Экология ғылымының зерттеу объектісі - адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Түсінік хат

2017 - 2018 оқу жылында 5, 7 сыныптарда білім беру процесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292, 2017 жылғы 15 тамыздағы №485 қаулыларымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 18 тамызда №423 бұйрығымен бекітілген Негізгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. 2017 - 2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы №242, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 4 тамыздағы №662, Сырым аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №283, «Жалпы білім беретін ұйымдарында 2017 - 2018 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығы негізінде жасалды.

Елімізде соңғы жылдары туындап отырған экологиялық проблемалар олардың тек қана нарықтық-экономикалық факторларға ғана емес, әлеуметтік-экологиялық факторларға да тәуелді екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы, экологиялық проблемаларды шешуде адамдардың санасын, психологиясын өзгертумен қатар жаңаша ойлауды қалыптастыру, табиғатқа деген көзқарасты экологияландыру мәселесі тұр. Осы бағытқа орай қазіргі таңда мектептерде 5-9 кластар арасында «Экология» курсын ұйымдастыру маңызды. Экология курсы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жоспарланды. Экология курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспарын Ә. Бисенова, Ж. Шілдебаевтың Алматы «Мектеп» 2005 бағдарламасына сүйене отырып жасақталды. Жоспар оқушылардың жас ерекшеліктері және жаратылыстау пәндерінен өтілетін тақырыптармен байланысты құрылды.

Мақсаты:

Экология ғылымының зерттеу объектісі - адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау, т. б. Ең бастысы, биосфера тіршілігінің тұрақтылығын сақтау үшін "адам-қоғам-табиғат" арасындағы үйлесімділікті, ізгілікті, біртұтастықты үйлестіру болып табылады. Ол үшін адамзаттың санасына, ой-өрісіне, танымдылық көзқарасына-қоршаған орта мен қоғам және болашақ ұрпақтары үшін қажеттілікті сезіндіру керек. Яғни, бұрыннан қалыптасқан табиғатқа деген тұрпайы түсініктен арыла отырып, экологиялық білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың қоршаған ортаға деген парасатты жауапкершілігін арттыру.

Міндеті:
  • табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жеке адамның жауапкершілігін күшейту;
  • қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесімділікті сәйкестендіру;
  • антропогендік өзгерістер мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;
  • экологиялық жағдайларға мән беру және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын іздестіру;
  • адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығын сақтау;
  • табиғат қорғаудың экологиялық негіздерін білу;
  • экологиялық білім, әдеп, сана мен мәдениетті қалыптастыру.

анықтамалық, ғылыми әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен, интернетпен жұмыс жасап еркін ақпарат көздерін пайдалана білуге баулу.

Экология - тірі ағзалардың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Экологиялық біліммен қаруланған оқушы өзінің туған жерінің тазалығын, байлықтарын сақтап, тірі ағзаны қорғауға үйренеді. Экологиялық білімді ұрпақ, жеке тұлға қалыптасады.

Пәнаралық байланыс : биология, география, химия, медицина, физика, математика, валеология, тарих және т. б.

Жұмысты ұйымдатыру формалары: дәріс беру, зертханалық жұмыстар орындау, экскурсия ұйымдастыру, пікір алмасу, әңгімелесу, болжамдар жинақтап талдау, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорғау.

Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптері:

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы талаптарды қажет етеді. Олар: оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар жасау, табиғат мұражайларын, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Бұлардың бәрінде мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушылардың экологиялық ой-өрісі мен біліктілігі шешуші рөл атқарады.

Биология, география, химия пәндерінің мұғалімдері оқу жоспарларында техникалық құралдарды пайдаланады, табиғат мұражайларына, зообаққа, табиғат аясына топсеруен ұйымдастырады. Мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың білімін анықтайды, олардың экологиялық ой-өрісін қалыптастырады.

Қоршаған орта жайында білім беру - сол ортаның күйін және онымен байланысты мәселелерге жауапкершілікпен қарауға және оларды шешуге қамқорлық жасау керек. Ол үшін күнделікті туындайтын мәселелерді шешетіндей білім, жеке және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.

Экологиялық білім беруді жүзеге асыруда оның ең негізгі міндеттеріне көңіл бөлу керек. Атап атқанда:

  • экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;
  • қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершілік қасиеті мен жауапкершілігін тәрбиелеу;
  • экология саласындағы білім жетістіктері мен нормативтік құқықтық құжаттарды білу.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін, формаларын және әдіснамаларын қолдану керек. Олар:

  1. Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы жетілдіріп отыру (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, әңгімелеу, диспуттар, викторина және т. б)
  2. Оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, адамның іс- әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары туралы алдын ала білуге және оны болжауға тәрбиелеу (табиғаттағы өзгерістерге талдау жасай білу, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, бағалау және болжау) .

3. Іздену және ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгеру, экологиялық мәселелерді шешуде батыл әрі дұрыс шешім қабылдау және өз беттерінше білімін көтеру (оқу және оқыту барысында шешім қабылдау) .

4. Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың практикалық іс-әрекетін қалыптастыру (туған өлкенің "Қызыл кітабын" ұйымдастыру, экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ ұйымдастыру, табиғат ресурстарын жоспарсыз пайдалануға жол бермеу, экологиялық білімді үгіттеу-дәріс, көгілдір экран, газет-журнал басылымдары және т. б арқылы) .

Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім берудің негізгі принциптерін сақтау керек. Олар, негізінен: ғылымилық, байланыстылық, тепе-теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік принциптер.

Ғылымилық принципі -негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апаттылық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдаланылуы тиіс.

Байланыстылық принципі -негізінен, табиғаттағы тірі және өлі табиғат пен орта (топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екені тәжірибелер мен мысалдар арқылы беріледі.

Тепе-теңдік принципі -табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы тепе-теңдіктің сақталмауы. Олардағы бір құрауыштың өзгеруі табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына апарып соғады.

Қызығушылық принципі -оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен формалары оқушылардың бойында еліміздің сұлу табиғатына деген қызығушылығын оятып, туған өлкесін, оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.

Үздіксіздік принципі -оқушылардың білім қорын, ой-өрісін балабақшада сәби кезінен бастап, бастауып сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту. Жоғары сыныптарда экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейге бірте-бірте жеткізу.

Интеграциялау принципі -экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, география, химия, математика, физика және т. б) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану және т. б) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адамнан қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.

Көрнекілік принципі -оқушыларға экологиялық білім беруде оқу процесінде көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, кеппешөптер, жинақтамалар (коллекция) бейнекөріністер, биоиндикаторлар мен табиғаттағы бақылаулар (экологиялық соқпақ) нәтижесін пайдалану.

Қабылдаушылық принципі -негізінен, мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, жатық әрі түсінікті тілмен беруі.

Өлкелік принциптер -экологиялық білім беруде оқушылардың тұрмыстық салт-дәстүрлері, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық мәселелерді көтеру, оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін ояту.

«Экология» курсы бойынша бағдарламалар
  1. Экология (5 сынып), 34 сағат І. Экологияға кіріспе (1сағат)

"Экология" деген сөздің мәні. Отбасы, үйдің тазалығы, тұтыну бұйымдары. Синтетикалық заттар. Адамға пайдалы және зиянды әсері. Тұтыну бұйымдары мен адам арасындағы байланыс. Сақтық шаралары. Экологияны оқытудың қажеттілігі. "Экология" пәнінің "Дүниетану" пәнінен айырмашылығы. Экологияны өмірмен байланыстыру.

ІІ. Үйдің ауласындағы тіршілік (2 сағат)

Бізді қоршаған табиғи орта. Бөлме өсімдіктері. Оларды күту. Ауладағы гүлзарлар. Әрбір өсімдіктің рөлі мен маңызы. Гүлді өсімдіктер. Гүлшоғырындағы жәндіктерді ажырату. Үй жануарлары. Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы. Жануарларды күту. Сақтық шаралары. Өсімдіктер, жануарлар мен адам арасындағы қарым-қатынастар туралы ұғым.

Үйдегі және ауладағы өсімдіктер мен жануарларды атап, олардың әрқайсысының табиғат пен адам үшін маңызын талдау.

ІІІ Адам және табиғат (5 сағат)

Адам мен табиғат арасындағы байланыс. Табиғат кешендері. Табиғаттың күрделі екендігі туралы түсініктер. Көшедегі гүлзарлар мен ағаштар. Ағаштардың түрлері. Мектеп ауласындағы үлескілер. Үлескілер кешені.

Мектеп үлескесіндегі жеміс ағаштары. Ауыл шаруашылығы дақылдары. Бау-бақша.

Өсімдіктер мен ауа арасындағы байланыс. Ауаның қажеттілігі. Ауаның сапасы. Ауаның тазалығы. Құстар мен жәндіктер және құстар мен өсімдіктер арасындағы байланыстар. Табиғаттағы тепе-теңдік туралы ұғым. Жәндіктердің рөлі. Жәндіктерге қамқорлық. Ауладағы, көшедегі және мектеп үлескісіндегі табиғат кешендері. Табиғаттағы бөгде заттар. Олардың пайдасы мен зияны. Алғашқы экологиялық зерттеулер.

ІV. Пайдалы және зиянды заттар мен ағзалар (6 сағат)

Ауладағы қоқыстар, олардың зияны. Қоқыс заттардың түрлері және қордалануы. Өндірістік, ауылшаруашылығының қалдықтары және

тұрмыстық қоқыстар. Қоқыстардан тазалаудың маңызы. Сенбіліктер және оның рөлі.

Пайдалы және зиянды өсімдіктер туралы ұғымдар. Арамшөптер. Улы өсімдіктер. Сақтық шаралары. Пайдалы өсімдіктерді қорғау.

Пайдалы және зиянды жануарлар туралы ұғымдар. Пайдалы жәндіктер. Оларды қорғаудың қажеттілігі. Зиянды жәндіктер. Олардың табиғаттағы рөлі. Жабайы аңдар мен құстар. Үй құстары. Жыртқыш құстар. Жыл құстары.

Улы және адам баласына қауіпті жәндіктер. Үйдегі жәндіктер. Улы жәндіктерден сақтану жолдары.

Жойылып бара жатқан құстар мен жануарлар туралы түсініктер. Құстарды, жануарларды қорғау қажеттілігі. Тірі ағзаларды қорғауды ұйымдастыру жолдары. Алғашқы экологиялық зерттеулер.

Үйде, аулада және табиғатта кездесетін пайдалы және зиянды жануарлар мен құстарды анықтаңдар.

V. Табиғи қорлар және экология (8 сағат)

Табиғаттағы қорлар туралы түсініктер. Табиғи қорлардың адам үшін қажеттілігі.

Ауа, оның тіршілік үшін маңызы және қорғау жолдары. Ауаның сапасы. Ауаның ластануы. Ластағыш заттар. Табиғи ластану көздері. Адамның іс-әрекетінен ауаның ластануы.

Су қорлары. Жақын маңдағы өзендер мен көлдер. Судың сапасы. Судың ластануы мен себептері. Ластағыш заттар. Тұрмыстық лас сулар. Суды қорғау туралы түсініктер.

Топырақ туралы түсініктер. Топырақ қорлары. Топырақтың адам және тіршілік үшін маңызы. "Топырақ-өсімдік-жануар" арасындағы байланыстар. Топырақтың ластануы мен тозуы.

Өсімдіктер-табиғат қорлары. Орман-ел байлығы. Жасыл өсімдіктердің тіршіліктегі маңызы. Сирек кездесетін өсімдіктер. Өсімдіктерді қорғаудың қажеттілігі.

Жануарлар-табиғат қорлары. Сирек кездесетін жануарлар. Жануарларды қорғау қажеттілігі. Жануарларды қорғаудың алғашқы сатылары. Құстарды қорғаудың маңызы.

. Табиғат қорларын жіктей отырып,

оларды қорғаудың алғашқы қарапайым түрлерін таныстыру (үй жануарлары мен құстар тәжірибесі арқылы) .

VІ. Жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы өзгерістер (10 сағат)

Жыл маусымдары. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Ауа-райы.

Ауа-райындағы өзгерістер мен табиғат арасындағы байланыстар.

Күз көріністері. Табиғаттағы өзгерістер. Жан-жануарлар дүниесіндегі өзгерістер. Құстардың жылы жаққа ұшуы. Оның себептері. Қыстап қалатын құстар. Құстарға қамқорлық жасаудың қажеттілігі.

Өсімдіктердегі маусымдық өзгерістер.

Ағаш жапырақтарының түсінің өзгеруі мен себептері. Жапырақтың топырақ түзудегі рөлі.

Қыс көріністері. Табиғаттағы өзгерістер. Қар көшкіндері мен оның зардаптары. Аң мен құстарды қыста суықтан қорғау. Жануарлардың қыстағы тіршілігі. Адам қамқорлығы.

Көктем көріністері. Табиғаттағы өзгерістер. Көктемдегі сел және оның зардаптары. Құстардың келуі. Жан-жануарлар дүниесінің көбеюге дайындығы. Құстардың ұя салуы. Көктемде аң мен құс, балық аулауға тыйым салудың мәні мен маңызы.

Жаз көріністері. Табиғаттағы өзгерістер. Жануарлар мен құстар тіршілігі. Оқушылардың табиғат қорғаудағы рөлі. Мектеп үлескесінде экологиялық тәжірибелер жүргізу. Табиғатқа саяхат. Туристік-өлкетану кезінде экологиялық бақылаулар жасау. Сирек аңдар мен құстар және өсімдіктер туралы мәліметтер. Еліміздің экологиясы.

Табиғатқа саяхат кезіндегі ережелер мен сақтық шаралары және экологиялық бақылау әдістерімен танысу.

VІІ. Қорытындылау (2 сағ)

«Таза болса табиғат - аман болар адамзат» эссе жазу.

Қорытынды қайталау, сынақ сабақ

Экологиядан тақырыптық-күнтізбелік жоспар. 6 «б»- класс.

Аптасына 1 сағат. Барлығы - 34 сағат

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сабақтың түрі

Өтетін күні

№:
Сабақтың тақырыбы:

І. Экологияға кіріспе (1 сағ)

Сағат саны:
Сабақтың түрі:
Өтетін күні:
№:

1

Сабақтың тақырыбы:

Экология пәні нені оқытады. Өзге ғылымдармен байланысы.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі: лекция
Өтетін күні:
№:
Сабақтың тақырыбы: ІІ. Үй ауласындағы тіршілік (2 сағ)
Сағат саны:
Сабақтың түрі:
Өтетін күні:
№:

2

Сабақтың тақырыбы:

Бізді қоршаған табиғи орта. Өсімдіктер мен жануарлардың маңызы. Қорғау шаралары.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі: лекция
Өтетін күні:
№:

3

Сабақтың тақырыбы:

Үйдегі және ауладағы өсімдіктер мен жануарларды атап, олардың әрқайсысының табиғат пен адам үшін маңызын талдау.

Сағат саны: 1
Сабақтың түрі:
Өтетін күні:
№:
Сабақтың тақырыбы: III. Адам және табиғат (5сағ)
Сағат саны:
Сабақтың түрі:
Өтетін күні:
№:

4

Сабақтың тақырыбы:

Адам мен табиғат арасындағы байланыс. Табиғат кешендері.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі: лекция
Өтетін күні:
№:

5

Сабақтың тақырыбы:

Атмосфераның құрамы, қажеттілігі, тазалығы.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі: Сұрақ жауап
Өтетін күні:
№:

6

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы бөгде заттар, олардың зияны.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі:
Өтетін күні:
№:

7

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы тепе-теңдік.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі: реферат
Өтетін күні:
№:

8

Сабақтың тақырыбы:

Жәндіктердің рөлі, оларға қамқорлық

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі:
Өтетін күні:
№:
Сабақтың тақырыбы:

IV. Пайдалы және зиянды заттар мен ағза (6 сағ)

Сағат саны:
Сабақтың түрі:
Өтетін күні:
№:

9

Сабақтың тақырыбы:

Қоқыс заттардың түрлері мен зияны.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі: лекция
Өтетін күні:
№:

10

Сабақтың тақырыбы:

Өндірістік, ауылшаруашылық қалдықтар.

Сағат саны:

1

Сабақтың түрі: Сұрақ жауап
Өтетін күні:

11

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.

1

Мәлімет жинау
11:

12

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Пайдалы және зиянды жәндіктер, олардың табиғаттағы рөлі.

1:

1

Мәлімет жинау: Сұрақ жауап
:
11:

13

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Жойылып бара жатқан құстар мен жануарлар

1:

1

Мәлімет жинау: реферат
:
11:

14

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Үйде, аулада, табиғатта кездесетін пайдалы және зиянды жануарлар мен құстарды анықтау.

1: 1
Мәлімет жинау:

Кестемен жұмыс

:
11:
Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

V. Табиғи қорлар және экология (8 сағ)

1:
Мәлімет жинау:
:
11:

15

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Табиғи қорлар және олардың адам үшін қажеттілігі.

1:

1

Мәлімет жинау: лекция
:
11:

16

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Су қорлары. Судың ластануы мен себептері. Қорғау шаралары.

1:

1

Мәлімет жинау:
:
11:

17

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Ауа, оның тіршілік үшін маңызы қорғау жолдары

1:

1

Мәлімет жинау:
:
11:

18

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Топырақ қорлары, оның маңызы

1:

1

Мәлімет жинау: Мәлімет жинау
:
11:

19

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Топырақтың ластануы мен тозуы

1:

1

Мәлімет жинау:
:
11:

20

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Өсімдіктер - табиғат қорлары, қорғау шаралары

1:

1

Мәлімет жинау: Сұрақ жауап
:
11:

21

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Жануарлар - табиғат қорлары, қорғау шаралары

1:

1

Мәлімет жинау:
:
11:

22

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Табиғат қорларын жіктей отырып, оларды қорғаудың қарапайым түрлерін таныстыру.

1: 1
Мәлімет жинау:

Видио ролик

:
11:
Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

VІ. Жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы өзгерістер (10 сағ)

1:
Мәлімет жинау:
:
11:

23

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Жыл маусымдары, табиғаттағы маусымдық өзгерістер.

1:

1

Мәлімет жинау: лекция
:
11:

24

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Жан-жануарлар дүниесіндегі

маусымдық өзгерістер.

1:

1

Мәлімет жинау:
:
11:

25

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Өсімдіктердегі маусымдық өзгерістер.

1:

1

Мәлімет жинау:
:
11:

26

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Қар көшкіндері мен оның зардаптары

1:

1

Мәлімет жинау: реферат
:
11:

27

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Көктемдегі сел, оның зардаптары

1:

1

Мәлімет жинау:
:
11:

28

Пайдалы және зиянды өсімдіктер, олардың табиғаттағы рөлі.:

Жан-жануарлар дүниесінің көбеюге дайындығы

1:

1

Мәлімет жинау: Сұрақ жауап
:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы
Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды жою саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz