Лабораториялық жұмыстар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

Оразаның түрлері және олардың ерекшеліктері

Қабылдаған: Жахангир Нурматов
Дайындаған: Шамитдинова Динара

Түркістан 2022

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Ғылымның жіктелуі
2.2. Ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері
2.3. Ғылыми зерттеудің құрылымы және сатылары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

I. Кіріспе
Ғылым - бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Ғылымның екі негізгі функциялары сипатталады: ақпараттық және практикалық. Бұрын жинақталған білім жəне жүйе ретінде бұл мүмкіндіктер ғылымға сәйкес, ақпараттық жүйенің объективті шындығы одан әрі білім үшін негіз ретінде қызмет етеді және практикада себепті өтінім ретінде қолданылады. Ғылым үш ажырағысыз элементтерден тұрады: жинақталған білім, адам іс-шаралары мен мекемелер.
Ғылыми білімдер жүйесі кітаптар, журналдар мен басылымдар басқа түрлері жазылған оқиғаларды, болжап, ғылыми ұғымдар, гипотезаны, заңдар, эмпирикалық ғылыми фактілер, теориялар мен идеяларды анықтайды. Бұл жүйелі тәжірибе мен ғылыми білім ұрпақ үшін ең маңызды, оның маңызды белгілері мен топтары бар. Олар :
Әмбебаптығы, яғни ғылыми нәтижелері, осы қызметтің елге, бүкіл қоғамға ғылыми білімді жиыны аталады. Қоғамдық меншік - жүйе ретінде əр адамға қажетті, пайдалы болуы мүмкін.
Сенімділік ғылымның фактісі. Білім жүйесі тек әрбір факт, білім мен белгілі заңдар немесе теорияларды тергеу кезінде сенімді шындықты анықтау үшін тексеретін ғылым.
Қайталануы құбылыстың, тығыз, сенімділігімен байланысты. Зерттеуші, яғни, басқа ғалымдар құбылыс үшін ашық кез келген құралдарын қайталауға болады. Онда сипаттағы белгілі бір заңдар болып табылады және ашық іс-шара ғылыми білім жүйесінде енгізілген.
Білім жүйесінің тұрақтылығы. Білімнің ескіруі гипотезаны қабылданған жинақталған материалдан немесе дәлсіздіктер жеткіліксіз тереңдегі зерттеу көрсетеді.
2.1. Ғылымның жіктелуі
Ғылымның жіктелуі - белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы - бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.
Мысалы, атом - физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула - химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.
Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи дене мен құбылысының бағытталған өзгерісі туралы, құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау әдістері туралы білімнің ерекше жүйесі.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым әр түрлі түрлерге жіктеледі.
Ғылым салалары
Физико-математикалық ғылым
Химиялық ғылым
Биологиялық ғылым
Техникалық ғылым
Ауылшаруашылық ғылым
Экономикалық ғылым
Философиялық ғылым
Заңды ғылым
Педогогикалық ғылым
Медициналық ғылым
Фармацевттік ғылым
Ветеринарлық ғылым
Өнертану
Архитектура
Психологиялық ғылым
Социологиялық ғылым
Саяси ғылым
Мәдениеттану
Жер туралы ғылым (геология, мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау, ұңғыманы бұрғылау мен игеру технологиясы, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану, қазба байлықтардың теңіз кеніштерінде игеру технологисы, мұнай газ құбырының пайдалануы мен құрылысы, т.б.)
1.2. Ғылыми зерттеулердің негізгі түрлері
Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:
1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
2) қаржыландыру көздеріне байланысты
3) мақсатына байланысты
4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
5) зерттеу ұзақтығына байланысты
Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі: жаңа технологиялық үрдістер, машиналар, құрылыстар, өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек шартының жақсаруы, жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.
Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер:
- мемлекеттік бюджетті
- өндірісті-келісімдік
- қаржыландырылмайтын
Мемлекеттік бюджетті ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.
Өндірісті-келісімділік зерттеулері өндірісті келісім-шарт негізінде тапсырыс беруші мекеме қаржыландырылады.
Қаржыландырылмайтын зерттеулер келіссөз туралы келісім-шарт негізінде орындалады.
Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер
Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты - адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
1) іздеу
2) ғылыми зерттеу
3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.
Өндірулер
Қолданбалы және бастамалы зерттеулер нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық ақпарат қалыптасады. Мұндай ақпаратты өндірісте пайдалануға бағытталған мақсатты үрдіс өндірулер деп аталады. Бұл - жаңа техника, материал, технология немесе олардың дамуына бағытталады. Өндірулердің соңғы мақсаты қолданбалы зерттеу материалдарының өндіріске енуін қадағалау.
Ғылыми кадрларды даярлау және пайдалану жүйесі
Магистратура
Аспирантура
Докторантура
Диссертация қорғау
Квалификация өсіру
Стаждау
Магистратура
Магистр сөзі - латын сөзінен шыққа ол тәрбиеші, оқытушы, жетекші деген мағынаны береді. Орыс тіліндегі аудармасында ол өз ісінің шебері дегенді білдіреді. Ертеректе магистр -- бұл батыс -- еуропаунверситетінің философия факультеттеріндегі докторлық дәрежеден сәл төмен тұратын оқу дәрежесі. Қазіргі ағылшындық - американдық жоғарғы білім жүйесінде магистр дәрежесі бакалавр мен ғылым докторыаралығындағы орынды иемденеді.
Ресейде магистірлік оқу дәрежесі 1803 жылы кандидат және ғылым докторы дәрежесі қатарына енгізілді. Бұл дәрежеге ие болған тұлғалар кафедра басқаруға құқылы болған.
1884 жылы ғылым кандидаты алынып тасталынды. Осы уақыттан бастап Ресейде тек екі оқу дәрежесі -- магистр және ғылым докторы ғана аталды. 1917 жылғы Ресейдегі төңкерістен кейін оқу дәрежелерінің барлығы дерлік жойылды. Алайда, 1934 жылы кандидат және ғылым докторы оқу дәрежелері қайта құрылды. Магистр дәрежесі болған жоқ. Ал, Қазақстан Республикасының жоғарғы білім құрылымында магистрдің академиялық дәрежесі 1994 жылыенгізілді және ғылыми деңгейі бойынша бакалавр дәрежесінен соң және ғылым кандидаты дәрежесінің алдында тұрады.
Бұл дәреже оқу емес академиялық болып табылады, ол жоғарғы оқу орнын бітірушінің білімін көрсету және оның ғылыми қызметкер ретіндегі икемі мен дағдысының қаншылықты бар екендігін куәландырады.
Магистр дәрежесі ғылыми - зерттеу немес ғылыми - педагогикалық әрекетке бағытталған.
Магистрлік жұмысы және таңдалған тақырыптың нәтижесін көрсетуші. Магистрлік жұмыста алынған нәтижелердің жиынтығы оның авторының таңдаулы кәсіптік әрекетінде бастапқы ғылыми дағдыларының бар екендігін көрсетуі қажет.
Магистірлік жұмыс кандидаттық және докторлық диссертациялармен бірнеше белгілеріне қарай ұқсас, бірақ толық мағынасында ғылыми туынды деп атауға келмейді, дегенмен магистірлік дайындық - бұл аспирантураға түсуге, ары қарай кандидаттық диссертацияға дайындауға апаратын ғылыми - зерттеу әркетенің бірінші баспалдағы.
Ол зерттеу жұмыстарын үлгілеу негізіндегі оқу -- зертеу жұмысатарының қатарына жатқызылуы қажет. Магистрлік жұмысқа дайындау мен оны қорғау процедурасы барынша қарапайым. Мысалы, ғылыми басылымдарда алынған нәтижелердің жарық көруі, авторефераттардың дайындау міндетті түрде талап етілмейді, Мемлекеттік квалификациялық комиссияға құжат өткізуді қажет етеді.
Аспирантура
Ғылыми және ғылыми - педагогикалық мамандарды дайындаудың негізгі формасы - ғылыми - зерттеу институттары мен жоғарғы оқу орындарында ашылған, аспираттарға жетекшілік етуді қамтамасыз етуге қабілетті жоғарғы дәрежелі ғалымдар жұмыс жасайтын аспирантура болып табылады. Аспирантура арқылы мамандар дайындау белгіленген номенклатураға сәйкес ғылыми қызметкерлердің мамандықтары бойынша жүзеге асады.
Аспирантурада білім алу іштей 3 жыл мерізмінде және сырттай 4 жыл мерзімінде ұйымдасытырылады. Іштей аспирантураға 35 жасқа дейінгі мамандар, ал сыртқы аспирантураға 45 жасқа дейінгі мамандар қабылданады. Іштей аспиратнураға түсу үшін жоғарғы оқу орнын тәмамданғаннан соңғы 2 жылдық жұмыс жасау стажы немесе ғылыми - зерттеу жұмысқа бейімі бар деп ұсынылған жас мамандарға берілетін ЖОО-ның ұсынысы қажет.
Аспирантураға түсу үшін оқуға түсу емтихандарын тапсыру кажет. Оқу процессінде жекелеген белгіленген жоспарларға сәйккес аспиранттар кандидаттық емтихандар тапсырады. Аспиратруға түскендердің әрқайсысына кеңес беріп, жеке жоспардың орындалу барысын бақылап отыратын жетекші бекітіледі. Сондай-ақ аспиранттарға диссертациялық жұмыстың тақарыбы бекітіліп беріледі.
Аспирантураны аяқтау мерзімінде аспирант барлық кандидаттық емтихандарды тапсыруға міндетті және мамандық кеңесіне кандидаттық диссертациясын таныстыруы шарт.
Мамандар диссертациямен жұмыс жасай алатын және аспиратурадан тыс ізденушінің құқытарымен санасуы тиіс.
Ғылым кандидаты дәрежесіне ұсынушылар жоғарғы білімді, диссертациямен жұмыс жасағанда педагогикалық және ғылыми тәжірибесі бар мамандар болуы керек.
Бақылаушылар белгілі бір ЖОО-нан немесе ғылыми мекемеден бекітіліп, кандидаттық емтихан тапсыруға жағдай туғызуды қамтамасыз етеді және ізденушіге ғылыми жетекші берген таңдаулы тақырып бойынша кеңес береді. Диссертация тақырыбын ЖОО-ы кеңесі бекітіп, мақұлдайды.
Докторантура
Докторантура үш жылға дейінгі мерзімде ашылады және оған ғылыми жетістіктерге жеткен, ғылыми-педагогикалық қызметкер ретінде танылған 40 жас шамасындағы ғылым кандидаттары жіберіледі. Докторанттар қажет болған жағдайда басты отандық және шетелдік ғылыми орталықтарға жүгіне алады. Докторантурада оқу мерзімі ғылыми-педагогикалық жұмыс стажына қарай есептеледі. Докторантураны бітірген соң докторлық диссертация қорғалады.
Диссератция қорғау
Диссератция қорғау - диссертациялық тақырыпты жасау аяқталған соң мамандар кеңесіне қорғауға ұсынылатын диссертация толтырылады. Мамандар кеңесінің құрамына оқу дәрежесі бар мамандар мен басқа да ЖОО-нан, ғылыми мекемелерден мамандар тартылады. Әрбір мамандар кеңесіне оның ұйымдастыруымен ғылыми қызметкерлер мамандықтарының нөмірлері бекітіледі, яғни осы кеңес кандидаттың немесе ғылым докторы дәрежесіне ұсыну үшін диссертацияны қорғауды ұйымдастырады.
Диссертацияны барынша сарапқа салу алдын-ала оппоненттер белгілейді: докторлық диссератция қорғағанда үш ғылым докторы және басқарушы ұйым, кандидаттық диссертация қорғағанда - бір доктор, бір кандидат және басқарушы ұйым, мамандар кеңесінің отырысында бұлар өз пікірлері мен ұсыныстарын баяндайды. Диссертация қорғау егер қорғауға қатысқан мамандар кеңесінің жасырын дауыс беру нәтижесінде 50 пайыз болса ғана табысты, сәтті деп мойындалады.
Диссертация қорғаудың нәтижелерін (хаттама, шешім) мамандар кеңесі, өздерінің әрекеттеріне бақылау жасап отыратын ВАК-қа жібереді. Ғылым кандидаты дипломын беру туралы түпкілікті шешімді ВАК мүшелеріқабылдайды. Ғылым докторы дәрежесін беру туралы мамандар кеңесінің шешімі ұсынушы сипаттағы шешім болып табылады, ал ғылым доктор дипломын беру туралы түпкілікті шешім ҚР ВАК Президумы қабылдайды.
Мамандықты жетілдіру
Квалификацияны өсіру - Ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа заманғы жағдайларында өте-мөте маңызды міндет соңғы ғылыми, техника мен мәдениет жетістіктері нәтижелері бойынша мамандар білімін жүйелі толықтыру болып табылады. Осы мақсатпен біздің елде негізінен жоғары оку орындарында ұйымдастырылған, министірліктерге бағынышты квалификацины өсіру институттары мен жоғары оқу орындарында жоғары квалификациялы халық шаруашылығы мамандары, профессорлар мен ЖОО-ның оқытушылары сабақ береді.
Кей жағдайларда әлі сәйкес мамандықтар орныға қоймаған ғылым мен техниканың жаңа бағыттары брйынша тез арада мамандар дайындауды жүзеге асыру қажет болады. Осы мақсатта негізінен басты оқу орындарында ғылыми мектеп базасында күндізгі және кешкі оқу түрімен он айдан екі жылға дейінгі мерзімде арнайы факультеттер ұйымдастырылады. Мұндай факультеттерге дәріс тыңдаушыларды аталған бағыт бойынша мамандар алуға қызығушылық танытқан ұйымдар жіберіп отырады.
Стажировкадан өту
Басты және де басқа ірі жоғары квалификациялы ғылыми кадрлары бар жерлерде аталған сала бойынша квалификациялы мамандарды қажет ететін, ЖОО-қызметкерлері жіберілетін, стажер-оқытушылар дайындау бекітіледі. Мұндай кезде стажер-оқытушы міндеті тек бір мақсатқа қолданылады. Стажер-оқытушының ғылыми жетекшісі сол кафедраның меңгерушісі немесе бір профессоры болып табылады. Әрбір стажерге жеке жоспар белгіленеді. Стажировканы аяқтауға бір ай қалғанда олар стажер-оқытушыны педагогикалық жұмысқа ұсыну мүмкіндіктері туралы арнайы комиссияның аттестациясынан өтеді
Қазақстан Республикасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы болып табылады.
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.
Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады.
Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары
Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми ядросын құрайтын профессорлық - оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойма операциялар есебі бойынша бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандыру жүйесін өңдеу
Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі
Физикалық практикумның мақсаты
Демонстрациялық тәжірибелерді таңдау
Жоғары оқу орындарының студенттері және мектеп оқушыларына арналған атомдық және ядролық физикадан зертханалық жұмыстарды іске қосу
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Заттарды алу есептері
Лабораториялық жұмыстарға қажетті құралдар
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Еңбек технология пәні шеберханасындағы құрал-жабдықтарды пайдалануда физикалық заңдылықтардың алатын орыны
Пәндер