Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін сыбайлас жемқорлық ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. Сыбайлас жемқорлық сөзі (латын тілінен corumper) көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, rumpere көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын со қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша corruptio параға сатып алу, іріп-шіру дегенді білдіреді, сыбайласу етістігі біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу дегенді білдіреді. Рим құқығында corrumpire сөзі сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу, сондай-ақ құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині corruptio екі түбірлі сөзден cor (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және ruptum (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.

Адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымындағы орны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті. Осындай адамның мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды. Қазіргі әдебиетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ұғымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім - тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарымқатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі - сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады. Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады. Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымдары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениеттің мағынасы
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
Пәндер