Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Қожа Ахмет Ясауи
2.Махмұд Қашқари
3.Жүсіп Баласағұнии
4.Әбу Насыр Әл-Фарабий
Қожа Ахмет Ясауи халық арасында Әзірет (Хазрет) Сұлтан атымен танымал (1093 немесе 1103, Сайрам -- 1166, Түркістан[1]) -- ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын.
Қожа Ахмет Ясауи - 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі - Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауһар Хошназ (Жауһар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. ЫХ ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар - медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты.Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб. Кашифи "Рашахат-ул айн-ил хайат" атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың "Диуани хикметінде" де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, "Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар") оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті - Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті - Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті - Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі - Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, "Рашахат-ул айн-ил хайат"). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың "Мират-ул Қулуб" атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады.

Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029 -- 1101) -- түркі ғалымы
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.

Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен Қашқариді тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Ясауидің ұстаздары
Қожа Ахмет Ясауидің ұстаздары
Қожа Ахмет Ясауи- 1093жылы
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Пәндер