Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері


Мазмұны:
Кіріспе
1 Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
1. 1 Кассадағы нақты ақша: ұғымы, мәні мен мазмұны
1. 2 Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды есепке алуы мен аудиттеудің мәні мен міндеттері
1. 3 Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды есепке алу мен аудиттеуді нормативтік - құқықтық реттеу
2 Кәсіпорын нысанындағы кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2. 1 «Адал Құрылыс Атырау» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2. 2 «Адал Құрылыс Атырау» ЖШС-нің ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру
2. 3 «Адал Құрылыс Атырау» ЖШС-нің кассадағы нақты ақша есебі бойынша операциялар аудиті
3 Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операциялардың аудитін жетілдіру жолдары
3. 1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру
3. 2 2010 жылдың қорытындылары бойынша борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері
Кіріспе
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса - бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.
Ақша қаражаты - кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.
Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражат қозғалысының есебі №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін
қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар - шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.
Курстық жұмыстың мақсаты - ақша қаражатының кәсіпорын үшін маңызын талдау, оның кәсіпорында жүргізу тәртібі мен қозғалысын құжаттық рәсімдеу, кассаның құрылымын талдау, кассалық кітапты жүргізу, касса бойынша есеп беру тәртібі, синтетикалық есебін талдау.
1. Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
1. 1. Кассадағы нақты ақша: ұғымы, мәні мен мазмұны
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-"Кассадағы қолма-қол ақша” бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 452- "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында жүргізіледі.
"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС) .
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол
тізімдемеге: "Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады. ; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 451 - «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-
қол ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
1. 2 Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды есепке алуы мен аудиттеудің мәні мен міндеттері
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде - 1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010 шотының «Операциялық кассадағы қолма-қол ақша» субшоты кредиттеледі.
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн. Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға
тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады. Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға - шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасалуы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде - шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.
1. 3 Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды есепке алу мен аудиттеуді нормативтік - құқықтық реттеу
Бухгалтерлік есептің әдістемелік негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті құжаттар жүйесімен реттеледі. Төрт деңгейлі жүйе бөлініп шығады: заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары; құқықтық нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорын құжаттары.
Есепті реттеу- есеп жүйесіне тәртіп пен ұйымдастыруды енгізу бойынша белгілі бір қызмет болып есептеледі. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралы заңдылықтар болып табылады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк - құқықтық актiлерiнен тұрады.
Нормативті құжаттар жүйесінің бірінші заңнамалық деңгейіне мына заңдар жатады:
1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы (2010жыл 19 наурызда берілген өзгерістер мен толықтырулар) ;
3. Қазақстан Республикасындағы «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы №304-І Заңы (2011жыл 1 наурызда берілген өзгерістер мен толықтырулар) ;
4. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001жылғы 12 маусымдағы Кодексі (2010жыл 30 маусымда берілген өзгерістер мен толықтырулар) ;
Бұл Заңның күші: дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон немесе патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асырмауға құқылы.
Заңнамаға сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеудің екінші деңгейі бухгалтерлік есеп стандарттары, стандартқа әдістемелік ұсынулар және ережелер болып табылады.
Бухгалтерлік есеп стандарттары - есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субъектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
ақпараттық жүйені құру принциптері;
осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
қаржылық есеп беру элементтері;
өлшеу және мойындау критерийлері;
Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеудің үшінші деңгейі- кәсіпорында қолданылатын есеп саясаты болып саналады. Кәсіпорынның есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашада бекітілген №1 қаулысы бойынша «Есеп саясаты және оның ашылуы» бухгалтерлік есеп стандарты бойынша өңделеді. Кәсіпорынның есеп саясатында бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес қаржылық есеп беруді құру, ашу, дайын өнім қозғалысы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған бухгалтерлік есеп әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы қарастырылған.
Бухгалтерлік есепті реттеудің төртінші деңгейі мекемеде бекітілген жұмыс шоттар жоспары болып табылады. «ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» Заңының 20 бабының 5 тармағының 6 тармақшасын орындау мақсатында, ҚР Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары бекітіліп, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді. Бұл Типтік шоттар жоспары ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы» Заңына сәйкес өңделген және құндық негіздегі қаржылық есептеме элементтерін ағымдық бейнелеу және топтау үшін арналған.
2 Кәсіпорын нысанындағы кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2. 1 «Адал Құрылыс Атырау» ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
«Адал Құрылыс Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс-монтаждау компаниясы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы және басқада заңдарға сәйкес 1999 жылы Атырау қаласында құрылды. Меншік түрі - жеке. Компанияда ЖШС «Адал Құрылыс Атырау» Энергетикалық индустрия және сауда министрлігі мемлекеттің генералды лицензиясы (№0001835 02. 04. 1999 жылдан) Қазақстан Республикасының сауда және Индустрия министрлігі құрылыс және коммуналды-баспана шаруашылығы комитетінің мемлекеттік лицензиясы (№ ГСЛ №007528. 16. 10. 2001 жылдан), 9001: 2008 ИСО сапалық жүйелі менеджментінің сертификаты, 18001:2007 OHSAS денсаулық және кәсіби қауіпсіздік жүйелі менеджментінің сертификаты келесі салаларда: ғимараттардың құрылыс-монтаждық және бастапқы жөндеу жұмысы, құрылыс, техникалық жабдықтар және мұнай-химиялы өндіріс салаларында.
Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.
Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР Конституциясын және басқа заң актілерін, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын, сонымен бірге өз Жарғысын басшылыққа алады [15] .
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына келетін болсақ, оның: жоғарғы органы-құрылтайшысы, Атқарушы органы-директор болып табылады.
Жалпы кәсіпорын мынадай бөлімшелерден тұрады:
Өндіріс бөлімі.
Маркетинг және тасымалдау бөлімі.
Қауымдастық бойынша байланыс бөлімі.
Стратегиялық жоспарлау бөлімі.
Бухгалтерлік бөлімі
Заңгерлік бөлімшесі;
Адам ресурстар басқармасы, Медицина және Оқу бөлімшелері.
«Адал Құрылыс Атырау» ЖШС қыска мерзімді активтерінің бірі ақшалай қаражат және оның баламалары 2008жыл басында - 6 896 593, ал 2008 жыл соңында 10 780 314 теңге болды.
Ал ұзақ мерзімді активтердің бірі негізгі құралдар 2008 жыл басында 64 052 961 теңге болса, ал 2008 жыл соңында 66 606 020 теңгені құрады.
Мұндағы жалпы жұмысшылар саны:
- жұмысшылардың жалпы саны- 120 адам;
- тұрақты қызмет ететін персонал саны-80 адам;
- уақытша қызмет ететін персонал саны-40 адам;
“Адал Құрылыс Атырау” ЖШС-ның есеп саясаты осы мекеменің құрылған уақытында яғни 1999 жылдары дайындалған. Оны дайындаумен “Адал Құрылыс Атырау” ЖШС-нің бас бухгалтері айналысады. Дайындалған есеп саясатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы өзінің бұйрығымен бекіткен. Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылында қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық алынып жазылған. Сонымен қатар әр пункте тоқтала келіп, нормативтік құжаттар бойынша, заң негізінде есеп саясаты дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда мекеменің ішкі құжаттары негізге алынған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы мекеменің басқару құжаттарымен рәсімделген. Есеп саясатына өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін[3] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz