Жүйке - жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары
Жүйке
Жүйке - жүйке талшықтарынан құралған тіндер шоғырлары. Жүйке, нерв (латынша nervus, ал грекше neuron - сіңір, желі) -- ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және тіндерімен байланыстырады. Жүйке талшықтары дендрит (жүйке клеткасының қысқа тармақты өсіндісі) және аксоннан немесе нейриттен (жүйке импульстерін жүйке баратын басқа мүшелер мен жүйке клеткаларына жеткізетін өсінді) тұрады. Әр жүйкенің өзіне тән сезімталдық, қозғалтқыш, соматикалық, симпатикалық қасиеттері болады. Жүйке дәнекер тінді қабықпен қапталған. Адам мен омыртқалылар (бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) миынан 12 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері 31 жұп. Әрбір жұбы дененің белгілі бір жеріндегі жүйке эффекторлары мен рецепторларына әсер етеді. Бұлар 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқа, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкесі болып бөлінеді. Бір-біріне жақын орналасқан жүйкелердің талшықтары ұштасып, араласып, тор тәрізді түтік түзеді. Талшықтарының санына қарағанда ең көп талшықтысы - көру жүйкесі. Адамда оның саны - бір миллионнан асады. Нейронның жүйке импульстарын өткізетін өсіндісі аксонды - жүйке талшықтары деп атайды. Оның ұзындығы кейде 1 м-ден артық болады. Ені 0,5 - 30 мм (омыртқасыз жануарларда 1 мм-дей). Нейрондар мен нейроглиядан тұратын тінді - жүйке тіні деп атайды. Жүйке тінінің құрылысы да, атқаратын қызметі де әр түрлі. Мысалы, нейроглиялардың арасында шырын тәрізді арнайы зат түзетін, жұлын, ми бөліктерін жауып тұратын, организмге қорғаныш, қоректік қызмет атқаратын түрлері де бар. Омыртқалы жануарлардың жүйке тіні ми мен жұлынның сұр және ақ заттарынан тұрады. Жүйке клеткасының ұзын өсіндісі - аксонның миелин қабықсыз бөлігіндегі ақпарат қабылдайтын және өткізетін бөлігін - жүйке ұштары деп атайды. Хабарды сезімтал немесе сенсорлық жүйке ұштары қабылдайды, эффекторлық жүйке ұштары өткізеді. Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организміндегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және олардың сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке тіні мен глияның жиынтығы. Глия, не нейроглия - жүйке клеткаларының, олардың өсінділерінің тіні. Глия жүйке жүйесіне қорғаныш қызметін атқарады әрі жүйке импульстерін өткізеді. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштер әсерін қабылдап, талдайды. Жүйке жүйесі сырттан келген ақпаратты өңдеп қана қоймай, өзіндік белсенділігін де (ақыл-ес механизмі) сақтайды. Организм қызметін реттеп үйлестіріп отыратын аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке клеткасы нейрон деп аталады. Оның атқаратын қызметі - қозу мен тежеу. Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған. Қарапайымдарда жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозуды клетканың басқа бөліктеріне өткізетін фибриллалы қозу аппараты болады. Көп клеткалы организмдерде қозуды тудыратын арнайы тін, ал төменгі сатыдағы ішекқуыстыларда (гидра) қозу диффузиялы түрде (барлық бағытта тарала алады) болады. Еркін қозғалып тіршілік ететін ішекқуыстыларда жүйке клеткалары топтанып, жүйке түйінін (ганглий) түзеді және олар бір-бірімен ұзын өсінділері арқылы жалғасады. Буылтық құрттар, буынаяқтылар, тікентерілілер және моллюскілерде эволюциялық даму барысында жүйке жүйесінің түйінді түрі пайда болған. Түйіндердегі жүйке талшықтары өзара бір-бірімен ғана байланысып қоймай, тиісті рецепторлар және орындаушы органдармен (бұлшық ет, бездер) де байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, ол сезім органдарымен байланыста болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене түседі. Омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары, негізінен, орталық жүйке жүйесінен (жұлын мен мидан) тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы - эктодермадан (алғашқыда жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, одан әрі бір-бірімен жақындаса келіп түтікке айналады. Жүйке түтігінің бас жағы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Жүйке жүйесінің қалған бөлігінен жұлын жетіледі. Балықтардың алдыңғы миы жіктелмеген, бірақ артқы, ортаңғы миы және мишығы жақсы жетілген. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларда алдыңғы ми көпіршіктерінен аралық ми және екі ми жартышарының алғашқы қабы дамыған. Құстарда орталық, аралық ми және мишық айқын дамыған, ал ми қыртысы нашар жіктелген. Жоғары сатыдағы жануарлардың жүйке жүйесі дами ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz