Концептуалды талдау жұмысы (Софы Сматаев шығармашылығы бойынша)



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Концептуалды талдау жұмысы

(Софы Сматаев шығармашылығы бойынша)

Орындаған: ФИО

Ғылыми жетекші: ФИО

Қостанай, 2020 жыл

Жазушы Софы Сматаевтың шығармашылығындағы Соғыс концепциясы

Адамзат баласының тарихында орын алған түрлі шайқастар адам санасында
сақталып, әр уақыт сайын жаңғырып отыратыны белгілі. Сан ғасырлар бойы
жүргізілген соғыстар әрбір тіл иесінің тілдік қолданысында да түрлі
ассоциациялармен көрініс табады. Осыған орай, жазушы Софы Сматаевтың
шығармашылғында соғыс концептісі негізгі концептілік жүйені құрайтын
когнитивтік құрылым болып табылады. Жазушы туындыларында түрлі қырынан
танылған соғыс концептісі композициялық құрылымы мен сюжеттік мазмұнына
қарай түрліше көрініс тапқан[1, 11бет].
Ғаламның тілдік бейнесінде Соғыс концептісі жорық, шабуыл, қақтығыс,
күрес, қарсылық, әскери әрекет, қару-жарақ, адамдар қатынасы, ардагер,
жеңіс, жеңіліс т.б. тілдік бірліктермен ассоциацияланып, таңбаланады.
Жалпы тілдік қолданыста "соғыс" концептісін бейнелеуде күрес, қару-
жарақ, шабуыл, шайқас, жарақат, жанын қию, жеңіс т.б. тілдік бірліктері жиі
қолданылады.
Жазушы Софы Сматаевтың шығармашылығында "соғыс" концептісі түрлі
қырынан танылып, жазушының өзіндік көзқарасын қалыптастырған.
Шығармашылығына арқау болған қазақ пен жоңғар арасындағы соғыс және Ұлы
Отан соғысы. Адамзат баласына үлкен қасірет пен қайғы әкелген соғысты
шығармашылығында көрсетуде автор өзінің аялық біліміне сүйеніп, оқырман
қауымға жеткізе білген.

Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс
табады. Олар:
1.Қарапайым форма (фрейм)
2.Күрделі форма (скрипт)
3.Оқиғалы форма (сценарий)
4.Сызбалы форма (схема)
5.Бейнелі форма (ойсурет)
Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым – Ч.Филлмор.
Фреймдік модель адам санасы мен жадының психологиялық негізі болып
табылады, сол себепті ғалымның фреймдік теориясы декларативті және
процедуралық ілімдердің сабақтасуына негізделе келе, 3 түрлі сатылық
байланыспен ерекшеленеді: 1) әр фрейм өзіндік бірліктерден және олардың
байланыстарынан тұратын жүйе; 2) әр фреймнің өзінің деңгейлері болады; 3)
әр фрейм жаңа деректермен толығып отырады[2, 71бет].

Соғыс концептісінің фреймдік құрылымы жазушы Софы Сматаевтың
шығармашылығында көрініс табуы:

1 – фрейм. Сұм соғыс. Шығармада соғыс макроконцептісін құрайтын өзара
шектес, байланысты қақтығыс, күрес, жеңісжеңіліс, жорық ,
шапқыншылық, микроконцептілері алуан түрлі тілдік бірліктер арқылы
репрезенттелген. Мысалы: Қазақтар жағынан көшелі жирен айғырға мінген нар
тұлғалы батыр атын ойқастатып ортаға шыға берді. Манадан талмай соққан
қолдары сылқ түсіп, жігіт шоқпарын тағы да үйіріп төніп қалған Жомарттың
қанталаған көзіне тура қарады.
-Апырай, аға, оңдырмай ұрдыңыз-ау! Жомарт қалт тоқтады.
- Кім едің? Не дедің? Аға деймісің?
- Қорабай деген қырғыз ініңізбін, - деп жігіт қайта қайыруға тілі келмей,
опырылып құлап бара жатты[С.Сматаев. Елім-ай.; 8 бет].

2 – фрейм. Шайқас, сұрапыл соғыс. шайқас , өлім, билік, байлық
концептілері бірінен кейін бірі орын алатын ұласпалы процестерді
білдіретіндіктен, ажырағысыз бірлікте беріледі.Соғыс жауласушы екі жақтың
арасындағы күрделі, шиеленіскен саяси жағдай болғандықтан, оның басталу
себептері, зардаптары мен салдарлары екі түрлі сипатта болады. Соғысты
бастаған жақ, әдетте күші басым, дайындығы да жеткілікті алпауыт ел өзінен
біршама әлсіз мемлекеттің немесе хандықтың жерін басып алу, елін құл қылу,
байлығын иелену мақсатын көздеуі мүмкін[1, 11бет].

Мысалы: Шыңғыс ханның баласы Төле әулетінен тараған хандарына тәуелді боп
келген осы қалың жоңғар он төртінші ғасырдың аяғында Жеті хошуын Халханың
әміршісі Әлібек ханның тұсында өз алдына жеке ту көтерді.[С.Сматаев. Елім-
ай.;14 бет Айласын тауып қашып шыққан Эсельбейн-хя кейін қол жиып барып
Хутухтай-Сеценді өлтіріп, кегін қайтарды. Алтын хан аталған Жеті хошун
Халханың Шолой-Убаши хонтайшысы Жоңғарияға тіпті қырғидай тиісіп еді, көп
ұзамай Кукунор көліне жетіп, сол маңайды жайлай бастады[С.Сматаев. Елім-
ай.; 17 бет].

Бұл мысалдар да соғыс концептісі шайқас-өлім-билік тізбегі
түрінде көрініп отыр. Яғни жеңілген қолбасшы өлім құшса, жеңген хан жаңа
билікке қол жеткізеді. Келтірілген мысалдар соғыс – жаңа жерлер мен
байлыққа, билікке қол жеткізудің, қол астындағы құлдар санын көбейтудің,
яғни мемлекеттегі, хандықтағы еңбек күшін арттырудың да бір құралы екенін
дәйектейді[1,13 бет].

3 – фрейм. Соғыс, неміс, қаралы қағаз. кек, ыза, зұлымдық, жетім,
қайғы арқылы ассоциацияланып, таңбаланған.

Мысалы: Құбаштың күреңіткен дөңгелек жүзінде болар-болмас толқын
төменнен жоғары қарай жүгіріп өтті. Қиық көзге ұшқындап кек тұнды.

- Не-міс-с! Жалғыз сөз түйткілді кеудеден жауығып шықты да, заматта дәу
жұдырық тарс түйіліп, талдырмаш дененің томпиып білініп қалған құс төсіне
бар салмағымен сарт етті[С.Сматаев. Қайран жастық.; 218 бет].

- Дас ист айне Гемайнхайт! Флейчер! Құбаш өртеніп туған кекшіл қарасын
өзгертпей шұбалаңдап орнынан тұрды. – Неміс!-деді тағы да шеге қаққандай
нығарлай тістеніп[С.Сматаев. Қайран жастық.; 219 бет].

Схема –когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі
арқылы жинақталған ақпараттарды кеңістікте, заттық формада таныту
тәсілі[3,38 бет]. Жазушы Софы Сматаевтың шығармаларындағы схеманың
қолданысы төмендегідей:

1. Туған көзден бір-бір ұшқанда күйік жасының сарқылмас бұлағына тұншыққан
мұңлықтың қапалы күйі де осы. [С.Сматаев. Қайран жастық.; 5 бет]
2. Домбыраның егіз екі ішегі азалы шерден ызалы күйік қайырғанда, тау мен
тастың тарғыл тағысы тар соқпақта таласпай табысып, татуласып тарасқан.
[С.Сматаев. Елім-ай.; 5 бет]
3. Уақыт алғашқы жаралы солдаттарды елге оралтып туыс-туғандарымен
қауыштырып, кем көңілдерді еселей жетіп үміт пердесін ашты. [С.Сматаев.
Қайран жастық.; 86 бет]
4. Дүркін топтың қимылында ана еміренуі, жар құшағы, бала көңілі, дала
дидары – бәрі-бәрі түйдектеліп жеткендей. [С.Сматаев. Қайран жастық.; 87
бет]
5. Сол білікті журналист, белгілі жазушыларыңның бір де біреуінің Бәукеңе
баруға жүрегі дауаламай отыр. [С.Сматаев. Қайран жастық.; 342 бет]
Жүрегі дауаламай. Батылы бармады, қаймықты, тайсалды. [ҚТФС, 278 бет]
6. Аяғынан тұрғызды. Мазасын алды, өре түрегелдірді; құрметтеп күттірді.
[ҚТФС, 96 бет]
7. Ара-жігі бөлінбей, шоғырлана қоныстанған Арғын, Қоңырат, Дулат жұртының
төскейде малы, төсекте басы қосылған соң той-дүрмегі көбеймей қайтсін.
[С.Сматаев. Қайран жастық.; 402 бет]
Төскейде малы, төсекте басы. Ағайын-туысты, ынтымағы, бірлігі бар, қонысы
ортақ жұрт болды. [ҚТФС, 690 бет]
8. – Арыстанның аузында асыр салғаның не осы сенің? [С.Сматаев.Елім-ай.;
55 бет]

Ойсурет –концепт құрылымдарын бейнелі формада таныту. Ойсурет санада
бейне, символ, метафора, аллегория көмегімен танылады. Концептінің ойсурет
типіне салынып танылған формасы логикалық- позитивтік танымнан гөрі
эстетикалық таным деңгейінде, өздігінше суреттеп ұқсату, елестету
шеберлігінен туындайды[2,39 бет].

Жазушы Софы Сматаевтың шығармасында соғыс концептісінің мәнін ашатын
мынадай тілдік бірліктер бар:

1. Киелі ақ сүт – ана көңілдің шарқұраған аңырауы, аңсауы. [С.Сматаев.Елім-
ай.; 5 бет]
2. Уақыт – өмір безбені. Соғыстың алғашқы хабарын жеткізген де, алғашқы
қаралы қағазды әкелген де, алғашқы жеңістерді жариялаған да уақыт
толастаған емес, кең даланың әр бұрышының тіршілігін түртіп оятып,
қыбырлатып әрекетке бастаған. [С.Сматаев. Қайран жастық.; 86 бет]
3. Ерлік рухын, ашу-кегін, жауынгер айбатын, намыскер қайратын ду-ду
қоздыратын жалғыз сөз екі жақтан да суылдаған жебедей борап, өшіккен
үндерді түу-түу қиянға алып қашып жатыр. [С.Сматаев.Елім-ай.; 8 бет]
4. Қаратау – үміт бейнесі. Қаратаудың ар жағы – қалың ел. Қазақ жұрты.
Қаратаудан асса – азаптан құтылады. [С.Сматаев.Елім-ай.; 49 бет]
5. Қара күштің қаруы – өлім. [С.Сматаев.Елім-ай.; 239 бет]
6. Дүние – толқын. Лықсып туып, ығысып шегінеді. Адам – лек, ұрпақ – лек
ауысып жатады. [С.Сматаев.Қайран жастық.; 393 бет]
7. Шын би – халық қамқоры, ел тірегі. Шын батыр – халық перзенті, ұлт
мерейі. [С.Сматаев.Қайран жастық.; 398 бет]

Скрипт –күрделі формадағы концепт типі. Скриптті қалыптастыратын басты
элемент – фрейм. Скрипт көзбен көрген, нақты тәжірибеден өткен оқиғалар
арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы
жинақталған ақпараттардан құралады[2,39 бет]

Мысалы:

1. Шилі өзен, қамысты көл – елім еді. Елім-айым еді. Ошағында от жанғанда,
отауынан ән төгілетін сауықшыл қазақ ошағы қаңсып, отауы қаңырап зар кешті.
Қаңсырап кешті. [С.Сматаев.Елім-ай.; 6 бет.

2. Қаратаудан көш емес, босқын шұбаған. Қара көзден жас емес, қан аққан.
Төл тірсектер тілініп, төбенің басында қалған. Төл сәбилер ілініп, жебенің
ұшында қалған. Ақ сүт көк аспанға атып, қызыл қан қара жерді суарған.
[С.Сматаев.Елім-ай.; 6 бет]
3. Осы сапарларында бастап барып, шығарып салатын сенімді серігі –
халқының қасиетті әні "Елім-ай" болды. Қалықтап кең далаға жайылып,
шарықтап тау асқан сырлы әуен тарап жатты. Кешегі күйік пен кемдік үшін
емес, келер күннің керемет ұлылығы мен жайраң қызығы үшін ұмытылмай,
ескірмей көңілден көңілге құйылған ән мен жыр алдынан шықты да отырды.
"Елім-ай" мұнда намысына намыс қосып, алдағыға үміт-арманмен қарауды
үйретті. Торлаған бұлттан, қоршаған тұманнан сәуле шашқан жалғыз жарық
шырақтай осы ән ерлік пен елдікке бастады. [С.Сматаев.Елім-ай.; 367 бет]
4. Қоңыр саз қоңыраудай сылдырады. Қоңыр қаздай мамырлады. Бипыл әуен бал
тамызды. "Саймақтың сары өзені" сарқырап ағып, "Ноғайлы-қазақтың айрылған
күйі" көлеңдеп өтті. Көлеңдеп өтті де, көп жанарға шық түсірді. Бұлардан
соң қоңыр күй кең толғап "Асан қайғыға" "Бұлан жігітті" ерітті. Сырлы саз
тегіс отырғандарды тегіс баурап алды. Сергек әуен шер саумалап, аңыздан
әңгіме өрбітті. Өткен сыр қозғап көлденең тартты. Егес – серпіндей толқын
атты. Күйініш – зардай сүйек сырқыратты. Өкініш – армандай ер азаматты
күйзелткен ел әбігерінен хабар әкелді. Қыз болып жылады. Жігіт боп кек
қуды. Абыз ата Асан боп жерұйық іздеді. Ажалдан тайсалмай, аспандағы айға
қол созған ұланды жоқтады. Ел бірлігін аңсады. Қоңыр саз қоңыр қаздай
мамырлады. [С.Сматаев.Елім-ай.; 74 бет]
5. Қайран домбыра! Қазақтың қуанышы мен қайғысындай қат-қабат жүретін
көңіл күйін қос шегіңде қалай ғана ұстап қалғансың! Құлақ-күйіңді қайыра
білу – ат құлағында ойнаудан қиын-ау. Тиегін дұрыс қойып, пернесін дөп баса
алсаң, он саусақ он түмен, он лек қолдан кем бе? Анау, анау, бір дірілдеген
ешкі шегі дүние үні боп дүрілдеп тұр. Үзіліп кетпесе екен! Мына үндер
жоғалса шаһит боп кеткен жандардың тіріліп келіп, табысып жатқан сәті бірге
үзіледі-ау! Тоқтама, үзілме домбыра! Бір шегіңнен туған жерге сүйіспеншілік
білдірсең, екінші шегіңнен жауға деген өшпеңділігіңді айғақтадың-ау!
[С.Сматаев.Елім-ай.; 77 бет]
Жазушы Софы Сматаевтың шығармасында бұл жолдар соғыс концептісінің
мәнін ашатын скрипт құрайды. Берілген жолдардағы Қаратау, елім-ай, қоңыр
қаз, қайран домбыра сынды тіркестер жекелей қолданыста фрейм болса,
бірлесіп келіп соғыс концептісінің мәнін ашатын скрипт болады.

Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементері
фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар
жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын бөлшектер – сценарийлер мен
скриптер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен
құралады[2,35 ,бет]. Мысалы:

1. Осыдан он жыл бұрын Цеван-Рабтанның ордасына елші боп бардым. Сонда
тұтқында жатқан жас батырмен кездесіп ем. Тауын сұрады, даласын сұрады.
Елім жайлы айттым, жерім жайында жырладым. Көзіне жас үйірілді. Белімде
жердің бір уыс топырағы бар-тын. Соны ұстаттым. Жігіт топырақты ұзақ
иіскеді. Тіліне тигізді. Сонда дүниенің ең асылы, ең қымбаттысы, ең
таптырмайтыны туған жердің топырағы екенін алғаш ұққандай болдым. Жігіт
солығын басып тіл қатты.
- Кермек дәмі бар екен.
- Топырақ болған соң кермек татымаушы ма еді?
- Жоқ! Тердің исі, тезектің исі, жусанның исі. Тер исін әкемнен сезуші
едім, тезек исін анамнан алушы ем, жусан исі даламнан аңқушы еді.
- Қызыл екен-ау, жарықтық!
Жосалы белдің асығыс алынған бір уысы еді. Содан бері белімнен бір уыс
топырақ қалмайды. Қайда жүрсекте ақ топырақ жарылқасын. [С.Сматаев.Елім-
ай.; 79 бет]
2. Тұс-тұстан шаншылған қылқұйрықты көп найза Жомартты тік көтеріп әкетті.
Сауытсыз, беренсіз жалаңаш денеге көк сүңгірлер кірш-кірш қадалды.
- Қалай екен, батыр? Көзіңе не көрінеді?-деді Шуно-Дабо.
- Даламды, тауымды, елімді көремін. Әлі де болсам сенен биік
тұрмын...Найзалар сылқ түсті. Бүктетіліп құлаған батыр, ақырғы қайратын
жинап бас көтерді де, бір аттап, айқасып жатқан қос ұлын, қос арысын
құшақтай құлады.

3. Ерлік таразыға тартылмайды. Ел есінде, жұрт жадында қалса – содан артық
құрметі жоқ. Әңгіме-аңыз, шындық-хикая көп. Соның бәрі саған саяды,
домбыра! Артынан жау, алдынан құз кезігіп топ қазақ дал болыпты. Қатыгез
дұшпан таянып кеп қалғанда жігіттердің бірі қоржыннан домбыраны шығарып
алдыңа өңгеріпті.
- Есің ауысқан ба! Садақ тартатын қол жетпей тұрғанда күй шалып қай
адасқаның!-деп қолбасы ұрсады. Күйші жігіт үндемепті. Әлгінде өздері ат
тобығынан ғана кешіп өткен өзеншіктің жағасына барып күй аңыратқан дейді.
Жел суылдап, тас атқандай бопты. Тау көшіп, жер сілкінгендей бопты. Содан
өзен буырқанып, долданып су қаптап, қуа келген жауды ат-матымен толқынға
қағып ап, жұтып жіберіпті. Бір ғажабы, күй шалған жігіттің аяғын аймалаған
өзен суы бұрқамапты. Үлкендер айтады, туған жердің топырағы киелі, суы
киелі.
Домбыра үні баяулап басылғанда, өзен байырқалап сабасына түсіпті. Сел
тоқтап, күн ашылыпты. Қара жартас қақ айрылып жол беріпті. [С.Сматаев.Елім-
ай.; 78 бет]
4. - Тас ұстаған қолын шап! Бізге қол көтергеннің көретіні осы. Аяма! Қос
білек қос таяқтай тулап түсіп, шоршып жатыр. Бүгін таңда ғана аймалаған
бөбегін іздейтіндей. Лықсып аяғының басына түскен шек-қарынды құшақтап
Рухия құлап бара жатты. Ашық қалған қос жанар зорлықшыл дүниеге ақырғы
лағынатын айтқандай тек сүю мен сүйінуге арналған қарашықтарын қозғалтпай
мелшиді де қалды.

5. Күн артынан күн өтті. Кешегі соғып өткен қасірет дауылынан кейін қайта
бас көтерген қазақ халқы елдігін, бірлігін қорғап қалу үшін жорыққа
дайындала бастады. Сай-сайдан тарам-тарам боп ағып келіп бір жерде қосылып,
ұлы, арналы өзенге айналар қуат пен қажыр ел құдіреті деген ат тапқан.
Енді, міне, найзаларының үшкір масағы мен дулығаларын күн көзінде
жарқыратып лек-лек кетіп бара жатқан қол ұшы-қиыры жоқ кең далада шалқыған
кек шалқарындай сезіледі. Осы қасиетті кегінің ширығуындай болып, қол
үстінде ән қалықтайды. Ұрпақтан ұрпаққа жетер, ел бірлігін, іргелігін
діттеген жігерлі "Елім-ай" қалың әскерді майдан даласына бастап барады.

Стереотип – адамдардың қоршаған орта, өмір, дүние туралы қабылдаған, ой-
таным түсініктерінің қайталануынан тұрақталған іс – әрекеттері мен
дағдылары[2,72 бет].

Ұлттық-мәдени концептілер тек ұлттық танымда ғана жан-жақты ақпаратымен
жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер[2,35 бет].
Мәселен, жазушының шығармасындағы соғыс концептісінің мәнін ашатын
ұлттық стереотиптер болып халық танымын білдіретін тілдік бірліктер де бар.
Олар мыналар: қазан, отау, қара шаңырақ қамшы, ошақ алтыбақан, домбыра т.б
Мысалы: Алтыбақан құрған жастардың әрекетінің хабаршысы. [С.Сматаев.Қайран
жастық.; 27 бет] Үш ошаққа бөлініп түскен қонақтардың сыйлысын өз төріне
әкелген шаруа Қазыбектерге көрпе жайып, шынтақтарына жастық тастады.
[С.Сматаев.Елім-ай.; 71 бет
Сонымен қатар жазушы шығармашылығында “соғыс” концептісін беруде қара,
көк, қоңыр түс атаулары жиі қолданылған. Мысалы: Үн-түнсіз отырған әкелі-
балалы екеуімізге кезек-кезек қарап қойып, бірде тезегін, бірде қара
қазанын әкеліп кешкі тірлік қамында қыбырлап жүр. [С.Сматаев.Қайран
жастық.; 4 бет]Әкем қара домбырасын алды. [С.Сматаев.Қайран жастық.; 4 бет]
Көк түтін көз ашытып ұйлығып тұр. [С.Сматаев.Қайран жастық.; 7 бет] Қасиет
нәрі дарыған қара шаңырақтан шерлі ана сол түнде келешегінен үміт күткізер
шипалы ырымның белгісін көріп еді. [С.Сматаев.Елім-ай.; 61 бет]
Қара қазан – қазақ дүниетанымы мен мәдениетінде алар орны ерекше.
Құрамындағы қара сөзі оған қасиетті деген мағына беріп, мәнін тілдік
тұрғыда айқындап тұр. Қазан киіз үйдің дәл ортасына, отты – өмірдің бастауы
деп түсініп ошаққа қойылады. Отқа табыну түркі халықтарында, оның ішінде
қазақтарда осындай таным түсінік тудырғанға ұқсайды. Ертеде бір елді шапқан
кезде жеңістің белгісі ретінде шаңырағын жерге түсіріп, қазанын екіге
бөлетін болған. Жау екі ел бітімге келгенде бір-бірімен шаңырақ пен бүтін
қазан алмасатын болған. Сөнген ошақ отбасының өшкенін білдіретіні белгілі,
сол себепті де "ошағың сөнбесін" деген бата тілек үлкен мәнге ие.
Көк аспан – көк түсті киелі санаумен байланысты халық шығысты да киелі
санап, шығысқа қарап тілек тілеген, киіз үйдің есігін шығысқа қаратып
ашқан. Бұның бәрі ұлы "көк" аспан тәңіріне табынудан келіп шыққан. Демек,
көк түс – адалдықтың, мәңгіліктің, тұрақтылықтың символы ретінде танылған.
Бұл – халық танымының айнасы.

Соғыс концептісінің аясына өзара шектес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Ел аузнда қалған ерекше тұлғалар ( Саңырық, Наурызбай, Бөгенбай, Өтеген, Шақшақ Жәнібек, Тайлақ) )
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Сафуан Шаймерденов-әдеби тұлға
Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Асан Қайғы туралы аңыздар
Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
Пәндер