымен танылатын тұлғаны айтамыз.

Белгілі психолог Н. С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көресетеді:

Ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы. Ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез-келген жағдайды талдап салыстыра білуі, яғни барлық күш-қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.

Дарынды балаларды анықтауда ескеретін жайт, балаға «сен дарындысың, осындай жетістіктерге жетесің» деп алдын ала айтуға болмайды. Өйткені, бала алдына қойған мақсатына жете алмаса, ынталығы төмен түсіп, бұл жағдай психологиясына кері әсер қалдыруы әбден мүмкін.

Оқушылардың даралық қабілетін танып білу, дамыту үшін мынаны ескеру қажет деп ойлаймын:

1. Балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуандығы; Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі.

2. Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатындығы; Баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.

Шығармашылық пен өнер егіз ұғымдар. Сондықтан, шығармашылықтың қозғаушы күші - әр алуан өнердің түрі болып табылады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш -қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

«Әрбір бала -болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек, ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін сеземіз. Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. «Туа» біткен данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған. «Туа қалыптасқан» данышпандар-Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовты жатқызуға болады. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті - қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне -өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету.

Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды.

Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет.

Шығармашылық қабілеттілік- бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады.

Яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талантты және дарынды балалармен жұмыс: анықтау, дамыту және оқыту ерекшеліктері
Талантты және дарынды оқушыларды оқытудағы қуатты педагогикалық құралдар
Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және педагогикалық қолдау әдістері
Мектеп жасындағы дарынды оқушыларды анықтау, психологиялық ерекшеліктері және дамыту әдістемелері
Бастауыш сыныпта дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: педагогикалық-әдістемелік негіздері
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру және мұғалімнің диагностикалық-әдістемелік рөлі
Педагогика: оқыту үшін бағалау, сабақты зерттеу және дарынды оқушыларды анықтау әдістемелері
Физика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, дарынды оқушыларды оқыту және бағалау әдістері
Математика пәнінен дарынды оқушыларды анықтау және қолдауға арналған тиімді технологиялар: әдістемелік көмек
Дарынды оқушыларды диагностикалау және дамыту: оқыту әдістері мен педагогикалық ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz