Жергілікті аймаққа экологиялық бақылау жүргізу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы.Жергілікті аймаққа экологиялық бақылау жүргізу.

Орындаған.Бөлекбаева Нуржанат

Жергілікті аймаққа экологиялық бақылау жүргізу.
Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу - жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама бағытында орындалатын қоршаған ортаның табиғи ресурстарының, өсіміктер және жануарлар әлемінің антропогенді іс-әрекет әсерінен өзгеру үрдістерін және мұның жағдайын бақылауды айтамыз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі экологиялық бақылау жүргізу болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп жыл бұрын қалыптасқан болатын. Экологиялық бақылауды ұйымдастыру жүргізу шарттарымен тәртібі жеткілікті толық қамтылған, бірақ бұрын ол экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.
Сонымен бірге жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні ұғымына елеулі өзгерістер еңгізді. Мысалы,В.В.Петровтың пікірі бойынша экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі экологиялық сақтауын тексеру.

Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Бақылау нысаның анықтау.
2. Белгіленген нысанды зерттеу.
3. Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру.
4. Зерттеу жұмысын жоспарлау.
5. Бақылау нысаның жағдайына баға беру және оны ақпараттық модельмен салыстыру.
6. Бақылау нысаның жағдайының өзгеруін болжау.
7. Қодануға ыңғайлы дәрежеде ақпаратты тұтынушыға жеткізу.

Қоршаған ортаның мониторингісі - бұл зерттеу әдістерінің бірі емес, бұл жыл сайын адамның немесе қоғамның салдарынан өсіп келе жатқан экологиялық апаттар мен келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін дер кезінде басқару шешімдерін ұйымдастыратын процесс.

Мониторинг тек зерттеу әдісі болып қана қоймай, ол сонымен бірге экологиялық қауіптілікті болдырмауға негізделген технология. Осының негізінде өндірістік бағытты көздейтін - өндірістік экологиялық мониторинг пайда болды.
Биология ғылымы сияқты экология ғылымы да өз зерттеу нысанасын кеңейтіп техника, технология, заң және басқа да адамзат іс - әрекетіндегі бағыттар саласында өз орнын тапты.

Экологиялық мониторинг әдістері мен нысаналары көп және әртүрлі. Бұлардың барлығы экологиялық мониторингті әртүрлі бағыттағы эколог мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары мен университеттерде міндетті оқу пәні ретінде оқуды талап етеді. Бұл басылымда осы пәннің негізі ретінде үлкен көлемде әртүрлі ғылыми және әдістемелік мағлұматтар жинақталған. Қоршаған табиғи орта жағдайын бақылау, бағалау және болжау жүйесін мониторинг деп атаймыз. Мониторингтің негізгі принципі -үздіксіз бақылау.

Мониторинг мемлекет жүргізетін экологиялық бақылаудың маңызды бір бөлігі. Мониторингтің басты мақсаты - қоршаған табиғи орта жағдайын және оның ластану деңгейін бақылау, сонымен қатар табиғат қорғау басқармасы мен экологиялық қауіпсіздік қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету. Антропогендік факторлардың биотоға әсерін және табиғат қорғау шараларының тиімділігін дер кезінде бағалау да маңызды. Сонымен бірге мониторинг-бұл тектабиғатты бақылап және оның факторларына баға беріп қана қоймайды, сонымен қатар экспериментті модельдеу, қоршаған табиғи орта жағдайын болжау және оны басқару туралы мәлімет береді.

Қазіргі кездегі мониторингті бақылау аймағына байланысты 3 сатыға немесе блокқа бөледі: жергілікті (локальный) - бұған биоэкологиялық, санитарлы-гигиеналық экология, аймақтық (региональный) - бұған геосистемалық, табиғи-шаруашылық экология; ғаламдық (глобальный) - бұған-биосфералық, фондық мониторинг кіреді .

Мониторингтің биоэкологиялық белігінде адамдар популяциясындағы іштен туу кемшіліктері мен биосфераның ластануынан генетикалық езгерістің дамуына, соның ішінде мутагендік езгерістерге кеп көңіл беледі.

Аймақтық (геожүйелік) деңгейде бақылау ірі табиғи-аймақтық комплекстердің (езен бассейндері, орман экожүйесі, агроэкожүйе), экологиялық жағдайына қатысты жергізіледі және бұларда антропогендік әсерлер базалық фондықтан езгешелеу болады. Бұл аймақтарда трофикалық байланыс пен олардың бұзылуы, нақты шаруашылық түрлерінде табиғи экожүйе ресурстарын пайдалану мүмкіншіліктерін бағалауға, антропогендік әсерлердің қоршаған табиғи ортаға әсері мен сандық көрсеткіштерін зерттейді. Кейбір аймақтар шегінде, мысалы, құрып бара жатқан жануарлар популяциясына бақылау жұмыстары және т.б.жүргізіледі.

Тұтастай биосферада болып жатқан өзгерістер, оларға бақылау және болжау, қадағалау ғаламдық мониторинигтің жұмысы. Бұны сонымен бірге фондық немесе биосфералық деп атайды. Ғаламдық мониторинигтің зерттеу нысанасы адамзаттың ортасы ретінде тұтастай биосфера болып табылады.

Қоршаған табиғи ортаның ғаламдық мониторинг жүйесін талдау және оны координациялау жұмыстарын БҰҰ жанындағы білім беру жүйесі мен әлемдік метеорология мекемесі атқарады.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарына.Адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын алуды кеңжүйеде ұйымдастыру;
ғаламдық деңгейде атмосфераның ластануының климатқа әсерін бағалау;
биологиялық жүйеде, әсіресе тамақ ендірісінде ластанудың мөлшерін және таралуын бағалау;
ауыл шаруашылығы мен жерді пайдалану кезінде пайда болатын қауіпті жағдайларды бағалау;
Ғаламдық мониторинг бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған уақытта табиғи ортаға ғарыштан бақылау жасау үлкен орын алады.Ғарыштық мониторинг экологиялық жүйенің аймақтық, ғаламдық деңгейде қалыптасуы туралы ете маңызды хабар алады.

Қазақстанда жалпы мемлекеттік бақылау қызметі кезінде мониторингтің барлық: жергілікті, аймақтық және ғаламдық сатыларын қамтиды. Осы үш деңгейдегі мониторинг сатыларының қорытындысын талдай келе, әртүрлі аймақтағы антропогендік және табиғи процестердің жағдайы туралы нақты мәлімет алады. Осы мақсатта көптеген бақылау бекеттерінде, бақылау створларында (бекеттер), тұрақты бақылау бекеттерінде, химиялық зертханаларда, ұшақтар, тік ұшақтар және ғарыштық бақылау құралдары арқылы, суға, атмосфералық ауаға, топыраққа, теңіз асты топырағына, жерге жақын алаңдарға бақылау жұмыстарын ұйымдастырып, жердің, жер қойнауындағы минералды - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР аймағын дамыту стратегиясының негізгі бағыттары мен олардың ресурстық қамтылуы
Нысанның орналасқан жері
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Алматы қаласында ауыр металдар мөлшері бойынша жерді аумақтарға бөлу
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу
Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
Пәндер