МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ҰЙЫМДАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
Экономика тақырыбы өте күрделі. Бұл саланы жеріне жеткізе зерттеп жазу үшін үлкен білім мен білік, сосын өмірлік тәжірибе керек. Экономика ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, яғни қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың базисі болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты - ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату екендігі белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал бұл болса халықтың әл- ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден бір кепілі болып табылады. Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Эконмика да табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.
"Қоғамдық тамақтандыру - халық шаруашылығы экономикасының өте айрықша кіші саласы. Кез келген ел үшін қоғамдық тамақтандыру зор экономикалық рөл атқарды, өйткені ол халықты тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көп жұмыс орнын құрып, халықты жұмыспен қамтиды, көп адамдардың санын олар демалуға, балаларымен, достарымен және т.б. демалуға жұмсай алатын уақытты тамақ әзірлеуден босатып, халықтың өмір сүру сапасын да арттырады.Қоғамдық тамақтандырудың ерекше рөлі оның елімізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етуімен байланысты, осы орайда еліміздегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының көбі шағын нысанда ұйымдастырылғанын да атап өтуге болады, тек мейрамхана бизнесі объектілерінің шамалы ғана санын ірі кәсіпорынға жатқызуға болады"
Нарықтық экономика жағдайында елімізде бірден-бір өндірістің әлеуметтік -- экономикалық тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін кәсіпорын қызмет көрсету саласы болып отыр. Соның ішінде қонақ үй-мейрамхана қызметі ерекше орын алуда. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, нарықтың кеңеюімен кәсіпорындардың бұл қызмет түрлеріне сұраныс өсіп келеді. Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфералық және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсету нарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді. Бұл сала: сатудан бастап көліктік, қаржылық, сауықтыру және басқа да қызмет түрлерінің ауқымды деңгейін қамтиды.
Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша пайдасы жоғары және экономиканың барынша динамикалық саласының, туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны шетелде алтын жұмыртқа әкелуші тауық деп те атайды . Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді.
Қазіргі кезде мейрамхана бизнесі елімізде қарқынды түрде дамып келеді. Әрі табысты, әрі пайдалы кәсіп түрі саналады. Бұрынғы кеңестік кезеңдегі қоғамдық тамақтандыру орталықтары деңгейінен әлдеқайда өскен. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша дамыған салалардың бірінші сатысында тұр.
"Бәсекелесі көп сала болып саналғанымен табысы да айтарлықтай. Мейрамхана шаруашылығын жүргізушілердің тақырға отырғаны жоқ. Істің көзін таба білсе, келушілерге бармағын жалап жейтін дәмді асын ұсынса болғаны. Жайлы асмосферада, ырғақты әуенмен, дәмді ас ішкен тұтынушы айналып соғары анық. Тұтынушыларының тамырын тап басып, тұрақты клиентіне айналдыру үшін барын салатындар бар. Тіпті шетелдерден майталман аспаздар шақырып, шаруасын шалқытып жүргендер жетерлік. Алаш айнасы мейрамхана бизнесінің тамырын басып көрді. Осы салаға инвестиция салу да бүгінгі күні жанып тұрған сәнге айналғаны да шындық. Мейрамхана бизнесінің өзін өзі ақтауы 20 пайызды құрайды, орташа 25 пайыз деп саналса, жетістікке жеткен жағдайда 50-60-пайыздан да асып түсуі мүмкін. Кеңестік кезеңде мейрамханалар ГОСТ стандарты бойынша үш класқа -- люкс, одан кейін жоғары класты, және бірінші класты болып бөлінетін-ді. Бүгінде бұл бизнесті заманауи түрде жаргоншаласақ, жоғары элиталы, ортаңқолды, фаст-фуд деп бөлуге болады. Элиталы мейрамхана белгілі, бағасы өте қымбат, соған сай жоғары санатты жайлылық, таңдаулы интерьер, ас мәзірінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Миддл-классты мейрамхана қолжетімді бағамен келушілерін жарылқайды. Фаст-фуд болса белгілі стандарттағы тағамдар ғана ұсынады әрі өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тура келеді. Ортаңқолды мейрамхана иесіне жылына 100-ден 350 мың долларға дейін табыс түсіреді. Қолы жүргенде тіпті 500 - мың доллардан да асып жығылуы мүмкін. Сондықтан да табысы тұрақты осы салаға ден қоюшылар басым".
Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына және нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты жалпы қоғамдық тамандандыру аясында және мейрамхана бизнесінде де күрделі өзгерістер белгіленді. Бұл өзгерістердің мәні қызмет көрсетудің тиісті деңгейімен және сапалы асты әзірлеу технологиясымен кішігірім, компакттық, өзін-өзі өтейтін кәсіпорындарды құрастыру жолымен саланың дамуында болды.
Қоғамдық тамақтандыру саласы адамдардың еңбекшіл өмірінде маңызды орын алады, өйткені кез келген жұмысшы азанда үйінен жұмысқа шығып кетіп, кешке бірақ оралатын болса, ол міндетті түрде таңғы шай немесе түскі асқа қоғамдық тамақтандыру орындарына барады. Сондықтан, қоғамдық тамақтандыру орындарының дайындаған өнімдері адамзаттың осындай бөлігінің денсаулығына тікелей əсер етеді.
"Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары кафе, мейрамхана, кейтеринг, дәмхана, асхана және т.б. болып жіктелінеді және аталған кәсіпорындарда тамақтандыру қызметі әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Оның ішінде мейрамханада қызмет көрсетудің стандарттарын тиімді пайдалану әрбір кәсіпорын үшін маңызды болуы тиіс. Мейрамхана - қонақтарға тағамдар, сусындар, онымен қоса, фирмалық және күрделі даярланған кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын ұсынатын тамақтану кәсіпорны. Мейрамханалардағы қызмет етудің жоғары деңгейі білікті аспазшылармен, даяшылармен, метрдотельдермен қамтамасыз етіледі және демалыс пен көңіл көтеру шараларын ұйымдастырады" .
Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді.
Ұлттық асымызды ұлықтайтын кездің келгені,қазақы мейрамханалардың жоқтығы әңгіме бола қалса,бәзбіреулер қазақта ұлттық тағам түрлерінің аз болғандығын алға тартады. Біле білсеңіз,қазақ халқы тек еттің өзінен жентек,түймеш,парша,шұжық,бітеу,бұж ығы,жау жұмыр,борша,сырбаз деген тағамдар дайындаған.Палаудың сән түрі бар деп таңғалып жатамыз.Ал қазақта қуырдақтың соғым қуырдағы,қарын қуырдақ,май қуырдақ,сан еттің қуырдағы,сұр қуырдақ,өкпе-бауыр қуырдағы,қаймақ бұлаған немесе сары май қатқан қуырдақ,бәліш қуырдақ деген оңға тарта түрі болған.Қазақтың ұннан,сүттен жасалған дәмдерін айтпағанда,еттен жасалған тағамдарының өзі өзге ұлт мейрамханаларының ас мәзірін он орап өтеді емес пе?Сондай-ақ өзбектің шурпасына қазақтың айран қосылған кеспе көжесі,ұйғырдың лагманына қазақтың нан салмасы,орыстың окрошкасына қазақтың бидай қосылған ашымық көжесі мықты бәсеке бола алады.Өкініштісі сол,қазақта еттен басқа ас болмаған деп ойлайтындардың арқасында көже мен нан салмамыз үйдің асханасынан әрі шыға алмай отыр.Соңғы 3-4 жылда жаңбырдан соң қаулап шыққан саңырауқұлақтардай болған ойын-сауық орталықтарында өскелең ұрпақ құмар болып алған,пайдасы аз,зияны мол еуропаның фаст-фуды тағамдарын айтпағанда,өзгенің тіскебасарларын басып оза алатын,бәтер,қатырма,көмбе,бауырсақ ,бармақ,күлше,жаппа,қарма,таба нан,қаттама деген түрлері бар.Бүгінде мұндай тағамдарды дәмхана мен дүкен түгілі,көп қазақтың үйінен таба алмайсың. Немерелерін тәтті дәмдерімен қуантатын көнекөз әжелеріміздің қатары азайса,кейінгінің әжелері бауырсақ пісіруден арыға бармайды.
Бүгінде ұмытылуға шақ қалған ұлттық ас-дәмдерімізді жаңартып,ұлттық брендімізге айналдырсақ деген тілек бар,бірақ ниет жоқ секілді.Оған көп себептің бірі-аспазшыларды дайындайтын оқу орындарының негізімен жалпылама ас әзірлеуді үйретуге бейімделгендігі.Оның ішінде қазақтың ұлттық астары кірмейді де.Негізінен 70 жыл санамызда ұлттық ас мәзіріміз ретінде қалыптасып қалған орыс ұлтының тағамдары қамтылған.Сондықтан қазақтың ұлттық ас дәмін дайындай алатын кәсіби аспазшылар жоқ.Мұны Алматы қаласындағы Қызмет көрсету және тамақтандыру коллежі директорының орынбасары Гүлнар Оразқызы да растап отыр.Ал аспазшылар даярлайтын оқу орнының бірі ҚазИТУ-ға хабарласқанымызда,оларда тек технолог маманын даярлайтынын,оған жалпылама тамақ дайындау кіретінін айтты.Италияндық мейрамхана ашсақ,аспазды Италиядан,қытай мейрамханасын ашсақ,аспазды қытайдан алдыртып жататынымыз осыдан болса керек.Сонда Ресей немесе Түркия елдері қазақы мейрамхана ашуға ниет білдіре қалса,кәсіби аспазшыны қайдан тауып береміз?Бұл мәселенің бір ұшы ғана.Тек пайда табуды көздеген кәсіпкерлерде ұлттық мейрамхана ашып,ұмыт бола бастаған асымызды жаңғыртуға ниет жоқ секілді.Әйтпесе,Алматыда қаулаған шығыстық дәмханалардың көбісі қазақтардыкі екен.Сан ғасырлық тарихы бар ұлттық дәмдеріміздің өзге бәсекелестермен иық тіресе алмай келе жатқандығының себептерінің бірі осы болса керек.
Қоғамдық тамақтандыру тұтынушылардың талғамы мен сүранысының өзгеруіне жылдам ден қояды, яғни ол нарық ортасындағы өзгерістерге де тез бейімделеді. Сөйте тұра осы күнге дейін қоғамдық тамақтандыру әлемнің бірде-бір елінде экономиканың жеке саласына жеке бөлінген жоқ, тек сауда саласының қүрамындағы кіші сала ретінде қарастырылады.
Егер жалмалы жұмыс істеп үйренсең, көнбістік пайда болады деген сөзі бар АҚШ психологы Д.Карнэгидің, сол жалдамалы жұмыстың жеңілдігіне оңай үйреніп алуымыз ғажап емес. Қоғамның тамақтандырудың осы ахуалы оның тек бір ғана функциясының -- жеке бөлшек сатып алушыға өнім сатудың есебінен ғана орнықты. Сонымен бірге қоғамдық тамақтандыру түтынушыларға көп қырлы қызмет көрсететін қызмет ретінде әр түрлі функ- цияларды атқарады, сонымен бірге бизнес ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады, сол себептен оны эко- номиканың жеке саласы ретінде қарастыруға болады. Қоғамдық тамақтандырудың ерекш е рөлі оның елі- мізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету- мен байланысты, осы орайда еліміздегі қоғамдық тамақ- тандыру кәсіпорындарының көбі шағын нысанда ұйым- дастырылғанын да атап өтуге болады, тек мейрамхана Мейрамхана бизнесінің маркетингіМейрамхана бизнесінің маркетингі бизнесі объектілерінің шамалы ғана санын ірі кәсіпорынға жатқызуға болады. Осы үрдіс көне заманнан бастау ала- ды, сол себептен оны орнықты әрі тұрақты деп атауға бо- лады. Мәселен, қоғамдық тамақтандыру индустриясының алғашқы объектісі ретінде 20-дан астам адам симайтын, ал келушілерге 5-6 адамнан аспайтын ұжым қызмет көрсететін мейманхана мен тавернаны атауға болады. Қлавдии Алпии заманында алғашқы рет тас төселген жол (Аппиев жолы) салу басталған Рим империясында та- верналарда 5-10 адам жұмыс істеген. Орта ғасырларда Англия мен Германияда 7-15 адам- нан көп адам жұмыс істеген таверна мен трактир (латьш тілінен іхасіо -- қонақ етемін) болған жоқ. Қазіргі уақытта АҚШ-та мейрамхана ісі саласындағы шагын бизнес 78,6 %-ды құрайды. Қоғамдық тамақтандыру орындары шатыр, киіз үй, керуен-сарай, шайхана және т.б. түрінде болған Шығыста түтынушыларға қызмет көрсетумен 3-7 адам ай- налысты. Осындай тамақтандыратын орындар негізінең ба- зарларда және жолаушылар түнейтін жерлерде не болма- са сегіз жолдың торабында ұйымдастырылған, сондықтан олар көбінесе бекет үйі деп аталған, алайда сол үйлерде келушілерге шамалы ғана адам саны қызмет көрсеткен. Қазіргі әлемде мейрамхана ісі саласындағы шағын бизнес Германияда -- 79%-ға жуықты; Францияда -- 69,4%-ды; Итали- яда -- 82,2%-ды; Скандинавия елдерінде -- 73,5%-дьі құрайды. Демек, тұрақты дамитын мейрамхана ісі мемлекеттегі орта таптың қалыптасуына көп әсер етеді .
Мейрамхана нарығы өркениеттік белгілеріне 1990-шы жылдардың соңына елімізде ие бола бастайды, өйткені алғашқы кезекте мейрамханалық қызметті ең утилитарлы және тамақтағы қажеттілікті қанағаттандыруға және жағымды уақытты өткізуге бағытталған деп түсінді.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі ұлғаюға үрдіс алды. 2013 жылы қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің құрылымында ең үлкен салмақты дәмханалар, мейрамханалар қызметі алады, олар 71,9 % құрайды. Барлар қызметі 5,4%, асханалар қызметі қарастырылып отырған мерзімде 10075,0 млн. теңгеден 64802,1 млн. теңгеге дейін ұлғайып, қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің құрылымында 23,6 % үлес салмағына ие болып отыр .
Ресми дерекке сүйенсек, қазір Қызылордада 32 мейрамхана қызметін жолға қойған. Қаланың әр шағын ауданында кем дегенде екі тамақтану орны жұ­мыс істейді. Тіпті, кейбір кө­ше­нің бойында үш-төртеуден орналасқан. Жарнамасынан көз сүрінеді. Өйткені бұл – табысты әрі тұрақты кәсіп көзі. Құзырлы орган олардың мемлекетке түсіретін пайдасының көлемін нақты айта алмайтынын алға тартты. Өйткені ол арнайы кодекске сәйкес салық құпиясына жатады. Өңірдегі мейрамханалар күн санап бір-бірінен асып түсуге тырысады. Тек тамақтану емес, демалу мен ән айтып, көңіл көтеру орындарын бір жерге шоғырландыруды қолға ала бастаған.
"Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі қызмет көрсету саласы бакалаврының негізгі міндеттері болып табылады:
тамақтану және қонақ үй шаруашылығының жұмыс істеуі негізгі принциптерін анықтау
адам ресурстарын басқару және ұйымдастыру жүйесін айқындау
мамандарды басқару, оқыту әдістері мен қызметкерлердің бақылау принциптерін
туристік кешендерде, мейрамханаларда және қонақ үйлерде қызмет көрсету түрлері мен әдістерін анықтау
кәсіби қызметте телекоммуникациялық технологияларды және ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану және дамытуды
шет елдегі және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды өзгерту есебімен халыққа қызмет көрсету кәсіпорнының нарықтық іс-әрекетін ағымдық жоспарлау және даму болашағы
қонақ үй және мейрамхана жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында маркетингтік зерттеу жүргізуді
мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі қызметін пайдалы салаға айналдыру жүйесін".
Мейрамхана бизнесінің көрігін қыздырғысы келетіндерге мамандардың айтар бірнеше ұсыныстары бар. Ең алдымен ас мәзірін ұсынғанда өте ыждағаттылықпен таңдауға кеңес береді.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар күн астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол. Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуда да қаржыландырады. Яғни еңбек әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі.Францияда жұмысыздар өз кәсіпорның ашу үшін мемлекет көегімен сүйене алады. Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Үкіметтің шағын және орта кәсіпрындардың қолдауға бағытталған саясатты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындрдың ары қарай дамуын қалайды.
Кезінде жұрттың бәрі жапон асханасына ден қойғаны есте. Бұл бір таяқшамен тамақ жегенді таңсық көргеннен болса керек. Уақыт өте келе жапон тағамдары талғам таразысынан төмен тартқандай да. Көпшілік одан бас тартты. Ал бүгінде түрік асханасы, ұйғыр асханасының дақпырты жер жарып тұр.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және дамытуға, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Кез-келген елдің экономикасы қанағаттанарлық деңгейде дамып отырса да,шағын кәсіпорындардың дамуына баса назар аударатыны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Кәсіпкерлер Конгресінде мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндірілетіндігін, елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайызы құрайтындығын, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбегі ететіндігін айтып өтті.
Сондай-ақ, бүгінде мейрамхана бизнесінің көкжиегінде фьюжн стильі қалыптасып отыр, яғни, әлем елдерінің асханасынан үйлестіру, демек, дәстүрлі дәмдерге экзотикалық өң беру сәнге айналған. Мейрамхана ісін енді ашуға бет қойғандар көбіне өзінің талғамын өзгелерге таңып қателесіп жатады. Өзіне ұнайтын тағамдарды тықпалауға әуес. Ол өзін тамақтандыруды емес, өзгелерді тамақтандыратынын естен шығармағаны ләзім. Ащы дәмдеуіштермен тұздықталатын корей, қытай асханасын асқазаны ауыратын көпшілік аса қолай көре бермейді.
Экономикалық теорияда кәсіпкердің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теориктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік - тәуелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ, соңғы уақытта кейбір теориктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын қстанады, касб түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген .
Бүгінде осы бизнес түріне ден қойғандар көп, сондықтан да бәсекелестік басым. Басқалардың шаңын қауып қалмас үшін ең алдымен ас мәзіріне, тазалыққа ден қою керек. Жоғары білікті аспаздар табу бүгінде қиынның қиыны. Әсіресе еуропалық тағам түрлерін дайындайтын аспаздарды жоғары жалақыға жалдауға тура келеді. Көбіне шетелдерден кәсіби аспаз шақыртып, солардың қасына шәкірттерді қосақтап қойып үйреніп алуына жағдай жасаймыз.
Отан республикалық саяси партияның 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бағдарламасы мынадай мақсаттарды көздейді: -- шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; -кәсіпкерлікті қолдайтын инфрақұрылымдар арқылы аймақтардың өнеркәсіптік мүмкіндіктерін дамыту; -- экономиканың басым бағыттарында шағын бизнес субъектілерін көбейту; -- кедейліктен және жұмыссыздықпен күрестің ұтымды шараларын жүзеге асыру; -- қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қатарын қалыптастыру.
Бағдарламаның басым бағыттары белгіленген. Олардың қатарында шағын және орта бизнестің дамуын реттейтін орталық және жергілікті атқарту органдарының заң және нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, кәсіпкерлікке өрістетуге жетілдіру
Біреуге түрік асханасы, біреуге ұлттық тағамдар, енді біреуге грузин тағамдары ұнайды. Сондықтан да көпшіліктің сұранысына ие асхананы дәл таңдаған жөн. Дұрысы барлық тағам түрлерінен түрлендіру. Келушілер көбіне әңгімелесуге, еркін демалуға келеді,сондықтан ең бірінші жайлылыққа мән береді, екінші тағамның дәмділігіне, тіл үйірер дәмді тағамдар болса қайтып айналып соғары сөзсіз. Клиентті қазыққа байланған арқандай қайтып айналып келуі үшін ең алдымен тазалыққа, астың дәмділігіне мән беру керек.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту - Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылдаған заңдар мен бағдарламалардың жоғары республика үкіметінің бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Қазақстан басшысының Қазақстан-2030 ұзақ даму мерзімді стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым баңыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілді. Экономикалық теорияда кәсіпкердің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теориктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік - тәуелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ, соңғы уақытта кейбір теориктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын қстанады, касб түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тқжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер жіне римдіктер ерекшеленген. Мұның дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық дамудың теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік - экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент .
Сонда ғана тұрақты клиенттердің санын арттыруға болады. Назар аударар басты мәселенің тағы бірі мейрамхананың аты жазылған фирмалық сіріңке, бокалдар клиенттің жадында ерекше жатталып қалуына септігін тигізеді. Ең бастысы ресторан ашып, нәпақа тапқысы келетіндер алдын ала маркетингтік зерттеу жұмыстарын жүргізіп алса артықтық етпейді. Егер бәсекелестерінің кемшін тұстарын бағамдап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық нақыштағы мейрамхана ашу
Қазіргі мейрамхана саласындағы үлгілер
Заманауи жылдам тамақтану орындары
Аймақтық мейрамхана бизнесінің дамуы
Мейрамхана бизнесі - бәсекелестікке толы сала
Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік
КАРВОН мейрамханасы бизнесінің даму перспективалары
Толық сервисті мейрамханалар
Қонақ үйлер туралы жалпы мағлұмат
Мейрамхана бизнесінің ҚР-ғы даму мәселелері мен перспективалары
Пәндер