Буын алмасу үдерісін ерекшелеу - буын түрлерін ерекшелеудің басты сипаты
Тақырып: Қазақ тіліндегі буын және оның түрлері
Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Қазақ тіліндегі буын және оның түрлері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Буын (фонетика) -- сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды.

Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылу заңдылықтарының дыбыстық жүйеге негізделетіні тілдегі құбылыстарға ғылыми тұжырымдар жасау әрекеттерін күрделендіре түседі. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұсынған қағидалар уақыт өте келе тілдік қолданыстағы қайшылықтарға себеп болады. Тіл біліміндегі ғасырлар бойы сұрыпталған заңдылықтар кейбір ережелердің шеңберіне сыймай жатады. Бұл - қалыпты құбылыс. Ғылыми зерттеу үдерісі мен оқыту үдерісі үнемі сәйкестік тауып, үйлесімді нәтиже бере бермейді.Әсіресе, ғылыми зерттеу нәтижесінің шынайылығы оқыту үдерісі барысында айқындала түседі. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тіліндегі буын мен оның түрлеріне берілген анықтамалар мен ғылыми тұжырымдар да оқыту үдерісі кезінде көкейкесті мәселелер туындатады. Фонетика саласының аясында ерекшеленетін буын және оның түрлері ережелік деңгейдегі нақты анықтаманы иелене алмай келеді.Оқулықтардағы ережелерден аңғаратынымыз - буынның жазылуда емес, айтылу кезінде ажыратылатындығы. Назар аударайық:
- Сөздегі бір дауыстының я дауысты мен дауыссыздардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын деп атайды 1;
- ...сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады 2;
- Сөздерді айтудағы дауыс құйылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқынын буын дейді 3.
Бұларға қоса, буынды айшықтай түсетін шарттар беріледі:
- Буынды дауысты дыбыстар ғана жасай алады;
- Қанша дауысты болса, сонша буын болады;
- Жалаң ашық буын мен тұйық буындар сөздің ортасында, соңында келмейді;
- Сөздер буын арқылы ғана тасымалданады;
- Сөздер тасымалданғанда келесі буын дауыстыға басталмайды.
Осыншама қағида оқулықтардың бәрінде бірыңғайлық сипат алады. Бұларды білген оқушының буын мен оның түрленуінен қателік жіберуі мүмкін емес секілді көрінеді. Егер қанты сөзі неліктен қа-нты, жойқын сөзі неліктен жо-йқын болып бөлінбейді десеңіз, оған да жауабы дайын. Өйткені, ереже бойынша қатар келген екі дауыссыздың екіншісі келесі буынға көшеді.Бұл- буынның жылысуы.Сонымен қатар, буын қос дауыссызға басталмайды деген ережеміз тағы бар. Бірақ, буын туралы ережелер көбейген сайын, буын ұғымын түсіндіру қиындай түседі. Суық, қуақы, туынды, қиын, киім, қиық сөздерінінің су-ық, қу-а-қы, ту-ын-ды, қи-ын, ки-ім, қи-ық түріндегі буынға бөлу үлгісі беріледі 4.Бұл үлгі жоғарыда көрсетілген ережелердің бәріне қайшы келеді; келесі буынның дауыстыға басталмайтындығын, жалаң және тұйық буындардың сөз ортасы мен соңында келмейтіндігін, айтылу кезіндегі сөздердің толқынды бөлшегін жоққа шығарады. Бұның бәрі буынға берілген анықтаманың негізінде күмәнді тұстардың бар екендігіне мегзейді. Өйткені, буынға берілген ереже оны оқыту барысында екінші рет еске алынбайды. Буынның түрлерін сұрыптағанда да буынның ережесі естен шығарылып, тек дауысты мен дауыссыз дыбыстардың қатар келуіндегі орын тәртіптері ғана қағидалық мәнді иеленуге сеп болады. Жалаң ашық буын мен тұйық буындардың неліктен сөздің ортасы мен соңында келмейтіндігі туралы ешқандай түсінік берілмейді.Шынында да, неліктен бұлай? Шәкірттер тарапынан осындай сұрақ қойылатын болса, ешбір оқулықтан жауап таба алмайсың. Ал оқытушы дұрыс жауаптан жалтара алмайды.Дұрыс жауаптан жалтарса, оқытушы емес.
Яғни, буын сөздердің айтылу барысындағы толқынды бөлшегінен емес, ырғақты бөлшегінен құралатын секілді.Егер сөздің ортасы мен соңында шартты түрде жалаң ашық және тұйық буындарды айтатын болсақ, сол ырғақ бұзылады. Сондықтан, бұл буындарды сөздің ортасы мен соңында келмейді дегеннен гөрі айтылмайды деген жөн сияқты. Буындардың кірігуі немесе буындардың жылысуы дегендердің бәрі - осы айтылу ырғағынан туындаған қағидалар. Ұл ма екен - Ұлмекен, Қара ой - Қарой, Қара ағаш - Қарағаш түрінде біріксе, жалаң ашық буын мен тұйық буынның қағидасына сүйенгендіктен емес, айтылу ырғағы бұзылатындықтан бірікті. Фонетиканың Буын тақырыбын оқыту үдерісінде сол буын сөзінің өзін буынға дұрыс бөліп бере алмаймыз. Мәселенің бәрі дауыссыз бен дауысты дыбыстың арасында келген У және И дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде күрделене түседі. Осы тұста олардың қосарлы дыбыстан тұратынын ерекшелеуге тура келеді. Әрине, олардың емле ережесі бойынша қалай жазылатындығы дыбыстар жүйесін өткенде баяндалып, түсіндіріледі. Бірақ буынға бөлген тұстағы айтылуындағы ерекшелігі үнемі назардан тыс қалады. Буынның фонациялық ауаның қарқынына айтылу ырғағына негізделетін ережесін естен шығарамыз. Сөздің құрамында қосымша жалғанғанда өзгеріске ұшырап отыратын буынның түрі - екі дыбыстан тұратын ашық буын мен бітеу буындар. Өзгеріске ұшырағанның өзінде, олар бірінің орнына бірі ауысады.Егер буын сөзін бу - ын үлгісінде бөлшектесек, қосымша жалғанғанда бу - ы - ны немесе бу - ын - ы қалпына ауысады. Екі нұсқа да ережеге қайшы. Жиын сөзі де жи - ын түрінде алатын болсақ, дәл сондай кереғарлыққа тап болады. Оқулықтарда аталмыш екі дыбыстың (У мен И) әрі жеке, әрі қосарлы болып келетіндігі жайлы көрсетіледі. Бірақ қандай жағдайда ондай ерекшелік иеленетіні нақты айтылмайды.Ал бұл екі дыбыс сөздің басында ғана у дауысты болғанда жеке дыбыс ретінде қызмет атқара алады: у-лы, и-не. Басқа тұста, буынға бөлген кезде, дауысты дыбыс қызметінен айырылады. Осының салдарынан өзінен кейінгі дауыстымен бірігіп айтылады: бұ-уын, жы-йын немесе бұ-уы-ны, жы-йы-ны. Егер осы күнге дейін дәстүрге айналған қағидамыздан айнығымыз келмесе, онда шартты түрде деген ескертуді қайталап отырудан арылмауымыз керек. Бұл жерде бір буынды сөздердің құрамындағы У мен И дыбыстарын дауыстыға жатқызып, ашық буын күйінде ұсынылған тұжырымдарды дәлел ретінде келтіруге болатын шығар. Алайда, оларға дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғағанда дәстүрлі тұжырымдар күмәнді болып қалады.Ойымыздың айқындығын мысалмен көрсетуге болады.
Берілген үлгінің нәтижесі бойынша буынға қатысты төмендегідей жаңа шарттар туындайды :
- Ашық буыннан кейін дауыстыға басталатын қосымша жалғанбайды.Яғни, бу, жу, ки, қи секілді сөздер дауысты дыбысқа аяқталмаған;
- Ашық буындардан кейін тұйық буындар келмейді. Яғни, бу-ын, жу-ын, ки- ім, қи-ын тұлғасындағы буынға жіктеу де қисынға соқпайды.
Сонымен қатар, бу,жу,қу,су,ту сөздерінің ( гу ғана Г - ге қатысты жіңішке ) жуан түбір, ал би,ки,ши,ти сөздерінің жіңішке түбір саналатынын да назардан тыс қалдырмауға тиіспіз.Бұл жерде басқа тілден енген поэма, поэзия, геометрия, биология секілді кірме сөздерді салыстырмалы түрде ұсынудың қажеті шамалы. Олар қазақ тілінің буын ырғағына бағынбайды. Қазақ тілін оқыту үдерісі барысында осындай күрделілік тудыратын құбылыстарды шәкіртке түсіндіру, олардың біліктілігін жан-жақты жетілдіріп отыру оқытушының басты міндеті болып саналады. Ғылыми тұжырымдар мен қағидалардағы кемшін тұстар келесі ғылыми зерттеу жұмыстарында түзетіліп, нақты шешімін табуы мүмкін. Ал оқыту үдерісі кезіндегі әдістемелік қателік кейін дұрыс шешімін тапса да, шәкірт үшін кеш болады. Сондықтан, өтілген тақырыптардың оқытушы үшін де, шәкірт үшін де күмәнді тұстары болмағаны жөн. Тақырыпты меңгертудің барлық амал-тәсілін қолданып, тосын немесе төтенше сұрақтар қойылмайтындай дәрежеге жеткізгенде ғана жиі айтылып жүрген инновациялық талап мүддесін қанағаттандыра аламыз. Тақырып меңгертудегі амал-тәсіліңіз де таптаурындықтан арылған, тосын құбылыстық деңгейінде болып жатса, құба-құп. Мысалы, У және И дыбыстарының қосарлылығы туралы жоғарыда келтірілген дәлелдер жеткіліксіз болып жатса, сын есімнің күшейтпелі шырайының жасалу жолын ұсынуға болады. Күшейтпелі шырайдың күшейтпелі буыны сапалық сын есімнің алғашқы дауысты дыбысына (оқулықтардағыдай алғашқы буынына емес) - п жұрнағының жалғануы арқылы жасалатынын білеміз. Осы тұста алғашқы дауысты дыбыс тіркесіне ерекше назар аудартқан жөн. Содан соң биік, жуас, қу, суық, типыл, тура секілді сын есімдерді күшейтпелі шырайға өзгертеміз: біп-биік, жұп-жуас, құп-қу, сұп-суық, тып-типыл, тұп-тура. Осылай айтамыз, осылай жазамыз. Сонда күшейтпелі буынның құрамындағы - ы, - і, - ұ дауыстыларының қайдан пайда болғанына күмәнмен қарауымыз керек пе !? Жоқ, керісінше, орфографияның ережеге негізделетінін, орфоэпияның заңдылыққа негізделетінін үнемі ескертіп отырудан танбағанымыз дұрыс.Әрине, біз ережемен бекітілген емле қағидаларына қарсы шығудан аулақпыз. Біз оқытушы ретінде шәкірт көңілінде Бұл қалай? деген сұрақтың қалмағанын ғана құптаймыз.Біз тек ережеге сай келмейтін мысалдарды оқыту үдерісі кезінде дұрыс бағытта өзгертуге әрекет жасаймыз. Әсіресе, буын мен оның түрлерін меңгертуде бұндай жағдайлар жиі ұшырасатынын жеткілікті түрде ұсынуға тырыстық.Бұларға қоса, күрделі сөздердің құрамындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz