Қазіргі кездегі атмосфера, литосфера және гидросферадағы экологиялық проблемалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы. Қазіргі кездегі атмосфера, литосфера және гидросферадағы экологиялық проблемалар

Орындаған. Бөлекбаева Нуржанат

Қазіргі кездегі атмосфера, литосфера және гидросферадағы экологиялық проблемалар

Атмосфера қабаты. Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат - атмосфера деп аталды. Ол гректің “atmos” ауа және “sphaira” - шар деген сөзінен шыққан. Атмосферара адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да жатады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Ауа - әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар. Жердің бетінен алыстаған сайын тропосфера қабатына температурасы әр шақырымда 6°С-ға төмендеп отырады. Одан әрі 18-20 километрлік биіктікте температуаның төмендеуі тоқтап-60-70°С көлемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза деп атайды. Келесі стратосфера қабаты жердің бетінен 20-50 км биіктікте. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта. Мұнда жердің бетінен әр километрге биіктеген сайын температура 1-2°С-ға жоғарылайды; 50-55 км биіктіктегі стратопаузада температура 0°С-ра жетеді. Одан әрі мезасфера қабаты 55-80 км биiктiкте орналасқан. Бұл қабатта да жерден әр километрге алыстаған сайын температура 2-30С ге гөмендейді. Ал 80 километр биіктік мезопаузада температура -75-90°С жетедһ Қазіргі деректерге қараганда, атмосфера жер бетінен 1500-2000 км биіктікке дейін жайылған, әйтсе де жер серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларра карағанда, атмосфеғаның кейбір белгі-лері жерден 10-20 мың км биіктікке дейін болатындыры анықталып отыр. Ең негізгі маңызды қорғаныш қабаты - озон. Ол атмосфераның жоғарғы кабатында (20-50 км) күн радиациясы әсерінен түзілетін бір түрі. Озон жерден 25 километр қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны тек 2-4 миллиметр қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерлерінен толық сактап отырады, ол ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп калып, жер бетіне тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға пайдасы өте зор. Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір калыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 градусқа құбылып турған болар еді (күндіз 100° шамасында ыстық болса, түнде -100 градусқа дейін суықтық болар еді) .

Көпке дейін адамдар ауаның салмағы барын білмей келді. Тек XVI ғасырда ғана оның салмағы барлығы дәлелденді. Егерде бір текшеметр құрғақ ауаны теңіз деңгейіне сәйкес, 0° температурада өлшейтін болсақ, оның салмағы 1293 грамға тең болар еді.

Атмосфера қабаттарында кездесетін экологиялық проблемаларға: Ауаның әртүрлі газдармен ластануы, қышқыл жаңбыр, радиоактивті заттардың ұщу арқылы таралуы, жел, Арал тұзының жел арқылы таралуы, Байконур мен Семей аумақтарындағы радиоактивті заттардың әлі күнге дейін зардабы, қатты ыстық/қатты суық температура, озон қабатының тесілуі, ультракүлгін сәулелердің жер бетіне көп таралуы сынды көптеген проблемалар бар. Тіпті күннің қатты қызуынан ормандар мен ағаштар да өртеніп, ормандағы флора мен фауна жоғалып экологиялық проблема тудырады.

Атмосфералық ауаның ластануынан пайда болатын проблемалар;

  1. Қара түтіннің көп таралуы;
  2. Қышқыл жаңбыр;
  3. Парниктік эффект;
  4. Озон қабатының бұзылуы;

ГИДРОСФЕРА. Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы. Гидросфера және оның құрамдас бөліктері. Гидросфера - Жер шарының су кабығы, ол ғаламшардағы химияның косылыска түспеген табиғи судың барлығьн (сүйык, қатты жөне бу түрівдегі) қамтиды. Гидросфераны жөне оның қүрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға: Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін зерттейтін мухиттану мен құрлыстағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.

Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының түйык емес екендігін дөлелдеп отыр. Өйткені атмосфераның жоғары кабатына көтерілген су буы Күн сөулесінің өсерінен оттек пен сутек иондарына ыдырап, ғарыш кеңістігіне өтіп кетеді. Ал жаңартау атқылаулары барысында жердің ішкі койнауынан келетін су (шамамен, жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып отырады. Тіпті осы сулар есебінен гидросфераның көлемі үлғайып келеді деген де болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд км3 (гидросфера көлемінен 15 есе артык) деп шамалануда.

Судың барлық табиғат құрамбөліктерін (компонент) қамтитын айналымы көптеген миллион жылдар бойы тоқтаусыз жүруде. Жыл ішінде гидросфера-ның мардымсыз бөлігі ғана айналымға түседі. Су айналымының нөтижесінде мүздык сулары толығымен «жаңаруы» үшін 8 мың жыл, мұхит суына 3 мыңдай жыл кажет болса, ағынсыз көлдер үшін, шамамен, бұл процеске 300 жылдай ғана уақыт керек. Өзен сулары, шамамен, өрбір 12 күн, ал атмосферадағы су өрбір 9 күн сайын алмасып түрады.

Литосфера. Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Өйткені зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдікте ғана бұрғыланып, оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсінік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.

Жердін ең беткі жұқа қатты қабығы - жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 - 10 км, материктерде 35 - 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның негізгі компонеттері
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Литосфера — жер қабығы, топырақ – ерекше табиғи түзілім
Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Географиялық қабық
АЛМАТЫ БИОСФЕРАДАҒЫ ЗАТ АЙНАЛЫМДАРЫ МЕН БИОХИМИЯЛЫҚ ЦИКЛДЕРІ
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz