Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі


Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
Тірі ағзаның анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі азғалар құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі ағза өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі ағза өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроазғалар дамитынын бірден білді. Сонымен тірі ағза ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды. Ф. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады.
Эволюциялық биология.
Тірі дүниенің зерттелуі мен оны белгілі жүйеге келтіру арқылы түсіну көне заманғы адамдардың ойшылдарының мазасын алғын мәселе. Оны ежелгі үнді, қытай философтарының тірі дүниенің табиғи жолмен пайда болған деген көзқарастарынан байқауға болады. Эволюциялық көзқарасты антикалық философтардан айқынырақ кездестіреміз. Ежелгі философтар дүниені мәңгі қозғалыста, тоқтаусыз қайта жаңаруда болады деп түсінген. Олар тіршілік, дүние қайшылықтардан тұрады деп түсіндірді. Гераклит табиғатқа стихиялық диалектикалық көзқараста болды (б. э. д. 530-470 жылдар) . Оның түсінігінше, бәрі өзгереді, бәрі ағымда болады. Галактикада от, су, ауа, топырақ уздіксіз қозғалыста болады. Нәтижесінде үздіксіз өзгеріп отырады деп түсіндірді.
Эволюциялық ұғымның ары қарайғы қарқынды дамуын көне грек ғалымдарының еңбектерімен тікелей байланысты. Фалес, Анаксимендр және Анаксимен де дүниенің табиғи жолмен пайда болғандығын уағыздады. Фалес бар нәрсе алғаш судан пайда болады деп түсінді. Анаксимендр болса бар нәрсе су мен топырақтан жылудың әсерінен пайда болды деп түсінді. Анаксимен бойынша бар нәрсе ауадан пайда болған. Ауа аздап сығылса су, күшті сығылса қатты заттар пайда болған. Сондықтанда, бар материя үш - сұйық, газ және қатты қалыпта кездеседі деп түсіндірді. Анаксименнің ойынша, жануарлар мен адамдар топырақ сілекейінен пайда болған. Демокрит (б. э. д. 460-370 жылдар) дүние есепсіз атомдардан тұрады, шексіз кеңістікте орналасқан деп түсінді. Атомдар үздіксіз қосылыстар түзіп, үздіксіз ажырасып отырады. Ол қосылыстардың көлемі, массасы, формасы бойынша әртүрлі болады. Бұл идеяны грек ғалымы Демокрит жалғастырды. Ол тіршіліктің пайда болуын осы тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Атомдардың ұсақтары, жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп, одан топырақ пен су пайда болған. Кейіннен су ішіне балықтар, басқа да жануарлар мен құстар құрылықта пайда болган деп түсіндірді.
Біздің эрамызға дейінгі 490-430 жылдары омір сүрген Эмпедокл Демокриттің ойын одан әрі қарай дамытты. Атомдар араласып әртүрлі комбинациялар, үйлестіктер түзеді, ол уйлестіктердің әлсіздері бұзылып, күштілері қалып отырады. Комбинациялардың бірқатарынан жануарлардың органдары, ал органдар бір-бірімен қосылып жануарлар түзіледі. Эмпедоклдің идеясы бойынша барлық ағзалардың алғашында белгілі мүшелері пайда болады, содан кейін олар өзара бірігіп біртұтас ағза құрады. Бұл кезде эмбриология ғылымы жетілмеген еді. Ұлы грек ғалымы Аристотельдің еңбектері ерекше бағаланады (б. э. д. 384-322 ж. ж. ) . Ол жануарларды салыстыра отырып, зерттеп салыстырмалы анатомияның, морфологияның, эмбриологияның негізін қалады. Алғаш жануарлар классификациясын жасады. Жануарларды қанды, қансыз деп екіге бөлді. Ол қазіргі омыртқалылар мен омыртқасыздар еді. Ол өзі жасаған «сипаттап жазу» әдісімен 500-ден астам жануарларды сипаттап жазды. «Жануарлар бөлімдері» деген еңбегінде алғаш бір органдардың өзгеруі екінші бір органдардың өзгеруіне әкеп соқтыратынын көрсетті. Немесе корреляцияны атап көрсетті. Аристотель табиғи зандылық бойынша тіршіліктің даму дәрежесіне байланысты сатылы орналасатынын көрсетті
Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы.
Эволюциялық теория баяндалған Ч. Дарвиннің негізгі еңбегі “Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығуы немесе Тіршілік үшін күресте іріктелген түрлердің сақталуы” деп аталады; ол 1859 жылы жарық көрді. Бұл басылымның сол кез үшін аса ірі таралымы - 1250 дана - бірінші күннің өзінде сатылып кетті. Бұл еңбектің пайда болуына 30 жылғы ғылыми ізденістер мен ойлар негіз болды.
Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі. Дарвиннің экспедицияда жинаған мәліметтері және оның замандастарының ғылыми ізденістері барысында жинақталған материалдар тірі табиғаттың өзгеретіндігін көрсетті. Алайда бұл өзгерістердің механизмдері белгісіз болып қала берді.
Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин өзінің ғылыми зерттеулерін жалғастырды. Ол екі қарама-қарсы құбылыс - тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікке назар аударды. Бұл кезде тірі организмдердің осы екі қасиетінің табиғаты әлі белгісіз еді, біраң Дарвин эволюциялың өзгерістердің негізінде тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің жатқанын дұрыс түсінді. Дарвин белгілі және белгілі емес өзгергіштікті ажыратты.
Белгілі немесе топтық өзгергіштік сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады және барлық дараларда бірдей білінеді. Мысалы, азығының сапасын көтергенде сиыр көп сүт береді, ал егістікті тыңайтқаннан кейін ауылшаруашылық өсімдіктерінің түсімі жоғарлайды. Алайда, бұл өзгерістер келесі ұрпаққа берілмейді, сондықтан келесі жылы көп түсім алу үшін егістікті қайта тыңайту қажет. Қазіргі кезде өзгергіштіктің бұл түрін тұқым қуаламайтын немесе фенотиптік деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz