Концептуалды талдау жұмысы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Концептуалды талдау жұмысы
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Қостанай қаласы, 2020
Концепт ұғымы туралы жалпы түсінік
Когнитивтік ғылымның аясы - адамзаттың зердесінде қалыптасқан символдық процестердің табиғатын ұғынуға саяды.
Когнитивтік лингвистика құрылымдық лингвистикаға жаңаша өзгеріс енгізу негізінде қалыптасты. ХХ ғасырдың соңында бұл ғылым тілдің адамзат танымдық әрекет арқылы қалыптасқан ақпарат адам санасында жан-жақты арналармен толығады. Бірақ когнитивтік лингвистикадағы басты зерттелетін нысан - зат - тілдік формада көрініс табатын сол ақпараттардың тек бір бөлшегі ғана. Көптеген ғалымдар когнитивтік лингвистиканы жаңа ғылыми парадигма деп сипаттайды. Парадигма - тіл ғылымында, әсіресе функционалды грамматикада соңғы кезде жиі қолданылып жүрген ғылыми термин.
Тіл білімі сөздігінде когнитивті лингвистика туралы мынадай түсінік берілген: Когнитивтік лингвистика ( лат. Cognitio - білім, түсінік, көзқарас) - тіл біліміндегі бағыт. Тілді игеру, табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін білім жинау, қолдану және оны түсіну моделін құру тұрғысынан зерттеледі. Когнитивтік лингвистика бұл модельді тек бүкіл когнитивті ғылымдар шеңберінде ғана жасай алады. Ол ғылым білімнің әр түрлі типтерін, олардың ұйымдастырылу және өзара әрекеттесу тәсілдерін зерттейді. Екінші жағынан, бүгінгі тілдерді зерттеу интенция, ес, семантикалық қорытынды, есте сақтау, түсіну, жоспарлау, дискурсты басқару сияқты когнитивтік категориялардың қатысуынсыз мүмкін емес. Оларда тілдік, сенсорлық, моторлық және басқа информациялар қамтылады. Когнитивтік лингвистика - тіл көмегімен информацияларды беру, сақтау құрылымдары мен тәсілдері туралы көзқарастарды тереңдетуге арналған [1, 181бет].
Жалпы зерттеуші-ғалымдардың пікірінше, когнитивистикалық әдіс тілдік және тілдік емес әрекеттердің барлығын басқарып, кейде жадыда сақтау, қабылдау және эмоциялық құрылымдарда көрініс табады. Сондықтан да, тіл ғылымында когнитивтік әдіс еркін қолданылады. Оның айқын дәлелін мәтінді интерпретациялау барысында, оның дұрысбұрыстығын ажыратып, өңдеу барысында байқауға болады. Себебі, когнитивтік лингвистика тілдік санада дүниенің бейнесін тұтас құруға, тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталады. Соның нәтижесіндегі дүние туралы тұтас (концептуалды) түсініктің қалыптасуы үш деңгейдегі психикалық көріністің өзара қатынасынан туындаған нәтижеге байланысты деп анықталған. Олар - сезімдік қабылдау деңгейі, түсінік қалыптастыру деңгейі, ойдың тілдік көрінісі. Санада жүретін бұл әрекеттердің нәтижесі, белгілі бір ақпараттардың жиынтығын тудырады да, сол ақпараттар концепт жүйесін қалыптастырады.
Тіл мен адамның ойлау сабақтастығы арқылы тану әрекеттерін зерттейтін когнитивтік ғылым негізі, яғни қазіргі тіл ғылымын концептуалды сипатта қарау бағыты тілдің модельденуін, белгілі бір контекстегі ойдың модельденуін көздейді.
Когнитивтік ғылымның басты мәселесі - адамның білімін жүйелеу. Сондықтан да, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады.
Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады, концепт - бұл ақиқат әлемі туралы адамның мәдени-шартты түсінігін бейнелейтін идеалды әлемнің объектісі, концептіні мәдени категориялардың әсерінен туған вербалды ұғым ретінде түсінеді, концепт - бұл адамзаттың ақыл-ой жемісі және ондағы құбылыстар мен болмыстар идеалды. Ол тек тілге ғана емес, адам санасына тікелей қатысты , концепт - адам санасында танылған, бейнеленген білімді айқындайды.
Когнитивтік ғылымның басты назар аударатын негізгі ұғымдары:
+ әлем бейнесі (картина мира),
+ әлемнің тілдік бейнесі (языковая картина мира),
+ әлемнің ұлттық (тілдік) бейнесі (национальная картина мира)
+ әлем моделі (образ мира)
+ когнитивтік модель (кейде әлемнің концептуалды бейнесі).
Әлем бейнесі дегеніміз - адамзатты қоршаған объективті шындық. Ол танымға тәуелсіз өмір сүреді. Әлем концептіне кең мағына беріледі - Әлем - Вселенная, универсум (реалді әлем). Ол әрқашан да ментальді әлеммен өзара байланыста болады.
И.А.Стернин әлем туралы білімді сол не басқа затқа қатысты білім жиынтығы деп түсінеді және әлем туралы білімді ғылыми тұрмыстық энциклопедиялық білім ретінде қарастырады. Оның ойынша, әлем туралы тілдік білім тілдік емес білімге қарсы тұрады. Тілдік білім сөз мағынасында дербес семантикалық компоненті ретінде көрінсе, тілдік емес білім сөз мағынасында қандай да бір компоненттерді жасайды. Тілдік емес білім адам санасында нақты, көрнекі, сезімдік түрде сақталады және жан-жануарлармен адамның ортақ ойлауының нәтижесі екенін айтады [2, 20-32б].
Е.М.Абақан Тілдің мәдени философиясы еңбегінде: Тіл білімінде әлемнің бейнесі, әлемнің ұлттық бейнесі сияқты термин ретінде қолданылып жүрген сөйлемдерде әлем бейнесінің жасалуы жеке адамға, я болмаса, бүкіл адамзатқа тән құбылыс ретінде қарастырылады. Оның когнитивтік (санаға қатысты), гносеологиялық (танымдық) сипаты адам ойында пайда болады. Бірақ әлемнің тілдік бейнесі қоршаған ортаның тікелей, тура бейнесі бола алмайды екен. Себебі, болмыс пен тіл арасында адамның санасы тұрады [3, 75б], - деген пікір айтады.
Сонымен, адамдар үшін дүниені танудың ең бірінші кілті - ұғымдық, сезімдік негіздерден бастау алған сана әрекеті. Сол себепті тілдік белгі - логикалық тұрғыдан екінші процесс.
Ойлау процесі - мида болатын құбылыс, сана әрекеті, ал тіл санадағы сол ойлау әрекеті ұғым түріндегі формаға енгізіледі. Демек, ойлау - логикалық категорияның өмірдегі көрінісі. Олардың өзара шартты түрдегі байланысынан ұғым қалыптасады. Басқаша айтқанда, ұғым айтылмақ болғанда, оған сөз таңбаланатынын туралы профессор А.Салқынбай былайша түсіндіреді: Танылған іс зат не құбылыс адам санасында белгіленіп, ұғым болып бекіп, тілдік таңбаға айналады. Адамның табиғатқа еліктеп, табиғаттан үйренуі, оның тілінде мифосимволикалық бейнелер жүйесін қалыптастырады. Бұл таным ретінде тілде көрініс табады, сөз арқылы таңбаланады [4, 86-87б]. Бұл айтылғандардан сана әрекетінің сөйлеу әрекетімен байланысын былай көрсетуге болады:
ОЙ --ҰҒЫМ-- ТІЛ (СӨЗ)
Ұғымның пайда болуы да санадағы құбылыс. Ұғым айтылған ой арқылы ғана емес, көзбен көріп, қолмен ұстап, ұқсас қасиеттерін еске түсіріп, қиялмен елестетіп, ойша бейнелеп, формасын жасау арқылы да қалыптасады. Алғашқыда негізгі ұғымдардың пайда болуында көз қызметі ерекше орын алған. Онда ұғым пайда болуының негізінде объект - денотат тұрады. Ол - қозғаушы, сана әрекетін қоздырушы күш. Егер зат (құбылыс) болмаса оның санадағы сәулесі, яки бейне жоқ. Сондықтан да профессор А.Салқынбайдың: Зат пен сөз мағынасы арасындағы сабақтас байланыстылық, біздіңше, ұғым арқылы жалғасады. Ұғымдық белгілер арқылы мағына жасалады. Табиғат пен әлем бейнесінің адам санасында бейнеленуі ұғымды қалыптастырады. Ұғым арқылы таңбаға мағына беріледі. Мағына ұғымның нақ өзі деуге де болмайды, оның абстракцияланған, ұқсатылған, ассоциацияға түсірілген бейнесі. Санадағы ой сөзбен тұлғаланғанда, белгілі мағынаға ие болғанда әр түрлі факторлар арқылы қалыптасады. Ондай факторлар:
1. Халықтың дүниетанымы.
2. Уақыт.
3. Танымның дамуы.
Яғни, белгілі уақыт аралығында дүниетанымның жетілуі мен дамуына сәйкес қалыптасатын халықтық дәстүр мен салт-санаға байланысты болатын ұғымның тілдегі таңбалық жүйеге түскен абстрактылы, ассоциативті бейнесі мағына болады - дейді.
Демек, ұғым - дүниетанымның санадағы бейне суреті. Сонымен ой мен тіл арасындағы бейне не ұғым тудыратын процесс когнитивтік ғылымның негізгі нысаны, тірегі тұжырымдық құрылым болып табылады. Оның басты мақсаты ой мен тіл арқылы қалыптасатын тұжырым қалыптастыру.
Ұғымдық бейне - ойлау жемісі. Ал дыбыстық бейне - сол ұғымдық бейненің материалдық көшірмесі. Бұл бейнелердің қай-қайсысы да заттың (денотаттық) өзі емес, оның негізгі образдық бейнесінің суреттері: ұғым санадағы сәуле арқылы салынған сурет болса, сөз - дыбыс арқылы салынған сурет. Тіл - табиғат пен адамзат аралығындағы сана арқылы болатын байланысты адамдардың өзара қарым- қатынасында бейнелейтін аралық құрал.
Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі - идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер. Алайда әлемнің ұлттық тілдік бейнесі әлем туралы білімнің жиынтығы ретінде тек лексикада ғана емес, сонымен қатар фразеология мен грамматикада да көрініс табады.
В.А.Маслова әлемнің тілдік бейнесі мен мәдениеті туралы айта отырып, осыларға мына көрсетілгендерді жатқызады: сөз, сөйлем, пайымдаудың ішкі формасы, сөздің мағыналық жағының өзгерісі, оның ауыспалы мағынада қолданылуы, сөздің эмоционалды жүгі , оның индивидуалды қолданылуындағы өзгешелігі [5, 35б].
Әлемнің концептуалды бейнесі (когнитивті модель) адамның саналы, танымдық әрекеттерінің нәтижесін бейнелейді; біздің шынайы өмірді, физикалық, химиялық әлем бейнесі және т.б. арнайы бағытталған әлем бейнесін жалпылай көрсетеді. Әлемнің концептуалды бейнесі ойлау заңдары арқылы ұйымдастырылады.
Әлемнің концептуалды бейнесі ретінде қоршаған орта туралы білім күйінде көрінетін концептілер түсініледі. Шындық туралы ақпараттың өзгеруінің әсерінен әлемнің концептуалды бейнесі әрдайым жаңарып тұрады, яғни динамикалық түрде жасалынады. Оның қалыптасуында ойлаудың көрнекі, бейнелі, тәжірибелік, ізденушілік, адвербалды- ұғымдық түрлері қатысады. Осыған байланысты әлемнің тілдік бейнесі ұғымына қарағанда әлемнің концептуалды бейнесі ұғымы күрделірек, бай, кең. Сондықтан әлемнің концептуалды бейнесіне қарағанда әлемнің тілдік алғашқы болады және оны қалыптастырады, себебі адам әлем мен өзін-өзі тіл арқылы ғана тани алады.
Г.Гиздатовтың тұжырымынша: Когнитивтік модель құрылымы прототип пен бейнелі ұғымның бірігуі арқылы қалыптасқан концептіден құралады. Когнитивтік модель - сөздің лексикалық мағынасының кодталған ақпараты, бұл модель - білімнің танылуы мен сақталу формасы [6, 22б ].
Концепт - жалпы әлем туралы білім жүйесінің (әлемнің концептуалды бейнесінің) бір бөлшегі, үзіндісі, яғни индивидтің объективті шындық туралы өз танымындағы тірек ұғымдары, білетіні, ойлайтыны, елестететіні.
Терминнің түрлі түсіндірілуі оның көп мағыналы латын сөзі conceptus-тің семантикасынан шығуына байланысты. Латын-орыс сөздігінде оған мынадай түсініктер беріледі:
1) жинақтау, өзіне жинау (собирать, вбирать в себя);
2) өзіне елестету, қиялдау(передставлять себе, воображать);
3) жазу, тұжырымдау (написать, сформулировать);
4) құрастыру (образовывать);
5) болу, пайда болу, шығу (происходить, появляться, возникнуть). Conceptum - утробный зародыш [7, 222-224б]. Жалпы мағынасын жинақтаушы, өзіне жинаушы [ көптеген формалардың мазмұны] ретінде және [олардың] бастауы (зародыш) (елестелген) болып тұжырымдалған.
Тіл білімінің бір саласы ретінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивті лигвистикада тіл когнитивті механизм ретінде танылады. Когнитивті лигвистикада адамға тән когнитивті үрдістер мен құрылымдар айқындалады. Сондықтан да оның зерттеу нысанына концептілер жатады.
Концептілер - белгілі мәдениетті онсыз елестету мүмкін болмайтын ең күрделі, маңызды ұғымдар. Олардың саны шектеулі, себебі кез-келген атау- таңба құбылысы концепт бола алмайды. Белгілі бір мәдениет үшін құнды, өзекті және өзінің бекітілуі үшін саны көп тілдік бірліктерге ие, мақал-мәтелдердің, поэтикалық және прозалық мәтіндердің тақырыбы бола алатын шындық құбылыстары ғана концепт бола алады. Олар халық жадының мәдени иегерлері.
Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты мәселелерді Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Н.Аитова, Ж.Жампейісова, Э.Оразалиева, Г.Мұратова, Б.Тілеубердиев т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырады.
Б. Тілеубердиев концепт сөздерді, олардың мәні мен мағынасын түсіну жеке адамнан бастау алып, қоғамдық таптар мен тұтас бір ұлттың ой-өрісі, дүниетанымы жайында ақпарат беретіндігін баса көрсетеді [8, 88 б.].
Ғалым А.Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің, немесе образдардың пайда болуы [9, 58 б.].
Концептуалды зерттеу жұмысын жазу барысында ғалымдардың көптеген зерттеу еңбектері мен авторефераттар пайдаланылды.
Ғалым Ильясова Нагима Абзельбекованың өзінің филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі атты авторефератында қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер когнитивтік аспекті негізінде қарастырылып, зерттеуге алынады. Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі мен нысаны нақтыланып, негізгі мақсаты мен міндеттері, болжамы, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы мен зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен еңбектердің теориялық, практикалық маңызы, зерттеу жұмысының жариялануы туралы мәлімет көрсетіледі. Зерттеу жұмысы 4 тараудан тұрады. Тілдік қатынас пен қатысымдық бірліктерге тән антропоөзектік мәселелер деп аталатын бірінші тарауы екі тармақтан тұрады. Бірінші тармағы Тілдік қатынастағы антропоөзектік парадигма деп аталады. Бұл тармақта тілдік қатынастағы антропоөзектік мәселелердің ғылыми негізінде дәлелденуі ең алдымен, сөйлеудің түрлерін анықтаумен байланыстырады. Тіл мен ойлау ұғым, пайымдау, тұжырымдау барысында адамның шындық болмыстағы заттармен және құбылыстаремен байланысын көрсетеді. Тіл мен таңба ойды білдірудің, пікір алысудың, адамдар арасындағы қарым-қатынастың асу жолдарын анықтайды.
Екінші тармағы Қатысымдық бірліктердің психолингвистикалық сипаты және коммуникативтік моделі атты тараушада ғалам туралы белгілі бір көзқарас сезім мүшелері арқылы қабылдау, ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру, ойлау мен сөйлеу үдерістерінің бірлігіне негізделеді.
Қатысымжық бірліктердің уәждеметанымдық сипаты атты екінші тарау қатысымдық бірліктердің коммуникативтік қызметін айқындайтын семантикалық байланыстар тұрғысында зерделеніп, өз ішінде төрт тараушаға бөлінеді. Қатысымдық бірліктердің уәждемесін айқындаудағы когнитивтік семантика мәселесі. Когнитивті семантика - лексикалық мағынадан тарайтын семантикалық өрістен қалыптасады. Ол өзінің атауыштық мәнін және ішкі мазмұнын анықтайтын мағыналық құралымның танымдық ерекшелігін анықтайды. Бұл тарау екі бөлімнен тұрады.
1. Сөз мағыналарының коммуникативтік- танымдық концепциясы. Тіл арқылы қарым-қатынас жасауда сөз мағыналарының өзіне тән атқаратын қызметі бар. А. Салқынбай лебізде сөз мғыналарының қолданыс аясы әр-алуан өзгеріске түседі. Кейде бір сөздің мағынасы жеке адамның қолданысында оның айту сазына, екпініне қарай ерекше сипат алуы мүмкін. Лебізде қолданатын ақпараттың түріне қарай, сөйлеушінің біліктілік деңгейі мен эмоционалдық жағдайына, көңіл-күйіне сәйкес сөз мағынасының өзгеруі прагматикалық мағына болады деген тұжырымы негізінде толық лексикалық мағынаға ие сөздердің прагматикалық қолданылу ерекшеліктерін айқындауға болады.
2. Атаулардың коммуникативтік-танымдық концепциясы. Тиянақты ойды хабарлау және қабылдауда сөздердің атау ретінде қолданылу ерекшелігі бар. Атаулар - белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы нақты ақпараттың адам танымында орныққан таңбалық көрсеткіші. Олар тілдік қатынастың әлеуметтік сипатын анықтауда басты рөл атқарады. Тілдік қатынас интеллектуалдық бағытта орындалса, қарым-қатынас жасауға негізінен, ғылыми танымдағы атаулар тірек болады. Тілдік қатынас ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған бағытта орындалса, қарым-қатынас жасауға негізінен, ғылыми танымдағы атаулар басты қызмет атқарады. Тілдік қатынас ұлттық рухани бағытта болса, сол этностың танымына тән атаулар тірек болады.
Ғалым Исаева Жазира Исақызы Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған Дүниенің паремиологиялық бейнесі лингвомәдениет танымдық аспект атты авторефератында 21ғасырдағы антропоцентристік парадигманың нәтижесінде тіл мен мәдениет, тіл мен халық, тіл мен таным арасындағы тығыз байланыс, өзара сабақтастық проблемасын жан-жақты зерттеуді мақсат ететін интеграциялық жаңа үрдістегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, этнопсихолингвистика, когнитивтік лингвистика сияқты ғылыми бағыттар қалыптасып, жедел қарқынмен дами бастағаны жөнінде айтады.
Дүниенің паремиологиялық бейнесіндегі адам факторы.
Тілдік бірліктердің әлем туралы, ондағы заттар мен құбылыстар жайлы көрнекі түсініктеме жасауға қабілеті адамның объективті шындық болмысты қабылдауындағы сезімдік рационалды танымдық іс-әрекеттер мен қабыса келіп, тілдік бірліктердің ішкі формасын яғни образды (бейнені) түзеді.
Дүние бейнесін жасауда адамның бүкіл болмысы, қабылдаудан бастап ойлау, саналы түрде өзін дүниенің бір бөлшегі ретінде сезінуге дейінгі күрделі когнитивтік процестердің барлығы қамтылады. Бұл процесстен жеке адамның өмір сүріп, тіршілік ететін ортасы - тілдік ұжым және оның әлеуметтік - мәдени тынысы тыс қала алмайды. Осы тұрғыда мақал-мәтелдер қазіргі заман лингвистикасында маңызы проблемалардың бірі тілдегі адам факторы мәселесін зерттеуде маңызды тілдік дереккөз қызметін атқарады.
Дүниенің паремиологиялық бейнесінде адам және оның ортасы туралы жасалған ұлттық пайым қоғам өмірінің сан-саласымен сабақтастырыла өріледі. Мысалы: халық макроконцептісі аумағына адамдар қоғамдастығының өміршеңдігі үшін аса қажет бірлік, ынтымақтасық, татулық сияқты концептуалды ұғымдар төңірегіндегі логика - пәлсапалық ойды таңбалайтын лингводидактикалық мазмұнды құраушы тілдік мөдельдер енеді. Олар арқылы этностық тарихтың ру- тайпалық кезеңіне әр рудың, тайпаның басына өткерген қандайда бір оқиғаға, шұғылданған ата кәсібі, сандық құрамы, рулық психологиясы, екінші бір румен қандық туыстық жақындығына образды сипаттама беріледі. Мысалы, Аққу мен қаз егіз, Адай мен Таз егіз; Арғын мен Найман емшектес, Уақ пен Керей еншілес ; Қыпшақ көп пе, аспанда жұлдыз көп пе? Игілікке домбыра білмеймін деу намыс т.б.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімі Дүниенің паремиологиялық бейнесіндегі Адам концептісі деп аталады.
Адам компонентті мақал-мәтелдердің семантикалық құрылымы. Ассоциативтік қатынастар негізінде тілдік санада адам болмысы туралы жалпы түсінік қалыптасады. Ол түсінік тіл иесінің ақиқат шындықты тануымен, образды ойлаумен тығыз байланыста болады және тілде бекіп, сақталады. Адам айнала қоршаған шындықты танумен , образды ойлауымен тығыз байланыста болады және тілде бекіп, сақталады.
Адам жеке басының және қоғам өмірінің өлшемі етіп мәңгілік уақытты алады. Адамның іс-тәжірибесінің қорытынды-нәтижесі мәңгілік уақыттың сәт, шақ, мезгіл, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, дәуір, кезең т.б. болып келетін уақыт өлшемдерімен өлшенеді. Заман да - уақыт қиындысы. Заман ұғымы арқылы нақты бір кезеңде бірлесе тіршілік етіп, бірігіп қоғам құрушы адамдар қауымдастығының қоғамдық, әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани, мәдени қатыстылығы тілде адамзат тарихының белгілі бір даму кезеңіндегі әлеуметтік, қоғамдық мәдени факторларды сипаттайтын кең ауқымды мағыналық- мазмұндық шоғырлардың бір-бірімен түйісі түрінде көрініс береді.
Тілдегі Адам бейнесінің лингвогендерлік негізі. Дүние суретінде кескінделетін Тіл: Адам: Қоғам үштігі аралық қатыстылықтың тілдік және әлеуметтік-мәдени негізін айқындауда жыныс категориясына көңіл аударудың маңызы зор. Өйткені адамдардың жыныстық ерекшелігі олардың қоғамдағы атқаратын рөлімен тығыз байланысып келіп, әлеуметтік-мәдени іс-әрекетінің нәтижесінде қайтседе ықпал етеді. Демек тілдегі адам бейнесі Әйел - Еркек семантикалық оппозициясының лингвогендерлік және лингвомәдениеттанымдық негізі тұрғысынан сипатталады.
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі. Еркек-Әйел бинарлық жұбы кез келген халықтың дүние суретінде бейнеленген универсалды-әмбебап құбылыс және адамзат мәдениетінің түпкілікті іргетасы болып табылады.
Әйелдің ер адамның қабырғасынан жаратылғаны туралы, немесе әйелдің қоғамдағы әлеуметтік орнын үй іші тіршілігімен байланыстыратын, ал ер адамды от басы, ошақ қасынан тыс , сырттағы тірліктің иесі деп танитын түсініктер қазақтың мәдени құндылықтар жүйесінен де орын алады.
Фрейм - жадыда сақталған түсініктер мен санада қордаланған білім құрылымының типі, сондай-ақ адамның өмірлік құрамына лексикалық мағына, энциклопедиялық және экстролингвистикалық білім енеді.
Сонымен қазақтың паремиологиялық дүние суретінің гендерлік негізі адамның әйел-еркек болып бөлінісін адам жаратылысы жайындағы мифтік-діни таныммен түсіндіре келіп, жыныстық бөліністі еңбек бөлінісімен, оны әйел және ер адамның қоғамдық әлеуметтік статусымен ұштастырып, паремиологиялық дүние суретіне этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этномәдени сипат дарытады.
1. Еркек және әйел бинарлық жұбы және аралық микрофреймдік қатынастар. Қазақ паремиологиясында әйел және еркек конйептерінің тілдік сипаттамасы ұл-қыз, ата-ана, әке-шеше, қыз-жігіт, қалыңдық- күйеу жігіт, келін-күйеу, келіншек-ер азамат, қатын - бай т.б. әлеуметтік- статустық рөлдердің өзара байланысын бейнелейтін әлеуметтік тұрмыстық , әлеуметтік- салт-дәстүрлік, әлеуметік - психологиялық мазмұндағы көпдеңгейлі микрофреймдік тармақтар тұтастығына негізделеді.
Қорыта айтқанда, адам санасындағы танымдық және мәдени деректерді жинақтап, реттеп отыратын фреймдер ірі-ірі концептер аралық байланыстарды тұйықтап, концептуалдық жүйені тілдік жүйемен жалғастырады. Фреймдер іштей микрофреймдік құрылымдарға жіктеле келіп, адам санасы мен жадына сақталған білім қорының концептуалдық элементтерін тіл бірліктерінің семантикалық- ассоциативтік өрісіне жинақтайды. Сондықтан да еркек - әйел бинарлық оппозициясына тізбектеле байланысуының нәтижесінде паремиологияда адам мәдениеттегі адаммен үнемі салғастырылып отырады, яғни рілдік қолданыста паремиялардың түсінікті болуы оның жалпы мағынасына ғана емес, паремия құрамындағы әр компоненттің микрофреймдік құрылымына да тәуелді болады.
Ғалым Байғұтова Ақлима Мархабатқызы Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты атты авторефератында Қазақ әйелі концептісін ашуда психолингвистикалық талдау жүргізу барысында ассоциация тәсілінің тиімділігін айқындайды.. Соған орай біз қазақ әйелі концептісінің аясына кіретін бірнеше стимул сөздерді 200 информантқа ұсындық. 17-40 жас аралығындағы қазақ тілді азаматтардан алынған жауаптар негізінде түзілген қазақ әйелі концептісінің ассоциативтік өрісі төмендегіше:
әйел - ана , әдемі, ақылды, жақсы, адам, сүйкімді, алу, жар, сұлу, сымбатты, адал, апайлар, асхана, әпше, балалардың анасы, қатын, нәзік жанды, әлсіз, махаббат, отбасының тірегі, тұрмысқа шыққан, екіқабат, қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады, үйдің ырысы, шашы ұзын, орамал таққан, мінезі жұмсақ, баланың анасы, бетіне әжім түскен, уайымшыл, өмірді жалғайтын күретамыр, мұғалім, Әйел ашуланса, қазан қайнатар, дауыс шығарып сөйлемейді, төзімді, еркек - бас, әйел - мойын, ұқыпты , қатын, шөпжелке, салпыетек, бәйбіше, тоқал, күндес жаман әйел - қатыгез, өгей шеше, бетпақ, адуын, ұрысқақ, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын, безбүйрек, көкек ана, тастанды бала, қонақты жақтырмайтын, әдепсіз, енесімен сағат сайын ұрсатын, қатыгез, өсекші, қыдырымпаз, өркөкірек, қырсық, мақтаншақ, кеш тұрып, сиырлары өрістен қалып қоятын, қазақ қызы - шашында шолпы, әдемі, тәрбиелі, беті сүттей аппақ, Баян, Қыз Жібек, Тоғжан, Ақбілек, әшекей тағынған, шашы қара, қой көзді, тілін, ділін құрметтейді, қызыл, қызғалдақ, гүл, басқан жерінде із қалмайтын, білектей бұрымы бар, үкілі тақия, қапсырма тағатын, тал шыбықтай бұралған, Мәншүк пен Әлиядай, Қызға қырық үйден тыйым, Қыздың жолы жіңішке, бойжеткен, қылықты, қазақ әйелі - инабатты, ізетті, сыпайы, көркем, сергек, байсалды, тәрбиелі, ұлттық дәстүрді сақтайтын, өмірдегі бар қиындыққа шыдайды, ибалы, үй шаруасымен айналысатын, камзолы жарасымды, ерінің айтқанынан шықпайтын, бесік, бала тәрбиелейтін, ешкімнің алдын кеспейтін, Гүлбаршын, Құртқа, сәукеле киген, өз орнын білетін, жұбайын сыйлайтын, пысық, икемді, Бақытсыз Жамал, Ғ. Мүсірепов, Ұлжан, Ұлпан, Ер ана, Әмина Өмірзақова, Әйгерім, етек-жеңін жапқан, ажарлы, ана - ақ сүт, уыз, жақсы көретін, жақсы, мейірімді, бауырында баласы, қадірлі, бақыт, ең жақын адамың, әдемі, ақылды, қамқоршы, ардақты, асхана, тамақты дәмді істейтін, жер-ана, Отан-ана, алтыннан қымбат, ауыл, ананың ақ сүті, мені өмірге әкелген, дүниені жаратушы, отбасы ұясы, ұрпақ тәрбиелейтін, ақ жаулықты, жанашыр, бесік жыры, әлди, түн ұйқысын төрт бөлген, ананың көңілі балада, алақаны ыстық, Домалақ ана, Боранды бекеттегі Найман ана, бұлақ, әже - әкемнің шешесі, мамамның шешесі, апа, мейірімді, жақсы, кәрі, кемпір, ақылшы, түсінетін, алақан, кимешек, ұзын ақ орамал, кең көйлек, ұзын көйлек, камзол, ата, ауыл, ең құрметті, ертегі, қорғаныш, немере, үйдің жанашыры, қамыр, бауырсақ, науат, өрік-мейіз, кәмпит, үнді шайы, тәтті тамақ, қамқоршы, немере бағатын, Зере, Айғаным, мәсі-кебіс киген, нұрлы жүзді, өсиет айтады, шұлық тоқиды, ұршық иіреді, жүн түтеді, сақина-білезік таққан, ырымшыл, ою-өрнек құрайтын, ене - күйеуінің анасы, келіннің анасы, байсалды, келінін қызындай көретін, келін ененің топырағынан жаралған, жол көрсетеді, білмегеніңді үйретеді, тәрбиелейді, басқан ізіңді аңдиды, жамандайды, шағыстырады, айтқыш, баласын қызғанғыш, жеңге - келіншек, ағаның жары, қайын сіңлі, қайын іні, жайдары, ақылшы, сырлас, Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан, мұңдас, қатал, ақ пейіл, іші тар, аяулы жан, майда сөйлейді, Ботакөздегі Ақбала, қарапайым, он саусағынан өнер тамған, күлімсіреп шай құяды, ақ жарқын, қайынәпке - күйеуінің әпкесі, жасы үлкен, мейірімді, жанашыр, ақылшы, адуын, жиі төркіндейді, ұрысқақ, шағыстырады, үйіңнің сыйлы қонағы, екі жақты жарастырушы, жұмсағыш, көп сынайды, қайынсіңлі - қыз, әдемі, күйеуіңнің қарындасы, сырын айтады, ерке, шағыстырады, Еркеқыз, Шырайлым, еркетотай, өркөкірек, бұйырғыш, жеңгенің көмекшілері, кемпір - қария, көпті көрген, жасы келген, таяқ сүйенеді, беті әжім, әлсіз, ашуланшақ, ұрысқақ, өкпелегіш, ақыл айтатын, шашы ағарған, мыстан кемпір, жалмауыз кемпір, әлі кеткен, қалада саябақта серуендейді, ауылда гәпке барады, ұршық иіреді, жүн сабайды, киіз басады, күлдей күңгірт шашы бар, тоқсан бесте жасы бар, тасбиық санар үгіліп, жерге қарап үңіліп, келін - бөтен отбасынан келген, жас, әдемі, шымылдық, беташар, шашу, Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда, ерте тұратын, сиыр сауатын, нан жабатын, сәлем салатын, сүйкімді, сәлемі түзу, Ұят болмасындағы Айгүл, Гауһартастағы Салтанат, Төлебидің келіні Данагүл, ұялшақ, ұяң, сызылған, самаурын қайнатады, есік алдын сыпырады.
Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге үңілсек, олардың қазақ мәдениетіне тән ассоциациялар екені байқалады. Сонымен қатар эксперимент Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары орын студенттері мен аталған облыс тұрғындарынан алынғандықтан, жергілікті халықтың менталитетіне, салт - дәстүр ерекшелігіне сай ассоциациялардың басым екенін атап өткен жөн.
Және осыған байланысты: Адамның сезім мүшелері арқылы қабылданған ақпараттардың негізінде ассоциация туындайды деген И.М.Сеченовтің пікірі назар аударарлық. Ғалымның зерттеулерінде сезіну ассоциациялары деп аталады.
Себебі, сезіну ассоциациялары адамның өмірі мен тәрбиесі негізінде қалыптасып, дами отырып, елестетутүсіну ассоциациясына, соңғы ассоциацияға, күрделенген ассоциация түріне ұласады. Барлығы жинақтала келе, себептік тізбегіне қарай сыртқы әлемге тәуелді болады, соған сәйкестендіріледі. Бұның нәтижесі пайымдау барысында, ой жинақтау барысында өзара байланысқан ой жүйесін құрайды. Сондықтан да ассоциация заңдылықтары қалау және сезіну қабілеттерімен үйлесіп жатады. Осындай таным үрдісінде міндетті түрде адамның эмоционалды күйі, күш-қуат деңгейі, жалпы тұлғалық қасиеттері мен мінез-құлқы көріне бастайды. Сыртқы әлемді тану барысындағы адам миының рефлекторлық қызметі жүрген сайын ассоциациялардың шеңбері кеңейіп, тізбектік сипатқа ие болады. Егер бір ақиқат дүниеге берілген ассоциациялар қоры мол болса, олар ассоциациялық қатарлар мен тізбектерге түзіледі.
И.М.Сеченовтың пайымдауынша, шексіз және әр алуан сезіну ақпараттары мен ассоциациялардан ақиқат дүниенің ерекше мәнді мазмұны қалыптасады. Сезінудің өзі - адамның санасы мен танымын жетелейтін бір элемент. Сезіну ассоциациясы - бұл адамның индивидуальді тәжірибесін сақтаушы із, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz