Радиацияның организмге әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Иондаушы сәулелер әсерінде дамитын аурулар
2.Сәуле ауыруы
3.Радиацияның организмге әсері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Иондаушы сәулелер өндірістің көптеген салаларында , медицинада, биологияда кеңінен қолданады. Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. Радиациялық зақымдануға душар болған малдар тек оның өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткізу үшін, радиациялық зақымдану кезінде организмде қандай өзгерістер болатынын; ионизациялық сәулелердің түрін (Гамма- бета, альфа сәулелер мен нейтронды ағым; радиоактивті заттардың организмге өту жолдары; сәулену дозасын білу өте қажет.
Горизонтовтың тұжырымы бойынша радиоактивті заттардың әсерінен организмде жүретін құбылыстарды 3 топқа бөледі: радиосегментік, радиозақымдану және компнсаторлық (орнына келу) процесстері.
Г.Г. Воккенің тұжырымы бойынша, радиозақымдану дегеніміз - органның не болмаса бүкіл организмнің қызметін бұзып, структуралық өзгерістер тудыратын радиацияның ең аз мөлшері (дозасы).
Ауыл шаруашылығы малдарының радиозақымдануы 150 Р дан 400 Р- ға( тауық, қоян) диапазонда болады.
Бұдан радиосезгіштік пен радиоактивтік зақымдануға мынандай факторлар әсер етеді: малдың жасы, салмағы және организмнің ерекшеліктері, сәулену санына, әсіресе сараптаудан өткізу үшін- сәуленудің түрі (сыртқы, ішкі,аралас).
Сыртқы сәулену: дегеніміз организмге түсетін сәуленің көзі сырттан ( басқа жақтан) ауадан келіп түседі. Бұлар ядролық жарылыстың радиациясы организмді қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терісінде болады.Бұндай сәулену кезінде өте қуіпті деп гамма- сәулелер мен нейтрон ғымы есептелінеді (бета-ыдырау альфа-сәулелер)
Ішкі сәулену: Радиактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері ақылы организмге өту салдарынан ішкі сәулену болады. Бұл сәулену кезінде керісінше альфа- сәулелер өте улы деп есептелінеді, үйткені салмағының ауырлығы мен энергиясын байланысты 1 см жолда 100-250 мың қос ионын түзеді, ал бета- сәулелер 50-100 қос ионын, ал гамма- квант барлығы 6 -10 қос ионын түзеді. Осыдан қортынды шығарсақ, осылардың ішінен өзіндік өте жоғары ионизацияны альфа сәулелерде болғандықтан радиоулығы да өте жоғары деп есептелінеді.
Ауыл шаруашылық малдарының радиозақымдануға шалдығу дозасы ( ішкі сәуленуде) 3-5 м Кикг.
Егер сәулену сыртқы болса, өнімнің сапасын анықтағанда тек органолептикалық, патологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық, зерттеулер жүргізілсе, ал ішкі сәулену кезінде ветеринариялық - санитариялық көрсеткіштерге қосымша радиометриялық зерттеулер жүргізілуі керек.
Аурудың қысқаша барысы. Ионизацияның сәулелердің адамдар мен жануарларда радиозақымдануға ұшыратып, өте күрделі патологиялық процесске - сәуле ауруына ұшыратады.
Ионизцияның сәулелердің белсенділігі - сәуле дозасына, сәуле дозасының сіңу күшіне, берілу энергиясына, сәуленің биологиялық тиімділігіне, сәулелердің органдарда таралуына, малдың физиологиялық жағдайына байланысты болады.
Сәулелердің қортынды биологиялық тиімділігін зақымданған малдардың зақымданғаннан кейін 30 күн ішінде өлген малдың, процент мөлшеріне қарап есептейді. Оны ЛД 5030 ( 30 күн ішінде зақымданған малдардың 50 процент) өлген, ЛД 10030;

Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін.
Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмацуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында түрлі кемістіктері бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары және тағы басқа) ауру балалар мен адамдардың саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиабелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организмдер сияқты адамға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері адам организмде ауытқуларды және әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады.

1.Иондаушы сәулелер әсерінде дамитын аурулар
Иондаушы сәулелер өндірістің көптеген салаларында, медицинада, биология да кеңінен қолданлады. Әсіресе атомдық электростанцияда (ФЭС) реакторлары, сүңгуір қайықтардың атомдық двигательдері аса қауіпті. Сонымен қатар яадролық сынақ алаңдары, уран өндіретін рудниктер, радиоактифті қалдықтарды сақтайтын жерлер де қауіпті ауруларға алып келуі мүмкін. АҚШ-тың Жапонияға тастаған атомдық бомбалары мыңдаған адамның өліміне себеп болғаны мәлім. Чернобыль АЭС-і реакторы ның жарылуы оны сөндіруге, кейін радиоактивтік қалдықтарды жерлеуге қатысқан көптеген адамдардың сәуле ауыруына шалдығуына себеп болды. Ал реактор төңірегіндегі жер, су әлі күнге дейінрадиоактивті сәулелер көзі болып отыр. Иондаушы сәулелердің аз мөлшері ұзақ уақыт әсер еткенде сәуле ауыруына немесе организмде әртүрлі ісіктердің дамуына соқтырады. Мысалы рентгенологтарда сәуле ауыруы немесе терінің ісігі қатерлі кәсіптік сырқат түрінде даму мүмкін.
Көптеген радиоактивті изотоптар өзінен α және β бөлшектер бөліп шығарады. Олар организмнің ішіне түскенде ғана қауіпті, себебі олар денеге терең бойлап кіре алмайды. Сырқат ортадан организмге тікелей ене алатын сәулелерге γ, рентген, космос сәулелері және нейтрондар жатады. Сәулелердің организмге әсері олпрдың дозасына байланысты.
Иондаушы сәулелер әсерінде жасушалар, тінде атмдары қозып және ионданып организмде жаңа энергия көзі болып табылады. Ол тізбекті реакция басталуының бірден- бір себебі. Мал организмі үшін су иондаушының маңызы өте зор, себебі барлық жасушалар, тіндер құрамында су бар. Жаңа пайда болған электірлі белсенді иондар, еркін радикалдар, күшті тотықтырғыштар организмдегі көптеген биохимиялық реакцияларды, ферменттер жүйесән бұзып, зат алмасу жүйесін ерекше өзгертеді. Биохимиялық өзгерістр морфологиялық өзгерістерге жалғасып көтеген жасушалар, әсіресе митоз кезеңіндегі жасушалар күйрейді. Қан жасау жүйесі, жыныс безі жасушаларындағы асқазан ішек , тері эпителиіндегі митоз үдерісі тоқтап, физиологиялық регенерация бұзылады.

Сәуле ауруы
Сәуле ауыруының жедел және созылмалы түрлерін ажыратады. Жедел сәуле ауыруы организмге әсер еткен сәуленің мөлшеріне байланысты жеңіл, орташа ауыр және өте ауыр түрде өтеді. Халықаралық өлшем бойынша сәуле ауыруының жеңіл түрі 1,2-2,0 Грей, орташа түрі 2,0-4,0 Гр, ауыр түрі 4,0-6,0 Гр, ал өте аур түрі 6,0 Грейден артық сәуле әсер еткенде дамиды.
Жедел сәуле ауыруының потологиялық анатомиясы мен потогенезі. Жедел сәуле ауыруының потогенезінде жоғарыда айтылған фактілермен бірге мына жағдайларды да мына жағдайларды да есепке алу шарт. Жедел сәуле ауыруы көбінесе атомдық бомбалар мен реаторлардың жарылуына байланысты дамиды. Бұл жағдайда оранизмге иондаушы сәулемен бірге оте жоғарғы температурада және әртүрлі жарақаттар қосыла әсер етеді. Олар сәуле ауыруының дамуына тездететін және әр түрлі қосымша асқынуларға соқтыратын факторлар болып есептеледі. Мысалы терінің күюіне байланысты пайда болып қанға сорылатын заттар жалпы токсемияны күшейтеді.
Сәуле ауыруына тән белгілердің бірі - иммундық жүйедегі өзгкерістер. Бірінші сағаттардың өзінде тимустағы ядролы жасушалар саны күрт азаяды. Бірінші тәуліктің аяғында тимустың аяғында тимустың қыртысы қабатындағы Т- лимфоциттердің 90% жойылады. Қандағы иммуноглобулиндер мөлшері те аз төмендей бастайды. IgG-нің мөлшері қалыпты жағдайының 2,5-9,5% ғана құрайды. Қанда лейкоциттер саны да өте азайып кетеді. Міне осы жағдайда аутоинфекцилардың қозуына кең жол ашылады.

Қазіргі кезде жедел сәуле ауыруының: 1) қан жасау ағзаларының зақымдануы басым; 2) ішектік; 3) токсемиялық; 4) милық түрлерін ажыратады.
Ауырудың қан жасау ағзаларының зақымдануы басым түрініңбағаналық жасушалардың жойылуымен, осыған байланысты жетілген жасушалар пайда болуының бәсеңдеуімен түсіндіріледі. Бұл кезде сүйек майындағы жасушалар орнын май басады, қан элементтерінің бәрі дерлік жойылып (панмиэлофитиз), ол жерде тек ретикулярлық жасушалар ғана қалады.
Сәуле ауруының ішектік түрі грам - теріс бакстериялардың күйреуі нәтижесінде эндотоксиннің ғана көп мөлшерде түсуіне байланысты ішек эпителийнің зақымдануы, осы жерде некрос ошақтарының, ойықшалардың пайда болуына соқтырады. Осындай өзгерістер ауыз қуысында (шіріктік немесе гангреналық стоматит, глоссит, некроздық баспа) асқазанда, тоқ ішекте де байқалады.
Аурудың улық әсері басым токсимиялық түрі көбінесе сәуле ауруына терінің күюі, осы аймақтан гистиогендік улардың қанға сорылуы күшейгенде ұшырайды. Осы жағдайда су-тұз және белоктық заттар алмасуы тез арада бұзылып бүйрек қызметінің жедел жетіспеушілігі дамиды. Оған циркуляторлық (қан айналымының бұзылуына байланысты) гипоксия қосылады.
Иондаушы сәуле дозасы 100 Греге дейін жеткенде нерв орталықтарының тікелей зақымдануы байқалады. Мида ісіну белгілері, нерв жасушаларында дистрофиялық және некробиоздық өзгерістер дамып, тыныс алу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулелі ауру және радиацияның адам ағзасына әсер етуінің басқа да салдары
Иондаушы сәулелердің қан және қан түзу ағзаларына әсері
Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай
Радиацияның адамға әсері
Сәуле ауыруы
Радиациялық және химиялық қауіптілік
Радиацияның ұрыққа әсері
Қоршаған орта және табиғи радиация
Жануарлаодың радиациялық патологиясы
Адамға сәуле алудың қауіпі
Пәндер